Қазақстан және ТМД-ның экономикалық қатынастарының болашағмен мақсаттары

Қазақстанның Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған ЕАО жобасы ТМД-ның басым жактарын дамытуға бағытталған, яғни «бұл дегеніміз — әлеуметтік-экономикалық құрылым мен экономиканың жоғары дәрежедегі интеграциялануы және жалпы тарихи-мәдени дәстүрлерді, тұрғындардың ділін дамыту». Еуразиялык, Одақ — ТМД-нан мүлде баскаша одақ. Өйткені Еуразиялық Одақтың негізінде экономикалык, қорғаныс, сырткы саясатты реттеуді мақсат тұтқан халыкаралық органдарды кұру жатыр. Стратегиялық мәселелерді талқылау үшін ЕАО үкіметі мен мемлект басшыларының кеңесін кұру жоспарланып отыр, сондайақ Еуразиялық Одаққа кіретін елдердің заң шығару кызметін қадағалайтын жалпы парламентке тікелей сайлау өткізу де басты назарда. Осының өзінде Еуразиялық Одаққа мүшелік кайсы бір екіжақты қарым-қатынастардың үшінші елдермен орнатылуына еш кедергі келтірмейді. Ұсынылып отырған Одақтың негізгі принципі — теңдік, мемлекеттердің егсмендігі мен тәуелсіздігін, әрбір мемлекеттің жекелігі мен тұлғалык кұкығын сыйлау.

Әскери салада қорғаныс министрлігінің Ксңесі баскаратын әскери-корғаныс кешенін құру көздслген, сыртқы саяси қызметті реттеу сыртқы істер министрлігі Кеңесіне жүктеледі. Күнделікті жұмыстарды аткару үшін Еуразиялык Одақтың мемлекетаралық атқарушы секратариаты кұрылуы мүмкін, ол тұрақты нсгізде жұмыс істемек, оның кұрамын мемлекет басшылары айқындайтын болады. Бұл орган БҰҰ мен ОБСЕ-да бакылаушы мәртебесін иемденуі кажет.

Аткарушы секретариаттың кұрамы акпараттық бюроға маңызды орын беруі мүмкін. Ұлттық азшылыктардың құқыктарын корғау мен жүзеге асыру және келісілген білім саясатын қалыптастыру мақсатында білім, мәдениет жәые ғылым Кеңесін құру келелі істердің бірі. ЕАО-ның құрылуы осы Одақтың барлық мүшелері үшін жалпы құжат пен азаматтықты кіргізуді, сондай-ақ экономикалык реформалардың келісілген міндстті бағдарламаларын жасауды, халыкаралық валютаны кабылдауды көздейді

Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1993 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының 47-ші Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде: «Біздің достастыктың іргелі шаңырағы әзірге Еуразияның осы бөлігіндегі халықтар мен елдердің өзара әрекет етуінің ғасырлар бойғы дәстүрлерін толығымен есепке алмай отыр. ТМД-да еркін нарық экономикасы мен демократияға өту процессі әлеуметтік-экономикалык және саяси тұрақсыздыктың өсуімен, қазіргі даудамайлардың өршуімен және жаңаларының тууымен ерекшеленеді», — деп атап өтті. Сонымен катар 1994 жылы Н. Назарбаев ұсынған «Мемлекеттердің Еуразиялық Одағын кұру туралы» жобасы ТМД-ны құртуды білдірмейді, себебі, жобада көрсетілгендей: «ТМД мемлекетаралық бірлестік ретінде оған кіретін мемлекетаралық қатынастардың кұкықтық дайындалуында үлкен роль атқарады. ТМД-ның мүмкіндіктері олі тұгесіле қойған. жоқ». Мұның үстіне, Еуразиялық Одакка мүше-мемлекеттер ТМД-мен қатар баска да интеграциялық бірлестіктерге қатыса алады, сонымен бірге ассоциациялык немесе тұрақты мүшелік негізінде бакылаушы мәртебесіне де ие.

Еуразиялык Одақ — бұл кеңес дөуірінен кейінгі кеңістікте
тұрақтылыкты және міндеткерлікті, әлеуметтік-экономикалық жақсартуларды нығайту максатына бағытталған интеграцияның жаңа түрі. Еуразиялык, кеңес дәуірінен кейінгі кеңістік үшін ХХ-ХХІ ғасырлар арасы жаңа мемлекеттердің тәуелсіздік пен егемендік алуындағы тарихи дәуір ғана емес, сондай-ак әлеумсттік-экономикалық тұрактылықтың жаңа түрін іздеу кезеңі болды.

