Іле Алатау МҰТП-нің Талғар Филиялының табиғи климатық жағдайы

Ормандардың өсу жағдайын аудандастырудың схемаларына сәйкес Талғар филиялының аумағы жалпақ жапрақты жемісті белдеуге, орталық шыршалы орманға және Орталық Іле ауданына кіреді.Бұл филиялдың аумағы таулы жерде орналасқан, онда таралған өсімдіктер биіктік белдеулеріне байланысты өзгеріп отырады. Өйткені, теңіз деңгейінің биіктігіне байланысты тәуліктің температуралық режимі, жылдық орташа температура, өсімдіктердің өсіп-өну және даму кезеңінің ұзақтығы және басқа да климаттық факторлары өзгеріске түседі.

Сондықтан филиалдың орман қоры жер биіктігіне қарай, мынадай климаттық белдіктерге бөлінеді:

А) Теңіз деңгейінен 1300-1000м биіктіктер аралығында орналасқан шыршалардың қатысуымен біркелкі жылы құрғақтау жемісті жапрақты ормандар.

Б) Теңіз деңгейінен 1600-2000м биіктіктер аралығында орналасқан төменгі шамалы белдеу.

В) Теңіз деңгейінун 2000-2500м биіктіктер аралығын алып жатқан салыстырмалы салқын дымқыл жағдаида өсетін орман шыршалар белдеуі.

Г)теңіз деңгейінің 2500-2800м биіктікте орналасқан салқын ылғалды жағдайда өсетін шыршалардың биіктегі белдеуі.

Аталған белдеулердің төменгісінде жабайы жемісті ағаштары таулы ормандық қара күлгін және қара түсті топыраққа өседі, көбінесе бұндай топырақтарда шыршалар аралас ормандар түрінде өсіп-өнеді.

Ал, жоғарғы белдуде таулы шабындықты субальпі топырағы кеңінен таралған. Олар ұсақ тасты және кесекті болып келеді.

Аралас ормандар теңіз деңгеінен 2000м биіктікке дейін, ал шыршалар 2800м дейінгі биіктікке дейін өседі.

Шыршалардың табиғи жаңаруы қанағаттанғысыз деп айтуға болады, себебі оларды биік болып өсетін қалың шөптер басып кетіп, өсуге мұрша бермейді. Жоғарыда айтылғандай ормандардың биіктікке тікелей байланысты болуы аумақтық климаттың ауыспалы екенін көрсетеді. “Талғар” метеостанциясының климатикалық көрсеткіштері осы мекеменің территориясының климатын толығымен сипаттайды. Шыршалы белдіктің жоғарғы зонасы үшін “жоғарғы горельник” метеостанцияның климатикалық көрсеткіштері сәйкес келеді (2254м), шыршалардың ортаңғы белдігіне “Усть-Горельник” (1926м) метеостанцияның көрсеткіштері сәйкес келеді, ал төменгі белдік үшін “Медеу” метеостанциясының көпжылдық. Сондықтан “Медеу” метеостанциясының климаттық көрсеткіштерін төменде келтіріп отырмыз.

“Медеу” метеостанциясының климаттық көрсеткіштері

Көрсеткіштердің аты Мәні Күні (мерзімі)
1. Ауаның температурасы, С орташа жылдық

Абсолюттік максимумы

Абсолюттік минимумы

6,8

35,0

-25,9

 
2. Жылдық жауын-шашынның мөлшері, мм 912  
3. Өсімдіктердің өсіп-өну және даму кезеңінің ұзақтығы, күн. 170  
4. Көктемнің соңғы аяздары   Майдың бірінші жартысында
5. Күздің алғашқы аязы   Қыркүйек
6. Өзендердің орташа қату күні    
7. Тасқының орташа басталу лүні    
8.Қар қалыңдығы,тұрақтануы мен см ерумезгілі 55 Сентябрь

Апрель

9.Топрақтың қату тереңдігі см 50  
10.Мезгіл боиынша желдің бағыты ,

Румб

Қыс

Көктем

 

Жаз

Күз

 

 

Оң түстік шығыс

Оң түстік

Шығыс

“__”

“__”

 

 
11.Мезгіл боиынша желдің орташа жылдамдығы, м/сек

Қыс

Көктем

Жаз

Күз

 

 

1.8

2.0

2,3

2,0

 
12.Ауаның салстырмалы ылғалдылығы % 55  

Жылдың айлары боиынша жауын-шашынның түсуі біркелкі емес. Қыс кезінде ол аз, ал жаз кезінде көп мөлшерде түседі. Бұл әр келкілік өсімдіктердің өсуіне және дамына жағдай жасайды. Көктемде температураның өсуімен өсімдіктің даму кезінде жауын-шашынның мөлшері көбееді. Күзде жауын-шашын аздау түседі. Қар октябрьдің басында жауады, бірақ қар тек бір айдан кейін қалыңдайды.

Тауда жел әр түрлі бағытта және күшті болады, ол жердің жағдайына, көбінесе оның бедеріне байланысты.

Шырша, қарағай, қайың сияқты ағаш тұқымдастврды 1600-2000м биіктіктер арасында төменгі шыршалар біркелкі жерге қолдан отырғызуа тиімді. Тауда бақтарды өсіру үшін оларды 1400м дейін солтүстік экспозицияның беткейінем және оңтүстіктің 1500м дейінгі экспозициялық беткейіне орналастыру дұрыс. Одан биіктеген саын бақтардың жеміс беруі азаяды, жемістер ұсақталады. Себеді жылу жетіспейді, жоғарлаған сайын салқын жиі болады.