Қазіргі кезде дамыған мемлекеттердің шаруашылық тәжірибесінде лизингтің көптеген түрлері көрініс табады. Олардың ішінде негізгілері болып:
- Шұғыл лизинг;
- Қаржы лизингі;
- Қайтарылатын ( возвратный) лизинг;
- Үлестік лизинг;
- Тура лизинг;
- Сублизинг;
Қаржы және шұғыл лизингтер лизингтің негізгі түрлері болып саналады.
Шұғыл лизинг – жал төлемдері арқылы жабдықтар құнының жартысы ғана амортизацияланатын қысқа- орта мерзімді мәміле. Бұл мәміледе лизинг беруші техникалық қызмет көрсетуді, сақтандыруды, жекешелендіруге салықты төлеуді және т.б. өз қарамағына алады.
Шұғыл лизинг- ағымдағы жал туралы келісім. Әдетте бұл келісімнің мерзімі активтің толық амортизациялық кезеңінен аз болады. Яғни келісім-шартта көрсетілген жал төлемдері активтің толық құнын өтемейді, сондықтан актив лизингке бірнеше рет беріледі.
Шұғыл лизингтің ең негізгі ерекшелігі-лизинг алушының келісім-шартты уақытынан бұрын тоқтата алуы. Сонымен бірге бұл келісімде лизингке берілетін объектіге ағымдағы техникалық қызмет көрсету және басқа қызметтер түрін көрсету туралы шарттар қарастырылады.
Шұғыл лизингтің негізгі объектілері тез тозатын (моральді) құралдар (компьютерлер, көшірме техникасы, оргтехниканың көптеген түрлері) және техникалық күрделі, үнемі қадағалауды қажет ететін техника (жеңіл және жүк автомобильдері, әуе кемелері және т.с.с.).
Жалпы лизингтің бұл түрі лизинг алушы үшін үнемді. Себебі уақытынан бұрын келісім-шартты тоқтату моральді ескірген құралдарды жаңа бәсекелестік қабілеттілігі жоғары құрал-жабдықтармен ауыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар егер лизинг алушы бір жолғы жобаларды іске асыру үшін мүлікті алған болса, оның одан әрі мүлікті ұстау және сату жөніндегі қиындықтары туындамайды. Лизинг берушінің ағымдағы техникалық қызмет көрсетуі артық персоналды ұстаудағы қажеттілікті төмендетеді.
Шұғыл лизингке келесі негізгі қасиеттер тән:
- Лизингтік келісім-шарт 2-5 жылға құрылады, ол жабдықтын физикалық тозу мерзімінен әлдеқайда төмен және лизинг алушы шарты қалаған уақытта бұза алады.
- Объектінің тозу және жоғалу тәуекеліне лизинг беруші жауап береді. Лизингтік келісім- нартта лизинг алушының жауапкершілігі көрсетілуі мүмкін, бірақ оның өлшемі мүліктің алғашқы бағасынан әлдеқайда төмен.
- Лизингтік төлем мөлшерлемесі қаржы лизингісіне қарағанда жоғары. Бұнын себебі, лизинг беруші шығындарды өтеудің толық кепілдемесі болмауынан, өзінің қызмет көрсетулеріне бағаны көтеру жолымен әртүрлі коммерциялық тәуекелдерді білу қажет ( бүкіл жабдық көлеміне жалға алушыны таппау тәуекелі, мәміле объектісінің бұзылу тәуекелі, келісім-шартты бұзудың ұзақ мерзімділік тәуекелі).
- Мәміле объектілері әйгілі машиналар мен жабдықтар болып келеді. Шұғыл лизингте лизингтік компания нақты жалға алушыны білмей тұрып-ақ, жабдықты алдын-ала алып қояды. Сондықтан шұғыл лизингпен айналысатын фирмалар жаңа және бұрыннан қолданылып жүрген инвестицияның тауарлар нарығының коньюктурасын білу қажет. Лизингтік компаниялар жалға берілетін мүлікті сақтандырып, оның техникалық қызмет көрсетуін және жөндеуін қамтамасыз етеді. Лизингтік келісім-шарт мерзімінің алғанда лизинг алушының құқықтары:
а) лизинг берушіге жабдықты қайтару;
б) нарықтық құнға сәйкес сатып алуға опционның келісімімен лизинг берушіден жабдықты сатып алу. Өйткені келісім-шарт жасалғанда объектінің нарықтық құнын алдын-ала айту қиынға түседі, сондықтан лизингтік фирмалар жабдықтың нарықтық коньюктурасын жақсы білу қажет.
