Орман шаруашылығының ауданға маңызы

Талғар ауданын ағашпен қамтамасыз етуде бұл мекеме аз рөл атқарады. Дайындалған ағаштың есебі барлық кесудің түрінен соңғы 2 жылдың ішінде 300 текше метрден асқан жоқ. Өйткені бұл ормандарының мәні мен мағынасы белгілі бір мақсатпен анықталады. Олар алматы және Талғар қалаларының тұрғындары тек табиғи орман паркі ретінде бағалайды, пайдаланады.

Бұл ормандардың өте үлкен эстетикалық және санитарлы-гигиеналық қасиеттері бар. Сондықтан бұл мекеме азаматтардың демалуы үшін қолайлы жағдай жасайды.

Осы орман қоры аумағында “Алма-Тау” турбазасы орналасқан. Оның сыртында тағы үш оқушылар лагері мен басқа да санаториялар бар.

Орманның суды қорғайтын, тазартатын, тасқынды реттейтін, ауданның алыс бөліктерін сумен қамтамасыз ететін маңызы да ерекше. Оның ең үлкен рөлі, ағашты-бұталы өсімдіктер сел тасқындарын болдырмай, елді мекендерді олардан сақтайды.

Филлиал аумағында жеміс беретін ағаштар көп. Олар жабайы өскен жемістер қатарына кіреді, бірақ күтілген алма сорттары секілді шаруашылыққа көп пайда әкеледі. Онымен қатар орманда жабайы жеміс беретін ағаштар дүниежүзілік деңгейдегі генофонд ретінде анықталып, бағаланып отыр.

Талғар филлиалы аудан бойынша жабайы жануарларды да қорғауға кірісті. Бұл мекеме бойынша мал бағуға да едәуір жерлер бөлген. Мысалы: “Алма-ата” бірлестігіне 3122га, “Қызыл-Гайратқа” 483га, Мичурин атындағы ауылға 583га жер бөлінген.

Талғар филлиалының орман қорында Талғар, алматы қалаларының тұрғындары саңырауқұлақ, жеміс-жидек теруге хақылы. Олар жаңа жылдық шыршалар сатып ала алады және келісім бойынша басқа пайдалы істермен шұғылдана алады.

Талғар филлиалында мекендеген аң түрлері

Талғар филлиалының жері, әсіресе таулы белдеулері тағы аңдардың өсіп-өнуіне өте қолайлы. Бұрынғы ақпараттар бойынша бұл аймақта аю, марал, елік, қабан, теке, қасқыр, шакал қасқыр, түлкі, борсық секілді аң түрлері мекен етеді. Орман құстарының ішінен фазан, …. көп. Соңғы есепке қарағанда (6-кесте) Талғар филлиалы қарасты жерлерде 16 аю, 64 марал, 355 елік, 104 қабан, 8 қасқыр, 73 түлкі және 80 борсық бар.

Талғар филлиалында қоректеніп мекендейтін аң түрлері мен саны

  Аң аты Барлығы Оның ішінде
Қотырбұлақ Көкбастау Талғар
1

2

3

4

5

6

 

7

8

9

Аю

Марал

Елік

Қабан

Қасқыр

Шакал қасқыр

Түлкі

Борсық

Фазан

16

64

355

104

8

3

 

73

80

1610

2

16

60

28

2

 

 

31

34

440

8

37

157

42

4

3

 

20

25

840

6

14

98

34

2

 

 

22

21

330