Халықаралық еңбек бөлінісінде шаруашылық қызметгің көптеген сфералары қатысады. Соның ішінде ең алдымен шикізат пен дайын өнімдер өндірісін атап айту керек. Себебі, булар халықаралық сауданың негізін қалайды, сөйтіп дамушы және басқа елдер арасында экономикалық ресурстардың ауысуып қамтамасыз етеді. Дамушы елдер үшін, әсіресе, олардың ең кедей топтары үшін бул қаржы-валюталық табыстың сенімді көзі. Дегенмен, өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында материал және энергия сыйымдылығының төмендеуіне байланысты халықаралық саудадағы табиғи ресурстардың ролі кему үстінде. Мысалы, 90-жылдардың басында табиғи шикізаттың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 25% болды. Сонымен қатар дамушы елдердің өздерінің арасында да дәстүрлі тауарлар улесінің арасалмағы айтарлықтай өзгерістерге ұшырап жатыр. Айталық, 70-90 — жылдары дамушы елдердің жалпы экспорты көлемінде Африка елдерінің үлесі азайды. Олардың үлесі екі еседен артық,
17%-тен 8%-ке дейін кеміп кетті. Керісінше, азиялық елдердің үлесі үнемі арту үстінде. Шикізатты экспорттаушы-дамушы елдер қазірдің өзінде дүниежүзілік рыноктағы позицияларын тұрақтандыру үшін қосымша экспорттық мумкіндіктерді шуғыл іздестіруде. Бұл орайдағы басты бағыт экспортты диверсификациялау болып отыр. Экспортты диверсификация-лаудың мәні шетке шығарылатын шикізатты барынша өңдеу, ұқсату, сөйтіп дүниежүзілік рынокқа өнеркәсіп өнімдерінің жаңа түрлерін ұсыну.
Көптеген проблемаларға қарамастан дәстүрлі тауарлар экспортын кеңейту ісінде дамушы елдердің дүниежүзілік рыноктағы үлесі бірте-бірте және үздіксіз артып келеді. Мысалы, 1992 жылы дәстүрлі тауарлар экспорты 1987 жылмен салыстырғанда 2,7%-ке өсті. Ал, 1993 жылы экспорт көлемінің тағы да 10%-ке өскені белгілі болды.
Соңғы жылдары дамушы елдерде жиынтық экспорттың құрылымын қайта қарау процесі жүріп жатыр. Айталық, 90-жылдардың бас кезінде дамушы елдердің экспортындағы өнеркәсіп өнімдерінің (түсті металдарды қосқанда) үлесі 57,7-ке жетті. Бұл үлес тұрақты түрде өсіп келеді. 90-жылдардың ортасында дүниежүзілік экспорттағы олардың үлесі 25%-тен асты. Өнеркәсіп өнімдері экспортында машиналар мен жабдықтар экспортының маңызды рөл атқаратыны белгілі. Соңғы 20 жылда олардың экспорттағы үлесі 90 есеге дейін артты.
Дамушы елдердің жалпы көрсеткіштерінің сыртында жекелеген мемлекеттердің экспорттык, мүмкіндіктері жасырын қалмас үшін кейбір мәліметтерді келтірейік. 1980-92 жылдары Иран, Конго, Лаос, Боливия, Парагвай сияқты елдердің халықаралық еңбек бөлінісіндегі үлесі шикізатты шетке шығару арқылы өсті. Басқа бір елдер дүниежүзілік экспорттағы өз үлестерін ұқсатушы өнеркәсіп өнімдерін қарқынды түрде шетке шығару нәтилсесінде арттырып отыр. Осы топтағы елдердің жетістіктерінің өзі әр қилы. Айталық, алғы шепте “жаңа индустриалды елдер» келе жатса, басқалары өздерінің экспорттық мүмкіндіктері көлемін біршама төмендетіп жіберді. Ондай елдердің қатарына, мысалы, Африкадағы ең ірі мемлекет Нигерия жатады. Бұл ел дүниежүзілік экспорттағы өз үлесінің кемуіне жол берді.