Лизинг алушы мүліктін моральді ескіруінен, өндірілген өнімге сұраныстын өзгеруімен рентабельділіктін төмендеуінен, жабдықтын салынуынан қашық жүргісі келеді. Сол себептен ол шұғыл лизингті мына жағдайлар кезінде ғана қалайды:
- Жалға алынған жабдықты пайдаланудан түскен табыстар, алғашқы бағасын өтемейді.
- Жабдық қысқа мерзімге (мерзімдік жұмыстар немесе бір ғана пайдалануға) қажет.
- Жабдыққа арнайы техникалық қызмет көрсету қажет.
- Мәміле объектісі жаңа, тексерілмеген жабдық болады.
Шұғыл лизинг көбінесе ауыл шаруашылық, транспорт, тау өндіру өнеркәсібі, құрылыс, жаңалықты электронды өндіру салаларына таралған.
Сонымен бірге шұғыл лизингтің келесі кемшіліктері бар:
- басқа лизинг түрлеріне қарағанда қымбаттылығы, жал төлемдерінің жоғары болуы;
- аванстар мен алдын-ала төлемдерді салу қажеттілігі;
- уақытынан бұрын өтеу кезінде айып пұлдың төленуі;
- мүлік иелерінің тәуекелді төмендету мақсатында жасаған басқа да шарттары;
Қаржы лизингі
Қаржы лизингі жалға алушының төлемдері негізінде жалға алынатын мүліктің толық амортизациялануын қарастыратын келісім. Келісімнің уақытынан бұрын жалды тоқтатуын қарастырмағандықтан, бұл келісім мүлік иесінің құралды сатып алу, оған техникалық қызмет көрсету бойынша барлық шығындардың орнын толтырып, қажетті табыс деңгейін қамтамасыз етеді. Лизингтің бұл түрі кезінде құралдарды орнату және ағымдағы қызмет көрсету бойынша барлық шығындар жалға алушы есебінен қаржыландырылады. Сонымен қатар көбінде бұл лизинг түрінде келісім уақыты біткен кезде жалға алушы негізгі құралды қалдық құны бойынша сатып алуға құқылы.
Шұғыл лизингке қарағанда қаржы лизингі кезінде мүлік иесінің тәуекелі едәуір төмен болады. Былай қарағанда бұл келісім банктің ұзақ мерзімді несиесіне өте ұқсас болып келеді. Себебі құрал-жабдықтың құнының толық өтелуін, кезіңдік төлемдердің төленуін және жалға алушының өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда оны банкрот деп атау құқығын қарастырады.
Қаржы лизингінің объектілеріне жылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар мен құрылғылар), сонымен қатар ұзақ мерзімді өндіріс құралдары жатады.
Қаржы лизингі қайтарылатын және үлестік лизингтің базасы болып табылады.
Қаржы лизингінің келесі негізгі сипаттары бар:
- үшінші жақтың қатысуы ( мәміле объектісінің жабдықтаушысы және өндіруші);
- жалға берушінің шығындарын өтеуге қажетті мерзім кезінде келісім-шарттын бұзыла алмауы. Бұл тәжірибеде кейбір кездерде болады, сондықтан лизингтік келісімде айтылып кетеді, бірақ мұнда операция құны жоғарылайды;
- лизингтік келісімнің ұзақ кезеңі;
- қаржы лизингі кезінде мәміле объектісінің құны жоғарылығымен өзгешеленеді.
Шұғыл лизинг сияқты, контракт мерзімі аяқталған соң лизинг алушы мына жағдайларға ие бола алады:
— мәміле объектісін қалдық құны арқылы сатып алады;
— жаңа келісім шартты қысқа мерзімге және жеңілдік мөлшерлемесі арқылы жасайды;
— лизингтік компанияға мәміле объектісін қайтарады.
