Бала этоцентризмнің тұжырымдамасы Ж.Пиаженңң теориясында әр түрлі бөлімдерден келетін байланыстар жинакқталатын жане қиылысатын орталық, фокустық орнын алады. Осы байланыстар көмегімен Пиаже бала логикасын сипаттайтыг түрлі белгілердің, сан алуандырын бірлікке жинайтын және байланыесыз жинақталмай жатқандарды қатаң байланысқан бip себеппен шартты құылымды құбылыстар кешеніне айналдырады. Сондықтан егер барлық, теория сүиеніп тұрған осы негізгі тұжырымдама кішкене болса әлсіздік танытса болды, негізінде бала эгоцентризмді жатқан теориялық құрылым тудыра бастайды.
Пиаже теориясындағы мұндай негіз оның балалардың сөйлеу қызметін анықтаура арналған алғашқы зерттеуі. Ос зерттеуден кейін Пиаже балалардың барлық сөйлеуін үлкен екі топқа, яғни эгоцентрлік және әлеуметтенген сөйлеу д( аталатын екі ірі топқа бөлуге болады деген қорытынды келді.
«Бала қарсыласының көзқарасымен бір тұруға ұмтылма өзі туралы айтатындықтан, бұл сөйлеу эгоцентрлік», — дейді Пиаже. Ол өзін басқалар оны тындай ма, жауап күте ме деген қызығушылықты және қасындағы шынында да бір нәрсе айтамын деген ниетті де сезінбейд: Бұл драмадағы: «Бала өзінің дауыстап ойлағаны сияқты өзімен сөйлеседі. Ол ешкімге бағытталмаған деген формуламен байқалатын монологты еске түсіреді». Сабақ үстінде бала әрекеттері шағын бөлек сөздерімен қосарласып отырады, міне, осы бала іс-әрекеттеріінң сөздік үн қосуы
Ж. Пиажо баланың эгоцентрлік сөйлеуін клиникалық анықтау мен суретгеуде, оны өлшеп әрі қарай оның тағдырын бақылап отыруда үлкен үлес қосты, Эгоцентрлік сөйлеудің фактісінде Ж. Пиаже бала ойы эгоцентризіміні: бастапқы, негізгі және тікелей дәлелін көреді. Осы өлшеулерге сүйеніп, 6—7 жасқа дейін баланың айтқан сөздерініің жартысынан көбі эгоцентрлік деп айтуға болады.
Бірінші зерттеуімізді қорытындылай келе, бала сөйлеуінің біз анықтағаы алғашқы үш категориясы (қайталау, монолг және ұжымдық, монолог) эгоцентрлік болса, онда 6 жастағы баланың сөз түріндегі ойлауы да 44-тен 47 %-ға дейін мөлшерде эгоцентрлік болып келеді дейді, — Ж. Пиаже. Егер сәби шақтағы бала, тіпті 6—7 жастағы бала туралы айтсақ та, бұл сандық көрсеткішті мәнді түрде жоғарылауы керек. Бұл санның өсу себебі, кейінгі зерттеулердің көрсеткеніндей, баланың эгоцентрлік сөйлеуінде ғана емес, элеметтенген сөйлеуінде де эгоцентрлік ойлау байқалуымен байланысты.
Пиаже балалар ойының эгоцентрлік сипатын қалай анықтағанын айта келе, бір айға жуық мерзім бойы бірнеше баланың сөзін жазып ала жүріп, 5 және 7 жас арасындағы балалар жұмыс істей жүрсе де, ойнай жүріп сөйлесе де, олардың сөйлемдерінің 44-тен 47%-ға дейіні эгоцентрлік болып келетін байқағанын айтады. Ал 3 жас пен 5 жас аралығында эгоцентрлік сөйлеу 54 пен 60%-ды көрсетті.
Бұл эгоцентрлік тілдің функциясы өзінің ойы мен өзінің дара іс-әрекетін мәнерлеп айтып беру болып келеді. Бала тілінің мәнді бөлігіне тән бұл белгі бойынша бала өз іс-әрекетін қимылмен білдіргендегі бала ойының белгілі эгоцентризмін дәлелдейді. Сөздерден басқа, өзінде айтылмай жатқан ойларды сақтайтын «ойлаудың өзінің эгоцентризмі» туралы хабар береді. Ал бұл ойлар, баланың айтуға мүмкіндігі болмағандықтан, сақталып жатады, мүмкіндік басқалармен араласу және олардың көзқарасымен қосылу әсерінен дамиды.
Осыған орай, Пиаженің пікірі бойынша, эгоцентрлік ойлау коэффициентінің эгоцентрлік сөйлеу коэффициентінен де асып түсетінін байқаймыз. Бірақ баланың эгоцентрлік сөйлеуі — бала эгоцентризмі тұжырымдамасы негізінде жатқан негізгі фактілік және мәліметтік дәлел болып келеді.
