Қазақстан Республикасында қосылған құн салығынан босатылған импорт

Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар

  1. Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) айналымы:

1) пошталық ақы төлеудің мемлекеттік белгілері;

2) акциздiк маркаларын;

3) уәкiлеттi органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттiк баж алынатын қызметтердi;

4) адвокаттық қызметтi, нотариаттық iс-әрекеттердi жүзеге асыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi;

5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өткiзетiн тауарлар (жұмыстар, қызметтерді);

6) мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру тәртiбiмен өткiзiлетiн мүлікті;

6-1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн сатып алынған мүлiк;

7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк мекемелердiң немесе мемлекеттік кәсіпорындардың пайдасына өтеусiз негiзде негiзгi құралдарды берудi;

8) жарғылық капиталға жарналарды;

9) жарғылық капиталға жарна ретiнде алынған мүлiктi қайтарып алуды;

10) жерлеу бюроларының әдет-ғұрыптық қызмет көрсетулерiн, зираттар мен крематорийлердің қызмет көрсетулерiн;

11) оларды өткiзу жөнiндегi қызмет көрсетулердi қоспағанда, лотереялық билеттердi өткiзу бойынша айналымды;

12) банк карталарымен операциялар бойынша есеп-қисаптарға қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөнiндегi қызмет көрсетулердi қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi өткiзу бойынша айналымдар;

12-1) Қазақстан Республикасының кеден аумағына «Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсату» кеден режимінде әкелінген тауарларды ұқсату және (немесе) жөндеу бойынша қызмет көрсетулер;

12-2) халықаралық тасымалдар болып табылатын тасымалдарға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулер, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде почтаны, тиеу, түсіру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту бойынша жұмыстар, қызмет көрсетулер, сондай-ақ транзит жүктер; техникалық, аэронавигациялық, әуежай қызметін көрсету; халықаралық рейстерге көрсетілетін қызметтер бойынша теңіз айлақтарында қызмет көрсету;

12-3) тұрғын-үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөнінде қызмет көрсету;

13) жерге және тұрғын үй қорындағы ғимараттарға байланысты айналым, қаржылық қызмет көрсетулер, қаржы лизингіне берілген мүлік, коммерциялық емес ұйымдар көрсететін қызметтер, геологиялық барлау және геологиялық іздестіру жұмыстары, мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар, медициналық және мал дәрігерлік қызмет саласындағы тауарлар мен қызмет  көрсету;

14) ұлттық валюта банкноттары мен монеталары;

15) егер мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi, сондай-ақ өндiрiстiк ұйымдары мына шарттарға сәйкес келсе:

  • осындай өндiрiстiк ұйымдар қызметкерлерi жалпы санының кемiнде 51 процентi мүгедектер болса;
  • мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентi (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда — кемiнде 35 процентi) болса, осындай бiрлестiктер мен ұйымдардың тауарлары (жұмыстары, қызмет көрсетулерi) бойынша айналымдар (сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу жөнiндегi айналымдардан және акцизделетiн тауарлар мен қызмет түрлерiн өндiру мен өткiзу бойынша айналымдардан басқа);

17) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, «Еркiн қойма» кеден режимi қолданылатын аумақта өндiрiлген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне өткiзiлетiн қазақстандық тауарларды;

18) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында өткізілетін, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызмет түрлерін жүзеге асыру процесінде тұтынылатын тауарларды;

20) тұрғын үй қатынастары туралы заңнамаға сәйкес жалға берілетін үйдің үй-жайларын жалға беру жөнінде көрсетілетін қызметтер өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

  1. Жерге және тұрғын үй ғимараттарына байланысты айналымдар

Тұрғын үй ғимаратын өткізу және (немесе) осындай ғимаратты жалға беру, оның ішінде қосалқы жалға беру мыналарды:

1) қонақүй қызметiн көрсету мақсатында пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (ғимараттың бiр бөлiгiн) өткiзудi немесе жалға берудi;

2) қонақүйде тұру бойынша қызмет көрсетудi қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.

Жер учаскесiн иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесiн жалға, оның iшiнде қосалқы жалға беру, жер учаскесiн автомобильдердi, сондай-ақ өзге де көлiк құралдарын қою немесе сақтау үшiн беру ақысын қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.

