ПА-3044 мақта сортына ең тиімді минералды тыйайтқыштардың мөлшері, мерзімі және суару жүйелері

Мақта қозасының өсіп-өну кезеңдерінде температураны, суды, минералды тыңайтқыштарды әр түрлі дәрежеде талап етеді. Осы факторларды реттеу және басқару арқылы, мақта қозасының өнімділігін көтерумен қатар, оның сапасын жақсартуға болады.

Мақта қозасы 1-2 нағыз жапырақ шығарғаннан бастап азоттық қорекке сұранысы көбейеді. Мақта қозасы енді қалыптасқан көк жапырақ кезеңінде топырақтан азотты сіңіруі қиын болып, бұл кейінгі кезеңдерде өсімдікке азоттың жетіспеуіне алып келеді. Аз уақыт арасында мақта қозасының өскіні тез жетіле отырып, оның өзекті сабағының биіктігі 14-16 см дейін жетеді. Мақта қозасының осы жоғарғы өсімділігін сақтап тұру үшін, дер кезінде азоттық қорекпен қамтамасыз етіп отыру кажет. Толық фосформен қамтамасыз етілгеніне қарамай, азоттық қоректі беруді кешіктіру, мақта қозасының жетілуін кешіктіріп, соның салдарынан өнімділікті азайтады. Ерте кездегі өсіп-өну процессінің тоқтауы, кейінгі берілген көп мөлшердегі азоттық тыңайытқыштар мақта қозасының бойының тез өсуіне, өнім салатын монопольді шақтардың қаулауына әкеп соғады. Бұның соңы, гүлдеу кезеңін 8-9 күнге кешіктіреді. Азоттық қорекпен уақтылы керекті дәрежеде қамтамасыз етілгенде ғана, мақта қозасының гүлдеу және пісіп жетілу кезеңдері тездейді. Гектарына 35-40 ц жоғары өнім алу үшін, мақта қозасы негізгі қоректік элементтермен (азот, фосфор, калий) қамтамасыз етілу керек. Бұл қоректік элементтердің 40-50 %-ы азоттық қорек болғаны жөн.

Мақта қозасы өніп шықаннан шанақтағанға дейін, азот пен фосфордың 3-5%-ын, судың 8-9%-ын, шанақтаудан гүлдеуге дейін азоттың 25-30%-ын, фосфордың 15-20%-ын, судың 23%-ын, гүлдеуден пісіп жетілгенге дейін азоттың 65-70%-ын, фофордың 75-80%-ын, судың 59%-ын керек етеді.

Бір тонна шитті мақта өнімін құруда мақта қозасы 50 кг азот, 20 кг фосфор, 50 кг калийді қажет етеді. Мақта қозасынның өнімділігін көтеру үшін, минералды тыңайтқыштармен суару жүйелерінің ғылыми тұрғыдан негізделген кестесін қолдана отырып, барлық агротехникалық шараларды жетілдірумен қатар, өндіріске мақта қозасын баптаудың жаңа қор үнемдеу технологиясын енгізу керек.

Минералды тыңайтқыштардың тиімділігі, олардың жылдық мөлшерін анықтаумен қатар, мақта қозасының өсіп-жетілу кезеңдеріне сәйкестендіре отырып, берілу мерзіміне де байланысты.

Бұл әсіресе азоттық тыңайтқыштарға қатысты. Мақта қозасы шыққаннан бастап азоттық қорекке сұранысы біртіндеп көбейіп, пісіп жетіле бастағанда төмендей бастайды.

Сол үшін топырақ ылғалдылығын сақтай отырып, минералды тыңайтқыштарды неғұрлым ерте бергенде ғана, өсімдіктің өсіп жетілу кезеңдерін тездетуге болады.

Судың мақта қозасына тигізетін әсері өте үлкен. Ол топырақтағы әртүрлі қоспаларды ерітіп, өсімдік клеткаларының зат алмасу процесстерін жүргізе отырып, қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен екінші мүшесіне жеткізеді. Органикалық заттарды және мақта қозасынның әртүрлі мүшелерін құруда судың маңызы өте зор. Өсімдіктің құрғақ салмағының 90-95 %-ын органикалық заттар құрайды. Жапырақтардың көмір қышқылды сіңіруі, клеткалардың жеткілікті мөлшерде сумен қамтамасыз етілуіне де байланысты. Өсімдік сумен жақсы қамтамасыз етілгенде ғана, минералды тыңайтқыштардың тиімділігі жоғары болады.

