Қазақстан – бүгінгі таңда өз алдына дербес мемлекет. Егемен ел ретінде шет елдермен қарым-қатынасы нығайып, беделі артып келеді. Бұл шетел тілін оқытуды, жақсартуды талап етеді. Ал оқытуды жақсарту дегеніміз, меніңше, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту. Шетел тілін менгертуде қиыншылыктар кездесетіні рас. Соның бірі – мәтін мазмұнын баяндап беру. Оқушының тілді толық дәрежеде меңгеруі үшін, оның сол тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет. Сабақ немесе сабақтан тыс жұмыстарда үйретуші ойындарды пайдаланудың әдістемелік маңызы зор. Ойын арқылы баланың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Ойын оқушыларды сөйлеуге психологиялық жағынан дайындап тіл материалын бірнеше рет қайталауға мүмкіндік береді және керекті сөз біріктелерін таңдауға жаттықтырады. Қазіргі заманның оқушысының дүниетанымы кең, жан-жақты жетілген, өмірлік белсенді ұстанымы бар азамат болуы тиіс. Сондықтан оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеті мен белсенді ой еңбегін дамытуды ұйымдастыру оқу үрдісіне жаңа құралдар мен әдіс тәсілдерді енгізуді қажет етеді. Ағылшын тілі пәні сабағында оқушының тілді дұрыс меңгеруі үшін әртүрлі ойындарды қолдануға болады. Осы ойынның негізінде оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өзіндік пікірін қорғауға, сөйлеу тілінің дамуына ықпал ету мақсаты көзделеді. Шетел тілінде сөйлеуді, қарым қатынас жасауды, коммуникацияға үйретуді ниет еткен әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығулардың бір түрі ретінде ойындарды қолданатыны сөзсіз.
Шетел тiлiнде белсенді оқытудың бастауыш кезеңiндегi схема бойынша моделiн: бiрiншi ауызша сөйлеу, содан кейiн оқуға үйрету деп есептеуге болады.
Белсенді оқу – бұл тiл дамытудың өзiндiк белсенді оқыту түрi, ол жазбаша қатынас формасын қамтиды және қолдануда белгiлi бiр маңызды орын алады.
Белсенді оқу тiл дамытудың белсенді рецептикалық түрiне жатады, себебi ол ақпаратты қабылдау және түсiне бiлу графикалық белгiлерiмен байланысты.
Оқу жоспары мазмұнды жоспар (мәтiн не туралы) және процестiк жоспар (мәтiндi қалай оқу және дыбысталу керек) болып бөлiнедi. Мазмұнды жоспар бойынша оқу әрекетiнiң нәтижесi оқылғанды түсiну болса, процестiк жоспарда – оқу процесiнiң өзi қарастырылады, яғни графема мен фонеманың байланысы, графикалық белгiлердi танып бiлудiң тұтас тiрек-тәсiлдерiн қалыптастыру, iшкi тiлдiк қабiлеттiң қалыптасуы, сыртқы сөйлесудi iштей аудара бiлу, семантикалық және графикалық жинақтардың ара-қатынасы, өзiндiк белсенді оқу қабiлетiн қалыптастыру қарастырылады.
Түсiну, оның дәлдiк, тереңдiк деңгейi барлығы оқушыпың алдына қойған белсенді оқу мақсатына байланысты. Яғни, мәтiн негiзiнен не туралы екендiгiн, оның негiзгi мағынасын егжей-тегжейiне жете түсiну.
Белсенді оқу структурасы оқудың мотивi (түрткi), мақсаты, шарты, нәтижесiнен тұрады. Мотив дегенiмiз – белсенді оқыту мен оқу процесiнiң қажеттiлiгiнен және оған қызығудан белсенді оқу процесiн дұрыс меңгеруге итермелейтiн күш. Мақсат дегенiмiз – алда орындалатын әрекет нәтижесiнiң айқын бейнесi. Ал берiлген жағдайда — тақырып бойынша сұрақтарға оқырмандарды қызықтыратын ақпарат алу. Белсенді оқу әрекетiнiң шартына тiлдiң графикалық жүйесiн (системасын) меңгеру және шығарылған ақпараттарды қабылдау тәсiлдерi жатады. Белсенді оқу әрекетiнiң мақсаты мен мотивi — қиыпдықтарды жеңiп, белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзу. Ал белсенді оқу процесiндегi нәтиже дегенiмiз ақпаратты нақты әрi терең түсiну және мазмұнын айта бiлу.
Мектепте шетел тiлдерiн белсенді оқыту процесiнде ауызекi сөйлеу сияқты белсенді оқу да мақсат не құрал түрiнде қолданылады: бiрiншi жағайда оқушылар белсенді оқуды ақпарат қабылдау ретiнде меңгерулерi керек. Екiншiден, оқуды тiлдiк және материалдарды өте жақсы меңгеру үшiн үйренуi керек.
