Іле Алатауының физикалық географиялық жағдайы

Біздің өлкемізде табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды далалы, таулы шөлейтті, шөлді, және далалы тағы да басқа көптеген аймақтарға бөлуге болады. Республикамыздың географиялық ерекшелігі тау алды жазықтықтың таулы рельефтерімен жалғасуында. Сондықтан алғашқы зерттеушілер бұл үлкен ауданды Іле Алатау аймағы деп атады. Іле алатау жотасы,ол Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігінде жатыр. Оның ұзындығы 380 км екі 30-40 км жетеді.(21,5). Іле Алатауы шығыста Чарын өзенінен батыста Чу өзеніне дейін созылады.(18.5) Іле Алатауы орталық бөлігінде Талғар тау түйінін түзеді. Н.Н.Палгованың зерттеуі бойынша талғар шыңы теңіз деңгейінен 4979 метр биік. Келесі Конститутция шыңы (4580 м), Ақтау (4760 м) ж.т.б.

Орта тауда орманды, шалғынды, далалы-шалғынды далалы белдеуді алып жатыр. Баурайларының жоғарғы жағында жартастар ірі тастар, шөгінділер кездеседі.