Инвестициялық қорлардың негізгі түрлері мен типтері

Қазақстан Республикасының заңдары инвестициялық қорлардың белгілі бір типтерін анықтап береді:

Екі негізгі типі: өзара қор және инвестициялық компания бөліп көрсетіледі.

Өзара қор барлық тілек білдіруші инвесторлардың қаражатын тартатын және өздері айналысқа шығарған акцияны өз акционерлерінен сатып алуға міндеттеме қабылдаған ашық инвестициялық қор болып табылады.

Инвестициялық компания – бұл осы қордың құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше заңды және жеке тұлғалардың қаражатын тартатын жабық инвестициялық қор.

Үлестік (шартты) және акционерлік (корпорациялық) инвестициялық қорлары бөліп көрсетіледі.

Үлестік инвестициялық қор былайша бөлінеді:

  • ашық — пайданы 2 аптада ең аз дегенде 1 мәрте сатып алады;
  • жабық – жарнашының (пайшы) пайда (үлесті) сатып алуға құқығы болмайды;
  • интервалды – пайданы жылына ең аз дегенде 1 мәрте сатып алуы керек.

Қор инвестициялық стратегиясының сипатына қарай шартты түрде мына санаттарға бөлінуі мүмкін:

  1. Бағамдарының тәуекелі шектеулі бағалы қағаздарға капиталды инвестициялаушы.
  2. Бағалы қағаздар бағамының тәуекелі шектеулі жоғары болған жағдайда табыстың өсіміне бағдарланушы.
  3. Қаржылық активтерді әртараптандырушы.
  4. Ақша нарығының пайыздық мөлшерлемесін капиталдандыруға маманданушы.

Бірінші санатқа көбінесе, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік инвестициясын және тәуекелі төмен бағалы қағаздарға жатқызылған мемлекеттік емес облигацияларды сатып алатын ұжымдық инвестиция мекемесі жатады.

Екінші топқа ұзақ мерзімді инвестицияларды жүзеге асыратын қорлар кіреді.

Үшіншісіне әр түрлі бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді қаражат салымдарын диверсификациялайтын қорлар жатады.

Төртінші топ ақша нарығының пайыздық мөлшерлемесін капиталдандыруға маманданған қорларды қамтиды.

  1. Инвестиция комитетінің негізгі қызметтік міндеттері

Комитет жұмысының негізгі бағыттарының бірі – инвестиция­лар­ды мемлекеттік қолдау шара­ларын іске асыру. Ол инвесторларға инвестициялық преференциялар беретін келісім-шарттарды жасайтын, экономика секторына салынған инвестицияларды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады. Ал преференциялар салықтық және кедендік түрде беріледі.

Екіншіден, Қазақстан Респуб­ли­касының шикізаттық емес секторына инвестицияларды тарту мақсатында шетелдік компаниялармен келіс­сөз­дер ұйымдастыру және олармен мем­лекеттік институттардың қарым-қатынасын дамытуды өзара үйлестіру ісі де бізге жүктелген.

Үшіншіден, біздің комитет Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвесторлары ке­ңе­сінің қызметін қамтамасыз ететін оның жұмыс органы болып табы­ла­ды. Ал Кеңестің өзі кеңесуші-кон­суль­тативтік орган ретінде Қазақ­стан­да жұмыс істейтін инвестор­лар­мен тікелей сұхбатты қамтамасыз ету, сондай-ақ инвестициялық қыз­метке байланысты проблемалық мә­селелерді шұғыл шешу мақсатында Мемлекет басшысының 1998 жылғы 30 маусымдағы Жарлығымен құрыл­ған болатын.

Инвестицияларға арналған шарт­тардың бірыңғайлығы мен әділдігін қамтамасыз ету, уағдаласушы мем­ле­кеттердің экономикалық ынтымақ­тас­тығын нығайту, сондай-ақ инвес­ти­циялық бастамаларды ынталан­ды­ру секілді мәселелермен де шұғыл­данады.

Қазіргі уақытта инвестиция­лар тарту жөнінен Қазақстан ТМД елдері бойынша көш басында келеді. Ал Орталық Азия елдері бойынша ал­сақ, осы өңірге келген барлық ті­ке­лей инвестициялардың сексен пай­ыз­дан астамы Қазақстан еншісінде.

