Корпорациялық табыс салығының түсінігі

Корпорациялық табыс салығын төлеушілерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар жатады. Оған мысал ретінде Жабық Акционерлік Қоғам, Ашық Акционерлік Қоғам; Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі, Корпорациялар және т.б. жатады. Ал жеке тұлғалар корпорациялық табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.

Салық салынатын табыс, төлем көзінен салық салынатын табыс, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығы салынатын объектілер болып табылады.

Қысқартылған КТС формуласы.

КТС = CCТ * С. Ст.

ССТ = ЖЖТ-Шегерім

Мұндағы: ССТ – Салық салынатын табыс;

С. Ст. – Салық ставкасы;

ЖЖТ – Жылдық жиынтық табыс

Негізгі ставкасы — 30 пайыз;

Негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын салық төлеушінің ставкасы- 10 пайыз;

Резидент еместердің Қазақстан Республикасында көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын табыстар төлем көзінен 15 пайыздық ставка бойынша салық салуға жатады;

Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы Корпорациялық табыс салығының үстіне 15 пайыздық ставка бойынша салық салуға жатады.

Мысалы: ЖШС «ТурарСТН 06200522651. Астана қ, Абай көшесі №26 үй. Бухгалтерлік балансы» нда келесідей көрсеткіштері бар:

2005 жылы ЖЖТ – 5210,0 мың тенге;

Шегерім – 2140,0 мың тенге;

ССТ, КТС анықтау керек.

Шешуі:

ССТ = 5210,0 — 2140,0 = 3070,0

КТС = 3070,0 * 30 % = 921,0

Жалпылама формула

  • ЖЖТ анықтау
  • ЖЖТ түзету
  • Шегерім
  • ССТ (1) =ЖЖТ-Шегерім
  • Залал. Залалды ауыстыру. ССТ(2)= ССТ(1)*2% мұндағы ССТ(2) – ССТ түзету
  • ССТ(3) =ССТ- ССТ түзету
  • КТС= ССТ(1), ССТ(2) немесе ССТ(3) *С. Ст.
  • Қайта есептеу жүргізу. (Аванстық төлемдер болған жағдайда)

Мысалы: ЖШС «Турар» СТН 06200522651. Астана қ, Абай көшесі №26 үй.

Есепті кезең үшін бухгалтерлік балансында келесідей көрсеткіштері бар:

1) Тауарларды өткізуден түскен табыс – 9600,0

2) Қазақстан Республикасындағы төлем көзінін бұрын салық салынған, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасынан алынған дивидендтер – 20,0

3) Материалдар сатып алынды – 3000,0

4) Коммерйиялық ұйымнан өтеусіз негізде мүлік келіп түсті – 2500,0

5) Балалар үйіне берілген көмек – 90,0

6) Іссапар шығындары – 65,0

7) 2003 жылғы залал сомасы -5000,0

8) 2004 жылғы ССТ – 2600,0

9) Аванстық төлемдер есебі – 600,0

Берілген формуланы қолдана отырып, КТС табу керек

Шешуі:
1) 9600,0 *15% / 115% = 1252,134 – ҚҚС (633)

9600,0 — 1252,134 = 8347,866 – ЖЖТ

2) 20,0 ЖЖТ түзету

3) 3000,0 * 15 % / 115 % = 391,304 — ҚҚС (331)

3000,0 – 391,304 =2608.696 – Шегерім

4) 2500,0 – ЖЖТ

5) 90,0 – ССТ түзету

6) 65,0 – Шегері

1) ЖЖТ = 8347,866 + 20,0 + 2500,0 =10867,866

2) ЖЖТ түзету = 10867,866 – 20,0 = 10847,866

3) Шегерім = 2608.696 + 65,0 =2673,696

4) ССТ (1) = 10847,866 — 2673,696 = 8174,17

5)

Жылдар ССТ Залалды ауыстыру КТС (30 %)
2003 -5000,0 -5000,0 ―――
2004 2600,0 -2400,0 ―――
2005 8174,17 5774,17 1126,251

6) ССТ түзету = 5774,17 *2 % =115,483

ССТ (3) = 5774,17 – 20,0 = 5754,17

7) КТС =5754,17 * 30 % = 1726,251

8) Қайта есептеу = 1726,251 – 600,0 = 1126,251

КТС (1 ай) = 1126,251 / 9 = 125,13