Іле Алатау МҰТП-інің Талғар филлиалының 2002-2007жж. Аралығындағы қызмет қорытындылырын талдау

Іле Алатау Мемлекеттік Ұлттық Табиғи паркі әр түрлі мақсаттағы жұмыстар атқарады. Ол орман қоры негізінде құралғандықтан ең алдымен орман шаруашылығына байланысты қызмет жасайды. Мысалы, орман күтіміне байланысты ағаш кесу ісімен айналысады. Оның тазарту, сирету, ішін ара кесу, санитарлық кесу секілді түрлері жүргізіледі. Кейде кесудің басқа түрлерін орындау да болып тұрады. Ондай жағдайлар орманды өрттен қорғау жолақтарын жасаған кезде немесе орманды қайта жаңғырту кездерінде жүргізіледі.

Кесуден басқа екпе ормандар тұрғызуға байланысты қызметтер де жүргізіледі. Оларға тұқым жинау, көме өсіру, ағаш отырғызу, отырғызылған ағаштарды күту, тағы сол сияқты жұмыстар жатады.

Іле Алатау МҰТП-і ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жататындықтан бұл мекемеде орман қорғау және аңдарды қорғаудың көп түрлері жүргізіледі.

Талғар филлиалы Іле Алатау МҰТП-інің ірі бөлімшесі болғандықтан бұл бөлімшеде аталған жұмыстардың көптеген түрлері қатар жүргізіледі. Сондықтан біз осы филлиалдың соңғы жылдарда жүргізген жұмыстарының жылдық есептерінен қажетті деген көрсеткіштерді жинап, оларды өздерінің істелу бағыттарына қарай жіктеп топтастырдық. Қорытындысында жиырмаға жуық әр түрлі кестелер жасалды.
Міне, енді сол кестелерді жұмыс бағытының түріне қарай құра отырып біртіндеп талдау жұмысына кірісеміз.