Өз қалауы туралы лизинг алушы лизинг берушіге 6 ай бұрын немесе келісім-шарт мерзімі аяқталғанша айтады. Егер келісім-шартта мәміле затын сату туралы келісім қарастырылсы, онда екі жақ объектінің алдын-ала қалдық құнын анықтайды. Көбінесе ол алғашқы құннын 1-10% құрайды, ал ол лизинг берушіге жабдықтын бар құнына амортизацияны аудару құқын береді.
Қаржы лизингі экономикалық белгілері бойынша капиталдық салымдарды ұзақ мерзіммен банктік несиелеуге ұқсас, сол себептен қаржы лизингі нарығында банктер, қаржы компаниялары және банктермен тығыз байланысқан арнайы лизингтік компаниялар. Көп мемлекеттер қатарында банктерге тек қаржы лизингісімен айналысуға рұқсат етілген. Қаржы және шұғыл лизингілерінің арасындағы негізгі айырмашылықтар кестеде көрсетелген.
Қаржы және шұғыл лизингілері арасындағы негізгі айырмашылықтар
Шұғыл лизинг |
Қаржы лизинг |
Мәмілелердің қысқа және орта мерзімділігі | Мәмілелердің орта және ұзақ мерзімділігі |
Жылдың алғаш мерзіміндегі жабдықтын жиілігі. Контракт мерзімі аяқталған соң жабдық қайта жалға берілуі мүмкін | Алғашқы мерзімде жабдығының жарты және толық құнының амортизациясы |
Лизингтік контрактіде лизинг берушінің жабдықта теникалық қызмет көрсету, жөндеу және сақтандыруы қарастырылады | Лизингтік келісім қаржыландыруға келеді, лизинг берушінің техникалық қызмет көрсету және т.б. міндеттемелері қарастырылмайды |
Кез-келген кезде келісім-шартты бұзу | Негізгі мерзім кезінде келісім- шартты бұза алмау |
Өндіруші компанияларға, олардың еншілес лизингтік фирмалары мен сауда компанияларының жабдықтарды ұсыну | Банктермен және олардың еншілес лизингтік компанияларымен ұсынылады |
Инвестициялауға ұқсас | Капитал салымдарының ұзақ мерзімді несиелеуіне ұқсас |
Лизинг беруші өзіне иеленуші жауапкершілігін алады және жал келісім-шарт негізінде кепілдік, жауапкершілік, тәуекел басқару құқығы жүргізеді. | Лизинг алушы иелік құқығын өз жауапкершілігіне алады (техникалық қызмет көрсету, бұзылу), ол көбінесе сату-сатып алу келісім-шарты негізінде басқару құқығына ұқсас. |
Левериджлизинг — лизингтік мәміленің қарыз қаражаттарын тартатын түрі. Бұлкатегорияға қаржы лизингісінің мәмілелері жатады, олардың келесі сипаттары болады:
а) мәмілеге үш жақ қатысады: лизинг беруші, жалға алушы және ұзақ мерзімді несие беруші;
б) несие беруші лизинг берушіге қатысты айналымсыз негізде жабдықтар құнының көп бөлігін қаржыландырады;
в) лизинг берушінің нетто-инвестиция көрсеткіші лизинг мерзімінің соңында өсімі байқалады, ал қаражаттар қарызы төмендейді.
Қаражаттарды тарту лизингін басқаша бөлгіш лизингі деп атайды. Бұл мәміле тағы да инвестициялық түрдегі жал немесе үш жақтын қатысуымен жал деп те атайды.
Бөлгіш лизингтің жай нысанында лизинг беруші, лизинг алушы және қаржыландыратын ұйым қатысады. Ал күрделі нысанда бес және одан да көп жақ қатысады: брокер (үлкен жекеше лизингтік компаниялар); траст құрылтайшысы; сенімді меншіктенуші (лизинг беруші); қаржыландыратын мекеме; лизинг алушы.
