Іле Алатау МҰТП-інің Талғар филлиалының орман шаруашылығы жұмыстарын жүргізу нәтижелер

Талғар филлиалында 2002-2007жж. аралығында жыл сайын ағаш кесудің бір түрінен (2004ж.) бес түріне (20052006жж.) дейін жүргізіледі. Оларға санитарлық талдап кесу деп басқа сирету, ішін ара кесу жатады. Олардың сыртында кейде орман ішінде құлаған ағаштиарды жинау да жүргізіледі. Бірақ олардың барлығының да аумақтары өте көп емес (8-кесте). Мысалы, 2002-2004 жылдары барлық күтімдік кесулер 32,5; 23,6 және 20,8га орман аумағында жүргізілген. Кейінгі үш жылда (2005-2007жж.) олардың аумағы 2 есеге дейін көбейген (77,2; 53,5 және 79,5га).

 Күтімдік кесулердің ішінде ерекше байқалатын заңдылық жоқ. Кей жылдары олардың сирету түрінің аумағы көбірек болды, ал кей жылдары ішінара кесу басымдау болған. Күтімдік кесі мен санитарлық таңдап кесу арасында да ерекше байланыс жоқ. Кейде олардың алғашқылары басым болса, кейде кейінгілері көбейіп отырады. Бірақ соңғы 2007 жылы санитарлық таңдап кесу 90% -ға дейін өскен болып шықты.

Мәліметтерге қарағанда орман күтіміне байланысты кесулердің аумағының 2002-2004жж. 70-80%-ы қылқан жапырақты ормандарда жүргізілген (9-кесте).

Кейінгі үш жылдар аралығында олардың аумағы едәуір кішірейе түскен. Мысалы, ағаш кесудің жалпы аумағы 2005-2007 жылдары 77,2; 53,5 және 79,1га болса, осы жылдары олардың қылқан жапырақты ормандар ішінде жүргізілген аумақтары 27,3; 20,5 және 13,9га дейін азайған. Басқаша айтқанда, қылқан жапырақты ормандарда жүргізілген кесулер соңғы үш жылда сәйкесті түрде 2,8; 2,6 және 5,7 есе азайған. Бұл қуанарлық жағдай. Өйткені Талғар филлиалы ерекше қорғалатын тбиғи аймақтың бір бөлігі ғой. Онда табиғат байлығын қорғау бірінші орында тұруы тиіс.

Әрине, алғашқы күтімдік кесулердің көлемі олардың аумағына және әр гектардан алынатын ағаш снына байланысты. Сондықтан Талғар филлиалында белгіленген аумақтан кесілген ағаш көлемі де көп емес.

Соңғы 6 жылда әр жыл сайын 261 текше метрден (2005ж.) 659 метрге (2007ж.) дейін ағаш дайындалған. Бұл 1га орманнан орташа есеппен 10-15метр куб ағаш шығарылды деген сөз.

Бірақ, осы кесілген ағаш көлемінің 30-70%-ы қылқан жапырақты ағаштарға қарасты болып шықты. Оны 12 және 13 кестелердің соңғы жолдарындағы көрсеткіштерді салыстыра талдау арқылы байқауға

Енді Талғар филлиалында дайындалған ағаш көлемдері мен күтімдік кесу жүргізілген орман аумағының сұлбаларын (графиктерін) ызып көрсетейік. (1және 2 сұлба).

1 және 2 сұлбалар жоғарыда айтқан жағдайларды тағы да дәлелдеп берді. Мысалы Талғар филлиалында күтімдік кесулердің жалпы аумағының өсу тенденциясы анық көрініп тұр (1және 2 сұлбаны қараңыз). Бірақ бұл өсу тенденциясы қылқн жпырақты ормандар аумағына әсер етпеген. Ол аумақ қайта аз болса да кеми түскен.

Күтімдік кесу ретінде дайындалған ағаш көлемі де осы айтылған өзгерістарге сай келеді. Олардың жалпы көлемі жыл сайын өсіңкірегенмен қылқан жапырақты ағаштарға қатысты бөлгі аздап кеміген (2-сұлбаны қараңыз).

Енді Талғар филлиалында жүргізілген орман отырғызу жұмыстарын талдап көрейік. Олардың біразының көрсеткіштері 12-кестеде келтірілген.

