Ес. Ес жайындағы теориялар

Адам өзінің өмірде көріп-естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлар мен сезімдерін, әр қилы іс-әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар басқа сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады.

Сонымен, адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл-күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі деп аталады. Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі. Естің бұл күйі қайта жаңғырту делінеді.

Қайта жаңғыртуда тану мен еске түсіру қызметі бірін-бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселердің есте қалғаны естің материалы делінсе, ал есте, сақталып, қайта жаңғырғаны естің мазмұны болып сақталады. Адам өзінің, басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс-әрекеттерін сөз арқылы қайта жаңғыртады.

Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану ес процестері болып саналады. Ес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Есте қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады. Адамның есі үнемі дамып, жетіліп отырмаса, онда ол жаңа туған нәресте дәрежесінде қалып қояр еді. Өмір тіршілігіне қажетті нәрселердің бәрінің ес процесінсіз болуы мүмкін емес. Ес осы заманғы психология ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып саналуымен қатар, техникалық ғылымдар саласында да ерекше маңызды. Есті осы заманғы психология ғылымы тұрғысынан зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған — есте қалдырудың механизімі туралы мәселелер.

Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар мен теориялық болжамдар бар. Алайда, тұрақты түрде тұжырымдалып, бір жүйеге түскен теория жоқ. Бұл жайт ес процесінің осы кезге дейін әр тарапты қызу зерттелгендігін, ол жөнінде бірнеше ғылыми жорамалдар мен концепциялар және әрқилы модельдер бар екендігін көрсетеді. Соңғы жылдары ес психологиядан басқа ғылым салалары арқылы да қарастырылуда. Осы орайда, бүгін де естің механизмі мен оның заңдылықтары жайында қалыптасқан психологиялық және нейропсихологиялық бұрынғы бағыттарға қосымша үшінші бағыт — биохимиялық тұрғыдан іздестіру қосылып отыр. Сондай-ақ есті бұлармен қатар кабернетика ғылымы тұрғысынан зерттеуде де едәуір қалыптасқан жүйелер бар.

Естің психологиялық теориясы ес механизмін зерттеудің ең бастапқы бағыты болып есептеледі де, осы тұрғыдағы зерттейлер мен көзқарастар көптеген бағыттарға және теорияларға тарамдалады. Осындай тарамдалудың негізі ретінде естің дамуындағы адамның белсенділік әрекеті алынады. Ал ес жайындағы бір сыпыра теориялар (бұлар өзгелерінен гөрі басымырақ) басты мәселе етіп сол күйінде объектіні («материалды») немесе «таза» сананың белсенділігін (субъектіні) алады. Бұл бағыт адам іс-әрекетінің материалға қатысы жоқ деп санайды. Мұндай көзқарастың сыңаржақты, үстірт пікірді білдіретіндегі анық.

