Жезөкшелік, балалар жезөкшелігі әлеуметтік патология ретінде

Бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болған бірінші ашық жарияланулар оның сенсациялығына қарамастан осы құбылысқа байланысты төтенше жағдайдың күрделілігін ашып көрсете алмады. Бұл әлеуметтік сырқаудың кең таралып өріс алуы біздің қоғамымыздың әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық салалардағы кризистік жағдайларына байланысты. Көптеген жағымсыз, кері әсері бар құбылыстарды баспа берттеріне шығаруға тыйым салынбайды, ал ол біздің қоғамдық санамызды жиі басынан ұрғандай жағдайға алып келеді. Жезөкшелік латын тілінен аударғанда prostitute – көпшіліктің алдында өзін көрсету. Бұл некесіз жыныстық қатынасқа түсу формасы, ол жеке қалаушылық пен еріктіліктен, сезімнен тыс болады. Ең басты стимул – табыс табы болып табылады. Жезөкшелер мен реттеушіліксіз жыныстық қатынастарға түсетін әйелдердің айырмашылығы неде? Жезөкше үшін жыныстық акт – табыс табу көзі, темпераментті әйел үшін – мақсат. Қарастырылып жатқан түсінікті анықтап беретін белгілер:

А) тіршілік түрі – тұтынушының жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыру;

Б) тіршіліктің мотиві – алдын ала уәделескен ақшалай немесе заттай сыйлық, әдетте жезөкшелікпен айналысатын азаматтар үшін өмір сүруге негізгі және қосымша қайнар көз болып табылады.

Жезөкшелік гетерожыныстық және гоможыныстық қатынастарда да болады, әйел тарапынан және және еркектердің тарапынан да болады. Ежелгі Грецияда әйелдердің жезөкшелігімен қатар еркектердің жезөкшелігі болған, бір кездерде  еркектердің жезөкшелігі әйелдердің жезөкшелігіне қарағанда әлдеқайда көп болған. Тарихи түрде таптық қоғамда жезөкшелік топтық неке қалдығы ретінде көрінеді. Жезөкшелік жәй ерікті жыныстық қатынасқа түсуден айырмашылығы, әйел табыс табу үшін өзінің денесін бір еркекке, бір топ еркекке сатады. Жезөкшелік қалалық өркениеттің өнімі ретінде көптеген ғасырлар бойы, евроаплық мәдениетте жыныстық қатынастардың перефериялық формасы ретінде көрінетін. Әлеуметтік-экономикалық дамудың қайшылықтардың кейбір әлеуметтік себептері бар олар жезөкшелікті, қылмыскерлікті, маскүнемдікті, нашақорлықты, сол сияқты әлеуметтік патологияның басқа формаларын туғызады.

Дамусыз қалған көптеген жылдар, әдемі сөздермен ащы шындықтың арасындағы алшақтық, қоғамдық өмірдің институттары мен барлық салаларда білім мен тәрбиені, отбасы мен мектепті қосқанда екілік моральға алып келді: Әдемі сөздерде белсенді өмірлік позиция, жоғары идеалдармен мақсаттар, іс жүзінде әлеуметтік апатия, тұтынушылық, коррупция. Жәймен «бәрі де сату үші» көпшіліктің өмір сүру қағидасы болып алды. Материалдық жағдай қоғамдық мойындаушылықтың негізі болып бара жатыр.

Біздің қоғамдағы жезөкшеліктің бар болу себебі:

А) әлеуметтік-экономикалық, мемлекеттегі әлеуметтік теңсіздік; алдымен жастардың, халықтың басым көпшілігінің өмір сүру деңгейінің төмендігі; қоғамның бай және кедей болып бөлінуі. Нәпсіні қоздыратын материалдық мына ғасырда әйелдеріміздің қамтамасыз етілмеуі. Жұмыстан басқа бір салада өзін мойындату, көрсете білу әйел адамға қиын соғуы. Жас әйелдерге жоғары табыс жұмыстарының аздығы;

Б) моральдық-этикалық; қоғамның басым көпшілігінің моральдық деңгейінің төмендігі, руханилықтың жоқтығы, адамға қатынаста тұтынушылық; әйелдің сұлулық пен рухани байлықтың нышаны ретінде қарау принциптерінің жойылуы.