1993 жыл мен 2007 жылдың бірінші тоқсаны аралығында еліміз­дің экономикасына құйылған шетел­дік тікелей инвестициялардың көлемі 54,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Тек 2006 жылдың өзінде ғана 10 437,1 млн. АҚШ долларын құ­рай­тын шетелдік тікелей инвестициялар құйылды. Оның алдындағы жылмен салыстырғанда бұл 57,7 пайызға артық көрсеткіш. Міне, осыған қарап Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсы деп есептеуге болады.

Еліміздің инвестициялық ахуа­лын жақсарту, оны насихаттау мақ­са­тында іскер топтар өкілдерінің са­парларын, екіжақты кездесулер, биз­нес-форумдар және ынтымақтас­тық­тың өзара тиімді басқа да шараларын ұйымдастырып отыруға мән беріледі.

Бүкіләлемдік банк секілді беделді ұйымдар мен халықаралық рейтинг­тік агенттіктердің біздің елдің инвестициялық мүмкіндіктерін жоғары бағалауы да іске оң ықпалын тигізуде.

Кеңестің пленарлық және аралық мәжілістерін, сондай-ақ, оның жұмыс тобы мәжілістерін Ке­ңес қызметін­дегі негізі компоненттер деп атасақ артық болмас.

Пленарлық мәжіліс Мем­лекет басшысының төрағалы­ғы­мен жылына екі рет (мау­сым­да және желтоқсанда) өткізіледі. Оған Қазақ­стан та­рапынан Премьер-Министр мен министрлер, Президент­тің көмек­шісі, Индустрия және сауда министр­лігі Ин­вес­тиция комитетінің төрағасы қа­тысады. Ал шетелдік инвесторлар тарапынан Қазақстанда жұмыс істейтін трансұлттық компаниялардың басшы­лары, дүниежүзілік даму инсти­тут­тарының өкілдері қатысады.

Осы уақытқа дейін барлығы 17 пленарлық мәжіліс өткізілді. Соңғысы үстіміздегі жылдың 15 шілдесінде Өс­ке­мен қаласында өткен болса, “Қазақ­станның орнықты дамуы және қор­ша­ған ортаны қорғау мәселелері” тақы­ры­бындағы келесі мәжілісті өткізу 2007 жылдың желтоқсан айына жоспар­лануда.

Кеңестің шеңберінде бес бірлескен жұмыс тобы құрылған. Олар мұнай-газ секторы бойынша, Қазақстан Рес­пуб­ли­касында инвестициялық имиджді көтеру, шетелдік инвесторлардың ағым­дағы қызметі, заңнама, салық салу мә­селелері бойынша жұмыстар жүр­гізеді.

Қазақстанға шетел инвестицияларын тарту құрылымында өндіру саласының үлесі әлі де болса басым. Осыған орай Үкімет өңдеу сек­торына да шетел инвестицияларының құйылуын жақсарту мақсатында шаралар қабылдаған болатын. Оның нәтижесі жоқ емес.

Мәселен, 2004 және 2005 жылдары өңдеу секторына шетелдік инвестиция­лардың ағымы азайған болса, өткен жылдың нәтижесі бойынша оңтайлы ілгерілеушілікті көруге болады.

Ал 2007 жылдың І жарты жылды­ғын­да өңдеу секторына құйылған тікелей шетел инвестициясы 383,8 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл 2006 жылдағы көрсеткіштен едәуір жоғары. Міне, осылайша өңдеу саласына шетелдік инвестициялар ағымы уақыт өткен сайын күшейе түсуде.

Сонымен қатар, Елбасының тап­сыр­масымен Индустрия және сауда ми­нистрлігінде басқа да мемлекеттік орган­дармен бірлесе отырып, басым жо­балардың тізімі жасалуда. Бұл мәшине жасау, ауыл шаруашылығы, мұнай-химия, құрылыс материалдары, биотехника, уран өнеркәсібі саласындағы жобалар.

Шетел инвестициясын табысты тарту үшін 2006 жылы 30-дан астам елге, соның ішінде Ұлыбритания, Ита­лия, Германия, Жапония, Қытай, Ресей және басқа да шет елдерде Қа­зақ­станның инвестициялық мүмкін­дік­терін таныстыруға арналған ақпарат­тық-тұсаукесерлік шаралар жүргізілді. Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы 39 мемлекет­аралық келісім жасалды.

