Дамыған мемлекеттердегі қосылған құн салығы

Ұлыбританияның қосылған құнға салынатын салық кемелеттік бюджеттің орта есеппен 17-20 пайызын құрайды және үлесі жағынан табыс салығынан кейінгі екінші орынды алады. Қосылған құнға салынатын салық бойынша обьекті болып тауарлар (қызмет, жұмыс) өндірісіндегі әрбір кезеңіндегі қосылған құн табылады. Салық ставкасы 17,5 пайыз. Азық-түлік өнімдеріне, дәрі-дәрмектерге, импорт-экспорт тауарларына, тұрғын үй құрылысына, балалар киіміне, көлік тасымалына, пошта, жерлеу және қаржы қызметтеріне, сақтандыруға қосылған құнға салынатын салық салынбайдв.

Қосылған құнға салынатын салық Германиядағы негізігі салықтардың бірі болып саналады. Бюджет кірісіндегі үлесі 28-30 пайызға жуық. Салық салу обьектісі болып айналым саналады. Салық бюджетке түскен соң үш бюджет арасында бөлінеді.

Салық екі түрлі ставкамен алынады:

  • 7 пайыз – азық-түлік, газет-журнал, кітаптарға, ауылшаруашылығының өнімдеріне, жолаушы тасымалы қызметіне қолданылса;
  • жоғарғы аталғандардан басқалардың барлығына 15 пайыздық ставка қолданылады;
  • аталмыш салықтан ауыл және орман шаруашылығының өнімдері, экспортқа шығарылған тауарлар босатылған.

Канадада қосылған құнға салынатын салық 1991 жылдан бастап енгізілді. Негізгі салық ставкасы – 7 пайыз. Азық-түлік, медициналық препараттар мен жабдықтар, денсаулық сақтау мен білім беру қызметтері салық төлеуден босатылған.

Франция елінде қосылған құнға салынатын салықтың ставкалары:

  • негізгі салық ставкасы – 18,5 пайыз;
  • автокөлік, кинотауарлы, темекі бұйымдары, парфюмерия, бағалы былғары өнімдеріне 22 пайыздық жоғарылатылған ставка;
  • азық-түлік және ауылшаруашылық өнімдеріне, кітап, дәрі-дәрмектерге, сондай-ақ туристік және қонақ үй, жүк және көлік тасымалдары қызметтеріне 5,5 пайыздық төмендетілген ставкалары қолданылады.

Осы салық түрі бойынша жекелеген салық жеңілдіктеріқарастырылған. Экспорт операциялары қосылған құнға салынатын салықтан босатылған. Экспорт операциясын жасаған және қосылған құн салығын өтеу құқығы бар. Әкімшілік, әлеуметтік, тәрбие, мәдени және спорт саласында жұмыс жасайтын мемлекеттік мекемелер, ауыл шаруашылық өндірістері, жеке білім беру, емдек, рухани салада қызмет көрсететін тұлғалар салық төлеуден босатылған.

Италияда қосылған құн салығы 1973 жылы 1 қаңтардан бастап енгізілді. Қазіргі кезде салық сомасы барлық жанама салықтың 65-70 пайызын құрауда. Қосылған құнға салынатын салық түскен табыс пен өнімнің өзіндік құны арасындағы айырмадан есептеледі. Салықты тұтынушы төлейді, бюджетке сатушы аударады.

Үш түрлі салық ставкасы қолданылады:

  • мемлекеттік кәсіпорындарға – 4 пайыз;
  • азық-түлік өнімдеріне – 13,9 пайыз;
  • басқаларына – 19 пайыз;

Экспортқа шығарылған тауарлар, халықаралық қызмет және онымен байланысты операциялар, денсаулық сақтау, білім беру және мәдиенетке жұмсалатын шығындар салық төлеуден босатылған.

Швецияда қосылған құнға салынатын салық ставкалары:

  • азық-түлік өнімдеріне – 21 пайыз;
  • қонақ үй қызметтеріне – 12 пайыз;
  • қалғандарына – 25 пайыз;

Бұл салыұы төлеуден экспорт операциялары, медициналық қызмет, сақтандыру, банк операциялары, пошта, кино өндірісі, мәдениет мекемелеріне босатылған.

Данияда қосылған құнға салынатын салық 25 пайыздық ставкалармен алынады.

Испанияда экспорт операциялары, медициналық қызметтер, білім беру, банк және қаржы қызметтері, сақтандыру, жылжымайтын мүліктерді қайта сату, қайырымдылық қызмет, пошта қызметі аталмыш салықты төлеуден босатылады.

Қосылған құнға салынатын салық ставкалары:

  • азық—түлік тауарларына , дәрі-дәрмектерге, газет, кітап, журнал өнімдеріне, мейрамхана, мейманхана, көлік тасымалы кәсіпорындарының қызметтеріне – 4-7пайыздық төмендетілген ставка;
  • сәндік бұйымдар мен автокөліктерге 28 пайыздық жоғарылатылған ставка;
  • аталғандардан басқаларына барлығына 16 пайыздық салық салынады.

Жапонияда тұтынуға салынатын салық 1989 жылы 1 сәуірден бастап енгізілді. Қазіргі кезде мемлекеттік бюджет кірістеріндегі үлесі жағынан заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығынан кейінгі үшінші орынды алады. Салық ставкасы – 5 пайыз. Бұл Еуропа елдеріне қарағанда едәуір төмен.