«Ақнұр» шаруа қожалығының экономикалық көрсеткіштерін талдау

«Ақнұр» шаруа қожалығының орналасқан жерінің табиғаты және топырағының құрамы, аймақтық ерекшелігі өсімдік шаруашылығы  және мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысуға өте қолайлы. Бұл шаруашылықтың негізгі бағыты осы екі салаға да бейімделген, яғни егіншілікпен және қой шаруашылығымен айналысады.

4- кесте Шаруашылықта өсірілетін дақылдардың егіс көлемі және өнімділігі

Көрсеткіш 2006 2007 2008
егістік көлемі, га өнімділігі, ц/га егістік көлемі, га өнімділігі, ц/га егістік көлемі, га өнімділігі, ц/га
Барлық егіс көлемі

оның ішінде:

110   110   114  
Бидай 65 10,2 65 10,8 67 12,5
Арпа 35 9,7 35 9,7 37 10,3
Картоп 10 60,3 10 61,5 10 64,1

Кесте мәліметтеріне қарап, соңғы үш жыл аралығында өсімдік шаруашылығы саласында өнім өндірудің тұрақтануы мен өсу үрдісі байқалады.

Шаруашылықта егістік көлемінің басым бөлігіне бидай егеді, қалған бөлігіне арпа және картоп егіледі.

2006-2008 жылдар аралығында дәнді-дақылдардың түсімділігі бидай бойынша әр гектардан 10,2 центнерден 12,5 центнерге дейін ұлғайды. Ал арпа бойынша әр гектардан 9,7 центнерден 10,3 центнерге дейін көбейгенін байқауға болады. Осындай көрініс картоп өндіру бойынша да байқалып отыр.

Әрбір кәсіпорынның табыстылығы өткізілген өнімдердің мөлшеріне байланысты болады. Сатылған немесе өткізілген өнімдер тауарлы өнім деп аталады. Өнімдердің тауарлылығы сатылған өнімнің жалпы өнімге проценттік қатынасы арқылы анықталады.

5- кесте Өсімдік шаруашылығы өндірісінің тауарлылық деңгейі 

Өнімдер 2006

 

2007 2008
Жал

пы өнім,ц

Тауар

лы

өнім,ц

Тауар

лылық

%

Жал

пы өнім,ц

Тауар

лы

өнім,ц

Тауар

лылық

%

Жал

пы өнім,

ц

Тауар

лы

өнім,ц

Тауар

лылық

%

Астық 663 398 60,0 702 450 64,1 838 561 67,0
Картоп 603 155 25,7 615 158 25,7 641 192 30,0

Кесте мәліметтері бойынша сатылған өнімнің жалпы өндірілген өнімге проценттік қатынасы арқылы шаруашылықта өндірілген өнімнің тауарлылығын анықтадық. Неғұрлым өнімнің тауарлылығы жоғары болса, соншалықты сол өнімнің сапасы  да жақсы деп есептеледі.

Негізінен шаруашылықта дәнді дақылдардың тауарлылық деңгейі жыл сайын артып отыр. Бидай өнімі 2006 жылы 663 центнер өндірілсе, бұл көрсеткіш 175 центнерге артып, 2008 жылы 838 центнерді құрап отыр. Сол сияқты картоп та 2006 ж. 603 центнер  өндірілсе, 2008 жылы 641 центнер өнім алынған.

Осы көрсеткіштер  нәтижесіне байланысты  сатылатын өнім көлемі де артып отыр.

Шаруашылықта өндірілетін жалпы өнім көлемінің артуының бірден бір себебі жыл сайын топырақтың құнарлылығын сақтай отырып, қажетті органикалық және минералды тыңайтқыштар қолдану, сонымен бірге агротехникалық шараларды дер кезінде орындау нәтижесінде өнімділіктің артуына байланысты болып отыр.

Шаруашылықта жалпы өндірілген өнімнің бір бөлігін сатуға шығарса, қалған өнімдерді жұмысшаларға еңбек ақы ретінде есептеп береді, өз қажеттіліктеріне жұмсайды және келесі жылға тұқым ретінде қалдырылады.