Бұл лизинг түрлерінің ішіндегі ең күрделілердің бірі, өйткені көпжақты қаржыландырумен байланысты және қымбат жобалар өткізілімі үшін қолданылады. Бөлгіш лизингтін басқаларынан айырмашылығы лизинг беруші жабдықты сатып алғанда жарты ақшасын ғана төлейді (20%). Қалған сомасын (80%) несие берушіден қарызға алады. Сонда да лизингтік компания мүліктін толық құнына есептелетін салықтық жеңілдіктерін қолданады. Негізгі тәуекелділікке несие берушілер, банктер, сақтандыру компаниялады, инвестициялық қорлар немесе басқа да қаржылық ұйымдар жауап береді, ал несиені қайтаруға лизингтік төлемдер және лизингке өткізілген мүлік жатады.
АҚШ-та 95% аса қаржылық лизинг бойынша жасалған мәмілелер бөлгіш лизинг негізінде құрылады
Қайтарылатын лизинг
Қайтарылатын лизингті екі келісімнен тұратын жүйе ретінде қарастыруға болады. Бұл келісім кезінде құралдың иесі оны 3 тұлғаға сатады да, сол сәтте 3 тұлға жалға алушымен ұзақ мерзімді жал келісім-шартына отырады. Бұл кезде сатып алушы ретінде әдетте коммерциялық банктер, инвестициялық, сақтандыру немесе лизингтің компаниялар көрініс табады. Яғни келісімнің нәтижесінде мүлік иесі ғана ауысады, ал пайдаланушы өзгермейді.
Өз алдына инвестор сатушының мүлкіне меншік құқын кепілдікке ала отырып, мүлік иесін несиелендіреді деп айтуға болады. Мұндай келісімдер негізінен іскерлік белсенділіктің төмендеуі кезінде, кәсіпорындардың қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Жабдықтың иеленушісі оны лизингтік фирмаға сатып, және де бұл жабдықты одан жалға алады. Осылай сатушы лизинг алушы болып табылады. Егер объект меншіктенушісінің ақша қаражатында сұранысы туып отырса, онда ол осы операция түрін қолданады және өзінің қаржылық жағдайын жақсартады.
«Вендор лизинг» немесе «сатушы лизинг». Ірі, қымбат жабдықтарды өндіретін үлкен өнеркәсіп компаниясына, банктердің өнімді өткізуде қызмет көрсетуі.
Сатушы лизингі сызбасы бойынша банк компаниядан өнімді сатып алып, ал сатып алушылар бұл жабдықты банктен жалға алады. Осылай мәмілені қаржыландыру жеңілдетіледі және өнімді өткізу үрдісі тез жүреді.
Банк жабдықты сатып алып жалға беруші ролінде қатысады, бұл сатып алушыларға да, жабдықты өндіруші- компаниялары үшін тиімді. Мұнда:
- сатып алушы үшін мәміленің төлемін арзандатады, себебі оның қаржыландыруы банк арқылы жүргізіледі;
- мәміле жабдықты өндіруші –компания үшін де тиімді, өйткені сатып алушы төлеміне байланысты кепілдікке және мәмілені жасауға банк өзі жауап береді. Тағы да өнеркәсіптік компанияда тауарды басқару құқығы сақталады.
Жылжымайтын лизингінің өзінің ерекшеліктері бар. Жылжымайтын мүлікті жалға беру операциясы, ұзақ мерзімге (10-20 жыл) және контрактінің үлкен сомасына байланысты күрделілігімен ерекшелінеді. Операция объектілері болып жер, құрылыс пен ғимараттар, байланыс жолдар жүйесі және жылжымайтын жабдықтар. Заң актілерінде жылжымайтын заттарға мемлекеттегі тіркеудегі ұшу, теңіздік және өзендік судалары жатады. 80 жылдары АҚШ-та жылжымайтын лизинг зауыттар, атомдық электрстанциялары сияқты ірі объектілерін соғу кезінде белсенді қолдана бастады. Мысалы, осы жылы АҚШ аймағында жапон компанияларымен бірлесіп соғылған көлік зауыттары 400-500 млн$ бағаланды, оның 1/3 бөлігін несиенің лизингтік нысаны есебінен төленді.
