Басқа да несие операцияларын есепке алу

Коммерциялық банктер іс жүзінде көбінесе несиені нақты ақшалай емес, төлем қаржысы есебінде пайдалнатын вексель түрінде береді. Несие алушы шаруашылық субъектілері мұндай вексельдерді өздерін материалдық құндылықтармен, тауарлармен жабдықтайтын, сондай-ақ қызмет көрсететін жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін пайдаланады. Әрбір вексельдің айналу мерзімі несие беруші банкпен несие алушы шаруашылық субъектісінің арасындағы келісім-шартпен белгіленеді. Бұл келісім-шарт бойынша субъекті банк мекемесінен вексельдерді алып, олардың сыртындағы тиісті жеріне табыстама жазу арқылы төлем төлеу үшін пайдаланады. Жалпы табыстама жазудың саны шектелмейді, яғни вексель айналым мерзімі шегінде бір субъектіден екінші субъектіге төлем құралы ретінде табыс етеді. Ал осы вексель түрінде несие алған шаруашылық субъект несиелік келісім-шарттың аяқталуына қарай банк мекемесіне алған несиесіне сәйкес есептелінетін пайыз сомасын аударады.

Дисконтталған вексельдердің талдамалық есебі вексельдерді дисконттауды немесе басқа да қарыз міндеттемелерін жүзеге асырушы банктер бойынша вексель берушілер және жекелеген вексельдер бойынша жүргізіледі.

Орта мерзімді және ұзақ мерзімді құнды қағаздарды есепке алу. Кәсіпорын орта мерзімді және ұзақ мерзімді құнды қағаздарды, олардың атаулы құнынан жоғары баға бойынша өткізу жолымен қаражат тарта алады. Бұл жағдайда ьқұнды қағаздардың атаулы құны және өткізу бағасы арасындағы айырмашылық «Алдағы кезеңнің есебіне жататын табыстар» шоттың кредиті бойынша есепке алынады, ал сонан кейін осы шоттың дебеті бойынша және «құнды қағаздарды сатудан алынған табыс» шотының кредиті бойынша бір қалыпты жағдайында көрсетіледі.

Жыл сайынғы аударым, ондағы шығарылған бағалы қағаздың мерзімін және көрсетілген айырманың деңгейін ескере отырып есептелінеді.

Облигацияларды сату жолымен тартылған займдық қаражаттары бойынша операциялары. Облигация – оның иесінің ақша қаражатын салғанын куәландыратын және көзделген мерзім ішінде осы облигацияның номиналдық құнын белгіленген пайызымен ұстаушысына өтеп беру міндеттемесін растайтын құнды қағаз. Кәсіпорынның облигациялары ерікті шарттың негізінде таратылады, олар атаулы және ұсынушыға арналған, процентті және процентсіз, еркін айналымдағы немесе айналым шеңбері шектелген болуы мүмкін.

Кәсіпорын облигацияларын шығарудың шарты заңдармен және кәсіпорындар мен мекемелердің жарғылармен анықталады. Кәсіпорынның жарғылық капиталын құру және толықтыру үшін облигация шығаруға рұқсат етілмейді.