Қазақ қыздарының қолөнер саласындағы білімдерін қалыптастыру

Қазақ халқының қолөнері ғасырлар бойы халықпен бірге дамып келе жатқан дәстүрлі өнер.

Қолөнер қол еңбегі. Адам баласын еңбектенуге тәрбиелейді. Қолөнер бүкіл әлем халықтарының тамашалайтын көрмесі.

Қолөнер- ата-бабамыздың ұшқыр қиялынан шыққан, үлкен даналық ойынан, қажеттілігінен туындаған өнер туындысы.

Қолөнер-атадан – балаға мирас болып келе жатқан асыл мұра. Әр халықтың ғасырлар бойына жинақталып, белгілі бір жүйеге түскен рухани өмірінің ұлттық мәдениеті бар. Мол рухани мәдениетінің маңызды бір саласы – қолөнер. Қазақ халқының шеберлік өнері еңбек барысында туды және тұрмыс тіршілігінде қолданылатын өнермен тығыз байланысты.

Қолөнер – ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан халық шығармашылығы. Ол талай ғасырлар кезеңінен өтіп, түрленіп, жаңарып келіп, атадан балаға қалған мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі өнер.

Ол арқылы біз үлкен рухани эстетикалық тәлім алып, өнер әлеміне қанат қағамыз.

Өзге халықтар сияқты қазақтың да қолөнер шеберлігін үйретуде ерте заманнан бері жиып-терген мол тәжірибелері бар.Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі, өнерлі болып өсіруін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, насихаттап үйретіп келген.

Қазіргі кезде сол ұлттық қолөнерді жас ұрпақтың бойына дарытатын, үйрететін білім ортасы. Олай болса «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген халық даналығын басшылыққа алып, жас ұрпақты тәрбиелеуде, дамытуда, қалыптастыруда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбие құралдарын(тіл, дін, өнер, үлгі өнеге) орнымен пайдалану, бүгінгі күн үшін де ерекше маңызды.

Жаңа туындының тамыры көне дүние тарихы мен терең астасқан сайын ол сол ортаның идеологиялық және рухани жағдайына лайықты мазмұны мен мағына беруі тиіс.Демек,әр өнер шеберінің қолынан шыққан туынды ата-бабадан қалған мол мұрадан нәр алып, жаңа өмірдің жаңа талабына сай болуы керек. Осы тұрғыдан мұғалім ретінде қолөнері технологиясын үйрету барысында шәкірттердің шығармашылық ойлау қабілетін арттырып, жаңа үлгіде жаңа технологияны пайдалана отырып, әдемілікке, сұлулыққа баулып, мамандығын таңдауға ықпал етуге және де өз беттерінше ізденіп шығармашылық жұмыс жасауға жағдай жасап, одан әрі қарай дамытуға мақсат қою.

Дәстүрлі қолөнерімізді дамытып, жас ұрпққа ұлттық тәлім-тәрбие берудің маңызы зор. Бүгінгі қолөнердің халық қажетін өтейтін тамаша үлгілер көп-ақ . Осындай мәдени мұраны көне деп қарамай, оны байырғы байлығымыз деп бағалап, халқымыздың тұрмысына,қажетіне тиімді пайдаланып, сол жолда оқушыларды эстетикалық жағынан тәрбиелеп, он саусағынан өнер тамған қыздар тәрбиелеу басты мақсатымыз халық өнерін игеруге,үйренуге деген қыздардың ұмтылысы көңілге керемет сезім ұялатады. Сондай-ақ көшпелі өмірге бейімделіп,мал бағумен айналысқан ата-бабамыздың қолөнердегі шикізаты жүн болған,және ши тоқып, бұйымына жаратқан.Әр ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ұмытылмай келе жатқан өнері. Оның өмір тұрмысының көрінісі, заманы көшінен қалып қоймай қай кездеде халық қажетіне жараған.

«Өнер көзі халықта» алдымен өнерді халықтан үйреніп,көне мұрасын жаңғыртып, ізденіп іске асыру перзенттік парызымыз деп түсіну керек. Осыған орай қазіргі қоғамымыздың талабы- қолөнер дүниелерін топтастырып, жинақтап, жүйелеп заман талабына сай түрлендіріп тұтыну. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие ісіне ерекше мән беріліп отыр.

Себебі, қазір жас- өспірімдердің ой-өрісі тарылып, еш нәрсеге мән бермей, қызықпай, қылмыс жасауы көбейіп отыр. Біздің қазақ халқы « Қыз- үйдің құты» — деп, ерте дәуірден – ақ қызды ес білгеннен баста, әр түрлі өнерге баулып, ерекше тәрбиелеп өсіру, дәстүр тарихынан мәлім.

