Еркін экономикалық аймақтардың қызметінің ерекшеліктері

Еркін экономикалық аймақтардың дүниежүзілік іс – тәжірибесін талдап, олардың жетістіктері мен ортақ белгілерін және даму ерекшеліктерін көрсету маңызды мәселе.

Еркін экономикалық аймақтардың дамыған елдердегі іс – тәжірибесін алып қарастырсақ, олардың бастапқы даму жоспарларының барынша жоғарғы деңгейі мен аймақтарды басқарудың мейлінше икемділігін байқар едік. Дүниежүзілік шаруашылықтың динамикалық дамуы, еркін экономикалық аймақтардың өрістеуіне күшті әсер етеді. Сондықтан, байқалған өзгерістерге сай іс – әрекет жасау – уақыт талабы.

Еркін экономикалық аймақтарды құрудың әлеуметтік — экономикалық пайдасы айтарлықтай мол.Мысалы, көптеген жаңа жұмыс орындарының пайда болуы, халықаралық сауда айырбасының жандануы,сыртқы сауда тиімділігінің орнауы т. б. Дамыған елдердегі еркін экономикалық аймақтардың маңызды ерекшелігіне олардың тек  дүниежүзілік  рыногында ғана емес, елдің ішкі рыногында да тиімді жұмыс істеуі жатады.

Дамушы елдердегі еркін экономикалық аймақтар қызметінің бірқатар ортақ белгілері бар. Ең алдымен  бұл елдерде экспорттық — өндірістік аймақтар кезінен

тараған. Ол түсінікті де. Дамушы елдердің мүдделері экспорт үшін тауар өндіруді дамыту, елге шетелдік капиталды, үздік ғылыми – технологиялық жетістіктерді қазіргі техникалық ақпаратты келтіру шеңберінде жатыр.

Еркін экономикалық аймақтарда шаруашылық жүргізудің ерекше тәртібі шетел іскерлері үшін бірқатар жеңілдіктер береді. Мұның өзі халық аралық бәсекеде еркін экономикалық аймақтардың салыстырмалы артықшылықтарын пайдаланудан туындайды.

Еркін экономикалық аймақтардың қызметі барысында сауда — өндірістік диверсификациясы басталып, кешенді даму процестері қарқын алады.

Диверсификация – шаруашылық әрекеттерінің жаңа  сфераларда ( өріске ) тарады.

Еркін экономикалық аймақтарда шаруашылық жүргізудің ерекше тәртібі шетел іскерлері үшін бірқатар жеңілдіктер береді. Мұның өзі халық аралық бәсекеде еркін экономикалық аймақтардың салыстырмалы артықшылықтарын пайдаланудан туындайды.

Еркін экономикалық аймақтың халықаралық экономикадан алатын орны үлкен маңызға ие болады.Оның алғы шартттары жоғарыда айтылып өткендей.

Дамушы елдер арасындағы еркін экономикалықаймақтардың құрылуында шетел инвестицияларының алатын орны ерекше. Функционалдық әдісті қолданудың нәтижесінде жетістіктерді пайдаланатын оңаша  кәсіпорындар қалыптасты.

Еркін экономикалық аймақтар дуние жүзінің көптеген елдерінде өрістеп отыр. 90 – жылдардың ортасына қарай жүзінде төрт мыңнан астам әр түрлі еркін экономикалық аймақтар болды. Олардың қатарына одақ аймақтары , техно – парктер , еркін сауда аймақтары тағы басқалар жатады.

Бұлар еркін экономикалық аймақтардың екінші буынына жатады. Олар сауда аймақтарының өрістеуі нәтижесінде  тек қана тауар емес, капиталдардың дакемуіне байланысты болады. Капиталды келтіру тек сауданы ғана емес, сондай – ақ өндірістік қызметті де жандандырады.

Еркін экономикалық аймақ термині халықаралық  аймақтық ұйымдар қабылдаған термин. Бұл термин  еркін экономикалық  аймақтың мәнін толық ашып бере алмайды , себебі аталған аймақтарда  қолданылатын экономикалық тәртіп оларды  мемлекеттің құқықтық және шаруашылық жүргізу  заңдарын , ережелерін орындаудан босатпайды. Мемлекет тек қана жүріп жатқан экономикалық  процестерге араласу дәрежесін қысқартады.

Бірқатар дамушы елдер үшін еркін экономикалық аймақтар территориясының оңашалығы , ондағы өмір сүру деңгейі мен өндірістік мүмкіндіктердің шоғырлануы жағынан арнайы экономикалық аймақ болып табылады.

Еркін экономикалық аймақтарды құрудың әлеуметтік — экономикалық пайдасы айтарлықтай мол. Мысалы, көптеген жаңа жұмыс орындарының пайда болуы, халықаралық сауда айырбасының жандануы,сыртқы сауда тиімділігінің орнауы т. б. Дамыған  елдердегі еркін экономикалық аймақтардың маңызды ерекшелігіне олардың тек дүниежүзілік рыногында ғана емес, елдің ішкі рыногында да тиімді жұмыс істеуі жатады.

Қазіргі ғылыми – техникалық революция алғашқы орынға жаңа  және жоғары технологияларды  жасайтын өндірістің ғылыми сыйымды салалары  жабдықталған еркін экономикалық аймақтарды қояды.