Ұлттық экономика дамуының, оны реформалаудың кезек күттірмес мәселелері Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын мейлінше күшейтуді талап етеді. Бұл байланыстар халык,аралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын пайдалануға жетелейді.
Қазақстанның экономикалық мүлделерінің күрделілігі және көптүрлілігі дүниежүзілік қоғамдастықтың даму дәрежесі әр деңгейлі елдерімен экономикалық ынтымақтастықты қалыптастыруды талап етеді. Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, әрбір елдің халықаралық еңбек бөлінісіне нақты қатысу мүмкіндігі оның экономикасының экспортқа бейімділігімен анықталады.
Елдің экспортқа бейімділігі салыстырмалы артықшылықтары бар өндірістер мен құрылымдарды мейлінше жандандырып, дамытуға қолайлы жағдайлар жасайды. Ал, мұның өзі өз кезегінде елдің экономикалық ресурстарын толық және тиімді пайдалануға жол ашады.
Қазақстан мен дамушы елдер экономикаларының бірін-бірі толықтыру мүмкіндіктері жеткілікті. Оларға қойылатын дүниежүзілік рынок талаптарының ұқсастығы, өзара мүдделілік т. б. дамушы елдермен сауда-экономикалық қатынастарды көптеген позициялар бойынша өрістетуге ынталандырады.
Мамандардың айтуынша дамушы елдердің рыногы Қазақстан экономикасына қажетті құрылымдық өзгерістер мен экспортты диверсификациялауды жүзеге асыру үшін мейлінше қолайлы. Жалпы, Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын кеңейтудің негізгі екі жолы бар. Біріншісі, отандық тауарлар құрылымын жетілдіру, екіншісі сыртқы сауда операцияларының географиялық ауқымын кеңейту. Аталған бағыттар өзара байланысты.
Қазақстан экспортын дамыту жөнінде сөз болғанда, ең алдымен елдің шикізат ресурстарын экспорттаудың ұтымды бағыттарын қарастыру қажет. Ел экономикасының мүдделеріне сай сыртқы сауда-экономикалық байланыстарды қалыптастыру үшін объективті мүмкіндіктердің бәрі бар. Оларға, ең алдымен Қазақстанның табиғи қазба байлықтарының мол қоры жатады. Пайдалы қазбалардың зерттелген қоры бойынша Қазақстан дүние жүзіндегі ең бай елдердің қатарынан орын алады. Менделеев кестесіндегі 115 элементтің 99 элементі республика қойнауынан табылды, оның 70 түрінің қоры анықталган, 60 түрі өндірістік әдіспен қазып алынуда. Мұнай, газ, марганец, хром, фосфор, темір рудалары, вольфрам, молибден, қорғасын, көмір запастары бойынша Қазақстан дүние жүзі елдерінің бірінші ондығына кіреді. Сонымен қатар, Қазақстанның дамыған пайдалы қазбалар шығару өнеркәсібі бар. Шикізат экспортының өсуіне дүниежүзілік рыноктағы оған деген сұраныстың төмендеуі кері эсер етіп отыр. Сондықтан Қазақстан шикізатына қызығушы елдердің сұранысын тұрақты түрде ынталандыру үшін оны өңдеудің технологиясын мейлінше тереңдету қажет. Мысалы, алтын запастары бойынша Қазақстан дүние жүзіндегі алтын өндіруші елдердің бірінпгі ондығына кіреді, дегенмен оны өңдеу жұмыстары енді ғана қолға алына бастады. Түпкі нәтижелерге, түпкі тиімділікке ұмтылу қазіргі күннің басты талабы. Экспорт саясатында жаңа географиялық кеңістіктерді игеруге ұмтылыс, дамушы елдермен де байланыстарды нығайтуды көздейді. Бұл мәселенің тағы бір жағы — өнеркәсібі дамыған елдер біздің олар үшін тек шикізат базасы болып қала бергенімізді қалайды. Ол елдердің өңдеуші, ұқсатушы өнеркәсібі бұрыннан қалыптасқан, тиімді жұмыс істейді. Дамыған елдерді Қазақстан арзан шикізат көзі ретінде ғана қызықтырады. Сондықтан, Қазақстанның экспорттық саясаты ескі байланыстарды сақтай отырып, халықаралық экономикалық қатынастарда жаңа әріптестерді табуға бағытгалуы еліміздің экономикалық өсу ұмтылыстарына сай келеді. Дәл осы тұрғыдан Қазақстанның дамушы және “жаңа индустриалды» елдермен экономикалық қатынастарын жандандыру болашағынан көп үміт күттіретін процесс болмақ. Мұның өзі Қазақстанның негізгі стратегиялық мақсаты — ұлттық экономиканың аграрлы-шикізат құрылымын өзгерту үшін өте қажет мәселелер.
Импорттық саясатта мемлекеттің өмір сүруіне қажет өнімдерден өзгелеріне икемді әкімшілік-экономикалық саясат устану керек сияқты. Себебі, импортты ынталандыру, практика көрсетіп отырғанындай ұлттық іскерлікті дамытута зиянын тигізеді.
Әрине, рыноктық экономиканың заңдылықтарынан жасырынып, бұғып қалу еіпкімнің қолынан келмейтін іс, дегенмен шетел тауарларымен бәсекелік күреске түсе алатындай ұлттық өндірістің алғы шарттарын жасаудың орнына оларды тұншықтыра бергеннен келер пайда жоқ. Импорттық тауарлардың кейбір түріне жоғары кеден бажын салу арқылы, дәл сол тауарлардың улттық өндірісін қалыптастыруда мемлекеттік реттеу шараларын қолдану артык, болмас еді. Қазақстан экспортының тауарлық қурылымы 1996 жылы мынаны көрсетті: 48% — астық экспорты, 32% — химия және тусті металдар экспорты, 9% — сирек металдар экспорты.
Дамушы елдермен экономикалық қатынастарды қалыптастырып, жандандыруды ол елдерден халық тұтынатын тауарлар, техника мен технологияны импорттау мәселесіне де зер салу қажет. Бул мәселені шешу барысында өнеркәсібі дамыған елдердің іс-тәжірибесінен уйрену артық болмайды. Ең алдымен дамушы елдермен бірлескен кәсіпорындар қуру, сол себепті капиталдарды шоғырландыруды жүзеге асырған жөн. Екіншіден, импорт тепе-теңдігіне жету бағытында Қазақстанмен сауда балансы оңды елдерден импортты балансы теріс елдерге қарай аудару да естен шықпағаны дурыс.
90-жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, дамушы елдерден, әсіресе “жаңа индустриалды елдермен» өнеркәсіп өнімдерінің, киімнің, аяқ киімнің, күнделікті қажет тауарлардың кең ассортиментін алуға мумкіндік бар.
Дамушы елдермен экономикалық қатынастарды кеңейтуде екі жақты және көп жақты ғылыми-өндірістік ынтымақтастықты дурыс жолға қоюдың да әкелер пайдасы жоқ емес. Мұндай ынтымақтастықты ең алдымен улы көршіміз Қытаймен, Түркиямен, Парсы шығанағы елдерімен қалыптастырған жөн болар еді.
Дамушы елдермен экономикалық байланыстарды нығайту ушін жүйелі әрі ғылыми дәйекті стратегиялық бағыттың бағдарламасы қажет.