Іле Алатауында өсімдіктер әлемі әртүрлі және бай. Топырағы мен өсімдіктері және басқа ландшафт элементтері физ-географиялық заңдылықтарға бағынышты. Сондықтан олардың рельеф ярустары ауа райы белдеулерімен сәйкес келеді. Іле Алатауының топырағын 4 белдеуге бөледі.(20,б.128)
1.Азкорбанатты сұртопырақ (солтүстік) және ашық каштанды топырақ тегістікте және тау баурайында. Сұр топырақты гумус мөлшері аз 0,7-1,5 % таулы ашық каштанды топырақтар гумусты белдеу құрады, ол 35-40 см. Оның құрылымы түйіршікті – домалақ гумусының мөлшері 3,5-4,5 процент.
2.Таулы қара каштанды топырақ және таулы далалы қара топырақ төменгі аласа таулы белдеулі жерлерінде пайда болады да, каштанды топырақтың үстінде орналасады. Олар өте жақсы гумусты горизонт (60-70 см.) тұз еді де, түйіршікті – домалақ құрылымды болады да 6-10 % гумусты органикалық заттарға бай келеді.
3.Таулы сілтіленген қара шірік топырақ таулы – орманды, таулы қара-қошқыл орманды топырақ, шалғынды – орманды орта тауда болады. Таулы орманды (қара шірік) топырақтары шырша майқарағай ормандарында түзіледі. Олардың гумусы 4,6 % қайың – терек ормандары өсетін жерлерінде күлгін орман топырақтары пайда болады. (45, б 45)
4.Таулы — шалғынды субальпілі және альпілік топырақ жалпақ тауларда кездеседі.