Белсенді оқудың ақпараттарды қабылдау құралы ретiнде қолданылуы мектепте осы пәнге деген қызығушылығын арттырып, ыпталандыруға жағдай жасайды. Белсенді оқуды үйрену үшiн әңгiмелесушi де, тыңдаушы да талап етiлмейдi. Тек қана кiтап керек. Шетел тiлдерiнде белсенді оқуды үйрету тәрбиелiк, бiлiмдiк және белсенді оқуға берiлген пәндi дамыту мақсатын көздейдi. Бұл мұғалiмге оқушыларды жан-жақты дамыған жеке тұлға ретiнде тарбиелеп шығаруға мүмкiндiк бередi.
Белсенді оқытуда оқудың ерекшелiгi iшкi дамыту мен оқуда пән арқылы (мәтiн) және оқылған мәтiндi түсiну арқылы (iшкi ойды дамыту нәтижесi) көрiнедi. Белсенді оқу тiл дамытудың басқа түрлерiмен де тығыз байланысты. Ол ең алдымен жазумен тығыз байланысты, себебi оқу да, және жазбаша тiл де бiрдей графикалық жүйеде (системада) қолданылады. Шетел тiлдерiн белсенді оқыту барысында осы тiл дамыту түрiн байланыс арқылы ескеру және дамыту керек. Мiне, бұл әсiресе бастауыш кезеңге байланысты.
Белсенді оқу тыңдаумен, анализбен және синтезбен байланысты. Белсенді тыңдау процесi кезiнде тыңдаушылар дыбыстық тiлдi қабылдайды, ал оқушылар жазылғандарды қабылдайды. Белсенді оқу барысында, тыңдау кезiндегi сияқты үлкен мағынаға ие болатын вербальдық деңгейде де және мағыналық деңгейде де болуы мүмкiн.
Белсенді оқу белсенді сөйлеумен де байланысты. Дауыстап оқу «бақыланатын сөйлеу» деп те аталады. Iштей оқу бiр мезгiлде iшкi тыңдау және iшкi сөйлеудi көрсетедi. Осылай, белсенді оқу тiл дамытудың басқа да түрлерiмен байланысты.
Орта мектепке арналған шетел тiлдерi бағдарламасында белсенді оқуға үйретуде жалпы талап қою, сондай-ақ сыпыптар бойынша талаптар бар. Белсенді оқыту кезеңiнiң соңында оқушылар қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшiлiк әдебиеттерден, көркем әдебиеттерден алынған жеңiлдетiлген мәтiндердi оқи бiлуi керек. Белсенді оқудың екi түрiн меңгеру керек:
1) мәтiндi белсенді оқуда оның негiзгi мазмұнын беру, белсенді оқу барысында оқу шапшаңдығы, таныс емес сөздердiң саны және олардың мағынасын түсiну, ана тiлiндегi және ағылшын тiлiнде берiлген контекстегi сөздердiң ұқсастығы ескерiледi.
2) белсенді оқудың екiншi түрi мәтiннен толық ақпаратты шығара оқыту, мұнда мәтiн көлемi және ондағы таныс емес сөздердiң саны ескерiледi.
Бастауыш саты – оқушыда, оның интеллектiсi дамуының iргетасы – белсенді оқу әрекетi қалыптасуының қуатты жүретiн кезеңi, яғни тiл дамытудың бастауыш кезеңiнде белсенді оқу әрекетiнiң негiзi қаланады. Бастауыш кезеңде оқушылар ағылшын тiлiнiң алфавитiн әрiптерiн меңгеру, дыбыстық-әрiптiк сәйкестiктi бiлу, сөздердi оқи бiлу, сөз тiркестерiн бiлу, берiлген мәтiндердi түсiну, құрылған тiлдiк материалдың бағдарламасын меңгеру керек.
Екiншi кезеңдегi белсенді оқуға қойылатын талаптар қиындай түседi. 4-сыпыпта 2%- ға дейiн таныс емес сөздер көбейедi, оқу жылдамдығы дауыстап оқуда минутына 250 баспа белгiлерiнен кем болмайды. Отандық және шетелдiк зерттеулер көрсеткенiндей, тiл дамыту белсенді оқыту түрлерi (сөйлеу, оқу, тыңдау және жазу) бiр-бiрiне жағымды әсер етедi.
Тiл дамытудың белсенді оқыту түрлерiнiң бiр-бiрiне әсер ету дәрежесi бойынша төмендегiдей байланысты анықтауға болады:
- Белсенді оқу – белсенді тыңдау – белсенді жазу – белсенді сөйлеу;
- Белсенді тыңдау – белсенді оқу – белсенді сөйлеу – белсенді жазу;
- Белсенді сөйлеу – белсенді жазу – белсенді тыңдау – белсенді оқу;
- Белсенді жазу – белсенді сөйлеу – белсенді оқу – белсенді тыңдау.