  1. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржы қызметтерiне мыналар жатады:

1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын peттeу мен қадағалау жөніндегі уәкiлетті мемлекеттiк орган немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің лицензиялары негiзiнде жүзеге асыратын және банктердің және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн, сондай-aқ олардың қызметiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өкiлеттiктер шегінде уәкiлеттi органның лицензиясынсыз реттейтiн өзге заңды тұлғалар жүргізетiн мынадай банктiк және өзге де операциялар:

  • депозиттердi қабылдау заңды және жеке тұлғалардың банктiк шоттарын жүргiзу;
  • банктердің және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
  • тазартылған қымбат металдардың монеталарының сол тұлғаға қатысты нақты саны көрсетілетiн жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу;
  • аударым операциялары;
  • банктік заем операциялары;
  • сенiмгерлiк (траст) операциялары;
  • банкаралық клиринг;
  • касса операциялары;
  • шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
  • инкассоға төлем құжаттарын (вексельдерден басқа) қабылдау;
  • аккредитив ашу (көрсету) және растау және ол бойынша мiндеттемелердi орындау;
  • сенiмгерлiк операциялары: сенiм бiлдiрушiнің мүддесi және тапсырмасы бойынша банкiлер және ипотекалық компаниялар жүзеге асырып отырған ақшаны, тазартылған қымбат металдарды басқару;
  • ақшалай нысанда орындау көзделген банктiк кепiлдiктердi беру;
  • үшiнші тұлғалар үшiн ақшалай нысанда орындау көзделген банктiк кепiлдемелердi және өзге де мiндеттемелердi беру;
  • банктер жүзеге асыратын факторинг және форфейтинг операциялары.

2) бағалы қағаздармен операциялар, бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушыларының қызметi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген лицензиялар негізiнде бағалы қағаздар нарығында жүзеге асырылатын қызметтi ұйымдардың көрсетуi және олардың қызметiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес мемлекеттiк инвестициялық саясаты Қазақстан Республикасының заң актісiне сай iске асыруға уәкілеттi банктің лицензиясыз реттейтін өзге де заңды тұлғалардың бағалы қағаздармен жүзеге асыратын операциялары;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі операциялар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау және орындау бойынша сақтандыру брокерлерінің (сақтандыру агенттерiнің) қызмет көpceтуi;

4) төлем карточкаларымен, чектермен, вексельдермен, депозиттiк сертификаттармен операциялар;

5) зейнетақы активтерiмен, сондай-ақ мемлекеттiк әлеуметтік қорының активтерiмен инвестициялық басқару жөнiнде қызмет көрсету;

6) ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап ету құқықтарын басқару жөнiнде қызмет көрсету;

7) зейнетақы активтерiнен алынған инвестициялық кiрiстi бөлу және есепке алу жөнiндегi зейнетақы жарналарын тарту бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi;

8) кәсiпорынның жарғылық капиталындағы қатысу үлесiн iске асыру;

9) микрокредиттер беру жөнiндегi операциялар;

10) ломбардтардың жылжитын мүлiктi кепiлге ала отырып қысқа мерзiмдi заемдар беруi;

11) кредиттiк серiктестiктердің өз қатысушылары үшiн көрсететiн мынадай операциялары бар:

  • аударым операциялары: ақша төлеу және аударым жасау тапсырмаларын орындау;
  • заем операциялары: ақшалай нысандағы кредиттердi төлемдiлiк, мерзiмділік және қайтарымдылық талаптары бойынша беру;
  • кредиттік серiктестiк қатысушыларының шоттарын ашу және жүргізу;
  • кредиттiк серiктестiк қатысушылары үшiн ақшалай нысанда орындау көзделетiн кепiлдiктер, кепілдемелер және өзге мiндеттемелер беру;

12) тазартылған қымбат бағалы металдардың орнын ауыстырмай, солармен жасалатын операциялар.

  1. Қаржы лизингiне берiлген мүлiк

1) қарды лизингіне беру талаптарына сай болса;

2) лизинг алушы мүлiктi негiзгi құрал ретiнде алса, мүлiктi қаржы лизингiне беру лизинг берушi алуға тиiс сыйақы сомасы бөлiгiнде қосылған құн салығынан босатылады.

  1. Коммерциялық емес ұйымдар көрсететiн қызметтер

1) балаларды, қарттарды, соғыс және еңбек ардагерлерi мен мүгедектердi қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiнде қызмет көрсетумен;

2) дiни ұйымдардың әдет-ғұрыптар мен рәсiмдердi жүзеге асыруына және дiни қажеттiлiк заттарын өткiзуiне;

3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша қызмет көрсетуге байланысты болса, қосылған құн салығынан босатылады.

