Акциз салығының мәні

Акциздер — тауар бағасына енгізілетін және сатып алушы төлейтін жанама салықтың ежелгі формасының бірі болып табылады. Акциздер ресми түрде бұрынғы КСРО-да 30- шы жылдарға дейін қолданылып келді. 30- шы жылдардан бастап, акциздер, басқа салыық түрлері сияқты айналым салығына біріктірілген.

1991 жылдың 24 желтоқсанында “Акциз туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес спиртті ішімдікке, шарап- арақ бұйымдарына, сыраға, темекі бұйымдарына,  салу тәртібі белгіленген.

Акциздерді сипаттай келіп, айталық, мемілекет олардың қалыптастыруын және төлеуін әртүрлі ныысанда жүргізеді.

  • шикізат бойынша- дайын өнім бір шикізаттан болғанда қолданылады;
  • дүмбілдер бойынша – технологиялық процестің дамуына байланысты қолданылады. Дайын өнімдер әртүрлі шикізаттан жасалғанда, шикізатқа емес дүмбілге салық салынады;
  • дайын өнідер бойынша- түрлі тауарлардың әрқайсысына бөлек салық белгіленеді (маталар, бағалы бұйымдар, аяқ киім және т.б)
  • жабдықтың қуаттылығы бойынша- акциз төлеудің прогрессивтік нысаны, өйткені салық қолданылатын жабдық қуатының есебіне байланысты;

Акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлерінің тізбесі мыналар:

  • спирттің барлық түрлері;
  • алкогольдік өнімдер;
  • темекі өнімдері;
  • құрамында темекі бар басқа өнімдер;
  • бензин (авиациялықты алып тастағанда), дизельдік отын;
  • жеңіл автокөліктер (арнайы мүгедектерге арналған қолмен жүргізетін автокөліктерді алып тастағанда);
  • конденсатын қоса, мұнай шикізаты;

Акцизделетін қызметтер түрлері болып саналады:

  • ойын бизнесі;
  • лотореялар ұйымдастыру және өткізу;

Заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде резиденттер емес, бөлімшелерді, өкілдіктерді, басқа ерекшеленген құрылымдық бөлімшелерді қосқанда,акциз төлеушілер болып табылады,олар:

  • Қазақстан Республикасы аумағында акцизделетін тауарлар өндіретіндер;
  • Бензинді/авиациялықты алып тастағанда/,дизельдік отындарды көтерме және бөлшек саудада арқылы өткізетіндер;
  • Қазақстан Республика аумағына шеттен акцизделетін тауарлар әкелушілер;
  • Төмендегідей тауарларды сатумен айналысатындар:
  • Тәркіленген;
  • Иесіз қалған;

— Мұрагерлік құқығымен мемлекетке өткен және төлеусіз мемлекеттің жеке меншігіне берілген;

  • Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұрын төленбеген тауарлармен айналысатындар;
  • Қазақстан Республикасы көлемінде ойын бизнесі мен лоторея ұйымдастырып,өткізуін жүзеге асырады.

Акциздер салығы салынатын объектілер

Тауарлар /өнімдер/ түрлері бойынша Салық салынатын объект
1 Отандық өндіріс тауарлары бойынша Акцизге қосылмайтын, баға бойынша анықталатын құн, сол бойынша өндіруші тиісті тауарды жеткізу немесе дайын өнімнің нақты көлемі
2 Өңделме шикізаттан шығарылған өнім бойынша Акцизге қосылмайтын баға бойынша, сол бойынша тапсырыс берушіге табыстау кезіндегі өндірушінің тиісті тауарды жеткізу немесе дайын өнімнің нақты көлемі
3 Меншікті өндірістен өндірілген және акциз салынатын шикізат бойынша Осы шикізаттың құны немесе оның нақты көлемі
4 Ойын бизнесі бойынша /лотореядан басқа/ Ойын бизнесінен түсетін табыс
5 Алмасу операцияларда немесе тауарларды кепілдікке кепілзат иесі меншігіне беріп, өндіруші заттай төлеу ретінде сыйлық бергенде Акцизге қосылмайтын, меншікті өндірістен өндірілген тауардың құны немесе дайын өнімнің нақты көлемі
6 Лоторея бойынша / түрлері мен тұрпаттарына қарамастан/ Лоторея өткізуден мәлімделген түсім
7 Электроэнергияны өндіру мен өткізуден Есеп кезеңінде электроэнергияның өзін шығару үшін технологиялық процесте нақты пайдаланғанын алып тастағанда, элктроэнергия өнімдерімінің барлық көлемі
8 Барлығы акцизделетін шеттен әкелетін тауарлар бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің акциздік алымдарды маркалармен таңбалауды салу кезінде — кедендік құны немесе көлемі заттай тұлғануы;