Бұл шаралардың нәтижесі жоқ емес. Шикізаттық емес бағытта инвес­тиция тартудың табысты жобаларының бірі ретінде “Интергласс-Казахстан” ЖШС-нің “Steіnert Іndustrіes” неміс ком­паниясымен бірігіп Ақтөбе облы­сында шыны шығаратын зауытты іске асыра бастағандығын айтуға болады.

Екінші бір мысал. Сараптау мәлі­мет­тері бойынша, Қазақстан қажетті цементтің 25 пайыздан көбін сырттан импорттайды. Бірнеше ірі компаниялар аталған салаға инвестиция салғысы келетін тілегін білдірді. Өткен жылы це­мент өндіретін 2 зауыттың құры­лысына инвестициялық преференция беру туралы 2 келісім-шартқа отырдық. Аталған зауыттардың қуаттылығы жы­лына шамамен 2 млн. тонна цементті құрайды. Осы жылы тағы 3 келісім-шарт дайындалып жатыр.

Тағы бір мысал. Алюминий сала­сындағы әлемнің ірі компаниялары құрамына енетін СУАЛ-мен өткен жылдың аяғында Павлодар облысында қуаттылығы жылына 500 мың тонна алюминий өндіруге жететін, ал инвес­тиция көлемі 1,5 млрд. АҚШ долл. құрайтын алюминий зауытын салу туралы келіссөздер жүргізілді. Жаңа жұмыс орны 2000 адамды қамтиды. Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі жасалуда, шамамен осы жылдың қыркүйек айының соңында аяқталады.

350 млрд. АҚШ доллары көлемінде активі бар әлемнің ірі компаниясы “General Electrіc” корпорациясымен Қа­зақстанда дизельді локомотив шы­ға­ратын зауыт құрылысы туралы келі­сім жасалуы да еліміздегі шикізаттық емес секторда инвестициялық ахуал­дың жақсара түсуінің тағы бір дәлелі. Мұндай мысалдарды келтіре беруге болады.

Қазіргі уақытта біздің базада эко­но­миканың басымдықты секторларын­дағы 150-ден астам жоба жинақталған. Біз Үкіметтің тапсырмасына сәйкес, әкімдіктер тоқсан сайын бізге ин­вес­тициялық жобалардың жай-күйі ту­ра­лы ақпарат беретін есептілік нысанды әзірлеген болатынбыз. Осылайша, біздің деректер әрбір үш ай сайын жаңарып тұрады, сондықтан біз кез келген сәтте инвесторларға жаңа және өзекті ақпарат бере аламыз. Анағұрлым қызықты идеяларды айтатын болсам, Nokіan Tyres (Финляндия) Астанада Ордабасы компаниясымен қосылып мемлекеттік стандартқа сәйкес шина шығаруды қолға алды. Оның жалпы құны 200 млн. АҚШ долларын құрай­ды. Құрылыс өнеркәсібінде Ақтөбе облы­сында қуаттылығы жылына 1 млн. тонна цемент зауытын салу бас­тамасы қолға алынуда. Оны іске асыруға 100 млн. АҚШ доллары талап етіледі. Тағам өнеркәсібінде Алматы облысында жеміс, көкөніс өнім­дерін өңдеу зауытының құрылысы жөніндегі жоба қызығушылық тудырады. Бұл жобаны іске асыру үшін 5,2 млн. АҚШ долларының инвестициясы қажет.

Республикада қолайлы инвес­ти­ция­лық ахуал жасау және инвести­ция­ларды тарту саясатын жалғастыру үшін, мемлекет қазіргі заманғы техноло­гия­ларды қолдана отырып, жаңа өндіріс­тер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға инвесторларды ынталандыру шара­ларын қолдануда.  Соның ішінде шетелдік және отандық инвесторға Инвестициялар коми­тетімен келісім-шарт жасасу арқылы инвестициялық преференциялардың мынадай түр­лері берілуі мүмкін: корпоративтік табыс салығы, мүлік пен жерге салық, инвестициялық жо­баларды іске асыру үшін жаб­дықты әкелу кезіндегі кеден баж­дарын төлеуден босату бойынша салықтық жеңілдік­тер, сондай-ақ мемлекеттік заттай гранттар.

Инвестициялық преференция­лар берілетін салалар Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің 2003 жыл­ғы 8 мамырдағы қаулысымен бекі­тілген.