Психологиялық тұрғыдағы көзқарастар тобы – ассоцияциялық (байланысты) бағыт делінсе де, оның негізгі мәселесі мен өзекті ұғымы – ассоцияциялық  байланыстар. Осы байланыстар психикалық міндетті түрде жасалу принцпі болып саналады. Сөйтіп, екі түрлі елес пен әсерлену санада бір мезгілде бой көрсетеді. Осыған орай есте әр түрлі сыртқы жағдайларға байланысты пайда болып отыратын мынадай үш типке бөлінеді: а) әсерленген объектінің кеңістік пен уақытқа орай араласып келуі; ә) өзара ұқсастығы; б) бір-бірінен айырмашылығы мен қарама – қарсылығы. Сыртқы дүние құбылыстарының өзара қатынасынан ассоцияциялардың мынадай үш түрі жасалады: 1) Аралас не іргелес ассоциациялар ( мысалы: түс (реңк) – сары). 2. ұқсастық ассоциациялар (қарындаш, дәптер). 3. қарама-қарсылық ассоциациялар (ақ – қара; ұзын – қысқа т.б.). Мұндай ассоциациялық принцптерді тұңғыш рет зерттеп, оларды тұжырымдаған – ертедегі грек философы Аристотель (б. З. Д. 384-322жж.). Атақты физиолог ғалым И.П. Павлов ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығында екі екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекітіп отыратын уақытша байланыстар деп анықтайды. Бұл ілім естің физиологиялық теориясы деп аталады. Аталмыш теорияға естің физикалық теориясы да жатады. Ол бойынша жүйкелік импульстер нейрон арқылы өткенде, өзінің ізін қалдырады. Бұл нейрондық модель теориясы деп те аталады. Осы заманғы нейропсихологиялық зерттеулер нейрондар мен молекулдық дәрежедегі жүйке қызметінің механизмдерінде естің сақталуы мен беку жағдайына терең мән беруде. Жүйке клеткаларынан таралатын аксондар басқа клеткалардағы дендриттермен жанасады, не өзі орналасқан клетка денесіне қайта оралады. Жүйке клеткаларындағы осындай құрылымдарға сәйкес байланыс пайда болып, күрделілігі жөнінен түрліше қозулар реверберикалық қозғалыста болады. Сөйтіп, клеткалардың өз-өзінен жандануы іске асады. Кейбір зерттеушілер мұндай құбылыстар жүйесін іздердің сақталып қалу процестерінің физиологиялық субстраты деп есептейді. Мұнда сақталатын іздер қысқа мерзімде есте сақтаудан ұзақ мерзімді есте сақтауға ауысып отырады.  Кейбір зерттеушілер осындай есте сақтаудың негізінде бірыңғай механизмдер болады десе, ал екінші біреулер мұнда әртүрлі сипаттағы екі түрлі механизм болады деп жорамалдайды. Мұндай болжам – жорамалдар биохимиялық зерттеулер арқылы ғана дәлелденбек.

Естің биохимиялық теориясы. Ес механизмін  нейрофизиологиялық дәрежеде зерттеу мәселелері осы кездегі биохимиямен ұштасады. Осы бағыттағы зерттеу нәтижелері есте сақтау екі сатылы сипатта болады деген жорамал жасайды. Бұл жорамал бойынша алғашқы сатыда тітіркендіргіштер тікелей әсер еткеннен кейін мида электрохимиялық қысқа реакциялар пайда болып , олар клеткаларда физиологиялық өзгерістерге ұшырайды. Екінші сатысында бірінші саты негізінде биохимиялық реакция пайда болып, жаңадан протейндер дейтін белокты заттар құрайды. Бірінші саты тек секунт, минуттарға созылады. Ол – естің қысқа мерзімді физиологиялық механизмі. Ал екінші сатыда клеткаларда химиялық өзгерістерге ұшырайтын заттар ұзақ мерзімді есте сақтаудың механизмі болып табылады.

Мұндай жорамалдардың шындығын анықтау мақсатымен сабауқүйрық тышқандарға арнайы тәжірибе жүргізілген. Адам есінен уақытша танып қалғанда, науқастанбастан бұрын көрген-білгендерін ұмытып қалатыны мәлім. Бұл жайт адамдарға қарсы мерзімде әсер еткен нәрселердің ізі-электрохимиялық реакциялардың биохимиялық өзгерістерге жетпей, басылып қалатындығын көрсетеді.

Естің химиялық теориясын қолданушылар есте сақтаудың физиологиялық негізгі клеткалардағы нуклеин дейтін қышқыл молекулаларының бөлінуімен байланысты деп санап, бұл генетикалық немесе нәсіл қуалау арқылы беріліп отырады деп есептеледі. Ал онтогенетикалық не дара адамның есі рибонуклеин қышқылына байланысты (РНК) делінеді. Мұның бәрін айқынырақ түсіну үшін мынадай бір мысал келтірейік. Алматы қаласының Кеген ауданы жаққа бір сомосвал машинасы кетеді, Машина сағатына 50км жол жүреді. Сол машина 95км жол жүргенде апатқа ұшырап, жүргізуші жарақаттанады. Жүргізуші емделіп шыққан соң одан апатқа кімнің кінәлі екендігін сұрағанда, ол 70-75км-ге дейінгі көргендері мен көргендерін айта береді. Бірақ 75 км-ден 95 км-ге дейінгі аралықта болған оқиғаларды айта алмайды. Оның себебі – мағлұматтардың консолидация күйіне енбегендіктен, жүргізуші есіне сақтамағандығы.

