Қазіргі заман жағдайында мемлекеттің табысты дамуының негізі макроэкономикалық тұрақтылық — инфляцияға ұшырамаған ақша-несие саясаты, бюджет тапшылығына қатаң бақылау жасау мен қалыпты баға белгілеу, сондай-ақ сыртқы саудадағы ашықтық-экспортты ынталандыру, импортты барынша шектеу, біртұтас импорт тарифы, ұлттық валютаның икемді құны мен сыртқы инвестиция үшін қолайлы ахуал жасау болып табылады.
“Қоғамдық өмірдің шешуші саласы — экономика саласындағы стратегия мен тактиканың мәні құрылымдық және технологиялық артта қалушылықты бір мезгілде жоя отырып, нарықтық жүйеге көшуді одан әрі жалғастыру болып табылады»1.
Қазақстанның аймақтық интеграциялық топтармен қарым-қатынасын сөз еткенде ең бірінші кезекте ТМД елдерімен күш жігерді біріктіру мақсаттары тұрады. Өйткені ТМД елдерінің экономикалары бір-бірімен тығыз байланысқан. Сондықтан күш-қуатты бірлестірудің шын жақтастары бола отырып, қалыптасқан жағдайдан шығудың өзімізге тән жолын іздестіруге мәжбұр болып, ТМД елдерімен “интеграция» саясатынан “үйлестіру» саясатына көшуді жүзеге асыру қажет. Бұл саяси бағыт абыр-сабырсыз және қауіпті шыдамсыздықсыз, ішкі потенциалдық мүмкіндіктерге сүйене отырып жүзеге асырылуы тиіс. Ал, бұл мүмкіндіктер Қазақстанда жеткілікті.
Біріншіден, бұл іс жүзінде кез-келген өндіріс түріне сенімді шикізат негізі болатын пайдалы қазба байлықтарының көптігі. Екіншіден, жерге қатысты реформаларды жүзеге асырғаннан кейін Қазақстанға тіпті дүниежүзілік аренада азық-түлікті экспортқа шығаруда көзге түсуге мүмкіндік беретін ауыл шаруашылық жері мен егістіктің кең көлемі. Үшіншіден, жеткілікті мөлшерде дамыған өндірістік потенциалдың және барлық салаларда сауатты жұмысшылар контингентінің болуы. Төртіншіден, бай, бұрынғы жүйе кәдімгідей талап етпеген ғылыми идеялардың мол қоры, жаңалықтар мен өнертабыстар.
Республика байланыстарының қазіргі жай-күйі мен стратегиялық мүлдесін ескере отырып, сыртқы экономикалық саясат нақты маңызы бірдей мына бағыттар бойынша дамитын болады.
- “ТМД» Ресеймен, Украинамен, Беларусьпен, Орталық Азия мемлекеттерімен және ТМД-ның басқа мемлекеттерімен экономикалық одақты сақтап, нығайту. Бұл орайда мыналар ескеріледі:
а) кәсіпорындар арасындағы тығыз байланыстар;
б) дүние жүзілік рыноктағы бағаны түсірмеу үшін шикізат эксперты саласындағы іс-әрекетті үйлестіру қажеттігі;
в) Еуропа мен Таяу Шығысқа біздің жүктердің транзитін қамтамасыз ету;
г) ғылыми-техникалык, орталықтарды бірлесіп пайдалану және конверсияны жүргізу.
- «Азия — Тынық мұхиты аймағы» Пекин — Сеул — Токио арқылы Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдеріне шығу. Бұл бағыттың алдыңғы қатарлы технологиялар, ірі көлемде инвестициялар мүмкіндігі бар несие көзі, болашақта — біздің өнімді өткізу және Қазақстанда бірқатар жобаларды іске асыру үшін жұмысшы күшін қатыстыру рыногі ретінде үлкен мәні бар.
- «Азия». Ықтимал өткізу рыногы және нарықтық экономиканы дамыту үлгілерінің бірі ретінде Туркияға басты назар аудару. Экономикаға инвестиция тарту үшін Шығыс және Алдыңғы Азия елдерімен ынтымақтастық.
- «Еуропа» ГФР-ға басым назар аударылады, ол ТМД-ға барлығынан да көп қаржы салуға әзір. Айтарлықтай неміс диаспорасы болуының арқасында Қазақстанмен ірі көлемде ынтымақтастық жасалуы мүмкін. Оның үстіне ГФР-дің экономикалық үлгісі біз үшін неғұрлым тартымды. Инфрақұрылымды дамыту және кадрларды оқыту мақсатында техникалық жәрдем мен несие алу үшін Еуропа экономикалық қоғамдастығымен ынтымақтастық. Бірқатар салада Шығыс Еуропа елдерімен өзара іс-қимыл сақталады.
