Талғар филлиалының орман қоры Алматы облысының Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының жерлерінде орналасқан. Оның ресми мекені: Алматы облысы, Талғар қаласы, Юный коммунаров көшесі, 1 үй., тел. 3-14-93.
1994 жылда өткен орманды есепке алу мәліметтері бойынша оның қарамағында не бәрі 17326га жер болған. Кейін оған Алматы облысы әкімінің шншімімен Қаскелен, Еңбеншіқазақ және Талғар аудандарына қарасты жерлер мен мемлекеттік жер қорына қосымша 10612га жер бөлінді. Нәтижесінде қазір Талғар филлиалының қарамағында барлығы 27938га жер бар. Олардың 1341га (4,8%) Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан, ал барлық қалған бөлігі ( 26597га немесе 95,2%) Талғар ауданының жерін қамтиды. Соңғы орман есебін алу кезінде филиялдың қорына едәуір өзгерістер енгізіліп, оның көлемі 623га өсті. Бұл өзгерістерге мыналар себеп болды:
А) бақтар категориясынан 81 га ауысты
Б) сирек орман 53 га азайды :
В) екпе ормандардың ауданы 2219 га өсті:
Г) орманы жоқ жерлер ағаш отырғызу арқылы щрман көлемі 105 га көбеиді
Д) орман ішіндегі алаңдардың аумағының кішіреюіне байланысты 165 га қосылды:
Талғар филиялының орман қорығындағы ең көп , үстем ағаш түрлері Шренк шыршасы мен көктерек болып табылады.Филиялда ағаш тұқымдастарының көбі жас және орта жастағы ағаштардан құралады . Бірақ ағашы жоқ жерлерге (алаңқайларда ) ағаштың өсуі өте жай жүреді. Өйткені оларда шөптері қалың және биік болып өседі .
Филиялда жасыл зона мен ағашты парк орман қорының 4264 га жерін алады. Ағаштары бар орманды жерлер щрман құрамының 58 пайызын алып жатыр.Жабық ланшафтар -22,8% жартылай ашық ланшафтар 34 ,7% ал ашық алаңыдар -42,5%. Филиялда барлық екпе ормандар отырғызу қабылданған ережелерге сәйкес жоғары санитарлы –гигиеналық және эстетикалық бағаға сәйкес дәрежеде жүргізіледі.