Швеция биохимигі Хиденнің зерттеулері клеткаларда тітіркендіргіштерді күшейтудің РНК затын көбейтіп, ұзақ уақыт бойы химиялық іздер қалдыратынын анықтаған. РНК өте өзгергіш; оның өзіндік өзгеруі 1015-1020-ға дейінгі сандар арасында болып отырады. Осындай биохимиялық зерттеулер табылған жаңа мағұматтар болашақта адамның ес процесін басқаруда үлкен жетістіктерге жеткізуі мүмкін. Адамның ес процесі -өте күрделі және адамның іс әрекетіне орай жоғарыдан төмен қарай дамып, бүтінің бөлшекке-организімнен мүшеге, одан клеткаға және керісінше ауысып отыратын процесс. Сондықтан, естің механизмін әр түрлі жәрежеде анықталған зерттеу нәтижелері бір-бірін толықтырып отырады.

Естің түрлері. Ес адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса маңызды қызмет атқаратын болатындықтан, оның түрлерімен мен көріністері де әрқилы. Естің бөліну адамның түрлі әрекет ерекшелеріне сәйкес жүргізіліп, олар есте қалдыру, қайта жаңғырту процесімен тығыз ұштасады. Мысалы, адамға есту есі мен көру есі психикалық қасиеттер ретінде көрінеді. Іс әрекет сипатарына орай, ес мынандай үш түрге негізделіпр бөлінеді: 1. Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл-қозғалыс, эмоциялық-сезімдік, бейнелі-көрнекілік және сөздік-мағыналық (логикалық); 2. Іс-әрекетінің мақсат сипатына қарай: ерікті еріксіз ес. 3. Адамның матиралды қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай: қысқа және ұзақ мерзімді (түпкілікті), сондай-ақ оперативті ес. Естің кейбір түрлері арнайы аспап-мнемомерт арқылы өлшенеді.

Қимыл-қозғалыс есі дегеніміз-ойын, спорт, еңбек, оқу әрекетіне байланысты әр түрлі қимыл-қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып. Оларды қайта жаңғыртып отыру. Мысалы, коньки тебу, машинада жазу, өлең сөздерді жаттау, қой қырқу т.б. Естің бұл түрлі қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың негізі болып табылады. Адамның бастап кешірген түрлі сезімдер мен эмоциялық күйлерін есте қалдырып отыруын сезімдік ес деп атаймыз. Өз айналасындағы нәрселер мен құбылыстарға көңіл-күйінің қандай қатынаста болғанын қайта жаңғыртып, оларды тітіркендіргіш ретінде есіне түсіруі адамды қызықтырып, түрлі іс-әрекеттерді атқаруға жетелейді.

Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде, бозарады, не қызарады. Өйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Белгілі мәні тұрғынан алғанда, бұл естің басқа түрлерімен салыстырғанда әлдеқайда күшті болады.

Бейнелі-көрнекілік ес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырыпқайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады. Осыған орай бейнелі көрнекілік ес,- көру, есту, сипау, иіс, дәм естері болып табөлінеді. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту есі мен көру есінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есебіне сипау, иіс, дәм естері (түйсіктердің осы түрлеріндегі сияқты) өте жақсы дамып, басқа естердің кемшіліктерін толықтырады. Бейнелі ес, әсіресе, көркемөнер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған болады.

Кейде эйдетикалық есі бар адамдарда кездеседі. Мұндай адамдар заттар мен құбылыстарды көз алдына нақты елестетіп, олардың жеке қасиеттері мен бөлшектерін айқын ажырата алады. Олардың сезім мүшелері сыртқы тітіркендіркішке күшті қозудың нәтижесі болып саналады.

Сөздік-мағыналық (логикалық) ес біздегі ой, ұғым, пікір, ой қортындылары сияқты түрлі формалар арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік-мағыналық (логикалық) деп атауы да сондықтан. Бұрын қабылдаған нәрселерді қажет кезінде бізө сөз, не олардың мәнін есте сақтау арқылы жаңғыртамыз. Егер бейнелі есте бірінші сигнал жүйесініңқызметі басым болса, сөздік –мағыналық есте екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Нәрселердің мән-жайлы есте сақтаулогикалық-мағыналық, ал белгілі үзінділер мен сөз тіркестерін, мазмұндарды сөзбе-сөз жаттап алу-механикалық түрде есте қалдыру делінеді. Сөздік-мағыналық ес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалын есте сақтауда жетекші мәнге ие. Естің бұл түрлері адамның әрқилы іс-әрекеттерінің алмасып отыруына, ниет-тілегіне, мақсат-мүдесіне орай түрлі тәсілдерге ауысып, оның бойындағы тұрақты қасиеттері болып қалыптасады.

