Өзеннің ең жоғарғы ағындысын есептеу

Ең жоғарғы ағындыны есептеу өте манызды болып табылады. Ең жоғарғы ағынды дегеніміз – қарастырылып отырылган гидрологиялык жылда байқалған ең үлкен су өтімі немесе суы мол фаза, яғни су тасу немесе су тасқыны кезінде ең ұлкен су көлемі. Ол әдетте ереже бойынша қардын еріу және көктемгі су тасу кезені жаңбырдың жауымен қатар жүреді.

Егер су тасудын қалыптасуындағы жаңбырдың 5-10 % болса, онда су тасу қар еру дің нәтижесінде болған. Ал егер жаңбыр суы су тасу көлемінің 30-40 % құрайтын болса, онда су тасу аралас немесе қарлы- жаңбырлы деп аталады.

Тәжрибелік тұрғыдан қарағанда ең жоғарғы ағынды аппаттық құбылыстарға жатады. Су басу әлемдік аппаттардын 40 % құрайды. Су басу мына факторлармен аңықталады:

  • Метериологиялық факторлар – қар еру, жаңбыр,жел құмалар;
  • Спецификалык жағдайлар өзен арнасында жүреді- сең буу, мұз кептелу, опырылу, тасқындардын көп болуы;
  • Гидротехникалық имараттар суды шамадан тыс тежеуі мүмкін немесе олар бұзылған кезде су тасқының туғызады;
  • Сел тасқыны;
  • Жасанды тасқындар.

Ең жоғарғы ығындыны гидрологиялық бақылау деректері 15-30 жыл болған уақытта есептеу жеткілікті болып табылады.

Есептеу жүргузгенде екі нұсқа орындалады: сирек қайталанатын су өтімінің мәні фактілік бақылау қатарына кіреді немесе одан тыс болып белгіленеді, яғни қатарға кірмейді. Бүл жағдайда Крицкий және Менхель формулалары үлестірім қисықтарын есептеуде төмендегідей өрнектеледі.

а) I – нусқа — ОN мәні фактілік бақылау қаиарына кірмейді .

OM = ;

мундағы OM — жоғарғы су өтімдерінің нормасы; Oi – фактілік бақылау қатарының жылдық максимумдары; N- сирек максимум мәнінің үстемелену қабылдаған жылдар саны; n- фактілік қатар жылдарының саны.

CV OM =

Kn = ;  Ki = Oi/Om;    CsN = 2 CvOM / 1- Kmin

Kmin = O min /OM

б) II- нусқа ON м әні фактілік бақылау қатарына кіреді.

OM `=  ;

CV OM =

CsN =2CV OM  / 1-K min

Бұл формулалар арқылы табылған параметрлер арқылы теориялық қисық сызығы тұрғызылады, сондай-ақ эмперикалық нүктелерді қисық түрғызу үшін кестеге түсіреді. Қисықтан 1% және 0,1%-дық қамтамасыздықтағы су өтімдерінің мәндері табылады. Бұл су өтімдері мәндерін қисықтан алынған қатарға кірмейтін сирек қайталанатын ең жоғарғы су өтімі мәнімен салыстыру керек, яғни олардың ауытқуын анықтау қажет.

Көктемгі су тасу гидрографтарын есептеу

а) Есептік гидрограф бақылау деректері жеткілікті болған жағдайда модель ретінде қолданылатын фактілік гидрографтардың өтпелі коэффициенттері ординатаның (су өтімдері) және абциссаның (уақыт) көбейту жолымен тұрғызылады. Бұл коэффициенттер төмендегідей есептелінеді:

ордината үшін:

KQ = Q P%/QM (модель)

абциссалар үшін:

Kt = QM/ Q P%*W P%/WM                           

мұндағы Qp%-есептік қамтамасыздық гидрографының ең жоғарғы су өтімі ;

Qм(мод)-модельдік гидрографтың ең жоғарғы су өтімі;

Wp%-есептік қамтамасыздық гидрографының ағынды көлемі;

Wм-модельдік-гидрографтың ағынды көлемі.

Өзеннің ең төменгі ағындысын есептеу

Ағындының ең төменгі мәні жыл ішінде орын алса, оны ең төменгі деп атайды.

Өзендерде ең төменгі су өтімі сабасына түсу кезенінде,өзендер жер асты суымен қөректенуге көшкенде байқалады. Ол мынандай жағдайда бақыланады.

а) ылғалдылығы жеткілікті аймақта және таулы-аудандарда-қыста;

б) ылғфлдылық тапшы аймақта-жазда.

Ең төменгі ағындыны қалыптастырушы негізгі факторлар;

1) климат;

2) топырақ-грунттық және гидрогеологиялық жағдайлар;

3) өзен алабының көлділігі мен батпақтылығы;

4) су жинау алабының көлемі;

5) мұздықтардың және мәңгі қарлардың болуы;

6) адамзаттың шаруашылық іс-әрекеті.

 Су жинау алабы неғұрлым үлкен болса, сорғұрлым зональдық факторлар әсері «тегістеледі» .

Ұзақ бақылау қатары бар зерттелген өзендерде ең төменгі ағындыны есептеу әдеттегі математикалық статистика әдісі арқылы жүзеге асырылады: нормасының мәні 0 С /С 2 анықталады, қажет есептік қамтамасыздықтағы су өтімі қамтамасыздық қисығы бойынша есептелінеді (әрқашан р 70%).

Зерттелмеген өзендерде есептеулер төмендегідей жүргізіледі:

1)модуль изосызық картасы бойынша;

2)эмперикалық формулалар бойынша;

3)гидрологиялық аналогия әдісі бойынша.