Займ түрлері және мәні

Несиенің түрлері – ол ұйымдастыру-экономикалық нышандарына байланысты әрбір несиені сипаттау. Несиені түрлерге бөліп жіктеуде әлемдік біркелкі стандарт жоқ. Несие қатынастарының дамуына және тауар-ақша айналысының өрістеуіне байланысты несие ақшалы және тауарлы болып бөлініп, одан әрі несиенің жаңа түрлері пайда болуы мүмкін.

Несие түрлері төмендегі жағдайларға байланысты жіктеледі:

  • Несиемен қамтамасыз етілетін ұдайы өндірістің сатысына. Өнім өндіретін шаруашылық субъектісі несиені құрал-жабдықтар алуға, шикізат, жанар-жағар майлар алуға және т.б. қажетіне жұмсаса, халық тұтыну заттарын алуға пайдаланады. Жалпы алғанда несие айырбас категорияся ретінде жиынтық өнімді өндіруге, бөлуге және тұтынуға қолданылады;
  • Экономиканың салаларында қолданылуына. Өнеркәсіп мекемесіне берілген несие өнеркәсіптік несие деп аталады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы несиесі, саудалық несие түрлері болады;
  • Несиенің қамтамасыз етілуіне. Тікелей қамтамасыз етілген несиеге, мысалы, нақты тауарды сатып алуға берілген несие жатады. Жанамалай қамтамасыз етілген несие, мысалы, өз ақша қаражаты аз болған жағдайда тауар қорларының жетіспей қалған бөлігін төлеуге алған несие.
  • Несие үшін төлем. Несие ақылы және ақысыз болып бөлінеді. Бұндай болып бөлінуінің себебі несиенің капитал ретінде қолданылуынан, яғни несие алушы оны өзінен-өзі өсетін құн ретінде қолданып, өайтару уақыты келгенде қарызға алған сомасын процент түріндегі өсімімен қайтаруы керек. Сондықтан несие ақылы құн категориясы.

Дегенмен, бұрыңғы және қазіргі тарихта ақысыз несие берілетін жағдайлар бар. Қазіргі кезде ақысыз несие, мысалы, инсайдерлерге беріледі. Достық несие де – ақысыз несие түрі.

Несие түрлері – бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық-ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең детальданған сипаттамасы, яғни, несиенің іс-тәжірибедегі нақты қосымшасы.

Қазақстанда несие түрлері былайша жіктеледі:

  • Айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие;
  • Негізгі құрал-жабдықты қалыптастыруға берілетін несие;
  • ТМҚ аясында шұғыл қажеттілікке, сондай-ақ нормативтен тыс қорлардың аясында уақытша қажеттілікке берілетні несие;
  • өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие;
  • жол үстіндегі есеп айырысу құжаттары аясында берілетін несие, аккредитивтер;
  • төлем несиелері.

Қамтамасыз етілуі бйынша:

  • жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, ТМҚ-пен, кепілдікпен, мақтандыру келісімшартымен толық қамтамасыз етілген;
  • ішінара қамтамасыз етілген;
  • Қамтамасыз етілуі болмайтынбанкілік.

 Қайтарылу мерзімі бойынша:

  • Қысқа мерзімді;
  • Орта мерзімді;
  • Ұзақ мерзімді.

Өтелу тәртібі бойынша:

  • Бөліп-бөліп төлеу;
  • Бір жолғы өтеу;
  • Кезең сайын бір қалыпты өтеу.

Тәуекелді деңгейі бойынша:

  • Субстандартты;
  • Стандартты;
  • Күмәнді;
  • Сенімді;
  • Сенімсіз;
  • Ұзартпалы.

Ақылылығы бойынша:

  • Қалыпты пайыздық мөлшерлемесі;
  • Жоғары пайыздың мөлшерлемесі;
  • Төмен пайыздың мөлшерлемесі;
  • Пайызсыз.

Салалық бағыты бойынша:

  • Сауда-саттық несиесі;
  • өнеркәсіп несиесі;
  • ауыл шаруашылық несиесі;
  • құрылыс несиесі.

Ашылатын шот түрлері бойынша:

  • жай ссудалық шот бойынша несие;
  • арнайы ссуда шоты бойынша несие;
  • контокоррренттік шот бойынша несие;
  • овердрафт бойынша несие;
  • несие желісі бойынша несие;

Несиенің айрықша түріне жылдам сатылатын жылжымалы мүлікпен немесе құқықпен қамтамасыз етілген, қысқа мерзімді әрі ссуда мөлшері бойынша тіркелетін ломбардтық несие жатады.

Ломбардтық несиені негізгі әр алуан түрлеріне құндықағаз кепілдігімен, тауар кепілдігімен, талап кепілдігімен берілетін несиелер жатады. Қарыз алушы ломбардтық несиені өз қалауынша; шектеусіз пайдалана алады.

Жаңартпалы несие – ссуда капиталының ұлттық және әлемдік нарықтарында қолданылатын жаңғыртпалы несие. Ол несие келісіміне қатысушы елдер арасында қосымша келісімсөзсіз автоматты түрде берілекді.

Несие желісі қарыз алушының алдындағы несие ұйымның оған несие келісімшартының белгіленген әрекет ету кезеңі ішінде белгілі бір мақсатқа және келісілген мөлшерде несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан ресімделген міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы несие беруші мен қарыз алушының ұзақ уақытқа созылатын тығыз ынтымақтастығын білдіреді.

Овердрафт несие ұйымның шот иесіне, оның ағымдағы банк шотына қойылатын талап бойынша төлем арқылы беріледі. Яғни, бұл төлем шотта ақшалай қаражат болмаса да, шот иесінің несие берушінің алдында пайда болған берешегінің түскен қаражаттың есебінен кейін оған өтеуін қарастыратын келісімшарт шегінде беріледі.