Бірінші зерттеуін қорытындылай келе, Ж.Пиаже: «Осы зерттеу негізінде қандай қорытынды жасауға болады?» деген сұрақ қояды да, былай жауап береді: 6—7 жасқа дейін балалар үлкендерге қарағанда эгоцеитрлік тұрғыда ойлайды және әрекет жасайды және бізге қарағанда бір-біріне өзінің интоллектілік ізденістерін аз айтады». Ж.Пиаженің пікірінше, бұның себебі екі жақты. «Біріншіден, олар 7—8 жасқа дейінгі балалар арасында бекітілген әлеуметгік өмірдің орнықты болмауынан, екіншіден, баланың негізгі іс-әрекетінде, яғни ойынында пайдаланатын қарым-қатынастағы тілінің — ым, бет қимыл, қозғалысының тілі болып келуіне байланысты». «Шындығында, — дейді ол, — 7—8 жасқа дейінгі балаларда айтарлықтай қоғамдық өмір байқалмайды». Пиаженің Женевадағы сәбилер үйінде жүргізген бақылауы бойынша, тек 7—8 жастағы балаларда ғана бірлесіп жұмыс жасау қажет.
Пиаже зерттеулеріндегі мәліметтер эгоцентрлік сөйлеу коэффициенінің бала «өскен сайын темендейтінін көрсетеді. 7— 8 жастарда коэффициент нөлге (0) жақындайды, ал бұл і мектеп табалдырығын аттаған балаға эгоцентрлік сөйлеудің тән еместігін білдіреді. Эгоцентрлік сөйлеуінен құтылса да, бала өзінің эгоцентризмімен қоштаспайды, бұл фактор араласып, басқа тұрғыда өзінен жаңа бслгілер таба отырып, баланың эгоцентрлік ой айтуына дәл ұқсас емес дерексіз сөздік ойлау сферасынан басымдылық ала бастайды. Эгоцентрлік сөйлеу баланың мінез-құлқында ешқандай қызмет атқармайды деген оймен толық келісе тұрып, Пиаже эгоцентрлік сөйлеу одан әрі мектеп жасында мүлдем жойылып кетеді дейді. Эгоцентрлік сөйлеудің тағдыры мен функциясы туралы сұрақ Пиаже дамытқан эгоцентрлік сөйлеу теориясының бүкіл тірі жүйесін құрайтын іліммен тікелей байланысты.
Біз балалық шақтағы эгоцентрлік сөйлеудің тағдыры мен табиғатын эксперименггік және клиникалық түрде зерттедік.
Зерттеуіміз тікелей осындай қиындық тудырылған жағдайлардағы бала эгоцентрлік сөйлеуінің коэффициенті Пиаженің қалыпты коэффициентінен және қиындық тудырмаған осы бала эгоцентрлік сөйлеуі коэффициентімен салыстырғанда екі есе жоғарылады. Біздің балаларымыз қиындық (кедергі) кездескен барлық жағдайда эгоцентрлік сөйлеудің өсіп отыратынын байқатты. Кедергіге тірелген бала: «Қарындасым қайда, енді маған көк түсті бояу керек; ештеңе етпейді, мен қызылмен бояймын да, оны суға шылаймын, ол кішкене қараяды да, көк түс сияқты болады» — деп жағдайды ұғынуға тырысады. Бұл ойларын ол өзімен-қзі сөйлесіп отырып баяндайды.
Осыған ұқсас, бірақ іс-әрекетті эксперименттік бұзбаған жағдайларда біздің коэффициентіміз Пиажеден гөрі төмендеу де болды. Соған орай, біз қалыпты жүріп жатқан іс-әрекетгі қиындату мен бұзу эгоцентрлік сөйлеуді тудыратын басты факторлардың бірі болып саналады деп болжай аламыз. Пиаженің кітабын оқыған адам біз тапқан мәліметті Пиаженің өзінің баяндауында үнемі дамытып отырган екі теориялық оймен, екі теориялық жағдаймен жеңіл салыстыра алатынын оңай байқауы мүмкін.
Жасы үлкендеу бала өзін басқаша ұстайды: ол жан-жағына қарайды, ойланады, сосын жол табады. Не ойлағаны туралы сұрағанда ол әркез жауап беріп отырды, жауаптарын мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеп отырып айтқан ойымен мәнді түрде жақындатуға болады. Осыған орай, біз мектеи жасына дейінгі балада ашық сөйлеу түрінде жүретін әрекетті мектеп жасындағы балада дыбыссыз, ішкі әрекет түрінде жүреді деп айта аламыз.