Тәуелсіздік Мемлекеттер Достастығы саяси, әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды шешу барысында ғана емес, сонымен катар экономикалық интеграция моделін таңдау мәселесінде де шым-шытырыққа, түйыкқа тірелді. Кеңес дәуірінен кейінгі мемлекеттердің саяси зиялылары әуелі қазіргі өркениеттің және ұлттык дәстүрлердің құндылықтарына негізделген жаңа қоғамдык сананы калыптастырмаса, мемлекеттік құрылысты құрудағы кез келген бастамалардың тиімсіз болатынын дұрыс түсінеді.

Казақстан да дәл Ресей секілді Еуразияның орталыгы, ендеше, ол да геосаяси базисті таныта отырып, болашақтағы Еуразиялық Одақтың кұрылымдары айналып тұратын алтын діңгек болып табылады. Бұл құрылымдар алғашқыда әлеуметтік-экономикалық интеграцияның аймақтық орталықтары болып есептелінеді, олар болашақта қуатты саяси-экономикалық бір одаққа бірлесе алады, осылайша экономикалык бүкіл әлемдік және аймақтық экономикалық интеграция (әлемдік дамудағы негізгі бағыттар болып есептелінеді) тұрғысынан алғанда әлем тағдырында орасан роль атқаруы мүмкін.

Жаңа тәуелйз мемлекеттер әлеуметтік-экономикалык интеграция мәселелерін шеше отырып, ортақ бір мақсатқа жұмылған, оны мыналар анықтайды:

  • XXI ғасыр басында тұрақтануды қамтамасыз ету, одан әрі экономикалык өсуге қол жеткізу;
  • инфляцияның жылдық қарқынын төмендетуді жалғастыру;
  • қаржы секторы мен өнеркәсіптерді реформалау;
  • өндірістік инфрақұрылымды жаңарту;
  • құрылымдык-институционалдық реформаларды жалғастыру, тиімдігілі жоғары бәсекелік мүмкіндігі мол өндіріс орындарына тура инвестициялар ағынын кұятын және инвестициялық белсенділіктің өсуін ынталандыратын жағдай жасау;
  • іскерлікті колдаудың мемлекеттік саясатын нығайту, бірінші кезекте ұсақ және орта бизнесті қолдау;
  • мемлекеттік билік институттарын, заңдылық пен тәртіпті, төлем және каржы тәртібін нығайту, экономиканы мемлекеттік реттеу механизмдерін жетілдіру;
  • жергілікті мекемелерге орталық мекемелердің кейбір баскару міндетін тапсыруды күшейту, жергілікті органдардың атқару биліктерінің кызметін нығайту мен кеңейтуге бағытталған реформаларды жүзеге асыру.

Еуразиялык интеграцияның өте күрделі жол таңдағаны анық, бұл жерде табыска жүз процент қол жететініне кепілдік жок, тек қана прагматизм, жалпы игілік үшін ынтымақтасудың кажеттігін

түсіну жөне шыдамдылық ТМД-ға өтпелі кезенді ауыздықтап, өз
мемлекеттерінің жалпы өркендеуіне қол жеткізуге көмектеседі.

Қазіргі халықаралық қатынастарда интеграция көп қырлы, жан-жақты және кешенді процесс. Интеграция бірігуші елдердің жалпы және арнайы ерекшеліктерін есепке алуы қажет. Мемлекет ішіндегі және мемлекетаралық интеграциялардың айырмашылықтары бар, осы екі процесс диалектикалык жағынан бір-бірімен матаса отырып, жекелеген елдердің, мемлекет топтарының, аймактық қоғамдастықтардың және жалпы халықаралық қатынастардыд жүйесінің қызмет етуін сипаттайды. Соғыстан кейінгі жылдары қалыптаскан ұлттық, экономикалык және саяси жүйелердегі бүкіл олемдік бірігу және халықтардың туыстық араласу процесстерінің белсене жүзеге асуына байланысты объективті өзгерістер халықаралык қатынастарда пайда болған кұбылыстарды концептуальды түрде ойлау кажет екендігін байкатады. Саясатшылар мен ғалымдардың арасында дүниеге келген интеграция идеясы теориялык қалыптасу мсн ғылыми болжауды кажет етеді.

Әртүрлі мектептердің шеңберінде пайда болған интеграцияның көптегеп саяси теориясы осы көпкырлы процесстің ерекшеліктерін айкындауға тырысты. Соган карамастан, бүгінге дейін мемлекетаралық интеграцияның тұтас тұжырымы жасалған жоқ. Мүмкін, ол аталмыш процесстің әлемнің әртүрлі бөлігінде объективті арнайы ерекшеліктерімен отіп жатканына байланысты болар.