— әкелінген тауарлардың көлемі бойынша /жасауға арналған құнынан басқа/ акциздік алымдар маркалардың құнына

 Акциз салығын салуға жатпайтындар:

  • ТМД елдеріне экспортқа шығатын акцизделетін тауарлар, егер олармен халықаралық келісімшарттар және импортталған елде тауарлар ресімделген жүк кедендік мағлұмдамасының көшірмесі болғанда ;
  • өндірісі мен айналымын бақылайтын уәкілетті мемлекеттік орган анықтайтын квота шегіндегі этил спирті жіберілетін:

а)емдеу және фармацевтикалық препараттарды шығару үшін, егер тауар өндірушіде аталған өнімді өндіруге құқық беретін Қазақстан Республикасының лицензиясы бар болғанда;

б) мемлекеттік медициналық мекемелерге ;

-/бальзамдардан басқа/ медицинаға арналған құрамында спирт бар, сыйымдылығы 0,1л. аспайтын ыдысқа құйылған және дәрі-дәрмек ретінде Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркелген.

Акциз ставкалары

Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді жәнетауар құнына процентпен және заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.

Алкоголь өніміне акциздер ставкасы онда су араластырылмаған

спирттің болу көлеміне байланысты бекітіледі.

Спирттің барлық түрлеріне акциз ставкалары спирттің бұдан әрі пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.

Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке акциз ставкасы алкоголь өнімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын адамдарға өткізілетін спиртке белгіленетін базалық ставкадан төмен белгіленуі мүмкін.

Ойын бинесі объектілеріне акциздің базалық ставкасының ең жоғары және ең төмен шектерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бір жылға белгілейді.

Жергілікті өкілді органдар ойын бизнесі объектілеріне белгіленген базалық ставкалар шегінде қызметін бір әкімшілік- аумақтық бірлік аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін біріңғай акциз ставкасын белгілейді.  

Импорттық акцизделетін тауарларға салық салудың ерекшеліктері:

Салық салу объектісі Қысқаша түсініктемесі
1 Импортталған акцизделетін тауарлардың салық базасы, оларға белгіленген:

а) акциздердің тұрлаулы ставкасы;

 

 

б) акциздердің адвалорлық ставкасы;

 

Акцизделетін тауарлардың заттай тұлғауының көлемі ретінде анықталады;

Қазақстан Республикасы кеден заңнамасына сәйкес импортталатын акцизделетін тауарлардың кедендік құны ретінде айқындалады;

2 Импортталатын тауарларға акциз төлейтін мерзімі :

—           кеден төлемдерді төлеу үшін;

 

—           таңбалауға тиістілер;

 

 

—           кеден заңнамасымен анықталады;

—           маркалар алған күні немесе оған дейін;

3 Акцизден босатылған акцизделетін тауарлардың импорты Салық кодексінің 278 бабының 2-тармағында толық тізбесі көрсетілген.

Акциз төлейтін арнайы ережелер бар. Бұл ережелерге сәйкес акциз төленеді:

  • толық мөлшерде – акцизделетін тауарлар бүлінгенде және жоғалғанда /табиғатпен байланысты төтенше жағдайларды алып тастағанда/;
  • мәлімделген сұрыпталымның мөлшерінде – ішкі өндіріс ұшін сатып алынған акцизг алымның маркалары бүлінгенде және жоғалғанда /табиғатпен байланысты төтенше жағдайларды алып тастағанда/;
  • азайтылған мөлшерде өткізілген өнімдер акциз сомасына;

а)есеп кезеңінде өнімді дайындауға нақты пайдаланған шикізат көлемі бойынша Қазақстан Республикасы аумағында төленген акциз бойынша шикізаттан өндірілгенде ( газ конденсатын қоса, мұнай шикізатын және спирттің барлық түрлерін алып тастағанда);

б) акциз алымның маркалар құнына акциз алымның маркаларымен таңбалауға жататын ( дайындау құнын алып тастағанда ).