Тізбеге экономикалық қызметтің 245 түрі енгізілген. Оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашы­лығы; сусындарды қоса алғанда, тамақ өнімдерін өндіру, тоқыма өндірісі; сүректі өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау; қағаз, картон және одан жасалатын бұйымдар өндірісі; химия өнеркәсібі; резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі; метал­лургия өнеркәсібі; дайын металл бұйымдары өндірісі; кеңсе жабдықтары мен есептеу техникасы өндірісі; медициналық техника бұй­ымдары, өлшеу құралдары, опти­калық аспаптар мен аппаратуралар өндірісі; жиһаз өндірісі; электр энер­гиясын, газ, бу және су өндіру және бөлу; қонақ үйлер, туристік лагерь­лер мен кемпингтер қызметтерін ұсыну; барлық көлік түрлерінің қызметі; ғарыш байланысы; жыл­жымайтын мүлікпен жасалатын операциялар және басқалары бар.

Инвестициялық преференциялар алуға қажетті құжаттарды Инвести­ция комитетінен білуге болады. Олар 30 жұмыс күні ішінде қаралады.

2.Көршілердің көзқарастары қандай?

Биылғы күзде Новосібірде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путиннің қатысуымен екі ел шекаралас өңірлері басшыларының кезекті форумы өткені белгілі. Осы басқосу алдында ресейлік “Труд” газетінің Батыс Сібір өңірі бойынша шығатын “Честное слово” қосымшасы шекаралас өңірлер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастар жағдайына арнап мақалалар циклін жариялаған болатын.

Біз төменде Омбы, Томь облыстары мен Алтай өлкесі губернаторларының аталған газет тілшісіне берген сұхбаттарын ықшамдап жариялап отырмыз.

Виктор КРЕСС, Томь облысының губернаторы:

– Қазіргі кезде Дүние­жү­зілік банк Қазақстанды әлемдегі инвестиция тартуға ең қолайлы 20 елдің қата­рына қосып отыр. Мәселен, 2006 жылы Орталық Азияға тартылған шетел инвести­ция­сының 80 пайызы Қазақ­стан­ның үлесіне тиесілі деген де-рек бар. Сіз біздің көршіміз­дің жетістігінің сыры неде деп ойлайсыз?

– Бұл жерде еш құпия жоқ. Бар болғаны, нақты нә­тижеге жұмыс істеу, осыны олар қандай жұмыста бол­сын басты мақсат етіп отыр. Егер осыдан 10 жыл бұрын Қазақстанда ІЖӨ бір адамға шаққанда 700 доллардан болса, 2005 жылы ол 3000 дол­ларға жетіпті. Енді Қа­зақ­стан 2010 жылы бұл көр­сеткішті – 5800, ал 2015 жылы оны 9000 АҚШ дол­ларына жеткізуді көздеп отыр. Сөйтіп, біздің көрші­міздің алдағы кезде Чехия, Венгрия, Польша және Малайзия сынды дамыған елдерден көш ілгері кетуі де ғажап емес.

Қазіргі кезде Қазақстанда шикізат әлеуетін тиімді пай­далану ғана емес, инвести­ция­лық саясатты қалып­тас­тыру мәселесіне баса назар аударылып келеді. Олар Батыс инвесторларымен ор­тақ тілде сөйлеседі. Осындай жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы республика экономикасына 30 млрд. доллардан астам шетел инвестициясы тартылды.

– Қазір Қазақстанда эко­номикалық даму жағдайында бизнеске қомақты қаражат салынып жатыр. Сібір өңіріне салынған инвестиция бар ма? Егер бар болса, Томь облы­сында оның деңгейі қандай?

– Қазақстан көп жылдан бері ТМД елдері ішінде Томь облысының сыртқы сауда айналымында бірінші орын алып келеді. Мәселен, 2002 жылы Қазақстан біздің облыс­қа 25 млн. АҚШ доллары кө­лемінде тауарлар әкелді. Кейін арадағы тауар айналымы екі есеге азайып кетті. Қазір біз тауар айналымын бұрынғы көрсеткішке жеткізу үшін жұмыс жасап жатырмыз.

– Жақында Лондонда “Қазақстан: дамудың жаңа көкжиегі” атты тақырыпта өткен конференцияда Қазақ­стан эко­номикасының негізгі салалары ретінде мұнай мен газ, құрылыс, металлургия, элек­тр энергиясы, көлік, ІТ және коммуникациялар атап көрсетілді. Осылардың ішінде Томь облысы Қазақ­стан­мен қай салада тығыз байланыс орна­тып отыр?