«Өнер таусылмас қазына, жұтамас байлық » — дейді дана халқымыз. Қазақ қолөнері өзінің төлтума бітім қаиетімен, көркемдік мән-мағынасымен, шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамына өткен асыл қазынасы. Қолөнер- халық өмірімен тұрмысымен бірге жетіліп, бірге қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдары әсемдігі, өрнегі, тұрмысқа сән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген.

Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан- ұрпаққа беріліп отырады. Еңбектің өзі баланы қолөнерге баулуда қазақ халқының мәдениетімен тұрмыс тіршілігінің әрі қарай дамуы, түрлі шығармашылық табыстардың жетістігі болады. Сондықтан баланы еңбекке баулуда ең алдымен,, оған үлгі алатындай жағдай туғызып, халық өнерінің әсемдік құпиясын ашып көрсету керек. Қазақтың тұрмыста қолданылатын ұлттық бұйымдарын біліп, оларды әшекейлеуді, сапалы өнім дайындауда шеберлікке, ұқыптылыққа үйрету, қолөнерге деген сүйіпеншілігін арттыру.

Қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеу, келешек ұрпаққа өнер туындылары арқылы эстетикалық талғамын бейнелеу. Халық қолөнері – дүние жүзінің әр халқына тән ғасырлар мұрасы. Ұлттық өнердің өзіндік ерекшелікпен қалыптасуына үлкен әсерін тигізетін жайт көп ғасырларға созылған көшпелі өмір.

Қолөнер- атадан- балаға мирас болып келе жатқаан асыл мұра десек, қазіргі таңда жас ұрпақты ата-бабаларымыздың сәндік қолданбалы қолөнер түрлерімен , халық шеберлерінің тамаша шығармаларымен таныстыра отырып, ұлттық қолөнерге баулу басты міндет.

Ата- бабамыздың қалдырған бай мәдени мұрасының тарихын байыпты зерттемей жаңа өмірдің талабына лайық туынды жасау мүмкін емес. Атадан- балаға жалғасып келе жатқаан ұлттық қолөнерді өткен ғасырда жоғалтып ала жаздап егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді, рухани сән-салтанатымызды тұрмыс-тіршілік болмысымызды қайта жандандырып, қазақ қолөнері қайтадан ел арасына, білім ордасына бірте-бірте тамаша үлгілерімен еніп , шәкірттергеее жан-жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпындырып отыр.

Қазақ халқының көне дәуірден өшпес мұрасы болып, ұрпақ-тан-ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, өзіндік тарихымен, әдет-ғұрпымен, сәндік, көркемдік жолымен, көшпенді елімізді бүкіл әлемге өзінің ерекшелігімен таныта білген — қолөнері.

Киіз басу, сырмақ басу, текемет, алаша, шым-ши, аяққап, құрақ көрпе және ұлттық киімдер мен кілем тоқу сияқты күні бүгінгедейін өз маңызын жоғалтпай келе жатқан сондай дәстүрлі қолөнер үлгілерін үйрету баланы еңбек сүйгіштікке, әсемдікке талпындырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды. Оның үстіне ұлттық қолөнер өзінің тарихы терең мазмұны сан қилы ерекшеліктермен болашақ жастарға рухани, эстетикалық, эмоционалдық, интелектуалдық тұрғыда әсер етіп олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамыта түсері сөзсіз.

Сәндік қолөнерге үйреткенде белгілі шеберлердің туындыларына талдау жасап, мүмкіндігі болса еңбектерін көрсетіп, мұражайларды аралатып немесе шеберлердің жеке көрмелеріне апарып, шәкірттердің қызығушылығымен ой-өрісін ояту қажет деп санаймыз.

Қазақ халқының қолөнерін дамытып, оны әлемдік дәрежеге шығарған, еліміздің мақтанышына айналған, арттарына ешпес мұра қалдырған көптеген шеберлерге тоқталуға болады. Олар ер-тұрман шеберлері Зайсан жағасының, Шығыс елінің мақтанышы болған Нәби Кәрібаев, Жетісу аймағына ұсталығы мен зергерлігі танымал Жәмәли Тараубайұлы, Баянаула, Қарқаралы, Ертіс өңіріне зергерлік өнерімен аты шыққан Құлмағамбет Байпақүлы, зергерлер Әбдікәрім Есалин, ағайынды Мақат, Қадыр Байжановтар, Жезқазған, Үлытау аймағына аты танымал зергер Д. Садықов, Байман Алтаяқов, Тор-гай, Жетіқара ауылына атағы мен ұсталығы дарыған Ж. Жүмабаев, F. Аманов, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе аймағына күмбез, сәулет өнерлерін дамытқан, солардың майталман шеберлері атанған Мүқаш, Елеш, Бейімбет, Сахи Байтаниязов, Назархан Екпенбетовті, Семей, Аякоз, Шүбартау өңіріне әйгілі үйші, ерші атанган Әмірғазы Жа-қыпүлын, үста Оразбай Мүқайүлын атауға болады.

