Қарыз процент – ол уақытша қолдануға берілген құнның өзгеше бағасы болып көрінетін объективті экономикалық категория. Несиенің бағасы иррационалдық сиппатта (өлшеусіз сандар) болады, алайда оның абсолюттік шамасы қарыздардың несиені пайдаланғаны үшін төлеген белгілі бір сомаға тең, оны проценттік сома деп атайды.
Иррационалдық сипатта болатын себебі: біріншіден, қарызға берілген құнның ақша түрінде көрінуі; екіншіден, қарыздардың несие үшін төлеген проценттік сомасы алғашқы қарызға алған құнға тең болмауынан.
Қарыз процентті тауарлы өндірістің негізінде кейінірек пайда болды. Оның пайда болуы дамыған тұрақты тауар ақша катынастары, оның ішінде меншік қатынастарына байланысты.
Қарыз проценті меншік иесінің басқа біреуге белгілі бір құнды уақытша пайдалануға бергенде пайда болады. Қарызға алған құн оны пайдаланушыға — өндірушіге пайда түсіреді, ол бір жағынан, екінші жағынан несие берушіге табыс (процент түрінде) болады. Демек, қарыз проценті пайда болуы үшін несие қатынастары болу шарт. Несие қатынастары процентті дербес экономикалық категория ретінде туындайтын бірден-бір негізгі ортасы. Қарыз процентінің мәні – ақша капиталын белгілі бір уақыттан кейін қайтарып беру міндетінен туындайтын экономикалық қатынастар. Бұл экономикалық қатынастардың субъектілері несие беруші – ол қарыз процентін алушы; қарыздар – ол қарыз процентін төлеуші.
Қарызға берілген құнды мына формуламен өрнектеуге болады:
А – А1 , немесе А 1– А= А
бұнда А — қарызға берілген құн;
А1 — борыштың өскен сомасы;
А- қарызға процет түрінде қосылған өсім (несие үшін ақы).
Несие келісіміне қатысушы жақтардың мақсаты – пайда табу. Несие берушінің алатын пайдасы – процент. Проценттің мөлшері (ставка) деген қарыздардың несиені пайдаланғаны үшін несие берушіге төлейтін ақысы. Оның мөлшері несие беру жөніндегі келісімде көрсетіледі.
Ол көптеген факторларға, әсіресе, несиенің мөлшеріне, пайдалану мерзіміне, жылдық төлем денгейіне, сондай-ақ экономикалық конъюнктураға байланысты әлсін-әлі өзгеріп тұруы мүмкін. Мысалы, нақты нарық конъюнктурасы ең алдымен тауарға сұраным мен ұсынымының тепе – тендік көп факторлардың әсерінен ауытқиды. Айталық, тұтынуылардың ақшалы табысына, тауарлардың бағасына, тауарлар қорының мөлшері мен құрылымына байланысты өзгереді.
Пайыздың мөлшері: нақты бекітілген және өзгермелі; номиналды және реалды, дисконтты болып бөлінуі мүмкін.
Нақты бекітілген процент мөлшерін, әдетте, ресми процент мөлшері деп те атайды. Оны орталық банк басқа банктерге, бірінші кезекте коммерциялық банктерге несие бергенде қолданады. Бұндай операциялар коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу түрінде жүргізілетіндіктен проценттің бұл мөлшерінің екінші атауы – «есепке алынған» деген содан шыққан. Орталық банк оның деңгейін өзгерте отырып елдегі коммерциялық банктердің несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді, екінші жағынан несиені қымбаттатып инфляцияның күшеюіне кедергі жасайды. Ондағы есеп: ресми проценттің мөлшері жоғары болған жағдайда коммерциялық банктер де клиенттеріне процент мөлшеріне өсіреді.
Несиені бері кезінде келісім-шартта бүкіл несиені пайдалану мерзімінде нақты бекітілген тұрақты немесе өзгермелі процент мөлшері көрсетіледі. Өзгермелі мөлшер проценттің базистік мөлщерінің өзгеруінен туындайды. Ал соңғысына қарыз капиталы нарығындағы конъюктура, қарыздың мөлшері мен қайтару мерзімі, қарыздардың қаржылық жағдайы мен оның даму болашағы сияқты факторлар әсер етеді.
Номиналды процент мөлшері негізінен екі фактордың: несие ресурстарына сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және инфляцияның қарқынына байланысты туындайды.
Реалды процент мөлшері есептеу жолымен шығарылады, яғни номиналды процент мөлшерінен инфляцияның қарқыны алынып тасталады. Реалды процент мөлшері – несие берушінің алатын табысының көзі. Одан қарыз алу және инвестиция алу шығындарын өтейді. Реалды проценттік мөлшер: ағымдағы шығындардан, салықтан, тәуекел үшін төлемнен, пайдадан құралады.
Процент мөлшері берілген несие мөлшерінің қарызға берілген құннан түскен табысқа қатынасымен анықталады. Бұл салыстырмалы мөлшер, әдетте, ол ондық бөлшек түрінде, немесе процентпен шығарылады.
Қарыз процентінің барлық формаларын қолдану механизмі төмендегідей:
Біріншіден, қарыз процентінің деңгейін макроэкономикалық факторлар айқындайды, яғни қаржыға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы, қаржы нарығының басқа сегменттеріндегі табыстылық дәрежесі, Орталық банктің проценттік саясаты, сондай-ақ қаржыны тарту және орналастыру мәмілесі жасалған кездегі нақты жағдайлар.
Екіншіден, процентті есептеу және төлеу екі жақты шартта көрсетіледі. Әдетте, процент немесе ай сайын немесе тоқсан сайын есептеледі.
Үшіншіден, процентті төлеу көзі операция сипатына байланысты өзгереді. Мысалы, қысқа мерзімді несие үшін төлем өнімнің өзіндік құнына қосылады, ал ұзақ мерзімді және уақыты кеткен несиелер бойынша шығындар кәсіпорынның салық төлегеннен қалған пайдасынан алынады.
Қарыз процентін төмендету жолдары: несие беруші мен қарыз алушы келісім-шартқа отырған кезде, несиенің мөлшері, өтеу мерзімі, қарыз проценті т.б. жазылады. Осы келісім-шартқа екі жақтың келісімімен, қарыз алушы несиені өтеу уақытынан бұрын төлесе, қарыз процентінің сомасы азайтылатыны туралы жаңадан бөлім енгізуге болады.
Қарыз проценті біраз белгілерге байланысты төменде келтірілген кестедегідей жіктеледі:
Кесте 1 – қарыз процентінің жіктелуі
Несиенің формасы мен түрлеріне қарай: | Коммерциялық, банктік, тұтыну проценті; лизинг операциясы бойынша, мемлекеттік несие бойынша поцент; |
Несие мекемелерінің түрлеріне қарай: | Орталық банктің есепке алған поценті; ломбард операциясы бойынша процент; |
Банктік несиені тартумен берілген инвестиция түрлеріне қарай: | Айналым құралдарына берілген несие бойынша поцент; құралдарға берілген несие бойынша процент; бағалы қағаздарға салынған инвестиция бойынша процент; |
Несиенің мерзіміне қарай: | Қысқа, орта, ұзақ мерзімді несиелер бойынша процент; |
Несие мекемесінің операция түрлеріне қарай: | Депозиттік, вексельдік, банктің есепке алған проценттері; банкаралық несие бойынша процент. |