Ерікті және еріксіз естер. Естерді ерікті және еріксіз деп бөлу орындалуға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен қажетілігіне байланысты. Белгілі мақсат қоймайақ, арнайы есте қалдырма-ақ есте сақтау мен жаңғырту, есте түсіру еріксіз ес деп атайды. Егер мақсат қоятын болсақ, онда бұл ерікті ес болады. Мұнда есте қалдыру мен жаңғырту, еске түсу, жаттап алу үшін мнемоникалық амалдар қолданылады. Естің бұл түрлері бірізділікпен дамып отыратын естің  сатылары болып табылады. Еріксіз естің орасаң зор орын алатынын әр адам өз тәжірибесінен жақсы біледі. Дегенмен, адам қажетті деп тапқан нәрселері үшін арнайы амалдар қолданып, ерікті есте қалдыруды да жиі қажет етіп отырады. Естің адам санасына тұрақтанып, жемісті болуының өзіндік сипаттары бар. Олар-естің көлемі, тездігі, дәлдігі, ұзағы, даярлығы

Қысқа мерзімді және түпкілікті ес. Оперативтік ес. Қажетті материалдар мен нәрселерді есте сақтау үшін адам тиісті әдіс-тәсілдер қолданып, оны қалай да жадында қалдыруды мақсат етеді. Бұл сол әсер еткен нәрселер ізінің консолидациясы немесе мағұматтардың есте берік қалуы деп аталады. Мұндай есте осындан біршама уақыт бұрын қабылдаған нәрселердің бейнесі адамның көз алдында елестеп, құлағында даусы естіледі. Бірақ, мұндай процестер тұрақсыз. Дегенмен, бұл ерекшеліктің сырттан алынған хабарларды есте сақтап, оларды қайта жаңғыртуда ерекше маңызы бар. Естің бұл түрін қысқа мерзімді ес деп атайды. Ал түпкілікті ес қабылдаған нәрселерді, құбылыстарды олардың белгі-қасиеттерін, тиісті материалдарды есте сақтау, оларды бірнеше рет қайталау арқылы ұзақ уақыт бойы есте қалдырады. Түпкілікті есте қалдырудың тағы бір ерекшелігі-әсер еткен нәрселердің ұзақ мерзімге созылуына және адамның арнайы мақсатына да байланысты. Сондықтан, нәрселер ізінің консолидациясы қабылданған материалдардың мәнісіне қатысты. Мағынасына түсінбей, нәрселердің әсерін қайталай беру мида қорғаныс тежелеулерін тудырып. Түпкілікті еске айналуды қиындатады.

Көркем әдебиет пен ауыз ек тілде қысқа мерзімді ес «алғашқы ес», «шапшаң көрініс» деп те айтыла береді.

Дегенмен, психология ғылымында ол оперативті ес (түрлі амал-тәсілдерін есі) деген атпен белгілі.

Ес түрлерінің өзара байланысы. Ес түрлерінің бөліну принципі адамдардың іс-әрекет сипатына орай жүргізіледі де, олар өзара тығыз ұштасып, бірін –бірі толықтырып отырады. Мысалы, сөздік-мағыналық ес мағыналы болумен бірге еріксіз не ерікті де болады. Сондай-ақ ол қысқа мерзімді не түпкілікті болуы да мүмкін. Осыдан қысқа мерзімді ес пен түпкілікті ес жалпы есте қалдырудың екі түрлі басқышы болып есептеледі. Қысқа мерзімді ес жалпы есте қалдырудың екі түрлі басқышы болып есептеледі. Қысқа мерзімді ес сыртқы мағұлаттарды өткізуші көпір тәрізді. Онсыз түпкілікті еске хабарлар келіп түскен еді. Барлық ес қысқа мерзімді ес процесінен басталады. Естің күрделі әрі адам өмірінде алынатын орының ерекше екендігін мына №1 сызбадан көруге болады.