– Қазір біздің қазақ әріп­тестеріміз ІТ және коммуни­кацияға қарағанда шикізат секторына қызығушылық та­ны­тып отыр. Қазақстан инно­вациялық даму жолына түсіп келе жатқан ел. Бүгінде олар төрт инновациялық өңір құ­рып алды. Егер біз көршіміз секілді осындай иннова­ция­лық өңірлер құрғымыз келсе, қазақ әріптестерімізбен ынтымақтастығымызды арттыра беруіміз керек.

Қазір осыған байланыс­ты алғашқы қадам жасалып жатыр деуге бола­ды. Мә­селен, біздің ғалым­дарымыз жақында Алматы қаласы маңынан құрылған “Alatau ІT-Cіty” ақпараттық-техно­логиялық парктің жұ­мы­­сы­мен танысып қайтты. Осы­дан кейін Томь мем­лекеттік университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік универ­ситеті арасында келісім-шартқа қол қойылды.

– Біз шағын және орта бизнесті дамыту керек деп жа­тырмыз. Осы тұрғыда алғанда, Томь облысы мен Қа­зақ­стан арасында қандай байланыс бар?

– Томь облысының ша­ғын және орта бизнесі Қа­зақ­станда бұрыннан бері жұмыс істеп келеді. Мәсе­лен, “Сібір электротех­ни­калық компаниясы” ААҚ қазақ­тың электрқозғалт­қыш­тар желдеткіші, насос құрал­дарын жеткізумен айна­лы­сатын “Келет” фирмасымен келісім-шарт жасасқан. Ал “Сібір электрмотор” АҚ Қазақстанға жыл сайын 150-180 миллион рубль көле­мін­де өнім жеткізіп тұрады. Сонымен бірге, Томь элек­трон­дық компаниясы Қазақ­стандағы мұнай нысандары­на арналған құрал-жаб­дық­тар монтаждауға қатысу үшін келісім-шарт жасаса, “Манотомь” АҚ Алматы қаласынан өнімдер алу жө­нінде келісімге қол жеткізді. Ал “Самусь” кеме жасау және кеме жөндеу зауыты Қазақстанмен өзенде жүзетін бес кемені құрастыру жө­нінде келісім жасасты.

Александр КАРМИН, Алтай өлкесінің губернаторы:

– Александр Богданович, қазір Қазақстан мен Алтай өлкесінің ынтымақтастығы қандай деңгейде?

– Біздің Шығыс Қазақ­стан және Павлодар облыс­тарымен шекарамыз 800 шақырым. Сондықтан бізге Қа­зақстанмен ынтымақ­тас­тық қалыптастыру аса маңызды.

Қазақстан 2000 жылдан ТМД елдері ішінде тауар айналымы жөнінен біздің басты әріптесіміз болып келеді. Мысалы, биылғы жылдың бірінші жартысында ол 34 пайызды құрап (190 миллион АҚШ доллары), өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 12 пайызға өсті. Соңғы кездері Алтай өлкесі Қазақстан рыногында сұранысқа ие тауарларды үздіксіз жеткізе бастады. Сонымен бірге, шешілмеген проблемалар да жетерлік. Мәселен, Ресей – Қазақстан шекарасы арқылы өтетін тас жол мен темір жолдағы өткізу пункттерінің жұмысы өте төмен деңгейде. Осының бәрі екі жақтың тауар айна­лымына айтарлықтай кедергі жасап отыр.

Жалпы, біздің өлкенің Қа­зақстанмен ынтымақ­тас­ты­ғы жоғары деңгейде. Қазірдің өзінде тараптар химиялық өнім­дер, энергетикалық құрал-жабдықтар, агроөнеркәсіп кешеніне арналған жаңа тех­нологияларды жеткізу мәсе­ле­­лері­мен айналысуда. Соны­мен бірге, ауыл шаруа­шы­лығы мен ғылым салаларын дамыту бой­ынша бірлескен инвестиция­лары­мыз бар. Қазір Шығыс Қазақстан облы­сы мен Алтай өлкесінің батыс аудандарын газ­бен қам­тамасыз ету мәсе­лесі қа­растырылып жатыр.

– Қолда бар мәліметтерге қарағанда, Алтай өлкесі Қазақ­станға ағаш өнімдерін жеткізсе, бізге ол жақтан тұрмысқа қа­жетті өнімдер ғана келеді екен. Осыны кейбір сарапшылар Алтай өлкесі басшылығының көңілшектігі деп жатыр. Сіз осыған не дер едіңіз?