Осылай, белсенді оқу бiрiншi кезекте тыңдауға әсер етедi. Осы әсер ету көрсетiлген екi өзара тiзбек тудырады. Бұлар бiрiншi және төртiншi. Екiншi тiзбекте белсенді оқудың сөйлеуге әсерi көрiнедi. «Белсенді оқу-жазу» байланысы сөйлеуден кейiн жүредi. Мектеп үшiн бұл байланыс өте маңызды, сондай-ақ оқушыларға басқа тiл дамыту түрiн қалыптастыру үшiн белсенді оқуды нақты қолдануға болады.
Тiл дамыту белсенді оқыту түрлерiнiң әсерi күшеюi үшiн, мектепте белсенді оқуға көп уақыт бөлу керек. Бұл әсер тiл дамыту түрлерi механизмi күшiмен түсiндiрiледi: жеделдетiлген және ұзақ уақытты есте сақтау, болжау мүмкiндiгi, ойлау және көңiл аудару. Белсенді оқу барысында осы механизмдердi дамыту арқылы бiз оларды қалыптастыруға ықпал етемiз.
Тiлдiк материалды игеру барысында да бұл дара байланыс ықпал етедi. Лексика мен грамматиканы меңгеру тыңдаудың дәлдiгiн және нақты әрi еркiн тiл дамытуды қамтамасыз етедi. Шындығында мұнда рецептивтi және продуктивтiк меңгерудiң айырмашылығын есепке алу керек: 6iрiншi жағдайда ол тани бiлуге тең, екiншi жағдайда бұл еске түсiру. Сондықтан да оқылған материалдардағы тiлдiк белгiлердi қайталау өте маңызды.
Шетел тiлдерiн белсенді оқыту мазмұны әдiстемедегi бiрден-бiр кординалдық мәселе, сондықтан да ол «неге оқыту, ненi үйрету керек?» деген сұрақка жауап бередi. Бастауыш кезеңдегi белсенді оқыту бiлудiң мықты негiзiн қалау үшiн қалай оқыту, неге сүйену керек? Белсенді оқытудың мазмұнын анықтауда оқудың линнвистикалық комнонентке сүйенбеуi мүмкiн емес, себебi әрiптер, әрiп тiркестерi, сөздер, сөз тiркестерi, сөйлемдер, мәтiндер лингвистикалық комнонентке жатады.
Оқушылар ағылшын алфавитiнен әрiптердi үйренедi және дыбыстарды айтуды үйренедi. Ағылшын тiлiнде дауыссыздардың (әрiп-дыбыс) байланысы, ережеге сай, бiр мағыналы мысалы: р [р], b [b], m [т] және т.б. Мұндай тiкелей байланыс дауысты дыбыстарда жоқ және кейбiр дауыссыздар (w, c, q) оқушыларға бiршама қиыншылықтар туғызады, әар дауысты дыбыс, мысалы бiрнеше дыбыстар бередi. Әрiп тiркестерi туралы да осылай айтуға болады: Олардың бiреуi бiр дыбыс берсе, мысалы: sh [ſ], ck [k], ch [tſ], ph [f], ал басқалары — әр түрлi дыбыстар: th [ð], [θ] бередi.
Ағылшын тiлiнде белсенді оқытуды сөз ең кiшi бiрлiк болып табылады, ол оқушыларға белсенді оқу техникасын меңгеруге мүмкiндiк туғызады, графикалық түрдегi сөздердiң дыбысталуы белсенді оқыту ережесi бойынша (мысалы, to read) және оны мағынасымен байланысын немесе оқығанды түсiну болып табылады.
Сөз тiркестерiн оқу балаларды ағылшын тілі сабағында белсенді оқытуда тек қана сөздердiң дыбысталуын ғана емес, шетел тiлдерiнiң нормативтiк ережесiне сай сөздерге екпiн тусiру де оқытылады. Мысалы: a ‘blue ‘pen, on the ‘desk және т.б.
Белсенді оқытуда интонациялық оқылған сөйлемдер де болады: Мысалы: This is a girl. The newspaper is on the table. Is it your pen? және т.б.
Ағылшын тілі сабағында белсенді оқыту мәтiндерiнде процестiк жоспардың мазмұн бiрлiгi көрiнуi керек. Шектеулi тiлдiк материалдарды бұл бiрлiкпен қамтамсыз ету өте қиын, бiрақ оқуға арналған мәтiндер бастауыш кезеңдерде осы талаптарға жауап беруге тиiстi.