Тек ғалымдар ғана емес, қолөнерді 1970 жылдардың аяғынан, Кеңес өкіметінің ықпалына қарамай, енерді сүйген жүрегінің күшімен, қолының іскерлігімен дәріптеп келе жатқан қолөнердің шебері — бүгінгі жастардың үстазы Дәркенбай Шоқпарұлы.

Ол қазақ мүражайын жөндеуден бастаған еңбегін онердің өшіп-сөніп, жоғалып бара жатқан түрлеріне арнап, соларға зерттеуші-суреттеуші ретінде баға беріп талдап, қалпына келтіріп жандандырды. Жаңа мемлекетте, жас елде коне онер түріне сүйіспеншілдік, оны үйрету процестері көптеген елді мекендерде, ауыл-қалаларда тез дами бастады. Мектептерде үйірмелер, арнаулы сабақтар жүргізіліп, көрмелер ашылды. Көптеген шағын кәсіпорындар, кооперативтер киім, кілем, ағаш бүйымдарын, теріден, киізден жаңа түрғыдағы, соны үлгідегі бүйымдар шығара бастады.

Алматы қаласында Алатаудың көкжасыл бөктерінде «Көкшоқыда» шеберлер ауылы қүрылып қоныс тепті. Бүған республиканың түпкір-түпкіріндегі ұсталар, зергерлер, кілемші-тоқымашылар, тігіншілер шақырылып, жүмыс істеліп шеберліктерін арттыруына мүмкіндіктер жасалды. Міне, осындай шеберлердің арасында Семей облысының Таскескен ауылынан келген Нүргалиевтар әулетін ерекше атап кетуге болады. Жүмағазы ақсақал озінің зейнеткерлігіне қарамастан бар баласын жиып, өнерді дамытып, соны жандандыру үшін, жастарға ақылшы-үстаз, ауыл атасы болып көш бастап отыр. Қазақ халқының қолонерінің ішінде ағашты, киізді, темірді үқсату, оларды өңдеп түрмыс қажетіне қосып іске асыру, үй жиһаздарын, бүйымдарын жасау тек нағыз шебер-үйшілердің ғана қолынан келген.

Үйші-үсталар киіз үйдің сүйегін арнайы дайындаған агаштардан кептіріп, морға салып иіп, сырлап жасаған. Киіз үйдің ағаштан қүралатын бөлігіне шаңырақ, кереге, уық, есік жатады. Әрбір киіз үйдің іші жиһазсыз болмаған, оған жүкаяқ, ағаш төсек, жастық агаш, кебеже, күбі, әбдіре жасалып киіз, үйдің төрінен бастап босағасына дейін сәніменен орын алған. Үйшілермен қатар, көшпенділер өмірін, салтын-дестүрін корсететін, айрықша бейнелейтін қолөнердің бір көне көзі — ершілер өнері. Қауырсынын үшар алдында қамдап баптаған сүңқардай, көңіл боліп, аттың жауырынын соқпастай, өкпесін қақпастай арнайы ер-тоқымдар, жүген, ноқта, құйысқан дайындатқан. Сәйгүліктердің көздің нүрынан өткен сүлулығын толықтырып түратындай күмістенген, алтынданған ер-турмандар, қызғылт қайыстан өрнектеліп өрілген жүген, қүйысқан, өмілдірік, бедерленіп таңба басылған тебінгі, тоқымдарды ерекше атаған жөн. Ерші-үста-зергерлер жылқы малының осы сұлулық қасиеттеріне әдемілік пен көркемдікті ұштастырып, асқан шеберлікпен, әр бүйымға сай сәйкестікпен небір әсем әбзелдер жасаған.

Біз қолөнердің әрбір саласьна тоқтауды мақсат етпедік. Қазақ өнері — бай, классикалық негіздегі іргелі өнер. Оның бәрін қамту мүмкін емес. Қазақ халқының өнерін, іскерлігін, өнер шеберлерінің қолынан шыққан алуан түрлі заттар мен бұйымдарды айтып, бұрынғысымен салыстырып, ұлттық өнерді сүюге, құрметтеуге баулу, бүгінгі шәкірттерді ертеңгі еңбеккер, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелейді, шәкірттердің жүрегіне жол тауып, олардың бойында еліне, жеріне, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін, құштарлығын арттыру, қазақ қолөнерін жас жеткіншектердің санасына жеткізудің құралы.