Үлестік лизинг — қаржылық лизингтің бір түрі. Лизингтің бүл түрі 3 жақтың (инвестордың) қатысуын қарастырады. Әдетте инвестор түрінде банк, сақтандыру немесе инвестициялық компаниялар жұмыс істейді. Бұл келісім кезінде лизингтік компания ұзақ мерзімді жал келісім-шартын жасап, лизингтік объектіні тартылған қаражаттар есебінен сатып алады. Алынған займның кепілі ретінде әдетте сатып алынатын мүлік немесе негізгі құрал болып табылады, тартылған қаражаттар болашақ кезеңдердегі лизингтік төлемдер есебінен өтеліп отырады. Сонымен қатар лизингтік компанияның салықтық және зайымды өтеу кезінде жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіншілігі туады.
Лизингтің бұл түрінің негізгі объектілеріне қымбат бағалы активтер (пайдалы қазбалар кенорны, өндіруші салалар құрал-жабдықтары).
Тікелей лизинг. Лизингтің бұл түрі кезінде жалға алушы жалға берушімен қажетті құрал-жабдықтар мен негізгі құралдарды жалға беру туралы келісім-шарт жасасады. Көп жағдайларда лизинг беруші мен лизинг объектісін өндіруші бір тұлға болады. Яғни келісім-шарт тікелей өндірушімен жасалынады. Әлемдегі өз өнімін лизинг негізінде сататын ірі компанияларға IBM, Xerox, GATX, көптеген әуекемелерін, теңізкемелерін және автокөліктерін өндіруші компаниялар жатады. Мысал үшін, “Даймлер-Крайслер” және BMW концернлері ірі лизингтік компаниялардың құрылтайшылары болып табылады және осы компаниялар арқылы өздерінің автокөліктерін өткізеді.
Сублизинг — сублизинг келісім-шартымен рәсімделетін, лизинг объектісін пайдалану құқығын 3 тұлғаға берумен сипаталатын ерекше қатынастар түрі.
Сублизинг кезінде сублизингті іске асырушы тұлға лизинг объектісін лизинг берушіден лизинг келісім-шарты негізінде 3 тұлғаға уақытша пайдалануға береді. №78-ІІ 05.07.2000ж. “Қаржы лизингі туралы” ҚРЗ-на сәйкес лизинг алушының лизинг төлемдерін төлеу бойынша өзінің міндеттемелерін 3 тұлғаға аударуға тиым салынады.
Объектіні сублизингке беру кезінде лизинг берушінің жазбаша рұқсаты міндетті түрде болу керек.
Халықаралық сублизинг халықаралық лизингтің бір түрі болғандықтан, ол да халықаралық лизингтік заңдарға сай жүзеге асырылуы керек. Халықаралық сублизингтің бір ерекшелігі ретінде лизинг объектісінің Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тек сублизинг келісім-шартының мерзімі аралығында ғана өтуін көрсетуге болады.
Бас лизинг. Жаңа контрактіні жасамай, жалға алынатын жабдықтар тізімін толтыруға лизинг алушының құқығын қарастыратын, лизинг буруші мен лизинг алушы арасында лизинг туралы бас келісім-шарт. Кейбір кездерде оны лизингтік несие жолы деп атайды, және де банктік несие жолына ұқсас.
Қайта жаңалау лизингі. Лизингтік келісімде жалға алушының сұранысы бойынша жабдықты жаңа түрлеріне ауыстыру. Жалға алушы жабдықты негізгі келісімдерге сай, жаңа контрактіні жасамай, жалға алады.
Контрактілік жалдама. Бұл лизингтін арнайы нысаны, мұнда лизинг алушыға көлік жабдықтарын, ауыл шаруашылық жол құрылыс техникаларын, тракторларды жалға алуға болады. Ол шұғыл және қаржы лизинг элементтерін қосады. Контрактілік жалдамада жалға алынатын мүлік 12 мен 36 ай арасында пайдаланып, мерзім аяқталған соң қолданушы мүлікті меншік иесіне қайтарады. Жал төлемі тіркелінеді және оған жөндеу мен қызмет көрсету шығындары кіріп, меншік иесі өзі өтейді. Кейбір кездерде бұл жұмыстарды жалға алушының өзі немесе оның контрактісін жасауын арнайы фирмасы өтейді.
