Талғар филлиалында өсетін негізгі ағаш түрлері

Талғар филлиалының жері орманда өсетін ағаш түрлеріне де өте қолайлы. Олар көбіне тау белдеулеріне бейімделе өседі. Жергілікті ағаш түрлері сырттан әкеліп жерсіндірілген ағаш түрлерімен араласа да өсе береді. Негізгі орман ағаш түрлеріне шырша, арша, қарағай, емен, үйеңкі, қайың, терек секілді ағаштар жатады. Олардың сыртында жеміс ағаш түрлері де көп. Оларға алманың барлық түрлері мен өрік ағаштары жатады.

Талғар филлиалында барлығы 15 түрлі орман ағаш түрлері және 6 түрлі орман бұталары кездеседі (7-кесте).

Талғар филлиалында өсетін ағаш түрлері мен олардың алқабы

  Ағаш түрлері Көлемі,га   Бұта түрлері Көлемі,га
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Қарағай

Шырша

Лиственница

Емен

Ясень

Үйеңкі

Вяз

Қайың

Көктерек

Мырза терек

Тал ағаш

өрік

грек жаңғағы

жабайы алма

екпе алма

181,2

2928,2

24,5

6,4

2,4

0,2

16,1

398,0

1084,2

6,3

5,3

178,6

2,6

835,2

56,8

16

17

18

19

20

 

Арша

Тау талы

өзен талы

итмұрын

тобылғы

905,0

15,5

28,9

513,3

537,4

Іле Алатау МҰТП-інің Талғар филлиалының жалпы жағдайын қысқаша сипаттай келіп, мынада қорытындыларға келуге болады:

  • Талғар филлиалы таулы және сулы жерде орналасқандықтан оның топырағаның, жер бедерінің, климаттық көрсеткіштерінің, өсімдіктерінің тағы жан-жануарлырының алуан түрлі болуы заңды құбылыс;
  • Бұл филлиалдың жалпы көрсеғткіштері орманды есепке алу мен орман шаруашылығын орналастыру жұмыстарыны бұдан 18 жыл бұрын жүргізілген және оның мезгілі өтіп кетсе де әлі қайта жасалмағандығына байланысты көп ескіріп кеткен. Сондықтан бұл жұмысты қайта жүргізу кезек күтпейтін іс;
  • Осы көрсеткіштердің ескеруіне байланысты Талғар филлиалының жалпы жер көлемі үш лесничествоға ғана бөлінген. Ал олардың әрқайсысындағы жерлердің функционалдық бағыттарына байланысты қалай бөлінетіні толық түрінде еш жерде көрсетілмеген. Тіпті бұл филлиал ерекше ерекше қорғалатын табиғи аймаққа жататын жер емес, жай қатардағы орман шаруашылығына қарайтын жерлер секілді. Сондықтан Іле Алатау МҰТП-інің ормандарын қайта есепке алу мен орман шаруашылығын қайта құрып, орналастыру кезінде оның әр филлиалы мен әр оған кіретін лесничестволарының жер аумақтарының функционалдық бағыттағы мақсаттары бойынша бөлінуі және олардың көлемдері көрсетілуі қажет.

Дипломдық жұмысты орындаудың негізгі бағыттары мен әдістемелері

Дипломдық жұмысты орындау негізгі үш боліктен тұрады. Оның бірінше болігіне жазғы практика өту мезгілінде дипломдық жұмысқа қажетті өндірістік, техникалық және экономикалық көрсеткіштер жинау. Екіншісі – жинақталған көрсеткіштерді орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын аймақтарда жүргізілетін жұмыс бағыттарына қарай жіктеп, олардың көлемдерінің өсіп-өзгеру динамикаларын, жұмыс түрлерінің көбейіп-азаюын, оларды жүргізуге жұмсалатын қаржылардың сомалары мен өзіндік құндарын, қызметкерлердің және жұмыскерлердің санының, олардың жалақыларының деңгейлері мен өзгеру процестерін жан-жақты талдап, жазып шығу.

Үшінші бөлік – талдау қорытындыларынан туындайтын кестелерді, сызбаларды, суреттерді ретке келтіріп, оларды диплом қорғау мақсатында слайдтар мен плакатқа айналдырып, мемлекеттік аттестациялау комиссиясына баяндамаға даярлау. Олардың саны 6-8 плакат не слайдтан кем болмауы керек.

Осы жұмыстардың дұрыс жүргізілуі таңдалып алынған әдістемелерге байланады. Мысалы, дипломға қажет материалдарды жинау мақсатында біз алты жылдық мерзімді қамтыдық. Бұндай мерзім талғар филлиалында атқарылған жұмыстардың жыл сайынғы өзгерістерін, түрлерінің қалыптылығын немесе айнымалылығын, олардың көлемдерінің, құнының өзгерістерін анықтауға мүмкіндік береді.

Дипломдық жұмыстың талдауға байланысты бөлімдерінде графикалық әдістемелер, жіктеу, талдау, көрсеткіштердің мәндерін салыстыру, олардың өсуін немесе көбеюін негіздеу, және тағы басқа осы секілді әдістемелер пайдаланылады.