Акциздердің мөлшерлемелері және төлеу мерзімі

Акциз объектілері Белгіленген мерзімдер Төлеу мерзімдері
1 Акцизделетін тауарлар Құнына пайызында (адвалорлық) немесе заттай тұлғауының өлшеу бірлігіне аболюттік сомасына Операция жасалған 10 күнінен кешіктірмей
А Алкоголь өнімдерінің барлық түрлері (спирттің 100 пайызы) сусыздың көлемінің қоспаларына байланысты Операция жасалған 10 күнінен кешіктірмей
Б Спирттің барлық түрлері Спирттің одан әрі пайдалану мақсатына байланысты сараланды Операция жасалған 10 күнінен кешіктірмей
В Алкоголь өнімдерін өндіруге өткізілетін спирт Спиртке белгіленген базалықтан төман ставка, оны өткізуші тұлға алкоголь өнімдерін өндіруге қолданбайтын Операция жасалған 10 күнінен кешіктірмей
2 Акцизделетін тауарлардың басқалары Тауар құнына пайызында немесе заттай тұлғауының белгіленген мөлшерде нақты көлеміне Салық кезеңінің алғашқы 10 күндерінде жасалған операцялардың айдың 13 күні
3 Өңделме шикізаттан шығарған өнім бойынша Тауарлар құнына пайызында немесе затттай тұлғауының белгіленген мөлшерде нақты көлеміне Тапсырыс берушіге немесе тапсырыс берушінің көрсетілген адамына өнімді беру күні
4 Меншік өндірісінің шикізатынан өндірілген өнім бойынша Заттай тұлғауының белгіленген мөлшерде нақты көлеміне Дайын акцизделетін тауарлар бойынша акциз төлейтін мерзімдерде
5 (лотореяны алып тастағанада) ойын бизнесінің объектілері бойынша Жылға есептелген базалық ставкаларының ең жоғары және ең төменгі шектері Ай сайын, есеп айынан кейінгі 20 күнінен кешіктірмей
6 Лоторея өткізуден Заңнамамен белгіленген мөлшерде Лоторея билеттерін сатуға тіркелген күні немесе оған дейін төленеді
7 Қазақстан Республикасы көлемінде өндірістік өндіру үшін өндірілген мұнай шикізатын тапсыру кезінде Заңнамамен белгіленген мөлшерде Тапсыру күні
8 Импортқа акциз Заңнамамен белгіленген мөлшерде Кеден төлемдерін төлеу үшін қазақстан республикасының кедендік заңнамасы анықтайтын күні

Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құжаттармен реттелетін акциздер есебін реттеу тәртібі тура ақпарат алуға көзделген. Осы орайда, халық салық мағлұмдамасын жасау үшін де акциздер сомасын есепке алу жүйесін ұйымдастыру керек. Қажетті құжаттар мен ресімдеу негізінде (есеп шоттар, есеп шот – фактуралары, кассалық кіріс орделері атқарылған жұмыс актілері т.б.) акциз сомасы бөлек бағанға бөлінуге, одан кейін бухалтерлік есеп тіркелімінде көрсетілуге тиісті. Материалдық құндылықтарды дайындау, өнімдерді /қызметтерді/ өткізу қатынасы бар активтер деректері журнал-ордерлеріне, ведомостволарға жазылуына негіз болады.

Акциз есебі мынадай қимада жүргізіледі:

  • сатып алынған акцизделетін тауарлар бойынша;
  • өткізілген акцизделетін тауарлар бойынша .

Салық декларациясы

Әрбір салық кезеңі аяқталған соң, салық кезеңінен кейінгі айдың 15- інен кешіктірмей, салық төлеуші өз тіркелген жері бойынша салық органдарына акциз жөніндегі декларация табыс етуге міндетті.Сонымен қатар декларация мен құрылымдық бөлімшелер үшін акциз бойынша есеп- қисаптар салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 15- інен кешіктірілмей табыс етіледі.