Кез келген шаруашылықтың жұмысының нәтижесі өндіріс рентабельділігі (ең жоғарғы тиімділігі) көрсеткіші арқылы анықталады. Жалпы өндіріс тиімділігі барлық сатылған өнім көлемі мен сол өнімге жұмсалған шығындар арқылы анықталады.  Сонымен бірге сатылған өнімнің бір өлшемінің де экономикалық тиімділігін анықтауға болады, ол келесі кестеде көрсетілген.

2006 жылы астықтың әрбір центнерінен 105 теңге пайда алынған болса, ол 2007жылы екі еседен аса азайып 47 теңге ғана болған, ал 2008 жылы әрбір центнерінен 53 теңге пайда түскен. Ал картоп өнімінің әр центнерінен 2006 жылы 48 теңге пайда түссе, 2007 жылы ол үш есеге жуық артқан, ал 2008 жылы әр центнер картоптан түскен пайда 250 теңге болған. Осындай көрсеткіштердің нәтижесінде тиісінше аталған өнімдердің рентабелділігі де артқан.

Нарықтық экономика жағдайында әрбір шаруа қожалығы тек пайда тауып отырмаса, ісі алға баспайды. Сондықтан әрбір шаруашылық жылдың соңында пайда алып отыруы өте қажет.

Өндірістің экономикалық тиімділігі алынған пайданы өнімнің өзіндік құнына бөлгендегі проценттік қатынасты сипаттайды. Бұл көрсеткішті кейде тиімділіктің шамасы деп те атайды. Ол өндірістегі шығынның өтелу дәрежесін көрсетеді.

Келтірілген кесте мәліметтері бойынша астық шаруашылығы өндірісінің рентабелділігі 2008 жылы 2006 жылға қарағанда 2 есеге жуық төмендеген, себебі сату бағасына қарағанда 1 центнер өнімнің өзіндік құнының өсімі жоғары. Ал картоп бойынша рентабелділік соңғы жылы 2005 жылға қарағанда айтарлықтай көтерілген.

Рентабельділік деңгейінің жоғарылауына көптеген факторлар әсер етеді. Атап айтқанда, ол өнімнің өзіндік құнының арзандауына, сату бағасының жоғарылауына, жалпы табыстың көлемінің артуына, өндіріске жұмсалған шығындардың төмендеуіне тікелей байланысты.

«Ақнұр» шаруа қожалығында өсімдік шаруашылығы өндірісімен бірге мал шаруашылығы өндірісі де бар. Шаруашылықтың табиғи-климаттық жағдайы мал шаруашылығы өндірісі үшін қолайлы.

Мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығындағы мал өсіріп, өнім өндіретін кәсіпшілік. Бұл көптеген салаларға бөлінеді. Оған сиыр, қой, ешкі, құс, түйе, жылқы, ара шаруашылықтары жатады.

«Ақнұр» шаруа қожалығында жайылым жерлер мол, әрі қой өсіруге қолайлы болғандықтан, шаруашылық егіншілікпен қатар қой өсірумен айналысады, сонымен бірге ірі қара мал өсіріледі.

Келесі кесте арқылы шаруашылықтағы мал басының санын талдауға болады.

7-кесте Шаруашылықтағы мал саны, бас

Көрсеткіштер 2006 2007 2008
Ірі қара мал басы

оның ішінде:

42 45 47
сиырлар 25 27 29
Қой мен ешкі 1011 1016 1027
Жылқы 10 10 12

Шаруашылықта ірі қара малдың саны 2006 жылы 42 бас, 2007 жылы 45 бас, 2008 жылы 2 бас ірі қара қосылып, барлығы 47 басқа жеткен. Оның ішінде сиырлар саны 2006 жылғы көрсеткішке қарағанда  25 бастан 2008 жылы 29 басқа дейін артқан.

Шаруашылықтағы сиырлардың басым бөлігі сүтті сауын сиырлары. Сондай-ақ шаруашылықтағы қой мен ешкі саны да 2006 жылы 1011 бас болса, 2008 жылы барлығы 1027 басқа жеткен.

Шаруашылықтағы мал басының көбеюі негізінен мал шаруашылығында атқарылатын жұмыстардың өз дәрежесінде жүргізілетіне байланысты.

Мал шаруашылығында өнімдердің көлемі мал басының өнімділігіне байланысты.

Келесі кесте арқылы «Ақнұр» шаруа қожалығындағы  малдардың өнімділігін талдаймыз.