Естің жалпы сипаты. Ес-күрделі психалық процесс, ол бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негіздері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.

Есте қалдыру дегеніміз-жаңадан қабылдаған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Есте қалдыру процесі талғамалы. өйткені, біз санамызға бұрын әсер еткен нәрселер мен құбылыстардан, болмыс пен оқиғалардан өмір мен тіршілікке қажетті материалдарды ғана тұрақтандырып, жадымызда қалдыруды мақсат етеміз. Есте қалдыру арнайы есте қалдыру, еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыруда адам арнайы мақсат қоймайды. Ал арнайы есте қалдыру үшін мынадай шарттар қажет:

  1. Арнайы мақсат қою,оны меңгеруге ұмтылу;
  2. Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетіне байланысты болуы;
  3. Есте қалдыруды жоспатлап, оқылған материалдардың жемісі мен оның ішінен еске түсерлік түйінді мәселелердің ізін, мәнін білу;
  4. Сол мән-мағыналарды түсіну үшін оларды ойлау процесіментағыз ұштастыру;
  5. Қабылдаған нәрселердің байланс жүйелерін, тірек боларлық жүйесін табу;
  6. Қабылдаған нәрселерді өз сөзімен құрастыруды жеңілдеті;
  7. Өз еңбегін, оқуын дұрыс ұйымдастыра білу;
  8. Сапалы түрде қайталап, пысықтап отыру.

Мұндай талаптарды орнату адамның ақыл-ой кені болып саналатын ес пен жадында сақтауын дамытып отыруға пайдалы ықпал етпек.

Есте сақтаудың тиімді әдісі мен жемісті болуы қажетті материалдарды жаттап алуға байланысты. Бұл тәсілдің де өзіндік амал-әрекеті, жүйесі бар. Кез-келген жаттау жемісті бола бермейді. Ғылымда есті дамытуға арналған жаттау тәсілін – мнемоника деп атайды. Бұл латын сөзінен шыққан. Мәнісі – жаттап алу амалы, есті дамытудың тиімді жолының бірі. Естің жемісті болу шарттары № 2,3 сызбаларда көрсетілген.

Қайта жаңғырту, тану мен ұмыту Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы болып екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту – мақсатсыз. Мысалы, музыканттың белгілі ән-күйлеріді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болады. оған адам өзінің ерік-күшін жұмсайды, арнайы әдіс-тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылдағандарын қайта жаңғыртып, жүзеге асырады.

Тану – естің бұрынғы қабылдағандарға кезіккенде көрінетін қайта жаңғыртудағы қарапайым түрі. Тану қабылдау дәрежесіне орай түрліше болады. Мәселен, кейбіреулер бұрынғы көргені бірден айтпай таниды,енді біреулер тіптен тани алмай қиналады. Тану ұқсатумен де байланысты. Мысалы, адам бір жерге келгенде,бұрын көрген сондай бір жерді есіне түсіріп, айналадығы нәрселерді соған ұқсатады.

Ес елестері. Жаңғырту бейне түрінде де болады. Бұрын қабылдаған нәрселер мен қазір жоқ көріністің бейнесі еске түседі. Соған орай көрген нәрсенің бейнесі көзге елестейді. Қабылдау процесіне бірнеше талдағыштар қатысады. Елестетулерді сөзбен айтып та, пікірлер мен ой қорытындылары арқылы да тудыруға болады.

Елестетулер жалқы және жалпы сипатта да болады. бір ғана нәрсені елестету – жалқы, ал жалпы елестету – тектес, ұқсас нәрселерді жеке-жеке қабылдаунәтижесінде пайда болатын бейнелер. Жалпы елестетулердің тұрақтылығы, анықтығы жалқы елестетулерге қарағанда, солғын, көмескі болады. адамның тікелей сезімдік танып білуі мен абстрактылы ойлау арқылы танымды арасындағы жалғастырушы көпір – елес деуге болады. өйткені, елес ойлау әрекетінде нәрселер мен құбылыстардың саналуын қасиет-белгілерінен ғана жалпылап тануға бейімдеп отырады.