Дүниежүзілік экономикадағы дамушы елдердің жалпы сипаттамасына қарасақ, онда ең нашар дамушы елдер халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінен бірте-бірте ығыстырылатын жағдайға душар болуы әбден мүмкін.
Мұндай қорытындыға сауда және даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы конференциясының (ЮНКТАД) 1996 жылғы баяндамасының авторлары келген. Олардың пікірінше Букіл дүниежүзілік Сауда Ұйымының (БСҮ) Уругвай раунды шеңберінде қабылданған әлемдік сауда пакті бойынша ауыл шаруашылығы өшмдерін экспорттау үшін берілетін субсидиялар (жәрдем ақша) қысқарады. Бұл шешім нашар дамушы елдер үшін күшті соққы. Себебі, астықтың, қанттың, еттің т. б. азық-түліктің өзіндік құны жоғарылайды да соған сәйкес ең кедей елдердің жыл сайынғы сауда дефициті (тапшылығы) 2000 жылға қарай 300—600 млрд. долларға өседі деген болжам бар.
Дүниежүзілік саудадағы шикізат пен азық-түлік үлесінің азаюы оларды өндіруге маманданудың ролін біраз кемітіп тастады. Экономикалық өсудің шикізаттық бағытты ендігі уақытта тек көмекші роль атқаратын болады. Сондықтан, дамушы елдердің экономикалық өсуіне қажетгі қарқын беру үшін еңбекті көп қажет ететін қарапайым тауарлар өндірісін және оның рыногын игеруге тура келіп тұр.
Халықаралық сауданың даму тенденциясы соңғы онжылдықта әртүрлі қызмет көрсетулер рыногының маңызы мен көлемінің өте жедел өсіп келе жатқанын көрсетеді. Дамушы елдер бұл саладағы өз мүмкіндіктерін толық пайдалануы қажет, ал қайсыбірі бұл мәселені мықтап қолға алды да. Мысалы, туризмді жандандыру, жұмысшы күшін жалақысы төмен “лас» жұмыстарды істеу үшін экспорттау т. с. с.
Көптеген дамушы елдер үшін туризм шетелдік валютаны келтіретін негізгі арнаға айналып отыр. Египетте туризмнен түсетін валюта өз көлемі бойынша бұл елдің шетелдерде жұмыс істейтін адамдарының ақша аударуы мен шетелдік көмек арқылы келетін қаражаттардан кейінгі үшінші орында тұр. Соңғы жылдары шетелдік туризм Түркияда да ерекше қарқын алып, жедел дамуда. Егер, соңғы жылдары дүниежүзілік туристік алмасулар 4%-ке артса, Түркияда бұл көрсеткіш 8%-ке көбейді. Ұлттық экономиканың туристік секторы жедел дамып келе жатқан дүние жүзіндегі 5 елдің бірі — Түркия.
Жұмысшы күшін экспорттаудан келетін валюталық тусімдер бойынша ең жоғары қарқын (жылына 10%) дамушы елдердің үлесінде. Жыл сайын табыстың осы көзінен мол пайда тауып отырған көптеген дамушы елдер еңбек ресурстарын экспорттауға әбден машықтанып алды. 80-жылдардың басынан бері жұмысшы күшін экспорттаудың ұлттық экономикаға келтіретін пайдасы бойынша Пакистан бірінші орында келеді. Пакистан жұмысшыларының шетелден аударатын валюталарының сомасы тауарлар мен қызмет көрсету түрлерін экспорттаудан түсетін валютадан 5 есе артық. Египетте бұл көрсеткіш — 40%, Мароккада — 50%, Түркияда — 60%, Үндістанда — 8 0%.
Кедейлік құрсауынан шығуға ұмтылыс дамушы елдерді экономиканың жоғары технологиялық салаларын дамытута ынталандыруда. Ол үшін қолайлы инвестициялық ахуал мен қажетті инфрақұрылымдарды қалыптастыру және арнайы экономикалық аймақтар құру мәселелері дамушы елдердің күн тәртібінде тур. Дамушы елдердің бұл бағыттағы шаралары өздерінің алғашқы жемістерін де бере бастады.