Өкінішке орай, жалпы нормативтік талаптарға сай келетін азаматтары бар бақытты қоғам жоқ. Әлеуметтік ауытқу термині индивидтің немесе топтардың іс-әрекеттері жалпы қабылданған нормаларға қайшы келуі, оның нәтижесінде бұл нормаларды олар бұзады. Әлеуметтік ауытқудың әртүрлі формалары бар: қылмыскерлер, аскеттер, әулиелер, гениийлер және т.б. Барлық уақытта қоғам адамзат тіршілігінің жағымсыз формаларын жоюға, алдын алуға мүдделі болған. «Әлеуметтік», «зұлымдық» проблемалары әрқашан ғалымдардың қызықтырған. Бір индивидтің әлеуметтік мінез-құлықта ауытқуы болуы мүмкін, екіншісі тұлғалық ұйымда, үшіншісі әлеуметтік санада. Әлеуметтанушыларды ең алдымен мәдени ауытқулар қызықтырады, яғни нақты әлеуметтік қауымдастықтың мәдениет нормаларынан ауытқуы. Әлеуметтану ғылымында арнайы әлеуметтік теория – девианттық мінез-құлық әлеуметтануы туып, қалыптасқан латынның deviatio – ауытқу. Ауытқыған мінез-құлық әлеуметтануының бұлақ көзінде француз ғалымы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) болған – француз әлеуметтанулық мектебінің негізін салушы. Ол «әлеуметтік аномия» түсінігін алға тартқан, оны «көне нормалар мен құндылықтар қазіргі шындық жағдайындағы қарым-қатынастарға сәйкес келмейді, ал жаңалары әлі сіңіп үлгермеген». Ауытқыған мінез-құлық теориясы тәуелсіз, дербес ғылыми бағыт ретінде қалыптасуында Р.Мертонның және және А.Коэнның еңбектері орасан зор. Әлеуметтік құылымның кейбір қоғамның мүшелерін қалайша ауытқыған мінез-құлық танытуға жетелейтінін талдаған. Девиацияның анықтамасына Г.А. Аванесов кеңінен трактат береді: «Ауытқыған мінез-құлық дегенде қоғамдағы берілген нормалар мен типтерге сай келмейтін іс-әрекеттерді түсіндіреді, яғни әңгіме, кез келген әлеуметтік нормаларды бұзу жайлы. Әлеуметтік ауытқулар индивидуалды мінез-құлық саласында болуы мүмкін, олар нақты адамдардың іс-әрекеттерін қоғамда қоғамдық нормалармен қатаң тыйым салынатын әрекеттерін қамтиды. Сонымен бірге әрбір қоғамда көптеген ауытқыған субмәдениеттер бар, олардың нормалары қоғамдағы жалпы қабылданған басты қоғамдық моральмен сыналады. Мұндай ауытқулар топтық болып табылады. Берклидегі (АҚШ) Калифорниялық университеттің әлеуметтану профессоры Нейл Джозеф Смелзердің айтуынша девиация анықтамаға әрең келеді, яғни ол мінез-құлық күтулердегі анықсыздығы мен көптүрлілігімен байланысты. Девиацияның әкелері: изоляция, емделу, дұрысталу немесе басқа жаза. Смелзер девиацияның негізгі үш компонентін айтады:
а) нақты мінез-құлыққа ие адам;
б) девианттық мінез-құлықтың бағалау критерийі;
в) нақты мінез-құлыққа жауап беретін, басқа топ немесе ұйым;
Осылайша социологияда девианттық ауытқыған мінез-құлық адамның іс-әрекеттері әлеуметтік күтулерге сай келмейтін болып табылады. Ауытқыған мінез-құлық әрқашан нақты қоғамда қабылданған мәдениет тұрғысынан бағаланады. Бұл бағалаудың мәні: кейбір ауытқулар сынға алынады, ал кейбіреулері жақталады. Мысалы, дүние кезіп жүрген монах нақты бір қоғамда әулие болып саналады, ал басқа қоғамда – істейтін тірлігі жоқ керексіз жалқау. Бізді құқық қорғау саласының қызметкерлері секілді ең алдымен девианттық мінез-құлықтың жағымсыз, негативті себептері қызықтырады. Соңғы жылдары девианттық мінез-құлық жаппай сипат ала бастады және девиацияның проблемалары оның шығу тегі әлеуметтанушылардың, әлеуметтік психологтардың, денсаулық сақтау қызметкерлерінің, криминологтардың басты назарын аударды. Жағымды, позитивтік девиациялардың өсуімен қатар (саяси белсенділік, экономикалық белосенділік және т.б) жағымсыз, негативті девиациялар күшеюде – қылмыстық, маскүнемдік, нашақорлық, аморальдық. Бұндай әлеуметтік құбылыстарды тудыратын жағдайлар мен факторлар себептерін түсіндіру қиын мәселе болды. Оны қарастыру бірқатар фундаментальды сұрақтарға жауап іздеуге итермелейді, олардың арасында «әлеуметтік норма» категориясы және одан ауытқу сұрағы. Тұрақты түрде дамып жатқан қоғамда бұл сұраққа жауап азды-көпті анықталған. Әлеуметтік норма заңдарда, салт-дәстүрлерде, әдет-ғұрыптарда қолдау табады және көрінеді, яғни көпшіліктің өмір сүру салтына, тұрмысына енген. Қоғамдық пікіп тарапынан қолдау табады. Ауытқу нормадан тыс өмір сүрмейді. Норма түсінігі қиын, күрделі және дәл анықтамасын дөп басып айтуға келмейді. Шындығына келген кезде ешқандай норма жоқ, оның нақты созылған ережесі мен шекарасы жоқ. Ауытқу нормадан әртүрлі деңгейдегі, қашықтықтан, көптеген вариациялары бар. Нормадан айтарлықтай ауытқуды оңай анықтауға болады. Айтуға тұрмайтын ауытқуларды анықтау қиынға соғады. Бірақ реформаланған қоғамда, бір нормалар жойылып, орнына басқа нормалар қабылданбаған қоғамда норманы қалыптастыру, қолдану өте күрделі жұмыс болып табылады.
Кеңес дәуірінде қалыптасқан нормаларды жойып, біз қарқынды түрде дамуымыздың қазіргі кезеңіне жаңа нормаларды қалыптастыру үшін назарымызды Батысқа немесе революцияға дейінгі өткенге аударамыз. Мемелекеттің дамуының қысыл таяң сәттерінде қылмыскерлік кеңінен жайыла бастайды. Мысалы, әлеуметтанулық зерттеудің нәтижесі бойынша ¼ респонденттер заңға қайшы әрекеттер жасағанын мойындайды, бірақ тұтастай алғанда бұл әрекеттерді өзінің жас когортасына қалыпты деп бағалайды. Нақты жағдайда біз «девиацияның институциаландыру» феноменімен кездесеміз [1,520б.].