8- кесте Шаруашылықтағы мал өнімділігі

Көрсеткіштер 2006 2007 2008
әрбір сиырдан сауылған сүт, кг 2291 2351 2439
10 сиырдан алынған төл, бас 7 8 9
әрбір қойдан қырқылған жүн, кг 2,9 3,0 3,2
100 саулықтан алынған төл, бас 97 100 102

Кесте көрсеткіштері бойынша сүт өнімділігі жалпы алғанда  жоғары көрсеткіш болып саналады. 2006 жылы сүттің өнімділігі 2291кг. болса, 2008 жылы 2439 кг. болып отыр. Сондай-ақ шаруашылықтағы әр аналықтан  алынған төл саны да артып отырғанын байқауға болады. Соңғы жылғы көрсеткіш бойынша 100 бас саулықтан 102 төл алып отыр.

Шаруашылықтағы мал өнімділігінің артуының бірден-бір себебі қора- жайдың қолайлылығы және малдарды алдын-ала түрлі аурулардан сақтау негізінде ветеринарлық шаралардың уақтылы жүргізіліп отырғандығында, соңғы жылдары мал шаруашылығын өркендету жұмыстары қолға алынып, мал шаруашылығын жақсарту мәселелерін ғылыми негізде жүргізу талап етіліп отыр.

Шаруашылықтағы мал шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі біріншіден өндірілген өнімдердің көлеміне, оның ішінде сатылған өнімнің көлеміне байланысты болса, екіншіден, сол өнімдердің әрбір өлшемінің сату бағасы мен өзіндік құнының мөлшеріне байланысты.

9-кесте «Ақнұр» шаруа қожалығындағы мал шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі

Көрсеткіштер

2006 2007 2008
сүт жүн сүт жүн сүт жүн
Жалпы өнім көлемі, ц 512 14,8 423 15,5 513 16,8
Тауарлы өнім көлемі, ц 384 13,3 317 14,7 385 15,6
1 ц. өнімді сату бағасы, тг 2457 8095 2825

 

9741 3518 10891
1ц.өнімнің өзіндік құны, тг 2399 8015 2767 9694 3445 10773
1ц. өнімнен түскен пайда(+), зиян(-) +58 +80 +68 +48 +73 +118

Шаруашылықта өндірілетін жалпы өнім көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 2008 жылы едәуір артып отыр. 2006 жылы 14,8 ц жүн, 512 ц сүт алынса, 2008 жылы 16,8 ц жүн, 513 ц сүт алынып отыр.

Осыған орай сатылатын өнім көлемі де ұлғайған. Сонымен қатар шаруашылықтағы 1ц жүннің сату бағасы 2006 жылы 8095 теңге болса, ағымдағы жылы 1ц жүннің бағасы  10773 теңге болды, сондай-ақ сүттің де бағасы жоғарылаған. Мал басын өсіріп, санын көбейту мақсатында соңғы жылдары ет сату уақытша тоқтатылып тұр, кейбір аса қажетті жағдайларда ғана аз мөлшердегі қажеттіліктер болмаса, арнайы мал бордақылау процесі жүргізілмейді.

Жалпы шаруашылықта жыл сайын өнімділікті арттыру үшін қажетті шаралар жүргізіліп отырады. Сонымен бірге өнімдерді жоғары бағамен өткізу үшін де бәсекелестерді зерттеу жұмыстары жүргізіледі, жалпы аудандық көрсеткіштердің мөлшері де ескеріледі.

Шаруашылықтардың экономикалық тиімділігі – күрделі экономикалық категория. Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі алуан түрлі факторлардың әсерімен қалыптасады. Экономикалық тиімділікке әсер ететін басты факторлар — өндірілген өнімнің өзіндік құны мен оны сату бағасы және сатылған өнімнің көлемі. Төмендегі  кестеде  шаруашылықтағы салалар бойынша өндірістің экономикалық тиімділігі көрсетілген.

10- кесте «Ақнұр» шаруа қожалығы өндірісінің экономикалық тиімділігі

          Көрсеткіштер

 

2006 2007 2008 Орташа 3 жылғы көрсеткіш
Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен түсім, мың теңге  

 

866

 

 

1029

 

 

1345

 

 

1080