Химияны тереңдетіп оқытуда зерттеу әдістерін қолдану мүмкіндіктері

Адам іс-әрекетінің барлық түрлерінде, соның ішінде бейорганикалық химияны оқытуда немесе қандай да бір оқу пәндерінің берілуінде міндетті жалпы заңдылықтар сақталады.

Педагогикада бұл заңдылықтар оқыту принциптері деп аталады. Оқыту принциптері негізінен оқу жүйесі мен әртүрлі пәндердің негізгі дидактикалық жағдайы болып саналады.

М.Н.Скаткин еңбегінде оқыту принциптерінің жалпы жолдарының ережелері қарастырылып, тұжырымдалған. Оқыту процесі оқыту мен үйрету әрекетінен туындайды [1].

Оқу принциптерін анықтаудың маңызы: 1) қоғамдық дамудың қанағаттандырылуын ескеріп, оқыту мақсатын анықтау; 2) оқыту принципінің объективті заңдылығы оқыту мен үйрету әрекетінің өзара байланыстылығы; 3) оқыту мақсатын объективті заңдылықтардың қолдану әдістері арқылы іске асыру; 4) оқытуды іске асырудың нақты жағдайлары.

Л.В.Занков дамыта оқыту жүйесінің принциптерін ұсынып, оның тәжірибе жүзіндегі тиімділігін дәлелдеді [ ].

Химия пәнін оқыту мен оқытуды ұйымдастыруда ғылыми принциптер маңызды орын алады. Ғылыми принципті алғашқы рет 1950 жылы М.Н.Скаткин ұсынды. Бұл принципті Л.Я.Зорин толығырақ зерттеді [1.2]. Л.Я.Зорин бойынша ғылыми принциптер үш негізгі топқа біріктірілген: 1) оқу мен ғылыми білімдердің сәйкестілігі; 2) оқушыны ғылыми таным әдістерімен таныстыру; 3) оқушы бойында таным процесі туралы түсінік тудыру;

Оқыту жүйесін жетілдіру үшін оқу сапасын жақсарту қажет. Оқу жүйесінің тұтас дидактикалық білім берудегі өзара байланысты элементтеріне мыналар жатады: мақсаты, пәннің мазмұны, оқыту әдіс-тәсілдері, оқытуды ұйымдастыру формалары мен құралдары, өткен тапсырманы меңгергендігін бақылау әдістері, сонымен қатар қойылған оқу мақсатының нәтижесін диагностикалау.

Бұл оқыту жүйесінің элементтері: оқыту мақсаты (Не үшін оқытамыз? Кімді оқытамыз?) → оқыту мазмұны (Неге оқытамыз?) → оқыту әдістері (Қалай оқытамыз?) → оқыту әдістері (Көмек арқылы неге оқытамыз?) → оқыту формалары (Қалай және қашан оқытамыз?) → бақылау, диагностикадан (Оқытудың қорытындысы қандай?) тұрады.

Әр элемент Не үшін оқытамыз?, Неге? Қалай? … және т.б. мұғалім сұрағынан басталады. Оқу үрдісінде жаңа оқыту әдістері: проблемалық, зерттеу, программалау, ақпараттандыру оң нәтиже беретіндігі дәлелденді. Бақылау түрлерінде меңгерген білім нақты анықталған әдістер арқылы тексеріледі. Арнайы дайындалған тапсырма арқылы білімді немесе ойлау түрлеріне диагностикалау жүргізіледі.

«Білім – шығармашылық ойлау – шығармашылық іс-әрекет» байланысы күрделі психологиялық-педагогикалық өзекті мәселе болып табылады. Білім беруде танымдық әрекеттер ойлауды қалыптастырады, ал ойлау жаңа білімді тудырады. Шығармашылық ойлау типі, пән мазмұнын жүйелі меңгерту, оқыту әдістемесі, құралдары мен формаларына сәйкес мұғалімнің басшылығымен баланың жеке танымдық әрекетіне байланысты қалыптасады. Оқу әрекетінің мақсаты, мотиві, пәндік мазмұны, әдіс-тәсілі, қорытындысы болады. Бұл барлық компоненттер өзара байланысты және өзара қамтамасыз етіледі.