- «Америка» Дүние жүзінің жетекші экономикалық державасы ретінде АҚШ-қа басты назар аудару. Мексикамен және Латын Америкасының басқа елдерімен байланыстардың болашағы өте зор.
- Халықаралық ұйымдардағы: Халықаралық валюта қоры, Халықаралық даму және қайта құру банкі, басқа экономикалық ұйымдар, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы, шикізаттың жекелеген түрлерін экспортқа шығарушы елдер одағындағы қызмет өте маңызды жеке сала болып табылады.
«Дүние жүзі қоғамдастығымен қосылуға деген ұмтылысымызды білдіре отырып, халықаралық экономикалық стратегияларды үйлестірудің қалыптасқан құралдарын тануға біз әзірміз».
Республика Үкіметі бизнес үшін халықаралық сауданың қажетті болашағын құра отырып, халықаралық коммуникациялар қалыптастыру мен дамытуға жіті көңіл бөлуде. Қазірдің өзінде Қытайдағы теңіз жағалауынан басталып Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран және Түркия арқылы Парсы шығанағындағы порттарға дейін баратын Трансазия темір жол магистралі іске қосылды. Осы мемлекеттердің темір жол желісі арқылы Ресеймен, Еуропа және Таяу Шығыс елдерімен жаңа қатынас жолдары ашылады. Қолда бар және жоспарланып отырған темір жол маршруттарымен Қазақстан жыл сайын 15-20 млн. тонна жүк тасымалдау ниетінде. Ресейдің Транссибімен салыстырғанда жаңа Трансазия маршруты Жапония мен Германия арасындағы жүк тасымалдау жолын 2,5 мың шақырымға қысқартады. Ал Суэц каналына шығып, теңіз арқылы тасумен салыстырғанда жол 10,5 мың шақырымға қысқарады.
Каспий труба құбыры консорциумының барлык, ішкі проблемалары шешілді. Ол құбыр тарту құрылысына кірісіп, оны 1999 жылы аяқтайды. Мүның өзі қыруар мұнайды Қазақстаннан сырт жерге тасымалдауға мүмкіндік береді. Бірақ 2003—2005 жылдардан бастап балама мұнайгаз құбырлары қажет болады. Бұлар көмірсутегі өнімдерін сыртқа шығаруға және оны елдің ішінде тұтынуға бағдарланады. Әңгіме, атап айтк,анда, Кавказ дәлізін пайдаланудың мумкіндігі туралы болып отыр. Сондай-ақ мұнайды Жерорта теңізіне де, сондай-ақ Батыс Қытайдың аймақтарына да тасымалдау идеясының келешегі зор.
1997 жылы оптико-талшықты кабель пайдаланылатын Трансазия — Еуропа байланыс желісін іске қосу аяқталады. Мұның өзі таяу уақытта планетаның кез-келген нүктесіне бөгетсіз телекоммуникациялық жол ашуға мүмкіндік береді.
Еуропа қайта құру және даму банкісінің көмегімен Каспийдегі Ақтау теңіз портын қалпына келтіріп, жаңғырту жұмыстары басталды. Олар аяқталғаннан кейін порт екі миллион тонна құрғақ жүк және 6 миллион тоннага дейін мұнай мен мұнай өнімдерін жөнелте алады. Порт Иран арқылы Қазақстанның Таяу және Орта Шығыспен, ал Ресей өзендері мен Балтық теңізі арқылы Еуропамен сауда байланыстарын жасауын қамтамасыз етеді.
Қазақстан арқылы жаңа әуе көтрлерін жасау жөнінде де жедел жұмыс атқарылуда. Олар келешекте Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға және керісінше жолаушылар мен жүк тасымалдағанда шығынды едәуір қысқартуға, жаңа астана, еркін экономикалық аймақ болып табылатын
Ақмола қаласының құрылысын жеделдетуге жәрдемдеседі.
Соңғы жылдары Қазақстанға б миллиард доллардан астам капитал енгізіледі. Мұнда 2000-ға жуык, бірлескен кәсіпорын жұмыс істеуде. Жасалған келісім-шарттар бойынша узақ мерзімді инвестициялар сомасы 60 миллиард доллардан асып түседі. Бұл ТМД елдері мен Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің бүкіл инвестициялық портфелінің 40 процентіне жуығын құрайды.
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы, шикізаттың жекелеген түрлерін экспортқа шығарушы елдер арасындағы қызмет өте маңызды жеке сала болып табылады. «Дүние жүзі қоғамдастығымен қосылуға деген ұмтылысымызды білдіре отырып, халықаралық экономикалық стратегияларды үйлестірудің қалыптасқан құралдарын тануға біз әзірміз».