– Бұл жаңсақ пікір. Қа­зір Алтай өлкесі Қазақстанға негізінен мәшине құрастыру өнімдерін жеткізумен айна­лы­сады. Биылғы жарты жыл­дықта Қазақстанға Ал­тайдан мәшине құрастыру өнімдерінің тең жартысы жеткізілді. Ал Қазақстаннан көбіне жеміс-жидек өнімдері келеді. Биыл ол 41,5 пайыз­ды құрады. Бұл аз көрсеткіш емес. Қазақстаннан жеміс-жидектер біздің өлкеге ғана емес, Алтай арқылы Сібірдің басқа өңірлеріне де жет­кізіліп тұрады.

– Қазақ капиталының қатысуымен Алтай өлкесінің ин­вестициялық тиімділігін арт­тыру мақсатында қандай іс-шаралар атқарылып жа­тыр?

– Қазір біздің өлкеге ең алдымен өнеркәсіп пен туризм салаларына, одан кейін тағам индустриясы, өнеркәсіп кешендерін дамы­ту, полиметалл кен орын­дарын игеруге инвестиция­лар тартылып отыр.

Леонид ПОЛЕЖАЕВ, Омбы облысының губернаторы:

– Леонид Константи­но­вич, соңғы кездері Қазақстан мен Ресей ортақ әлеуетті пайдалану үшін көп жұмыстар атқарып келеді. Осы бағытта шекаралас өңірлер ынты­мақ­тастығы қандай рөл атқарады деп ойлайсыз?

– Кеңес Одағы ыдыра­ған кезде оның құрамында болған бірде-бір республика тез дамып кете алған жоқ. Оның басты себебі, ондаған жылдар бойы қалыптасқан байланыстардың үзілуі бол­ды. Бірақ, соңғы кездері Қа­зақ­стан басшысының баста­ма­ларының арқасында бұ­рын­ғы Одақ кеңістігінде жаңа құрылымдар мен ұй­ым­дар құрылып, жағдай бір­шама жақсарып қалды. Бұл жерде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық Одақ құру жө­нін­дегі идеясының арқа­сын­да ғана атап айтарлықтай жұмыстар атқарыла бастады деуге болады. Ал шекаралық өңірлер ынтымақтастығы – бұл Қазақстан мен Ресейден басқа ТМД-ның өзге ел­де­рінде әлі қалыптаса қой­ма­ған экономикалық қарым-қатынастың жаңа үлгісі. Қа­зіргі кезде осының арқа­сын­да Қазақстан мен Ресей мем­лекетаралық ынтымақ­тас­тықтың жаңа даму саты­сына түсіп, екі елдің шека­ра­лық өңірлері арасында тауар айналымы 500 млн. АҚШ долларына жетті.

– Бүгінде Ресей мен Қазақстан технологиялық өзара байланысы бар өнді­рістің жаңа кәсіпорындарын құру бағытында жұмыс істеп келеді. Ал Омбы облысында қандай бірлескен жобалар бар?

– Осыдан бірнеше жыл бұрын Омбы қаласында өткен екі ел шекаралас өңірлері бас­шыларының бірінші фору­мын­да бірлескен жобалар құру жөнінде мәселе талқыланған болатын. Сол кезде халық­ара­лық автокөлік қатынасы, екі ел­дің денсаулық сақтау ми­нистрлігі арасындағы ынты­мақ­тастығы, Қазақстанда Омбы облысының консул­ды­ғын ашуға арналған бірлескен құжаттарға қол қойылды. Қазір осының нәтижесінде Омбы-Петропавл аралығында электрпойыздың жаңа бағыты мен Петропавлда биоэтанол өндірісінің жаңа кәсіпорны ашыл­ды. Енді мұндай кәсіп­орын Омбы облысында да ашылатын болады.

Қазақстан үшін Омбы құ­ры­лыс материалдары сұраныс­ына ие. Ал Ресей жағы Қазақ­стан қаржы-өнеркәсіптік топ­тары­ның біздің өңірдің бизнес жоба­ларын қаржыландыруына зәру.

– Шекаралас өңірлер ынты­мақтастығын дамыту үшін ең әуелі қандай мәселелерді шешу керек деп ойлайсыз?