Ұмыту. Бұрын қабылданған материалдарды есте сақтамайынша, тани алмайды. Ұмыту дегеніміз – қабылдағанды, есте қалдырғандарды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау немесе еске түсіру мен танудың қателесіп жаңылысуы. Ұмыту жүйке қызметінің күйіне байланысты. Жүйке жүйесі әбден шаршағанда не ауыруға ұшырағанда, адамда ұмытшақтық күшті болады. Ұмыту қабылданған материалдардың нашарлығына да байланысты. Жүйке жүйесінің нашарлауына орай ұмытшақтық қартайған адамдарда жиі кездесе береді. Мәселен, аты әлемге әйгілі табиғат зерттеушісі, ғалыи Карал Линней әбден қартайғанда өзінің 40-50 жыл бұрын жазған шығармаларын оқып отырып: «шіркін-ай, мен осындай шығарманың авторы болсам»,- деп таңырқапты. Атақты жазушы Вальтер Скотт «Айвенго» атты романын науқастанып жүрген кезде жазыпты. Роман басылып шығады. Ауыруынан айыққан соң В.Скотт өз романының қай кезде жазылғанын еске түсіре алмапты. Мұндай құбылыс психологияда амнезия деп аталады және бұл құбылыстар мидағы тежелу, өшу заңдылықтарына байланысты. Бірақ өшкен, ұмытылған байланыстар бір кезде

Жаңғырып, еске түседі. Бұл ес процесінде реминисценция делінеді. Мәселен, бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістерде тұтқында болған Рессей солдаты Германияда ұзақ жылдар бойы тұрып, кейін еліне орадады. Еліне келген соң арада бірнеше жылдан кейін бұрын меңгерген неміс тілін мүлде ұмытып қалады. Ауырып, ауруханаға түседі. Бір күндері бойы сергігенде, ол орнынан тұрып, бұрынғыша немісше сөйлеп кеткен.

Осы орайда, уақытша ұмытуды сақтық тежелу деп атайды. Ұмыту – жүйке клетдкаларындағы тежелу процестерінің дамуы. Адамның бұрынғы істеген қызметі қазіргі есте сақтау жұмысына бөгет болса, оны проактивтік тежелу, ал бұрыннан есіне сақталған материалына кейінгі қызметі бөгет болса, ретроактивтік тежелу делінеді. Мұндай жайттар мағынасы бір-біріне жақын материалдарды үйренуде жиі кездеседі. Оқу-тәрбие істерінде, әсіресе, сабақ кестесін жасауда осы мәселені айрықша ескеру қажет, яғыни бір тектес пәндер мен түсінігі жеңіл, күрделі болып келетін пәндерді араластырып отырған жөн.

Естің даралық ерекшеліктері

Әр адам есінің өзіндік ерекшеліктері болады. біреулер есіне тез сақтап, анық жаңғыртады. Кейбіреулер белгілі бір нәрсені, суретті, ал басқалар сөзді, енді біреулер ән-күйді, саз ырғағын есіне жақсы қалдырады. Ес осындай ерекшеліктеріне орай типтерге бөлінеді. Мәселен: көру есі, есту есі, қимыл-әрекет есі, аралас ес. Көру есіне бейім адам көргенін ұзақ уақыт бойы есінде сақтай алады. Ұлы ақын А.С.Пушкиннің есту есі өте күшті болған көрінеді. Есту есінің күштілігі мен нәзіктігі – қазақ ақындары мен жазушыларына да тән қасиет.

Ес процесі есте қалдыру мен ұмыту шапшандығына, олардың баяулығына орай мынадай төрт типке бөлінеді:

Есте қалдыру:Ұмыту:

  1. Шапшаң Баяу
  2. Баяу Баяу
  3. Шапшаң Шапшаң
  4. Баяу Шапшаң

1-типтегі есі басым шәкірттер мен студенттер материалдарды бір-ақ рет оқыса да, тыңдасада есінде жақсы қалдырады. Есті дамытуп, жетілдіріп отырудың басты шарты – адамның әр қилы іс-әрекеттері. Адам өміріндегі аса маңызды психикалық процесс – ес – ақыл-ой кені. Ақыл-ой тарих жасаған білім қорымен үнемі байытып, өрістетіп отыруға ұмтылу естің мән-мазмұнын тереңдете түспек.