Банктен тыс мекемелердің берген займдық қаржыларын есепке алу

Мемлекет кәсіпорындарын қаржыландыру, банкілерден тыс басқа да мекемелер мен кәсіпорындар қаржыландыра алады.

Міндеттемені қамтамасыз етудің кепілі ретінде үшінші тұлғаның кепілдігі, кепілге салудың шарты, сақтандыру полисі және т.б. болады. Кепілдеменің және кепілге салудың мәнін қарастырайық.

Кепілдеме кепілгер-кәсіпорыннан несие берушіге борышкерден алынуға тиісті соманың уақытында төлеуін қамтамасыз етуі үшін беріледі. Кепілдемелер банктер, кәсіпорындар және мекемелер арқылы беріле алады. Кепілдеменің мәні борышкер-кәсіпорын несие бойынша өзінен алынуға тиісті төлемдерді мерзімінде төлей алмаған жағдайда банк, кәсіпорын немесе мекеме, төлемді өз есебінен төлеу міндеттемесін мойындарына алады. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін тәсіл ретінде, кепілдеме кәсіпорындардың қазіргі өндірістік және коммерциялық қызметтерінде кеңінен қолданылып жүр.

Кепілдемеге қарай кепілгердің ортақ жауапкершілігі емес, жәрдем ету жауапкершілігі туындайды.

Сұраныс пен ұсынысты ұтымдылығына сәйкес пайдалану үшін ресустар-дың бөлініп таралуы арқылы нарық экономикалық тиімділікке қол жеткізеді. Қаржы нарығының және осыған сәйкес мекемелердің жақсы жүйелері жинақ ақшаларын жоғары пайдасы бар инвестицияларға аудару осы процестің бір бөлігі болып табылады. Әлемдік тәжірбие бойынша қаржы жүйесі жоғары дамыған елдер бұл жүйесі нашар дамыған елдермен салыстырғанда тез, әрі өседі.Сонымен қатар бұл елдер эконоимикалық жағдайларының шұғыл өзгеруіне жақсы бейімделе алады. Сондықтан,экономикасы дамушы елдердің барлығы үшін кез келген қаржылық жүйесінің ажырамас бөлігі – банктің емес қаржылық институттардың дамуын тездетудің маңызы зор.

Белгілі қоғамдық қажеттілікті қаржыландыру үшін және өз бетімен оперативті түрде жұмсалатын қаржылай каражатты пайдалануды мемлекет тарапын, қайтадан тараудың бірі бюджеттен тысқордың формасы болып көрінеді.

Бұл қорлар қаржы нарығының қатысушы ретінде және инвесторы болып шығып алады. Өйткені, біріншіден, ақшалай қаржыны пайдалану олардың құрылу уақытымен үйлеспейді, ал екіншіден, инвестициядан түскен табыс басқа немесе бөгде қорды қосымша қаржыландырудың көзі болып саналады.

Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға мыналар жатады:

  • Зейнетақы қоры
  • Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік қоры
  • Әлеуметтік сақтандыру қоры
  • Міндетті медициналық сақтандыру қоры(ММСҚ)

 Зейнетақы қоры. Олардың негізі мідеті:

  • Балаларға жәрдемақы мен зейтетақы төлеу үшін мақсаты алым және қаражатты жинақтау, оларды қаржыландыру мен ұйымдастыру;
  • Халықты әлеуметтік қолдау бойынша аймақтық бағдарламаға келісімшарт негізінде республикалық тұрғыда қаржыландыруға қатысу;
  • өзін-өзі қаржыландыру негізінде ұдайы өндіру қаржы кеңейту.

1993 жылдан бастап ол Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігі бағынышты. 1994 жылы зейнетақы қоры бюджетке енгізіліп, төрт айдан соң оның құрамынан шығарылады. 1995 жылдан бастап зейнетақы қоры бюджетке кірмейді.

Зейнетақы қоры кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың,сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтің түріне және меншігіне қарамастан азаматтардың сақтандыру жарналарын аудару есебінен қалыптасады.