Әлеуметтену – бұл индивидтің сол қоғамда қбылданған нормаларды, құндылықтарды, мақсаттарды өз бойына сіңіріп өзінің өмір барысында әлеуметтенеді, ол индивидтен жеке тұлғаға айналады. Әлеуметтену әрқашанда табысты бола бермейді. Одан қалса шыққан қорытынды ешуақытта әлеуметтік, тұлғалық деңгейде идеалдылыққа қолы жетпейді, ал қоғамның өзі оның әлеуметтік институттары мен ұйымдары өздерінің әлеуметтендірушілік функцияларын толығымен атқармайды. Әрдайым пайдаланбаған мүмкіншіліктердің резерві қалады. Индивидтің әлеуметтенуі әрдайым ауытқуды қамтиды. Мұнда әлеуметтендірушілік норма әлеуметтену үдерісінде атқарылмауы мүмкін. Ауытқушылық нақты тарихи кезеңдегі, нақты қоғамдағы әлеуметтендірушілік нормада әлеуметтенудің обьективті және субьективті процесс ретінде сәйкессіздігімен анықталады. Ауытқыған, табысты болмаған әлеуметтену девианттық мінез-құлықтың бірден-бір себебі болып табылады.
Девианттық мінез-құлық әлеуметтануында бірнеше бағыттар бар, олар ауытқыған мінез-құлық пайда болуын түсіндіреді.
Адамдар аномия жағдайына әртүрлі индивидуалды жолдармен адаптацияланады: конформизм арқылы немесе ауытқыған мінез-құлықтың әртүрлі түрлерімен («инновация», «ритуалдылық», «ретретизм») мұнда мақсаттар жоққа шығарылады немесе әдістер яки екеуі бірдей жоққа шығарылады. Екінші бағыт жанжал теориясының шеңберінде қалыптасты. Бұл пікірге сүйенсек, мінез-құлықтың мәдени үлгілері ауытқу болып табылдаы, егер де олар басқа бір мәдениеттің нормаларына негізделген болса. Мысалы, қылмыскер нақты бір субмәдениеттің өкілі – тасымалдаушысы ретінде қарастырылады, басты болып есептелінетін қоғамдағы мәдениетке жанжалды болып табылады. Девиация себептерін оқуда, зерттеуде тағы бр бағытын австриялық жеке тұлғаның психологиясының теоретигі Виктор Франкл, логотерпия негіздерін өңдеп шығарды, ал ол өз кезегінде адамдардың өмірінің мәнін жоғалтқанда пайда болған проблемаларды шешуде өте пайдасы мол құрал ретінде өзін көрсете білді. Франклдың экзистенциалдық анализі мен логотерапия теориясы адам мәніне, табиғатқа деген көзқарастарды құрайтын күрделі жүйені құрайды. Қазіргі отандық социологияда Я.И. Гилинскийдің позициясы сөзсіз қызығушылықты тудырады: девиацияның шығу тегі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікте, әртүрлі әлеуметтік топтардың қажеттіліктерін қанағаттандырудағы мүмкіншіліктердің арасындағы айырмашылықтардың деңгейінің жоғарылығында. Бәрімізге белгілі кез келген іс-әрекеттер қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жасалынады.
Адамдар өздерінің материалдық жағдайымен көндігеді, өзінің тәуелділігіне, келешегінің жарқын болмауына көндігеді. Қазір ол бізге қауіпті ма? Өкінішке орай, иә. Адам өмір сүру үшін күреседі, бәсекелестерімен күреседі, жаймен өзінің барлық күш-жігерін алғашқы материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсайды. Қалғандарына оның күш жігері қалмайды немесе ол оған қызығушылығын жоғалтады. Адам қоғамындағы ең қарапайым нормалардың жаппай бұзылуы – адамдардың мәдени дңгейінің төмендеуінің айғағы. Қоғамның примитивтілігі әлеуметтік патологияның әртүрлі формаларын белгілі бір дәрежеде жақтап, қолдап, ақтайды, олармен күрес жүгізу түгілі оны сынға алуды доғарады. Апатия кеңінен тарап жатыр [2,98б.].