Аналықтың мәртебенің құлдырауы: жеке жағдайларда жыныстық тәрбиенің болмауы. Көптеген саналы азаматтар бұл құбылысты әлемдік зұлымдық деп білетін неге жойылмайды? Себебі, жезөкшелік адамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырады. Танымал батыстық маман Джон Гэньон бірнеше мотивтерді белгілейді. Жезөкшелік жыныстық қатынасты тездетеді, жақындатады және оңайландырады, еркекті кейбір ережелерді сақтаудан, көңіл бөлуден азат етеді. Принципте махаббат ойыны өздігінен үлкен рахат сыйлайды. Бірақ оны қаламайды, оларға қорытынды нәтиже қажет, сондықтан «жоқ» деп айта алмайтын жезөкше, тығырықтан шығудың ең оңтайлы шешім.

Жезөкшеліктің өмір сүрушеңдігінің ең басты себебі, өзінің экономикалық проблемаларын шешуге мүмкіндік беретіні. Бұл құбылысты ерекше патологиялық сексуалдықпен мотивациялау күлкілі. Біреулерге ақша қажет бір тығырыққа тірелген кезде, одан шығу үшін, біреулер өзін қалай қамтамасыз етуді білмейді, біреулерді бұл іске зорлықпен тартады. Жезөкшеліктің қоғамдық қаупі неде?

Оның әртүрлі қырларын қарастырайық:

А) әлеуметтік аспект: жезөкшелік әлеуметтік паразитизмнің формасы болып табылады, яғни өмір сүрудің альтернативті формасын туғызады, еңбек ету процесін негізге алмайды (маскүнемдікпен, нашақорлықпен байланысты);

Б) медициналық аспект: түрлі венерикалық аурулар мен ЖҚТБ-ның таралуы; Жезөкшелікпен айналысатын әйелдер өздерінің денсаулығын құртады, толыққанды ана бола алмайды және сонымен бірге дүниеге дені сау, толыққанды сәбиді дүниеге әкеле алмайды;

В) моральдық-психологиялық аспект: жезөкшелік адами қасиеттердің жалпы-адамзаттық құндылықтардың құлдырауына, жеке тұлғаның деградациясына, моральдық патологияға алып келеді;

Г) құқықтық аспект: ұрлық, спекуляция, наша мен порнографияныңкең таралуы, жеңгетайлық, кәмелет жасқа толмағандарды жезөкшелікке тарту, венерикалық аурулармен ауру. Не істеу керек? Тыйым салу жезөкшелік пен күресуде тыйымсыз шара, себебі жезөкшеліктің негізінде әлеуметтік себептер бар.

Тауар-ақша қатынастары, адамның сексуалдылығы қашанға дейін бар болса, сол уақытқа дейін жезөкшелікте бар болады. Үш стратегиялық жол бар:

а) қылмыстық-құқықтық қудалау жолмен көне кәсіпті жою;

б) белгілі жер мен жағдайлармен таралуын шектеу;

в) жезөкшелікті легализациялау, мемлекеттің қорғауы мен бақылауына алу;

Жезөкшелікті жою өте ұзақ уақытты талап ететін процесс, сондықтан оны әлеуметтік, экономикалық, меедициналық, тәрбиелік және құқықтық іс-шараларды бірге жұмылдырып қолдану қажет. Бүкіл халықтың өмір сүру деңгейін көтеру қажет. Отбасының статусын жоғарылату, әйел адамның, ананың әлеуметтік мәртебесін жоғары деңгйге жеткізу.

Сексуалдықты насихаттайтын фильмдерді көрсетуге тыйым салу. Оқу орындарында жыныстық тәрбие беретін бағдарламалар енгізу.