Бұл кестелерде барлығы 11 түрлі жұмыс көлемдері берілген. Олардың бәрі де аз мөлшерде болса да жылдан жылға өсіп отырған. Мысалы, орман отырғызу 6 жылда 4,5 есе, ал екпелерді толықтыру мен екпелерге күтім жасау 3,7 есе өскен. Осындай жағымды өзгерістердің қалған жұмыс түрлеріне де қатынас бар. Питомникте тұқым себу және орманда тұқым жинау істері де алға баса бастаған.

Дегенмен жыл сайынғы көрсеткіштерді талдай отырып, біз олардың толық емес екенін аңғарамыз. Мысалы, екпелерді толықтыру бойынша 2002 жылдық көрсеткіш жоқ, оларды күтуге байланысты 2005 жылғы мағлұмат та жоқ. Жұмыстың басқа түрлерінде де осындай кемістіктер көрініп тұр.

Бұл кемістіктердің екі себебі болуы мүмкін. Біріншісі, олар кей жылдары шын мәнінде жүргізілмеген болуы тиіс. Екінші себебі – сол мәліметтер жылдық есепке қызметкерлердің салғырт қарауына байланысты кіргізілмей қалған.

Талғар филлиалында осындай олқылықтар басқа жұмыс түрлеріне де байқалып отырды. Мысалы, орман қорғау және су-мелеоратитік жұмыстарын алуға болады (13-кесте).

Негізінен бұл жұмыстар көлемі тұрақты түрде орындалып отырады деуге болады. Тке олардың кейбір түрлері тек олардың кейбір түрлері жүйелі жүргізілмейді. Олардың қатарына шымшықтарға ұя жасап ілу, көшеттікті (питомникті) қоршау, өрт қарайтын мұнаралар салу сияқты жұмыстарды жатқызуға болады.

Бірақ кейбір жұмыстар жасайтын жүйелі жүргізілсе де, олар жылдық есеп кітаптарына кірмей қала береді. Мысалы, арықтар жүйесін тазарту, өрттерді тежейтін жолақтар жасау, орман ішіндегі жолдарды жөндеп, көшеттікке көң төгу әр жылда міндетті түрде жүргізіліп отыратын жұмыстар. Бірақ олар 2005 жылдық есеп кітабына мүлде кіргізілмей қалған.

Талғар филлиалында табиғат қорғау қызметін атқаратын мамандар саны

  Қызметкерлер Жылдар
2002 2003 2004 2005 2006 2007
1 Төраға 1 1 1   1 1
2 Аға лесничийлер 1 1 1   1 1
3 Лесничийлер 3 3 3   3 3
4 Лесничийдің көмекшілері 4 4 4   3 3
5 Туризм инжинерлері 1 1 1   1 1
6 Орман шебері 5 4 1   1 1
7 Орман қорғау инжинері   1 1   1 1
8 Сақшылар тобы           5
9 Орманшы 27 27 27   27 27
10 Егерь           1
11 барлығы 42 42 39 41 38 38

2005 жылға байланысты дәл осындай кемістіктер орман қорғау қызметін атқаратын мамандар санына байланысты да орын алған (14-кесте). Осы жылдың есеп кітабында тек олардың жалпы саны ғана (41адам) көрсетілген, ал орман қорғау қызметкерлерінің құрамы еш жерде берілмеген. Оның сыртында сақшылар тобы ( оперативная группа) тек 2007 жылғы есете ғана көрсетілген. Басқа жылдарда олрдың болған болмағаны белгісіз. Ормашылар саны да 2002, 2003 және 2005 жылдар есебінде, ал олардың жылдан жылға тұрақты жұмыс істеп отырғаны барлығымызға аян.

Жалпы орман қорғау қызметкерлерінің саны тұрақты емес. Олар кей жылдары (2004ж.) төмендеп (38 адам), ал кей жылдары (2006ж.) көбейіп (42 адам) отырады. Мұндай тұрақсыздық орман қорғау ісіне зиянды болады. Олардың саны тұрақты болса, әркімнің атқаратын ісі өздеріне де, өзгешелерге де белгілі болады да орман қорғау жұмысында анағұрлым жағдай нәтижелі жағдай қалыптасады.

Біз Талғар филлиалының орман қорғау қызметіне байланысты оның жабдықтары мен қондырғыларын да талдап көрдік.