Жоғарыда айтылған факторларды ескере отырып, тәжірибені мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибелік алқабында минералды тыңайтқыштарды төрт түрлі мөлшерде (N, P-60,80; N, P-80, 80;N, P-100, 80; N, P-120, 80 кг/га әсерлі зат есебінен), төрт түрлі(0-1-0, 0-2-0, 0-1-1, 0-2-1) суару жүйелерімен сәйкестіре отырып, үш түрлі (800, 1200, 1600 м3/га ) суару мөлшерлерімен төрт қайтарымда, аумағы 1,19 га алқапта мақта қозасының алқаптық вегетациялық тәжірибе әдісі бойынша (акад. А. И. Имамалиев, СоюзНИХИ, 1981) бес нұсқада жүргізілді. Жүргізілген тәжірибе алқабының топырағы ашық сұр топырақты болып, құрымында қара шірінді — 1,40%, азот — 0,08%, фософор – 28 мг/кг және калий 285 мг/кг-ға дейін жетеді.

Төмендегі келтірілген кестеден мақта қозасының биіктігінің ең қысқасы 67 см, көсек санының (6 дана) және өнімділіктің (15,9 ц/га) ең азы бірінші нұсқада байқалды. Бұл нұсқада мақта қозасының өсіп-жетілу кезеңдерінде еш қандай минералды тыңайтқыштар мен су берілмеген, соған байланысты басқа нұсқаларға қарағанда ашылған көсектің және шиттің салмағы басқа нұсқаларға қарағанда төмен.

Екінші нұсқада, минералды тыңайтқыштарды 140 кг/га (N-60 кг/га, P-80 кг/га) мөлшерінде бере отырып, суды гүлдеу кезеңінде үш мөлшерде (800, 1200, 1600 м3/га) бергенде мақта қозасының биіктігі орташа есеппен 85см болып, орташа өнімділік 21,5 ц/га құрады.

Мақта қозасының биіктігі, көсек саны, салмағы және өнімділік жағынан ең жоғарғы көрсеткіш (32,4 ц/га) төртінші нұсқада байқалды. Бұл нұсқада минералды тыңайтқыштарды 180 кг/га (азот-100, фосфор-80 кг/га) мөлшерде бере отырып, суаруды екі кезеңде; біріншісі гүлдеу, екіншісін өнімге отыру кезеңінде әр түрлі мөлшерде (800, 1200, 1600 м3/га) берілген болатын.

Түрлі мөлшерде берілген минералды тыңайатқыштармен вегетациялық судың мақта қозасының өнімділігіне тигізетін әсері.

 

 

Нұс-қалар

Минерал. тыңайт. кг/га Суару жүйесі. Суару

мөлшері,

м3/га.

Мақта

қозасы-

ның

биіктігі,

см.

Өнім сала- тын шақ-

тың саны, (дана)

1 өсім-

діктегі көсек саны (дана)

 

Ашылған

көсектер-дің

орташа

салмағы,

г.

1000

дана

шит-

тің

сал-мағы,

г.

Өнім-

ділік,

ц/га.

Орта-

ша

өнім,

ц/га.

 

N P
1 0 0 0 0 67 13 6 3,1 101 15,9 15,9
2 60 80 0-1-0 800

1200

1600

81

85

88

14

15

15

7

9

9

3,6

3,8

4,1

106

109

111

20,5

21,5

22,4

21,5
3 80 80 0-2-0 800

1200

1600

90

94

97

15

16

16

9

9

10

4,3

4,5

4,6

114

117

119

24,7

26,4

27,5

26,2
4 100 80 0-1-1 800

1200

1600

98

101

103

15

16

16

10

11

11

5,6

5,8

5,6

121

126

124

29,2

32,4

31,9

31,2
5 120 80 0-2-1 800

1200

1600

105

108

113

15

15

16

10

11

9

5,3

5,5

5,6

122

124

123

29,6

31,1

28,8

29,8

Суару жүйесі 0-2-0-мен, минералды тыңайтқыштарды әсерлі зат есебінен N-80, Р-80 кг берілген 3-ші нұсқада мақта қозасының биіктігі 94 см болып, орташа өнімділік 26,2 ц/га құрады. Су, минералды тыңайтқыштар ең көп берілген 5-ші нұсқада өнімділік жоғары (31,1 ц/га) болғанымен, 4-ші нұсқаға қарағанда гектарына 1,3 центнерге аз болды.

Жүргізілген тәжірибелерді қорыта келгенде, ПА-3044 мақта сортына ең тиімді минералды тыңайтқыштардың мөлшері N-100, Р-80 кг/га екені байқалды. Азотты екі бөліп (біріншісін шанақтау кезеңінде -44,4 кг/га (әсерлі зат есебінен), екіншісін гүлдеу кезеңінде – 55,6 кг/га әсерлі зат есебінен) 0-1-1 суару жүйесімен сәйкестендіре отырып, 1200 м3/га суару мөлшерімен берілген, төртінші нұсқада басқа нұсқаларға қарағанда ең жоғарғы (32,4 ц/га) өнім алынды.

Жүргізілген тәжірибе зерттеу жұмыстарына сүйене отырып ПА-3044 мақта сортына төртінші нұсқамен жүргізілген жүйе ең тиімді жүйе деп саналып, әр бір гектардан 30 центнерден жоғары өнім алу мақсатында жоғарыда көрсетілген минералды тыңайтқыштар нормасы ұсынылады.