Мәселенің көкейкестілігі. Жезөкше қоғамда бар болған, бар және бар болады. Көптеген ғасырлар бойы бұл құбылыс қоғамның басты назарында болған. Ал қазіргі таңда бүкіл әлем ЖҚТБ-ның әмірлігінде кезде, жезөкше оның таруына әсер ететін кезде бұл мәселе көкейкесті болып табылады. Бұған қоса генофондтпен байланысты проблемалар қосылады, себебі жезөкше дүниеге дені сау сәби әкелу мүмкіндігі жоқ. Әйел адамның мораль тұрғысынан құлдырауы байқалады: әрдайым кемсітулерге бой алдырып, әйел ар-ұят, сенімді жоғалтады. Көп жағдайда жезөкшелік қылмыс әлемімен, есірткі бизнесімен байланысты болады. Соңғы уақытта жезөкшелікпен айналысатын балалардың саны күрт өсе бастады, ал ол өз кезегінде болашақ ұрпақтың деградациясына алып келеді. Дерліктей, әлемнің барша мемлекеттерінде жезөкшелікке тыйым салу немесе легализациялау жайлы даулар шығуда. Бұл проблемалар терең зерттеу мен шешім қабылдауды талап етеді.

Жезөкшелік гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының өкілдерінің қызығушылығын тудырды. Бұл құбылысқа медицина, тарих, өнердің барлық бағыттары, социология, юриспруденция өздерінің назарын аударды. Жезөкшелердің алғашқы суреттеулерін антикалық аңыздарда кездестіруге болады. Фома Аквинский жезөкшелікті әдемі сарайдағы канализациямен теңеген, оның жоқ болуы әдемі сарайдың быламыққа толып кетуіне әкеледі. Августин Аврелиийдің ойынша қоғамнан жезөкшені қудалау бүкіл қоғамдық тәртіптің бұзуылуына алып келеді деп есептеген.

О.Вейнингер өзінің «Жыныс және мінез» атты еңбегінде жезөкшенің тұлғалық психологиялық мінездемелерін анықтауға тырысты.

Жезөкшелікті зерттеуде үлкен үлес қосқан неміс ғалымы Иоган Блох болды. Оның «Жезөкшеліктің тарихы» атты еңбегінде жезөкшелік құбылысының даму тарихын көрсетеді. Жезөкшелікті зерттеуде әлеуметтік құбылыс ретінде орыс және кеңестік ғалымдар Чарыхов Х.М., Сабинин А.Х., Такновский В.М., И.С.Кон, Ч.А. Голосенко, С.И.Город, Гилинский Я.И., Ю.М.Антонян өз үлестерін қосқан 1970-шы жылдардың соңында жезөкшелердің құқығын қорғау мақсатында болған қозғалыстар жезөкшелікті кәсіп ретінде қарастыруға мүмкіндік берді. Жезөкшелік проблемасы көне заманнан бері болса да әрдайым бұл құбылыстың жаңа формалары, қырлары ашыла берді. Жезөкшеліктің жағымсыз салдарымен күресетін тиімді іс-шаралар табылмады. И.Блох өзінің «Жезөкшеліктің тарихы» атты еңбегінде мынадай анықтаманы ұсынды: «Жезөкшелік бұл белгілі бір формадағы некеден тыс жыныстық қатынасқа түсетін индивидум әрдайым, таңдамай, көп тұлғаларға ақшасыз өте сирек өзінің тәнін сату».

Жезөкшелік құбылысына берілген көптеген анықтамаларды талдай отырып, келесідей тұжырымдарды айтуға болады.

Біріншіден, жезөкшелік пен некеден тыс жыныстық қажеттіліктерді қанағаттандыратын басқа түрлерін ажырата білу керек, себебі әр кезде жезөкшелікке жатпайтын некеден басқа еркін жыныстық қарым-қатынастар болған.

Екіншіден, жезөкше өзін саны жоқ еркектердің пайдалануына береді.

Үшіншіден, жезөкшеліктің айқын белгісі денесін ашық түрде сату, дегенмен жасырын жезөкшеліктің бар екенін ұмытпау керек.

Төртіншіден, жезөкшелікте жастық, жыныстық бөлінушілік жоқ. Жезөкшепен әйелдер, еркектер, балалар мен қариялар да айналысады.