Бұл туралы біз кейін айтамыз. Эгоцентрлік сөйлеу туралы сұраққа қайта орала отырып, біз экспрессивті функция мен разряд функциясы және бала белсенділігін жай ғана алып жүретінінен басқа, эгоцентрлік сөйлеу өз мағынасында ойлау тәсілі болып кетеді, яғни мінез-құлықта пайда болған міндетті шешу жоспарын құру функциясын да атқарады деп айта аламыз. Көрнекілік ретінде бір мысал келтірелік. Біздің тәжірибеміз бойынша бала (жастағы) трамвай салып отыр; бір дөңгелегін бейнелейтін сызықтағыны сала отырып, бала қарындашын қаттырақ басып жібереді, ол шеңберді толығымен жабуға тырысуда, қағаз бетінде сынған қарындаштың ізінен басқа еш нөрсе қалмайды. Бала ішінен айтып отырғандай: «Ол сынған», — деп күбірлейді де, қарындаштарын қоя салып, сурет сюжетінің өзгергендігі туралы айта отырып, апаттан кейінгі жөнделіп жатқан вагонды бояулармен сала береді. Кездейсоқ пайда болған баланың осы эгоцентрлік пікірі оның барлық іс-әрекетінің жүру барысымен соншалықты байланысты, сурет салудың барлық айналмалы пунктін анық құрайтындығы соншалықты, одан кейінгі мінез-құлықтың бүкіл жолын анықтайтын жаңа пейілдің жоспарын қүру мен одан шығуды іздестіру кезіндегі жағдай мен қиындықтарды ұғыну туралы соншалықты екі жақты айтады, қысқаша айтқанда, өзінің қызметі бойынша ойлау процесінен ажыратылмайтындығы соншалықты, осыған орай, оны негізгі ән ағымына араласпайтып қарапайым аккомпанемент, бала белсенділігінің жанама өнімділігі ретінде қабылдау мүмкін емес.
Баланың эгоцентрлік пікірі оның тәжірибелік әрекетінің негізгі кезеңдерін және соңғы нәтижені бейнелеп белгілейтіндігін көрдік, сондай-ақ бала іс-әрекетінің дамуына орай, бұл сөйлеудің ортаға қарай жылжитындығын, ал кейін жоспарлау қызметі мен алдағы әрекетті бағыттау қызметін меңгере отырып, негізгі әрекеттің басына қарай жылжиттындығын байқадық. Бұл жерде әрекеттің нәтижесін көрсететін сөз, сол әрекетпен біте байланысып кетіп, тек соның нәтижесінде практикалық интеллектілі операцияыың ең мәнді құрылымдық мезеттерін бейнелеп белгілегендіктен, өзі баланың әрекетін бағыттап, өз ниеттері мен жоспарына бағындырып, оны мақсаттылық іс-әрекет деңгейіне дейін көтеретінін байқадық.
Пиаженің теориялық көзқарастары, оның зерттеуіндегі объективті мәліметтер кдтарына қарамастан, біздің зерттеуімізде де біздің жасағандарымыздың барлығы бала сөйлеуінің дамуы туралы ғылыми тұрғыда орнықты болжам болып табылады.
Ересек адамның бай болып келетін эгоцентрлік сөйлеуі немесе функционалдық психология тұрғысынан біздіц үнсіз ойластыруларымыз әлеуметтік емес, эгоцентрлік сөйлеу екенін байкду үшін бала мен ересек адамның эгоцентрлік сөйлеуін салыстырса да жеткілікті. Д.Уотсон17 оны әлеуметтік емес, жеке дара бейімделуге қызмет жасайтын сөйлеу деп атар еді.
Сондықтан ересек адамның ішкі сөйлеуі мен мектеп жасына дейінгі баланың эғоцентрлік сөйлеуін бір-бірімен жақындатушы — ол функциялардың ортақтығы: осы екі сөйлеу түрі де өзі үшін хабарлау міндеті мен басқалармен байланыс жасау міндетін орындаушы, әлеуметтік сөйлеуден бөлінген сөйлеу болып келеді. Психологиялық экспериментте Уотсон ұсынған тәсілге жүгініп, адамға қандай да бір ой тапсырмасын ауызша орындататын болсак, яғни оның іштей сөйлеуін естісек, онда біз сол сәтте-ақ ересек адамның осы ой үстіндегі ауызекі сөйлеуі мен баланың эгоцентрлік сөйлеуі арасындағы ұқсастықты кереміз.
Ересек адамның ішкі сөйлеуі мен баланың эгоцентрлік сөйлеуін жақындатып түрған екінші жағдай — олардың құрылымдық ерекшеліктері. Негізінде, Пиаже эгоцентрлік сөйлеудің мынадай қасиеттері бар екенін көрсеткен болатын. Ол егер оны жай ғана хаттамаға жазатын болса, ягаи оны тудырған жағдайдан бөліп тастап жазатын болса, айналасындағыларға түсініксіз. Ол адамның өзіне ғана түсінікті, ол қысқартылған және ол көз алдында тұрғанды түсіріп тастаған және күрделі қүрылымдық өзгерістерге ұшыраған болып табылады.
Осы құрылымдық өзгерістер, ішкі сөйлеудің негізгі құрылымдық тенденциясына үқсас, атап айткднда, қысқартулар жасауға бағытталған тенденцияны көрсететін байкауға қарапайым талдау да жеткілікті.
Пиаже орнатқан эгоцентрлік сөйлеудің мектеп жасыііда тез жойылып кетуі туралы факті бұл жағдайда эгоцентрлік сөйлеудің жойылуы емес, оның ішкі сөйлеуге айналуы немесе ішке кетуі екендігін айтуға мүмкіндік береді.