Бидай- әлемдегі ең кеңінен таралған дақыл, 148 елдің негізгі азық-түлігі болып табылады. Бүкіл дақылдар өнімінің 60 %-ы бидайдан алынады. Адам организміне қажетті белоктар мен көмірсулар (углеводтар), витаминдер А, В, В2 , В6, РР, С, Д, Е, минеральды түздар және басқа да заттар бидай дәні қүрамында бар. Бидай белогындағы амин қышқылдары құрамы үйлесімді және организмге сіңімді [12, 13, 14-16].
Жүмсақ бидай дәніне қарағанда қатты бидай дәнінде белок көбірек. Бірақ жүмсақ бидайдың көптеген сорттарының дәні өте сапалы, оларды «күшті» бидай деп атайды.
Әлемдік стандарт бойынша бидай дәніндегі белок мөлшері 13,5%-дан кем болмауы керек. Қазақстанда өсірілген жаздық жұмсақ бидай сорттары дәніндегі белок мөлшері 13,2-19,8 % [17], клейковина мөлшері 19-31,4 % аралығында болды [18]. Бұл әлемдік стандарт деңгейіндегі көрсеткіш. Яғни, Қазақстанда өсірілетін жүмсақ бидайдың коммерциялық сорттары генетикалық тұрғыдан жоғары сапалы [17].
Бидай (Тгіtісum L. туыстығы) астық (злак) тұқымдастығына (Gramineae) жатады [13]. Қазіргі жүйелеу (систематикалау) бойынша (В.Ф.Дорофеев, 1980) Triticum туыстығында 27 түр бар [16]. Олардың негізгілері соматикалық клеткалардағы хромосомасына қарай 4 генетикалық топтарға бөлінеді [16, 19].
Бірінші тобы — 14 хромосомды диплоидты бидай түрлері:
- Тr. Trіtiсum aegilopodies Linк — жабайы бір дәнді бидай.
- Тr.urarthu Tum — жабайы Урарту бидайы.
- Тr. monococcum L. — бір дәнді мәдени бидай.
Eкінші тобы — 28 хромосомды тетраплоидты бидай түрлері:
- Тгісum сһаldicum — Халд бидайы.
- Тr. dicocoides (Когп). Ааr — жабайы қос дәнді бидай.
- Тr. Тіmорһееvі Zһuк. — Зандури бидайы.
- Тr. раlаео-соlсһісum Меn — колхида қосдәнді бидайы.
- Тr. dicococcum Schubl — полва бидайы.
- Тr.durum Desf. — қатты бидай.
- Тr. aethiopicum Jakubz — Абиссиния бидайы.
- Тr.turgidum L. – тургидум бидайы.
- Тr. carthlicum Nevski – қарталы бидайы.
- Тr. turanicum Jakubz – Туран бидайы.
- Тr.polonicum L. – Польша бидайы.
Үшінші тобы – гексаплоидты бидай.
- Triticum macha – Мах бидайы.
- Тr.spelta L. – Спельта бидайы.
- Тr. aestivum L. — жұмсақ бидай.
- Т compactum Hoct- карлик бидай.
- Т Sphaerococcum Perc.- домалақ дәнді бидай.
- Т Vavilovi Jakubz – Вана бидайы.
- Т amplissifolium Zhuk – жалпақ жапырақты бидай.
Төртінші тобы – оклаплоидты бидай.
- Triticum funicidum Zhuk – жалпақ жапырақты бидай.
ТМД елдері аймағында, соның ішінде Қазақстанда бидайдың негізінен екі түрі – жұмсақ бидай ең көп егіс көлемінде өсіріледі.
- кесте. Жұмсақ бидайдың түршелері және олардың негізгі сипаттмалары [16,19]
Түршелер аттары | Қылтықты немесе қылтықсыздығы | Масақ түсi | Масақтың түктілігі | Дән түсі |
Lutescens A1- | Қылтықсыз | Ақ | түксіз | қызыл |
Albidum A1 –альбидум | -*- | -*- | -*- | ақ |
Milturum A1- мильтурум | -*- | қызыл | -*- | қызыл |
Erythospermum Korn- эритроспермум | Қылтықсыз | ақ | -*- | -*- |
Ferrugineum A1-ферригинеум | -*- | қызыл | -*- | -*- |
Calsium-цезиум | -*- | Қара қоқшыл қою қызыл | -*- | -*- |
Hostianum Clem- гостианум | -*- | ақ | түкті | -*- |
VelutinumSchubl-белютинум | Қылтықсыз | -*- | -*- | -*- |
Barbarossa Al-Барбаросса | Қылтықты | қызыл | -*- | -*- |
Alborubrum Korn- альборубрум | Қылтықсыз | -*- | түксіз | ақ |