Қазiргi кезеңде оқулықта процестiк жоспар берiлген. Олар оқушылар үшiн интеллектуалдық немесе эмоционалдық ақпарат деректерiнен гөрi техникалық белсенді оқытудың дамуы үшiн көп қызмет етедi. Алайда, осындай мәтiндерге де тапсырмалар көмегiмен мотивтiк сипат беруге болады, бұл оқушыларға мәтiндi тусiнуге қызығушылықты және оны басқа оқушыларды белсенді оқытуға талап етедi.
Шынында да, егер оқушыға сөздi дауыстап оқу тапсырмасы берiлсе, алғашында ол iштей оқиды (мiндеттi түрде оқып алу керек) сөздердiң әрiптiк тiркесiн қарайды және тiрек сөздер немесе оқу ережесiн қарайды, содан соң оны дыбыстайды, яғни дауыстап оқиды. Бұл екi форманың тығыз байланыстылығын сөз тiркестерiн, сөйлемдердi, мәтiндердi оқу барысында көруге болады. Мәтiндi қарап, iштей оқу қалып қойса, онда оның дауыс ырғағына сай оқылуы практикалық жағынан мүмкiн емес: яғни сөз тiркестерiндегi екпiндердiң қойылуы, сөйлемдердiң интонациялық бөлiктерге бөлiнуi және мәтiндi мәнерлеп оқуы. Егер дауыстап оқуда оқушы көз жүгiртiп оқып өтпесе, графема – фонемалық сәйкестiлiгi құрылымдық – ақпараттық байланысты түсiну, дауыстап оқуда түтүсiнiктi болмайды: мұндай оқу сөзбе-сөз сипатта болады, әр сөз бөлек жеке-жеке бiрлiк ретiнде оқылып, мағынасының жайылуыпа әкелiп соқтырады. Мұғалiм осыны көре тұра көп аударма жасатуға ұмтылады. Бұл бастауыш кезеңде қалыптасатын оқу техникасын жақсартпайды. Бастауыш кезеңдегi дауыстап оқудың ролi өте жоғары. Ол оқушыға да, оқытушыға да тiлдегi оқу процесiн көруге және бақылауға мүмкiндiк тудырады. Ол мұғалiмге де және оқушыға да қай жерде кеткен қатенi дұрыстау керектiғiн көрсетедi. Оқушының iштей оқуы, графикалық сөздердi есте сақтауға, сөз тiркестерiн және т.б. есте ұстауға, графикалық түрiн қалыптастыруға мүмкiндiк алады. Жоғарыда көрсетiлгендей, сөздердi оқуда дағдыны қалыптастыру, сөз тiркестерiн, сөйлемдерде, мәтiнде бастауыш кезеңде меңгеру графема-фонемалық меңгеру сәйкестiгi есебiмен және құрылымдық — ақпараттық байланыстармен оқушылардың көру қабiлетiн қалыптастыру, оқылғандар құрылымын және осы арқылы ақпаратты түсiне бiлудi қалыптастыру.
Ағылшын тілі сабағында белсенді оқытудың екiншi жылында үйден оқу үшiн кiтаптар пайдалана бастағанда, оқушылар тұтас транскрипцияны қолдана бастайды, бұл оларға өздерiнiң аттарын дұрыс оқуға, айтуға, сонымен қатар, кiтаптың соңында берiлген сөздiктердегi сөздердi дұрыс оқуға, айтуға көмектеседi.
Транскрипция бойынша оқуды және айтуды меңгеру үшiн оқушыларға кейбiр оқулықтарда форзацтарда барлық белгiлер берiледi. Мұғалiм бұл оқушылардың осы белгiлерге көңiл аударуып бақылап, оған сәйкес жұмыстар жүргiзiп, олардың жаңа сөздердi дұрыс оқуын, айтуын, қабылдауын тексеру керек.
Негiзгi басты ағылшын тілі сабағында белсенді оқытуды қалыптастыру үшiн тiлдiк және контекстiк шешiмдердi қалыптастыру маңызды болып табылады.
Ана тiлiнде ұқсас сөздер арқылы негiзгi мағынасын табу, мысалы, dictation, illusion, demonstration сөздерiн бiлу негiзiнде, сондай-ақ контекст негiзiнде арнайы белсенді оқыту, мысалы: work-worker, мұндай жағдайда конверсия сияқты сөз тудыру әдiсi де қолданылады, мысалы: to run-run, water-to water (flowers), summer-summer holidays және т.б. Тiрек сөздердi және белсенді оқыту ережелерiн өз бетiмен қолдана бiлудi меңгеру, таныс емес сөздердi оқу барысында талдау, оқулық сияқты сөздiктер және белсенді оқыту үшiн берiлген кiтаптар, таныс емес сөздердiң мағынасын шешу оқушыларға өзiндiк жұмыстарды сыпыпта және үйде де табысты орындауға мүмкiндiк бередi.