– Ең алдымен, әрине, екі ел арасындағы 7,5 мың шақы­рымды құрайтын шекарадағы өткізу пункттерінің жұмысын ретке келтіру керек. Содан кейін Ертіс өзені арқылы өте­тін шекара аумағының жағ­дайын жақсарту қажет.

Қазіргі таңда Омбы облы­сында екі елдің 31 бірлескен кәсіпорындары жұмыс істейді. Кәсіпорындардың дені құры­лыс, орман ағаштарын өңдеу, тұр­мысқа қажетті басқа да тауарлар шығ­ару­мен ай­на­лысады.

Омбы облысының энер­ге­ти­калық кешені тұтастай Қазақстанның көміріне тәуелді. Қазір біз жыл сайын Екібастұздан 5 млн. тонна көмір тұтынамыз. Сондық­тан, Ресей Үкіметі Қазақ­станмен шекаралас Омбы және басқа да өңірлерді кө­мір­мен қамтамасыз ету үшін өңіраралық энергетикалық компания құруды мақсат етіп отыр.

– Президент Нұрсұлтан Назарбаев Омбы қаласына жасаған сапарында Қазақ­стан банктері жинаған қар­жы­ның көптігіне байланысты енді шетелге инвестиция тарту­ды мақсат етіп отыр деп еді. Осыған Омбы облысында қажетті ресурстар бар ма екен?

– Инвестиция – инте­гра­цияны дамытудың бір жолы. Қазір Ресейде эконо­ми­каны дамытудың бірден-бір жолы – қазақ инвести­циясын тарту болып табы­ла­ды. Бұл екінші жағынан екі елдің тауар айналымын арт­тыруға да мүмкіндік берер еді. Бірақ, өкініштісі сол, Ре­сейде қосымша құн салы­ғы бес, одан кетсе тоғыз айға дейін созылып кетеді. Ал Феде­ралдық салық ко­дексіне сәйкес, қосымша құн салығы үш айдан аспай төленуі тиіс. Сол себепті Ресейге инвес­тиция тарту үшін ең әуелі бізбен сауда жасағысы келген ТМД-ға мүше елдерге қо­сымша құн салығы жеңіл­де­тілген түрде белгіленуі қажет деп санаймын.

  1. Қазақстандағы инвестиция мәселесін оңтайландыру шаралары

Қазақстандағы тұңғыш «Қазына» ашық пайлық инвестиция қоры үш жылдың ішінде банк депозитіне балама болды. Бұл жайлы бүгін Алматыдағы қордың үш жылдығына арналған баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазына» ашық пайлық инвестиция қорын Қазақстанның құнды қағаздар нарығында 2004 жылдан бастап банктік емес қаржы қызметін көрсетіп келе жатқан «Сентрас Секьюритиз» АҚ 2005 жылы құрған болатын. Қордың кастадион-банкі – АТФ банк. Ол қор активтерін есепке алады және сақтайды, қор активтерімен мәміле жасау барысын, пайларды орналастыру және сатып алуды бақылайды. Сондай-ақ басқарушы компаниямен инвестициялық қор активтерінің құнын, қозғалысы мен құрамын салыстыру жұмыстарын жүргізеді.

Ел тұрғындарын инвестициялау үдерісіне тарту мақсатында құрылған «Қазына» АПИҚ-да 3 жылдың ішінде таза активтерінің саны 529,65 пайыздан асып, 306 миллион теңгені құрады. Ол ашық қорлардың таза активтері көлемінің 21 пайызын жинақтап, республикадағы ірі ашық пайлық инвестиция қорларының арасында екінші орынды иеленуде.

«Сентрас Секьюритиз» АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы Елдар Әбдіразақовтың айтуынша, қор банк депозитіне балама болу туралы өз қызметін 3 жылда орындап шықты.

«Басқарушы компания ретінде бүгінгі таңда бізді Қазақстанда ғана емес сырт елдерде де мойындап жатыр. Батыстың инвестиция қорлары ел нарығына қызығушылық білдіруде. Біздің міндет-инвестициялық қорлардың барлық желісін ұсыну. Мәселен былтыр Тіке инвестиция қорын іске қостық. Қазіргі таңда елде тек мүлік қоры ғана жоқ», дейді Е. Әбдіразақов.

