Инновациялық білім кеңістігінде болашақ мұғалімдердің шеберлігін қалыптастырудың кейбір мәселелері

Мемлекет саясатының басыңқы бағыты – үздіксіз білім беру жүйесін жаңарту және дамыту. Сонымен қатар, білім беру жүйесін модернизациялау жоғары оқу орнындағы педагогикалық бағыттағы бакалаврларды кәсіби даярлаудың сапасын жетілдіруді талап етуде.

Соңғы жылдары педагогикалық ғылым және практика біздің еліміздің жаңа әлеуметтік – экономикалық жағдайларына сай педагогикалық кадрларды даярлауды жетілдірудің жолдарын іздестіруде.

Қазіргі кездегі педагогикалық практиканың даму кезеңі жаңа типтегі педагогты – зерттеуші – педагогты, жобалаушы, білім берудің және тәрбиелеудің жаңа технологияларын жасаушы педагогты қалыптастырудың қажет екенін талап етуде.

Бүгінгі күні педагогикалық тұрғыдан сауатты маман деп қандай мұғалімді айта аламыз? Әрине, альтернативті педагогикалық жобаларда және жүйелерде жұмыс істей алатын, мектеп білім беру ісіндегі инновацялық қозғалыстың ерекшеліктерін зеттеп үйренген, білім беру саласындағы инновациялық іс-әрекеттің мәнін түсінетін, инновациялық білім беру технологияларының ауқымды арсеналын меңгерген, педагогикалық шеберлігі қалыптасқан мұғалімді айта аламыз. Мұғалімнің инновациялық іс — әрекетін дамыту, педагогикалық шеберлігін қалыптастыру – бұл білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі.

Дүние жүзілік педагогика ғылымында білім беру жүйесіндегі педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың мәндік қасиеттері, компоненттері, құрылымы және функциялары анықталған. Бірақ бұл тәжірибе жоғары оқу орындарында онша қолданылмайды. Сондықтан жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін қалыптастыру ерекше көкейкесті мәселе болып есептеледі. Педагогикалық шеберлік білім беруді модернизациялау жағдайында мұғалімдерді кәсіби даярлаудың тиімділігін айқындайды.

Педагогикалык шеберлік-мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Оның басты міндеттері мыналар:

  • студенттің білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
  • білімі мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
  • өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
  • аналитикалық ойлау қабілетін дамыту;

Педагогикалық шеберліктің бір белгісі-жаңа педагогикалық технологиялармен жұмыс істей алу. Жаңа педагогикалық технологиялармен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:

  • оқу үдерісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
  • студенттердің сабақбастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру;
  • оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;
  • жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу;
  • пәндік білім стандартымен жете танысу;
  • білімді деңгеймен беру технологиясын игеру арқылы студенттерге білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;
  • оқу үдерісін ізгілендірумен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу;

Қазіргі оқытушы педагогикалық шеберлікті инновациялық білім кеңістігінде қалыптастыруы тиіс.

Ал, инновациялық білім кеңістігінің педагогикалық негізгі қағидалары төмендегідей:

  • студентке ізгілік тұрғысынан қарау;
  • оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
  • студенттің танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
  • студенттің өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгеру;
  • студенттің танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;
  • әр студентті ойлау қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту;
  • барлық студенттердің дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;
  • оқу үдерісін студенттің сезінуі;

Инновациялық білім кеңістігінде педагогикалық шеберлікті меңгеру барысында оқыту міндеттері жаңаша сипат алады. Олар мыналар:

  • педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін білу;
  • оқу бағдарламасынынң түрлендірілген нұсқауларын құрастыру;
  • оқу модулін құрастыру;
  • оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр студентке арналған тапсырмалар құрастыру;
  • студенттердің жаңа материалды меңгеаруі бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау;
  • оқу әрекетінің бағалау көрсеткіштерін анықтау;

Болашақ мұғалімнің шеберлігін қалыптастыру проблемасы – көпаспектілі проблема. Бұл проблеманы шешу, бірінші кезекте, негізгі қарама — қайшылықты шешумен байланысты. Негізгі қарама — қайшылықтар: 1) жоғары білікті педагогикалық кадр даярлауға қоғамның тапсырысы мен оны жүзеге асырудың мүмкіндіктерінің арасындағы қарама — қайшылық;

2) педагогикалық кадрларды даярлаудың қалыптасқан жүйесі мен олардың даярлығының деңгейіне қойылатын талаптардың арасындағы қарама — қайшылық;

3) болашақ мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдірудің қажеттілігі мен бұл үдерісті ұйымдастырудың әдіснамалық негіздерінің жеткіліксіз жасалуының арасындағы қарама — қайшылық.

Жоғарыда көрсетілген қарама — қайшылықтарды шешу оқыту үдерісінде болашақ мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін қалыптастырудың педагогикалықшарттары мен құралдарын зерттеуді, мұғалім іс — әрекетінің құрылымын жасауды қажет етеді. Педагогикалық білім берудің жаңа ұстанымдарын жасау – оны дамытудың жетекші және керекті тенденциясы.

Болашақ мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін қалыптастыру үдерісін қамтамасыз ету үшін төмендегі мәселелерді қарастыру қажет:

  • Жоғары оқу орнының оқу – тәрбие үдерісінде болашақ мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін қалыптастыруға теориялық және практикалық даярлығы аспектісін жасау және жүзеге асыру.
  • Педагог даярлаудың қазіргі заманғы әдіснамалық ұстанымдарына қазіргі заманғы әдіснамалық ұстанымдарына негізделген болашақ мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін қалыптастырудың моделін құру және оны практикаға ендіру.
  • Кезең – кезеңмен болашақ мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін қалыптастыру үшін оларды даярлаудың технологиясын жасау.
  • Болашақ мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін қалыптастыруға даярлық деңгейін диагностикалайтын жүйе қалыптастыру.

Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің қалыптасуына оның кәсіби мамандығына қойылатын төмендегідей негізгі талаптарды орындауда ықпал етеді:

  • қоғамның алдынғы қатарлы идеяларын игеру;
  • жан-жақты білімдарлық, өмірдің әртүрлі саласынан хабардар болу;
  • педагогикамен байланысты пәндерді-психологияны, физиологияны, анатомияны мектеп гигиенасын, мектептануды жақсы білу;
  • оқылатын пәннің, соған байланысты ғылымды, оның жетістіктерін, ағымын жақсы білу;
  • оқыту, тәрбиелеу әдістемелерін білу;
  • жұмысына шығармашылық көзқарас;
  • оқушыны, студентті жақсы білу, олардың жандүниесін түсіну;
  • педагогикалық сенім;
  • педагогтік техниканы меңгеру;
  • педагогтік әдептілікті меңгеру;
  • оқушыға, студентке деген құрмет пен әділдік т.б.

Болашақ мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін қалыптастырудың маңызды құралы оқу – зерттеу міндеттері мен тапсырмалар болып табылады. Бұл міндеттерді шешу оқыту үдерісіне оқытудың белсенді әдістерін енгізу арқылы қамтамасыз етіледі (эвристикалық әдіс, проблемалы баяндау әдісі, жобалау әдісі, зерттеу әдісі т.б.).

Студенттерді педагогикалық шеберлікке үйрету төмендегі мәселелерге бағытталған болу керек:

  • оқу тәрбие үдерісін ұйымдастырудың инновациялық әдіс – тәсілдерін, формаларын, технологияларын, құралдарын меңгеруге;
  • кәсіби міндеттерді орындауға (дүниетанымды, этикалық, жалпы мәдени нормаларды қалыптастыруға, мамандықты игеруге).

Бұл міндеттерді шешу болашақ мұғалімдерге алған білімдерін кәсіби салада қолдануға мүмкіндік береді.

Болашақ мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін қалыптастыруды қамтамасыз ететін психологиялық – педагогикалық шарттар:

  • мотивациялық шарттар (болашақ мұғалімдердің кәсіби өзін — өзі тануы, олардың педагогикалық қабілеттерінің даму деңгейін психологиялық – педагогикалық диагностикалауды жүйелі түрде өткізу, студенттердің өзінің жетістіктерін презентациялау);
  • мазмұндық аспектілер (пәндік даярлау бойынша кәсіби – педагогикалық қабілеттерді дамыту үшін оқу — әдістемелік кешен арқылы ақпараттық — әдістемелік және дидактикалық жағынан қамтамасыз ету);
  • ұйымдастыру мәселелері (оқыту үдерісін проблемалық әдіс, ойын, дискуссия сынды оқытудың белсенді формалары мен әдістері негізінде ұйымдастыру).

Жоғарыда айтылғандарды былай қорытындылауға болады: болашақ мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін қалыптастыру кәсіби білім берудің негізінде жатқан жалпы әдіснамалық ұстанымдарды және педагогикалық шеберліктің мазмұнын, формасын, әдістерін, құралдарын анықтайтын арнайы әдіснамалық ұстанымдарды талап етеді.