Талғар филлиалының орман мен тағы аңдарды қоргауға арналған құрал-абдықтардың саны

  Құрал жабдықтар аттары Жылдар
2002 2003 2004 2005 2006 2007
1 Кордандар   11     13 14
2 Автомашиналар 4 4       5
3 Тракторлар   1       2
4 Аттар 19 20     19 19
5 Радиобайланыс аппараттары   6     14 14
6 Мылтықтар 19 20        
7 Мотоциклдар           1
8 Бинокльдер           27
9 Фотоаппараттар           1
10 Бейнеаппарат           1
11 Аңдарға жем салатын астаулар           25
12 Құстарға жем шашатын астаулар           27
13 Құстарға жем шашатын алаңшалар           27
14 Қустар ұясы           150
15 Сортаң жерлер           27

мен сандары жеткілікті емес.Мысалы ,орманшылар 27 адам ,аттар саны 19-20-дан аспайды . Таулы аимақта жайау орман қорғау қызметін атқару қолдан келмейтін іс. Ал осы жағдайда бір орманшыға бір аттанда жетпейді.

Талғар филиялының Қарамағындағы техникалар саны да тым аз. Мысалы, 2007 жылғы санақ бойынша барлығы 5 автомашинамен 1 мотоцикл бар. Автомобильдердің екеуі жүк машинасы, ал үшеуі жеңіл машиналар. Алты жылда филлиалда машиналардың саны бір ақ машинаға көбейген. Бұл кестені де біз толық толтыра алмадық. Жақсы мәлімет тек 2007 ж. бойынша ғана берілген. Оның өзінде филлиалға қарасты мылтықтар мен пистолеттер саны келтірілмеген. Ал 2004 және 2005 жж. есеп кітабынан осы кестедегі 15 көрсеткіштің бірде бірін таба алмай, кесте торларын бос қалдыруға мәжбүр болдық.

Енді осы қолданған қызметтер көлемін бұрынғы Талғар филлиалының деке кәсіпорын болып тұрған кезіндегі көлемдерімен салыстрып көрейік.

Айта кету керек – орман отырғызу Талғарда өткен ғасырдың отызыншы жылдарында басталған. 1994 жылға дейін оның жерінде 1170га екпе орман мен жеміс бақтары қолдан отырғызылған. Бірақ оның ішінде Шренк шыршасынан отырғызылған ормандар көлемі 107га немесе 9,1% ғана.

1997 ж. дейінгі он жылдықта ( 1985-1994жж.) Талғар орман қорында 545га орман олтырғызылған. Орта есеппен жылына 55га болып шығады. Ал қазіргі олардың жылдық аумағы орташа есептегенде 14,7га ғана.

Талғар филлиалы бұл бағытта әлі өткен көлемге жете алмай отыр. Көшеттік (питомник) аумағы да бұрынғыдан (1га) әлі үш есеге (0,34га) кем. Басқа жұмыстар көлемі бұрынғы көлемдер мөлшерінде жүргізіліп жатыр.

Талғар филлиалында бұрын техникалық база анағұрлым жақсы болған. Қазір автомобильдер 5 болса, бұрын (1994ж.) 14 болған (3 есеге жақын көп), тракторлар казір 2 болса, бұрын 7 болған. Олардың сыртында жол жөндейтін мамандандырылған 2 машина болған. Қазір олардың біреуі де Талғар филлиалында қалмаған.

Филлиалдың кадрларының саны да көбірек болған. Тұрақты жұмыскерлер цехта істеген, олардың саны 29 болған. Уақытша жұмыскерлердің орташа саны 30 адам болған. Олар орман шаруашылығы жұмыстарын атқарған. Сонда жұмыскерлердің жылдық саны 59 болған. Олардың сыртында бюджеттік қызметте (орманшылық саласында) тұрақты түрде 50 адам, ал цехтағы ағаш өңдеу жұмыстарын басқару бойынша 8 адам, барлығы 58 маман жұмыс істеген.

Бұрын барлық қызметкерлер саны Талғар кәсіпорнында 109 адам болса, қазір онда 58 ақ адам (2007ж.) қалған. Басқаша айтқанда жергілікті халықты қызметпен қамту 3 есеге жақын немесе 71 адамға кеміп кеткен.