Нью-Йоркте Қазақстан Үкіметі мен Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен «Institutional Investor» халықаралық экономикалық баспасы ұйымдастырған «Қазақстандық инвестициялық форум: Орталық Азияға инвестиция» («Kazakhstan Investment Forum: The Gateway to Investing in Central Asia») бірінші инвестициялық форумы өз жұмысын аяқтады, деп хабарлады ҚазАқпаратқа елшіліктің баспасөз қызметінен. Қыркүйектің 18-19-ы күндері өткен форум барысында қазақстандық үкіметтің басшысы Кәрім Мәсімов телекөпір режімінде Астанадан сөз сөйледі. Премьер-Министр Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі бағыттарымен, сондай-ақ жалпы экономикалық саясаттың өзекті сипаттарымен таныстырды. Конференцияға қатысушылар өз кезектерінде Қазақстандағы экономикалық саралау үдерісіндегі прогреске және инвесторлар үшін ашылып жатқан жаңа мүмкіндіктерге жоғары баға берді. Конференцияда сондай-ақ, «Мүмкіндіктерді анықтау және талдау: Қазақстанның инвестициялық ахуалы мен экономикалық келешегі», «Қазақстанның қаржы секторы мен капитал рыногын дамыту», «Қазақстандық өнеркәсіптік мүмкіндіктерге салалық шолу жасау: саралауға назар аудару», «Қазақстандағы ішкі және жаһандық жеке рыноктардың рөлі» және «Басты сала – өндіруші өнеркәсіп» тақырыптық сессиялары аясында жарыссөздер өтті. Конференцияға қатысқан батыс компанияларының топ-менеджерлері қазақстандық рыноктағы өздерінің табысты қызметтері туралы әңгімеледі. Қазақстандық және шетелдік қатысушылар форумға жоғары баға бере келе, халықаралық экономикалық үдерістердегі тең құқылы ойыншы ретінде Қазақстан туралы шынайы көзқарас қалыптастыруда үлкен рөл атқарғанын атап өтті. Форумға қатысқан қазақстандық өкілетті делегацияны Нью-Йоркке ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ә.Сәйденов бастап барды.

Қаржы орталығының мақсаты, біріншіден, Қазақстанға инвестиция тарту. Құдайға шүкір, инвестиция келіп жатыр ғой. Әлде болса да, көбірек тарту орталықтың ең бірінші мақсаты. Инвестиция көптеп тартылса, жаңа жұмыс орындары ашылады, қарапайым халық жұмыспен қамтылады деген сөз бұл. Қазақстан азаматтарына жұмыс береміз. Екіншіден, қазақстандық капиталды халықаралық нарыққа шығару. Біздің ірі компанияларымыздың біразы өздері халықаралық рынокқа шығуда. Мұның бәрі ірі компания. Біздің мақсатымыз сондай мүмкіндікті өзге отандық орташа компанияларға да беру. Басқа елдерге инвестиция салсын. Бұл да жаман емес. Басқа елдер біздің елдің қуатын мойындап, қазақ деген халықты таниды. Үшіншіден, еліміздегі құнды қағаздар нарығын дамыту. 10-15 жыл болды, құнды қағаздар нарығын дамыту үшін бағдарлама да, шара да қабылданып жатыр, бірақ шынын айтқанда ол әлі әлсіздік танытуда. Елбасы қаржыгерлер конгресінде де бұл мәселе туралы аса мән бере айтты да. Құнды қағаздар нарығын дамыту не үшін керек? Бүгінде жұрттың қолында ақша бар. Олар оны қайда салады? Бәріміз білетіндей, алдымен жылжымайтын мүлікке салуда. Соның кесірінен тұрғын үй бағасы шарықтап барады. Басқа қайда саларын білмейді. Ара-арасында банкке салар. Өзіміздің құнды қағаздар рыногын дамытатын болсақ, жұрт ақшасын сол қағаздарға салар еді ғой. Өздеріңіз білесіз, Қазақтелеком өзінің құнды қағаздарын сатты. Оған деген сұраныс та көп болды. Егер отандық компаниялар жаппай жергілікті рынокқа құнды қағазын шығаратын болса, жұрт үшін нағыз табыс көзі ашылар еді. Ал бізде бірден Лондонға немесе Германияға шығуда. Өзімізге шығарылмайды, шығарылса да өте аз, сол компанияның өкілдерінен немесе таныстарынан артылмайды. Және ол туралы ешкім білмейді. Жарнама да жоқ. Біздің мақсатымыз – қарапайым халық үшін жұмыс істейтін қаржы орталығын ашу, оларды құнды қағаздарды сатып алып, оның игілігін көруге үйрету.