Сұрыптаудың Шелл әдісі бойынша сұрыптау, Хоар әдісі бойынша сұрыптау, таңдап сұрыптау сияқты түрлері бар.
Сұрыптау дегеніміз—берілген жиынның элементтерін белгілі бір ережелерге сәйкес орналастыру. Оның негізгі көздеген мақсаты – сұрыпталған жиыннан керек элементтерді іздеуді жеңілдету. Сұрыптауды көбіне массивтерді және файлдарды сұрыптағанда көп қолданады. Бұл екеуін әдетте ішкі және сыртқы сұрыптаулар деп атайды. Массивтер “ішкі” (жедел) жадыда орналасатындықтан, ішкі сұрыптау болады. Бұл жадыға тез қатынаймыз, ал файлдар бұдан бәсеңдеу, бірақ сыйымдылығы үлкендеу “сыртқы” жадыда, яғни есте сақтау құрылғыларында (диск, лента т.б.) сақталатындықтан, оны сыртқы сұрыптау деп атаймыз.
Іздеу әдістерінің де әдістері бір-бірімен қатты байланысқан. Әсіресе, біз бинарлы әдісті, егер қатарымыз сұрыпталған болса, тинтен қолдана алмаймыз. Мысалы, біз бинарлы іздеу әдісін миллиондаған фамилияларды іздеген кезде қолданамыз. Ал ол кітапшадағы фамилиялар алфавит әріптері бойынша сұрыпталған. Яғни, іздеу бар жерде сұрыптау міндетті түрде болу керек.
Тағы сұрыптаудың орналастыру арқылы сұрыптау түрі бар. Бұл әдістің негізгі мәні алдыңғы реттелген элементтерге соңғы элементтерді бір-бірлеп қосып отыруда. Әрине, бұл сұрыптаумен танысқан адам, көп уақытқа созылатын процесс деп ойлауы мүмкін. Бірақ олай емес, өйткені алдыңғы элементтер сұрыпталған күйде болады да, келесі элементті сәйкес кез-келген жерге қоямыз.