Девианттық мінез-құлықтың көріну деңгей формасы көптеген факторларға байланысты экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және т.б. Қазіргі таңда девианттық мінез-құлықтың ең басты не детерминизациялайды деген сұраққа жауап бере отырып, қылмыскерлік оның ең ауыр түрлі және әлеуметтік аномия тұтастай, сеніммен айтуға болады, бұл қоғамдағы әлеуметтік қатынастардағы өзгерістер, ал олар өз көрінісін «маргиналдылық» түсінігінде тапты, яғни тұрақсыздық «аралық», «өтпелілік». Маргиналдылықтың ең бастысы белгісі әлеуметтік қатынастардың, байланыстардың үзілуі, сонымен қоса классикалық жағдайда ретімен экономикалық, әлеуметтік және рухани байланыстар үзіледі. Экономикалық байланыстар ең бірінші кезекте үзіледі және бірінші кезекте қайта қалпына келеді. Ең баяу қалыпқа келетін рухани байланыс, себебі олар белгілі «құндылықтарды асыра сілтеп бағалауда» тәуелді болып келеді. Жалпы тұрақсыздық, қалыпты тұрмыс жағдайының бұзылуы, үйреншікті құндылықтар жүйесінен бас тарту, жұмыссыздық, Кеңес үкіметінің күйреуі обьективті түрде маргиналданудың күшеюіне алып келеді.
Қоғамның маргиналдануының негізгі әлеуметтік қайнар көзі жұмыссыздықтың өсуі. Қоғамның магиналдануына айтарлықтай әсерді миграция тигізіп отырады. Қоғамның маргиналдануының перспективалары қандай? Жалпы бұл сұраққа келсідей жауап беруге болады. Нарықтық реформалардан туындаған қоғамда болып жатқан өзгерістердің әсерінен маргиналдардың бөлігі жәймен төменге қарай жылжи береді, яғни люпенизацияланады. Бомждар, маскүнемдер, жезөкшелер және т.б сан жағынан өсіп жатқан люпендердің қабаты. Басқа сөзбен айтқанда бұлар жаңа нарықтық жағдайларға үйрене алмаған немесе үйренуге ынта танытпаған тұрғындардың бөлігі және «әлеуметтік күйреуді» бастан кешіріп, аралық позицияда өз орнын жоғалтқан. Ол нақты «шешілген» сияқты. Екінші бөлігі (айтарлықтай үлкен бөлігі) жаңа шындықтарға үйренуге жол тауып, тырысып жатқандар, жаңа әлеуметтік статусқа ие болады, ал сонымен бірге өзінің тұрмысының тұрақтылығына қолы жетеді, жаңа әлеуметтік байланыстар, жаңа әлеуметтік сапа. Олар қоғамның әлеуметтік құрылымында, қоғамдық өмірде белсенді, дербес роль ойнайтын болады. Әрине, қоғамның маргиналдануы – девианттық мінез-құлықты күшейтудегі жалғыз фактор емес. Дегенмен, бұл фактор қазіргі жағдайларды доминанттық болып табылады.
Ауытқудың ейбір формалары әлеуметтенудің қалыпты жағдайында да кездесуі мүмкін, мысалы кездейсоқ құбылыс ретінде ауру, мас болу т.б. сонымен қатар ұзақ мерзімді және тұрақты жағдайлар, физикалық дефекттер, невроздар, психоздар және т.б. Уақыт өткен сайын теоретиктер мен практиктерге ауытқу неденкеліп шығады деген сұраққа жауап табу қиындап барады. Өзінің шегінде девианттық қоғамның әлеуметтік-саяси, моральдық ұстанымдарға қол сұғу, бұзу, қылмыс болып көрінеді. Қазіргі таңда қылмыскерлік қоғамның және тұлғаның қауіпсіздігі мен тұрақтылығына үлкен қауіп төндіріп тұр. Қылмыстық әлемнің қоғамға деген әлеуметтік әсері мен қысымы оның таралу, моралі, тұрғындардың тұрақсыз бөлігінің (әсіресе жастар) улануы – біздің уақытымыздың қауіпті шынайлығы.
Қазіргі кездегі жастардың құндылықтық бағыттарының деформациялануы заңды бұзу, өз еріктілігін көрсету, зұлым және мықтының құқығы. Қазіргі таңда қылмыскерлікпен күресу ең көкейкесті дербес мәселеге айналды, бұл мәселенің шешімі комплекстік іс-шараларды талап етеді. Моральдық нормаларды жоққа шығару немесе қабылдау көптеген қылмыстық істердің негізінде жатыр. Девианттықтың жою масштабтары қоғамды әлеуметтік аномия жағдайына әкеледі [3,257б.].