Қосылған құн салығының ставкалвры

Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдар қосылған құн салығын төлеуді белгіленген тәртіппен жүргізеді.

Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарға бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:

1)қоғамдық тамақтану саласындағы қызметті қоспағанда, жылдық жиынтық табысының кемінде 90 процентін мына қызмет түрлерін:

  • ет және ет өнімдерін өндіруді;
  • жемістер мен көкөністерді қайта өңдеуді және консервілеуді;
  • өсімдіктер мен жануарлар майын өндіруді;
  • сүтті қайта өңдеу мен ірімшік өндіруді;
  • ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерін өндіруді;
  • жануарлар үшін дайын жемшөп өндіруді;
  • нан өндіруді;
  • балалар тағамын және диеталық тағам өнімдерін өндіруді жүзеге асыру нәтижесінде алынуға тиіс (алынған) табыстар құрайтын;

2)шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қоспағанда, арнаулы салық режимдерін қолданбайтын;

3)акцизделетін өнімді өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырмайтын ұйымдар жатады.

Есептелген қосылған құн салығына салық сомасы 70 процентке азайтылады.

Қосылған құн салығының ставкалары

Қосылған құн салығының ставкасы 13 процентке тең болады және салынатын айналым мөлшерiне қолданылады.

Қосылған құн салығының ставкасы 12 процентке тең болады және салық салынатын айналым мөлшерiне қолданылады.

Салық салынатын импорт бойынша қосылған құн салығының ставкасы салық салынатын импорт мөлшерiнiң 13 процентiне тең болады.

Салық салынатын импорт бойынша қосылған құн салығының ставкасы салық салынатын импорт мөлшерiнiң 12 процентiне тең болады.

Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртiппен өткiзетiн тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығын жиынтық кедендiк төлем құрамында төлей алады, оның мөлшерi Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады.