Баланың ойлау мәселесін сапалық тұрғыда қою

Пиаженің зертгеулері баланың сөйлеуі мен ойлауы туралы және оның логикасы мен дүниетануы туралы ілімнің дамуында тұтас дәуірді құрайды. Олардың тарихи мәні өте зор.

Ж. Пиаже өңдеп ғылымға енгізген баланың сөйлеуі мен ойлауын клиникалық зерттеу әдісінің көмегімен балалар логикасының ерекшеліктерін әдеттен тыс батылдықпен, тереңдікпен және кең тұрғыда жүйелі зерттеуді тұңғыш рет мүлдем жаңа сипатта жүргізді.

Ж. Пиаже өзінің еңбегінінің екінші томын аяқтай отырып, қарапайым салыстыру жолымен ескі мәселелерді зерттеудегі бетбұрыс туралы нақты және ашық көрсетеді.

Баланың ойлау мәселесін сапалық тұрғыда қою Пиаженің бұрын үстемдік еткен бала ақылының жағымды сипаттау тенденциясына қарама-қарсылыққа алып келді деп айтуға болады. Дәстүрлі психология үлкендердің ойлауынан ажыратып тұратын кемшіліктерден, ақаулардан құралатын бала ойлауын жағымсыз сипатта қарастырса, Пиаже бала ойлауының сапалық өзгешелігін оның жағымды жағынан ашуға тырысты. Бұрын үлкендермен салыстырғанда балада не жоқ, оған не жетіспейтіндігі туралы білгілері келді және бала ойлауының ерекшеліктері оның абстрактілі ойлауға, түсініктерді құруға, мағыналарды біріктіруге т.б. өз ойын қорытуға қбілетсіздіғімен анықталды.

Жаңа зерттеулерде негізгі көңіл балада не бар, баланың ойлауының негізгі белгілері қандай, өзінің ерекшеліктері мен қасиеттері тұрғысында бала ойлауы нені игерген деген мәселелерге аударылды. Ж. Пиаже өз кітабында Ж.Ж.Руссоның: бала деген — бұл кішкентай ересек адам емес, ал оның ақыл-ойы ересек адамның кішкене ақылы емес деген пікірін келтіреді, міне, осы пікір арқылы Пиаженің жасаған жаңа да ұлы, күнделікті де қарапайым көптеген жаңалықтарын, табыстарын сипаттауға болады. Бала ойлауына қосымша болып келетін осы бір шындықтың астарында мәні қарапайым даму идеясы жатыр. Осы қарапайым идея Пиаженің зерттеулеріне ұлы жарық сәуле таратады.

Қазіргі психологиялық ойлауға тән терең ізді дағдарыс бала логикасы мәселесін зерттеудің жаңа бағытында да байқалып қалды. Ол басқа да дағдарыс дәуірінің психологиялық шығармалары сияқты, бұл зерттеулерге де екі жақтылық мөріп басты. Осы орайда Ж.Пиаженің кітаптары да толық негіздс З.Фрейдтің, Ш.Блондельдің, Л.Леви-Брюльдің еңбектерінен салыстырыла алады. Олар сияқты, бұлар да ғылымның фактілі мәліметі мен оның әдіснамалық негізінің қарама-қайшылығынан шығатын, психологияның нақты ғылымға айналуын көрсететін және біздің ғылымның негізін қамтыған дағдарыстың туындылары.

Психологиядағы дағдарыс — бұл, ең алдымен, осы ғылымның әдіснамалық негізінің дағдарысы. Оның түп тамыры оның тарихынан бастау алады. Оның мәні қазір баска ешқандай ғылымда осындай қарама-қайшылықта кездеспейтін, осы білім аймағында сондай қатты екпінмен соқтығысып қалған матерйалистік және идеалистік тенденциялардың күресінде жатыр. Ф.Брентаноның10 сөзімен айтқанда, біздің ғылымның тарихи күйі мынада — психология көп, бірақ бірыңғай психология жоқ. Біз де осы бірыңғай психологияның жоқтығынан көптеген психология пайда болуда деп айта аламыз. Қазіргі психологиялық білімдерді біріктіріп, басын құрайтын бірыңғай ғылым жүйесінің жоқтығы жай ғана детальдарды жинау шегінен тыс психологияның қандай да бір аймағында ашылған жаңалық — жаңадан анықталғаң тәуелділіктер мен фактілерді түсіну және түсіндіру үшін амалсыз өз психологиясын — көп психологиялардың бірін құруға мәжбүр.

Олардың ілімдерінің фактілі негіздері мен теориялық құрылыстары арасындағы қарама-қайшылық және бұл негізде қаланған жүйелердің идеалистік сипаты әр авторда терең ерекше кейіпке ие болған, олардың теориялық құрылысындағы метафизикалық нышан — жоғарыдағы дағдарыстың мөрі ретінде атап өткен екі жақтылықтың ізі. Бұл қайшылықтар нақты ғылыми факті деректерін жинастыра отырып, алға бір қадам жасаса, оларды теориялық тұрғыда негіздеп бере алмай, артқа қарай екі адым шегінетінін көрсетеді.

Ж.Пиаже осы қатерлі екі жақтыльгқтан өте оңай тәсілмен қашып құтылуға тырысады. Ол фактілердің өте тар шеңбері аясында тұйықталғысы келеді. Оның фактілерден баскд ештеңені білгісі келген жоқ. Ол саналы түрде жалпылаудан, әсіресе логика, таным теориясы және философия тарихы сияқты іргелес аймақтарға барудан, осы мәселе шегінен шығудан қашады. Ол үшін ең сенімдісі таза эмпирика негізі болды.

Ж.Пиаже өз еңбектерінде «бұл зерттеулер, ең алдымен, фактілер мен мәліметтер жинау болып табылады. Біздің жұмысымыздың әр түрлі тарауларының бірлігін арнайы мазмұндау жүйесі емес, бірыңғай әдіс баяндайды», — дейді.

Балалар психологиясына бұрынғыны толықтырып, жаңа жолдар ашатын ірілі-уақты, бірінші және екінші көлемді фактілер Пиаженің еңбектерінен келді. Ж.Пиаже жаңа фактілерді табуда, ең алдымен, өзі енгізген жаңа клиникалық әдіске сүйенді.

Жаңа фактілер мен оларды табу әдісі және оларды талдау әдісінің бір бөлігі ғылыми психология алдына алғаш рет қойылса, екінші бөліктері алғашқы болмаса да, жаңа түрде қойылды. Мысал ретінде жаңа түрде, баланың сөйлеуіндегі грамматика мен логика мәселесін, баланың интроспекциясының даму мәселесін және оның логикалық әрекетгердің дамуындағы функционалдық мәні, балалардың вербальды ойлауды өзара түсінуі және тағы да көптеген мәселелерді айтуымызға болады.

Басқа да ғалымдар сияқты, Пиаже де қазіргі психологиялық ғылымдағы дағдарысқа байланысты қатерлі екі-жақтылықтан қашып құтыла алмады. Ол дағдарыстан фактілердің артына жасырынып қалу арқылы тығылғысы келді. Алайда фактілер оны алдады және сатып кетті. Олар проблемалар тудырды. Мәселе теорияға ұласты.

«Біз, әрине, зерттеудің оны тудыратын болжамдар (гипотеза) арқылы анықталатынын білеміз, бірақ қазір біз өзімізді фактілерді қарастырумен ғана шектейміз», — дейді Пиаже. Алайда фактілерді қарастырушы адам оларды міндетті түрде қандай да бір теория тұрғысында қарастырады.

Фактілер, әсіресе Пиаже ашқан және талдаған бала ойлауының дамуымен байланыстылары философиямен араласып жатыр және жаңа фактілердің бай қоймасына кілт тапқысы келген адам, ең алдымен, фактінің философиясын, оны табу мен мағыналау философиясын ашып көруі керек. Әйтпесе, фактілер еш нәрсе айтпайтын жансыз күйде болады.

Соған байланысты біз осы тарауда жеке мәселелерге көп тоқталмауды жөн көрдік. Бала ойлауының әр түрлі мәселелерін біріктіріп, жинақтай отырып, оның ең негізгі анықтаушы түбін табуымыз керек. Сонымен қатар, біздің жолымыз өзіміз түсіну мен бағалау үшін іздеп отырған зерттеулер негізінде жатқан теория мен әдіснамалық жүйенің сыни бағытымен өтеді. Фактілік теорияны қолдау және зерттеудің әдіснамасын нақтылауына байланысты ғана бізді қызықтырады.

Ж.Пиаженің еңбектеріндегі баланың сөйлеуі мен ойлау мәселелеріне сыни зерттеуіміз осы жолды ұстауы керек. Пиаженің мазмұнды әрі өте көп зерттеулерінің негізінде жатқан күрделі құрылысты бірыңғай көзбен камтуға тырысқан оқырмандар үшін автор өзінің зерттеулерінің жүру барысы мен нәтижелерін баяндайтын жол жарамсыз.

Басында айтқандай, автордың бүкіл құрылысын қамту үшін және оны анықтайтын принциптерді түсіну үшін бұл жолмен жүре алмаймыз. Сондықтан біз тұтас құрылысты қалыптастырып тұрған фактілер тізбегінің орталық бөлігін табуға тырысуымыз керек. Бұл жағынан автордың өзі де жол сілтейді. Өз кітабын қорытындылай отырып, оның қысқаша түйінінде автор барлық зерттеулерді тұтас баяндауға, оларды белгілі жүйеге келтіруге тырысты және зерттеулер кезінде жеке дара алынған фактілі нәтижелер арасындағы байланысты белгілей отырып, осы фактілердің күрделілігі мен әралуандығын бірыңғайлыққа бірлестіруге ұмтылады.

Осы жерде туындайтын бірінші сұрақ — ол Ж.Пиаженің зерттеулерінде анықталған, бала ойлауының барлық ерекшеліктерінің объективті байланысына қатысты сұрақ болып келеді.

Осы ерекшеліктер жалпы себептерге алып келмейтін бір-бірінен тәуелсіз құбылыстар ма әлде осы барлық ерекшеліктердің бірлігін қамтитын, негізінде орталық факт жататын белгілі құрылым ба? Бұл зерттеулерде бала ойлауының ерекшеліктерінің бірқатары қарастырылады, мысалы: сөйлеудің эгоцентризмі және бала ойлауы, интеллектілік реализм, синкретизм, қарым-қатынастағы түсініспеушілік, ұтынудың қиындығы, бала кезінде өзің-өзі бақылауға қабілетсіздігі т.б. Бұл сұраққа автор берген жауап оны фактілерді талдау аймағынан теория аймағына көнгуге итермеледі, соған орай, автор фактілердің талдауы теория негізінде анықталатынын байқайды.

Пиаже бала логикасына тән белгілердің көп бірлігін эгоцентризмге жатқызуға тырысады. Барлық белгілер жиынтықгы құрады, ал ол өз кезегінде баланың логикасын анықтайды. Бұл жиынтықтың негізінде бала ойлауы мен баланың іс-әрекетінің эгоцентрлік сипаты жатьгр. Бала ойлауының басқа да ерекшеліктері осы негізгі ерекшеліктен туындап отырады және оның дәлелденуіне немесе жоққа шығарылуына байланысты бала логикасының әркелкі белгілерін біртүгас етіп біріктіріп, ұғындырып, мағыналап тұруға ұмтылатын теориялық жаллылауға көмек беретін барлық жіптер үзіледі немесе беки түседі.

Э.Блейлердің» бұл айырмашылықты аутистикалық ойлау деп атағандығын Пиаже психоанализдің теорияларынан алады. Оның ойынша, «Бағытталған ой — саналы, яғни ойлаушының ақылына анық түсінікті мақсаттардың ізімен жүреді. Ойлау шындық немесе шатасудан тұрады және сөйлеу арқылы байқалады.

Аутистикалық ойлау аңдаусыз (сапасыз) келеді, яғни оның алдына қойған мақсаттары саналы түрде ұғынылмайды. Ол сыртқы ақиқат дүниеге бейімделмейді, керісінше, өзіне ақиқат дүниені елес ретінде құрады. Ол шындықты орнатуға ұмтылмай, ниеттерді қанағаттандыруға ұмтылады және таза индивидуалды күйде қалады. Ол сол қалпында тікелей сөзбен байқалмайды, ол, ең алдымен, бейнелер түрінде көрінеді, хабар түрінде жеткізілуі үшін белгілер мен мифтер арқылы оны бағыттайтын сезімдерді тудыратын сияқты жаңа тәсілдерге жүгінеді».

Ойлаудың бірінші түрі әлеуметтік. Ол дами отырып, тәрибе мен таза логика заңдарына бағынады.

«Баланың ойлауын эгоцентрлік деп атай отырып, — дейді Ж.Пиаже, — бұл ойлаудың құрылымы бойынша аутистикалық болып қалғанын, бірақ оның қызығушылығы тек өзінің ағзалық немесе ойын қажеттіліктерін өтеуге ғана емес (ол таза аутизм кезінде байқалатындай), ересек адамның ойлауы тәрізді, ақылдың бейімделуіне де бағьпталғанын айтқысы келгенін білдіреді».

Соған байланысты, функционадды жағынан да эгоцентрлік ойлауды ойлаудың басқа түрлерімен жақындатып және ажыратып тұратын мезеттер байқалып отырады, Осы мезеттерді қарастыра келе, Пиаже айтқан: «Баланың ойлауы біздерге қарағанда эгоцентрлік болып келеді және ол аутизм мен әлеуметтік ойлаудың ортасы болып келеді», — деген қорытындыға қайта айналып келеміз.

Пиаженің көбіне эгоцентрлік ойлау мен аутизмнің арасындағы айырмашылықтарға қарағанда, екеуінің арасындағы жақындатып тұратын мезеттерді көбірек айтатынын басынан айта кеткен жөн еді. Кітабының қорытынды параграфтарының бірініде ол «эгоцентрлік ойлау үшін ойынның жоғары заң екенін» ескертеді.