Жиырмасыншы жүз жылдықтың 90-жылдары ғылыми-технологиялық әлеуеттi әлсіретуге, ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердiң дағдарысына әкелген, Қазақстанда ғылыми-технологиялық дамытудың маңызды стратегиялық бағыттарындағы зерттеулердi күрт қысқарту, ғалым беделiнiң және ғылыми нәтижелердiң сұранысқа ие болуының құлдырауы, кәсiпорындардың инновациялық белсенділігінің төмендеуi, мамандар мен зияткерлiк меншіктердi шетелге қайтару болды.
Инновациялық процестердi басқаруға кешендiк, жүйелiк әрекет етудiң болмауы елдің инновациялық әлеуетiн дамытуды тежейдi және оны одан әрi дамытудың басымдықтарын дұрыс бiлдiруге мүмкiндiк бермейдi.
Шешiм таппауы отандық инновациялық әлеуеттiң дамуына терiс әсер ететін мынадай негізгі проблемаларды бөлуге болады:
оларды тұтынушылардың талап етуі үшiн оларды рынокқа шығару мақсатында технологиялар мен өнiмдердiң көпшiлiк ғылыми әдiстемелерiнiң аяқталмауы. Бұл әлеуетті серiктестердiң көз алдында ұсынылған технологиялардың (немесе өнiмдердiң) құнын күрт төмендетедi.
технологиялық жаңа ендірмелерді енгiзудiң және оларды рынокқа шығарудың қазіргі заманғы тетiгiнiң болмауы. Нарықтық жағдайлардағы жаңа ендірмелерді игеру тетігі жоғарғы тәуекел, бiрақ табысты жағдайда жоғары қайтарым тән болатын шағын инновациялық нарықпен үздiксiз байланысты. Дамыған экономикаларда шағын инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту үшін қажетті жағдайды (инфрақұрылымды) қамтамасыз ететiн халық шаруашылығының ерекше секторы жұмыс iстейдi.
инновациялық жобаларға жәрдемдесетiн, технологиялық парктер және мамандандырылған бизнес-инкубаторлар, тәуекелдiк қаржыландыру қорларының желісі (венчурлiк қорлар), олардың жылдам өсу кезеңiндегi фирмаларды қолдаудың арнайы қаржылық тетіктері, фирмаларды және зияткерлік меншікті сертификацияланған бағалаушылар және басқалары сияқты, дамыған инфрақұрылымдық элементтердiң болмауы;
ішкі рынокта озық технологияларға және өнеркәсіптік жаңа ендірмелерге төлем қабілетті тапсырыстың болмауы. Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет қызметтер саласына жатады және бұл қызметтердi рынок талап етуi тиiс. Өкiнiшке орай ғылыми қызметтер мен ғылымды қажетсiнетiн өнiмдердiң отандық рыногы қазiргi уақытта өте аз. Кәсiпорындардың көпшілігі ғылымның қызметтерiн «сатып ала» алмайды.
Инновациялық жүйе қалыптастыруға жүйелiк әрекет жасауды iске асыру үшiн мемлекет тiкелей немесе жанама қатысу арқылы инновациялық саясатты тиiмдi iске асыра алатын, оның негізгі кiшi жүйелерiн бөлу және қайта талдау қажет.
Инновациялық жүйе әрқайсысы тиiсiнше осындай элементтердi қосып алатын мынадай негiзгi кiшi жүйелерге бөлiнедi:
ғылыми әлеует коммерциялық пайдалану деңгейiне дейiн iргелiк әзiрлемелердi «жетілдiрудi» жүзеге асыратын қолданбалы зерттеулердiң дамыған саласын құру жолымен инновациялық даму үшiн сөзсiз қажеттi фактор қалыптасады;
ғылыми әлеует мыналарды қамтиды:
мемлекеттiк ғылыми ұйым — ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғарғы оқу орындары, жобалық институттар;
ұлттық компаниялар жанындағы ғылыми ұйымдар, iрi кәсiпорындар жанындағы зертханалар;
жеке ғылыми-зерттеу және жобалық институттар;
ғылыми зерттеулермен айналысатын шағын және орта кәсiпкерлiктер;
ғылыми кадрлар және дербес өнер тапқыштар;
материалдық-техникалық база;
Бүгiнгi күнi елдің ғылыми әлеуетi Білiм және ғылым министрлiгiнiң, салалық министрлiктердiң ғылыми ұйымдарымен, жеке ғылыми-зерттеу ұйымдарымен, шаруашылық жүргiзу құқығындағы сәйкес бейiмдi институттарының қызметiн үйлестіретiн ғылыми зерттеулер бағыттары жөнiндегi зерттеу орталықтарымен, сондай-ақ ұлттық компанияның қарамағындағы ғылыми-зерттеу институттарымен (бұдан әрi — ҒЗИ) танымал.