  1. Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары

Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарын iске асыру бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары деп көмiрсутектi және минералдық шикiзат кен орындарын (кендерiн) iздестiрудi, барлауды, бағалау мен игеруге дайындауды қамтамасыз ететiн, өзара байланысты, белгiлi бiр кезекпен қолданылатын жұмыстардың жиынтығы ұғынылады.

1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдалануға жасалған:

  • жер қойнауы учаскелерiнде (геологиялық бөлiп берiлген жерде) барлау жөнiнде жұмыстарды жүргiзуге;
  • барлау жүргiзу кезеңiнде жер қойнауы учаскелерiнде (геологиялық бөлiп берiлген жерде) бiрлескен барлау және өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған келiсiм-шарттың;

2) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеудi жүзеге асыру жөнiнде жұмыстарға мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың аясында салық төлеушi (мердiгер, қосалқы мердігер) жүзеге асыратын геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарына қатысты босату қолданылады.

Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары нақты түрлерiнiң, сондай-ақ геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарының құрамдас бөлiгi болып табылатын арнайы жұмыстардың жекелеген түрлерiнiң тiзбесi, олардың көлемi және құны геологиялық объектiнi зерттеу мақсаты мен оның ерекшелiктерiн, ғылыми-техникалық мүмкiндiктердi, геологиялық барлау және геологиялық-іздестіру жұмыстарын жүргiзуге қойылатын геологиялық-әдiстемелiк талаптарды, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi талаптарды ескере отырып, әрбір геологиялық (ғылыми-геологиялық) объектіге арналған жобалау-сметалық құжаттамада айқындалуға тиіс.

6-1. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер

Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге жаңа объектілерді салу кезіндегі жобалау, жобалау-құрылыс, құрылыс-монтаждау жұмыстары жатады.

Салықтан босату салық төлеуші (мердігер, қосалқы мердігер) Қазақстан Республикасы Үкіметімен инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға жасасқан концессиялық шарт шеңберінде жүзеге асырылатын жұмыстар мен көрсететін қызметтерге қатысты қолданылады.

Инфрақұрылымдық жобалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітіледі. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің нақты түрлерінің тізбесі, олардың көлемі мен құны әрбір жоба бойынша жаңа объектіні зерттеу, жобалау, салу мақсатын негізге ала отырып және осы инфрақұрылымдық жобаны іске асыру үшін қойылатын ғылыми-техникалық, экономикалық және экологиялық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, жобалау-сметалық құжаттамада айқындалуға тиіс.

  1. Мәдениет, ғылым және бiлiм беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар

Мәдениет, ғылым және бiлiм беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар, егер олар мынадай:

1) шоу-бизнес саласындағы қызметтердi қоспағанда, театр-концерт қызметiн жүзеге асыру жөнiндегi;

2) мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқыту; бастауыш, негiзгi, орта, қосымша жалпы бiлiм беру; бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру; қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру салаларында қызметтiң осы түрлерiн жүргiзуге құқық беретiн тиiстi лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бiлiм беру;

3)мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына;

4) кiтапхана қызметiн көрсету жөнiндегi;

5) тарихи және мәдени мұраны, мұрағаттық құндылықтарды сақтау жөнiндегi қызмет көрсетулерге, жұмыстарға жататын болса, қосылған құн салығынан босатылады.

  1. Медициналық және мал дәрiгерлiк қызмет саласындағы тауарлар мен қызмет көрсетулер
  2. Медициналық және мал дәрiгерлiк қызмет көрсетумен байланысты тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзу бойынша айналымдар:

1) кез келген нысандағы дәрi-дәрмектiк заттарды, сондай-ақ оларды өндiру үшiн қажет материалдар мен жинақтаушы заттарды өткiзген;

2)медициналық (мал дәрiгерлiк) мақсаттағы бұйымдарды, оның iшiнде протездiк-ортопедиялық бұйымдар мен медициналық (мал дәрiгерлiк) техниканы қоса алғанда, сондай-ақ оларды өндiру үшiн қажет материалдар мен жинақтаушы заттарды өткiзген;

3) косметологиялық қызметтi қоспағанда, медициналық (мал дәрiгерлiк) қызмет көрсетiлген жағдайларда қосылған құн салығынан босатылады.