Таза лизинг. Жабдыққа байланысты бар шығындарды лизинг алушының өзі атқаратын мәміле. Сол себептен қызмет көрсету бойынша шығындар (салық, сақтандыру самалары және т.б.) лизингтік төлемге кірмейді. Көп кезде қаржылық лизингтін түрлі нысандары (мысалы, тікелей қаржылық пен капиталды лизинг) таза лизингті береді.
Таза лизинг шарты бойынша лизинг беруші шизинг алушыдан жал мерзімінде жұмысын істеп біткен жабдықты кепілді бағамен сатып алады. Келісім шартқа сай лизинг алушы объектіні қайтадан сатқанда, толық кепілді бағаны алу үшін, оны тамаша жағдайда үстап, техникалық қызметтерді көрсетеді.
Құрғақ лизинг. Бұл термин ұшу техникалары, су судалары және көлік жабдықтарын жалға бергенде қолданылады. Жалға алушы жанармай, экипаж құнын өзі өтейді.
Халықаралық лизинг. Ішкі лизингке қарағанда он жылға кеш пайданы табады. Егер жабдықты өндіруші, лизинг беруші және лизинг алушы әртүрлі мемлекеттерде тұратын болса, онда осы лизингтін түрі қолданылады. Лизинг берушінің мемлекетіне, халық лизинг табысты шетел валютасымен алу қызықтырады. Жалға алушыға бұл лизингті алудың пайдасы, ол жаңа шетел жабдығын, әртүрлі валюталық, қаржылық және салық жеңілдіктеріне ие болады.
Халықаралық лизингтін «дабл дип» түрдегі мәміле, экспорт, импорт, транзит лизингі, өтемдік лизингі сияқты әртүрліліктері және нысандары бар. өтемдік лизингісінде жал төлемдері лизингтік мәміле объектісі болып келетін жабдықта дайындалатын өнімді жеткізумен өтеледі.
Халықаралық сферадағы «дабл дип» түріндегі сублизингтік мәмілелер, екі және одан да көп мемлекеттерде салықтық пайданы қолданады. Мысалы, 80 жылдардың басында Ұлыбритания арқылы АҚШ-қа самолеттер жіберілді.жоғары тиімділік туралы айтсақ: Ұлыбританияда салық жеңілдіктерінен пайда көп болады, егер лизинг берушінің меншіктену құқығы бар болса, ал АҚШ-та, егер лизинг берушінің пайдалану құқығы болса. Ұлыбританиядағы лизингтік компания самолеттері сатып алып, американдық лизингтік компанияға лизингке жібереді, ал соңғылар оларды жергілікті ұшу компанияларына лизингке береді.
Көбінесе лизингтік компаниялар салықтық мақсатпен салық салу жеңілдіктері бар аймақтарда өз еншілестерін ашады (офоршорн зоналары – Сингапур, Гонгконг, Панама, Кайман және Багама островтары).
Халықаралық бірлестіктер тәжірибесінде, халықаралық келісімдердің екі түрі айқындалады: тікелей шетел лизингі және жанама лизингі.
Тікелей шетел лизингі- әртүрлі мемлекеттердегі заңды тұлға құқығымен мекемелер арасында операциялар орындалатын мәмілені көрсетеді. Шетел лизингтік операциялар көбінесе топтық лизинг түрінде болады.
Жанама шетел лизингі- лизинг беруші мен лизинг алушы бір мемлекеттін заңды тұлғалары болып келетін лизингтік мәміле. Бірақ лизинг беруші капиталы көп кезде шетел фирмаларының және қаржылық ұйымдардың (банк немесе шетел лизингтік компания) иелігінде болады. Келісім-шарттынобъектісі болып лизинг алушы мемлекетіне импортталатын жабдықтар саналады. Осы түрдегі лизингтік операциялар трансұлттық банктер және корпорациялармен бақыланады. Жанама лизинг соңғы жылдары халықаралық лизингтін ең көп таралған нысаны.