Бесіншіден, жезөкшелікпен айналысатын индивидуум онымен жыныстық қатынасқа түсуді қалап тұрған адамның тұлғалық қасиетіне немқұрайлы болады. Жоғарыда айтылғандардан шығатын нәтиже: ақшаға еркек болсын, әйел болсын өзінің тәнін саудалайтын индивидуумдарды жезөкше деп атайды. Жезөкшелікке тән: жыныстық әріптесін таңдамау, жыныстық қатынастан эмоционалдық немесе физиологиялық қанағат алмайды. Жезөкшелікті айқын, кәсіптік және жасырын етіп бөледі. Біріншісінде пайда табу көзі, кәсіби жезөкшелік индивидуалды тәртіппен немесе сутенердің қарамағында болады. Жасырын жезөкшелік кең таралған. Жезөкшелік негізгі үш әлеуметтік функцияларды атқарады.Әлеуметтік, экономикалық жағдайдағы теңсіздікте және жоғары ақы төленетін кәсіптер мен мамандықтарға әйелдердің қол жетімділігінің шектелуінде.

Жас әйелдердің – мигранттардың үлкен қаланың әлеуметтік-психологиялық талаптарына үйрену. Жезөкше жыныстық әленуметтенудің функциясын атқарады, яғни жалпыға бірдей қабылданған ережелер мен нормаларда өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтын тұлғалар, олар мүгедектер, психикалық ауытқығандар. Қоғамда көп уақыттан бері мынадай қағида қалыптасып қалған: жезөкшелікпен әйел ғана айналысады. Бірақ, жезөкшелік жастық, жыныстық белгілерге бөлінбейді. Еркектердің жезөкшелігі, әйелдердің жезөкшелігімен қатар көне заманнан бері келе жатыр. «Еркектердің жезөкшелігі» термині бұл сөздің кең мағынасында түсіндіріледі. Оған тек қана гомосексуалдық емес, соныменқатар еркектердің гетеросексуалдық жезөкшелігі. Ежелде өзінің жынысындағы адамға туа біткен қалаушылық табиғаттың сыйы ретінде қабылданатын және оған табынатын болған. Орта ғасырларда еркектердің жезөкшелігі Батысқа қарағада Шығыста қатты дамыған. Қазіргі таңда біздің қоғамымызда еркектердің жезөкшелігіне де орын бар. Көп жағдайларда еркектердің жезөкшелік қызметімен бай, дәулетті адамдар пайдаланады.

Балалар жезөкшелігі

Бұл адами тұрғыдан алғанда жезөкшеліктің ең қорқынышты түрі. Балалардың жезөкшелік әлеміне келудің үш жолы бар.

Біріншісі, жасы үлкен құрбылар жетелейді, көп ақша, әдемі киім, бай өмірді айтады. Шетел азаматына тұрмысқа шығудың мүмкіндігі жайлы айтады. Бұл сөздерге көп жағдайда жасөспірім қыздар алданады. Бір апта жұмыстан соң мұның бәрін жалған екенін түсінеді. Бұл бизнестен олар шыға алмайды. Себебі, сутенер оларға ақша тіккен. Оларға тұтынушылар бар және олар тауар болып табылады. Еркіндікке тек қана үлкен мөлшерде ақша төлеп шыға алады. Жиі айтқанға көнбейтін балаларды өлтіреді.

Екініші жолы – үлкен қалаға келген экскурсиялық топ немесе ата-анасымен келген балалар тобынан артта қалып қойып, вокзалда түнеп қалуға мәжбүр болған балаларды «дәнекерлер» аңдып, сеніміне кіріп жақсы танысының үйіне барып, сол жерде түнеп шығуына ұсыныс жасайды. Пәтерде баланы киіндіріп, тамақ береді. Бірнеше күннен кейін кеткен шығынды өтеуін талап етеді.

Үшінші жол — жезөкшелік әлеміне балаларды өздерінің әке-шешелері жетелейді. Жасы кіші жезөкшелер үш топқа бөлінеді: кедей тұтынушыларға қызмет көрсететіндер, екінші топ азды-көпті ақшасы бар тұтынушылар, үшінші тобы өте бай дәулетті тұтынушыларға қызмет көрсететіндер. Дерліктей барлық жасы кіші жезөкшелер кезінде өзінің әкесі немесе өгей әкесі тарапынан зорланған [4,46б.].