Сабаққа дұрыс мақсат қоя біліп, оқу үрдісінде әр типті проблемаларды ұйымдастыру мен шешу жолдары мұғалімнің шеберлігіне байланысты. «Оқу проблемасы», «Оқу ситуациясы» проблемалық оқытудың қазіргі негізгі түсініктері екендігін И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, А.М.Матюшкин және т.б. зерттеп дәлелдеді [.] Проблемалық оқытудың инновациялық әдістері зерттеу, талқылау және іскерлік ойындар. Зерттеу мен талқылау әдістері бір-бірімен тығыз байланысты. Оқытуда кез келген проблеманы шешуде инновациялық әдістерді қолданғанда оқушының ұсыныс пен болжам жасап дәлелдеуді құрастыруы қарастырылады.

Кейбір сабақтардың ұйымдастырылуына байланысты оқушы іс-әрекетінде бірлесіп іздеу жұмыстары жүргізіледі. Проблеманы шешуде зерттеу әдістері оқушының таным үрдісінің деңгейін ғылыми танымдық үрдіске жақындатып, оның негізінде ғылыми зерттеуге бағдарлап, оны ғылыми идеяның генезисін түсінуге жетелейді. Зерттеу әрекетінде оқушының проблемалық ізденіс-әрекеті сапаның артуына әкеледі.

10 класта жаратылыстану-математикалық бағытындағы химия курсының маңызды металлургиялық және химиялық өзгерістер тарауы бойынша төмендегідей зерттеу әдістерінің кезеңдерін бөліп атауға болады.

  1. Оқушыларды зерттейтін аймақтың мазмұнымен таныстыру.

Оқу материалының мазмұны, химиялық өндірістің заңдылықтары мен негізгі ғылыми принциптерін темір құймасы, болат алу үрдісінде қолдану. Мәселені қарастыру Ақтөбе облысындағы ферроқорытпа металлургия зауытының тарихынан басталады. Іскерлік ойындарды қолданып, оқушылар өндіріс және қоғамдық әрекеттер туралы қарастырылатын проблемаларды талқылау арқылы сауатты және ғылыми қорытынды жасауға үйренеді.

  1. Проблемаларға соқтығу.

Зерттеу мақсаты мен міндеттерін қалыптастыру. Ферроқорытпа металлургия зауытының қажетті шикізат базасын анықтау, химия және техника ғылымдары алдындағы маңызды оптималды жағдайларды іздестіру міндеттерін қарастыру. Шикізатты кешенді түрде қолдану. Шикізатты тасымалдауға жұмсалатын шығын, зауыттың орналасуы, қоршаған ортаны қорғау жұмыстары. Жаңа химиялық зауытты салу үшін ұсыныстар мен жобалар. Оқушылар зерттеулерінің мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру.

  1. Зерттелетін нысан, үрдістер мен құбылыстар туралы нақты деректер жинау.
  2. Теориялық (эксперименттік) зерттеу.

Зерттелетін фактіні бөліп алып, гипотеза ұсыну, экпериментті модельдеу. Оқушымен бірлесе отырып, ферроқорытпа өнімдерін алуда оптималды жағдайларды дәлелдеу. Шикізат құрамында темір, хром, никель, кобальт, т.б. металдардың бар болуына байланысты, оларды кешенді қолдану туралы жобаларды ұсыну.

  1. Түсіндіру жолдарын құру.

Ферроқорытпа өңдеу, сонымен қатар Қазақстандағы басқа металлургиялық кәсіпорындардың технологиялық схемаларын құрастырып зерттеуде оқушы гипотезасының дұрыстығын тексеріп, басқа да ғалымдар ұсынған жобалармен салыстыру, нақтылау.

  1. Зерттеуді талдау.

Оқушы жұмысының қорытындысымен таныса отырып, қойылған проблемаларды шешу жолдарының дұрыстығын бақылау, дұрыс ұсыныс пен қате себептерін анықтау.

  1. Қорытынды жасау.

Оқушылар жұмысын жинақтау және қорытындысын шығару. Оқушының зерттеу жұмысының жобасын, жоба конспекті, реферат, тірек-графикалық конспект, газет, т.б. шығармашылық тапсырмалар ретінде дайындалады. Осындай зерттеу әдістері оқу проблемасында оқушы бойында ғылыми ізденістің қиындықтары мен заңдылықтары туралы түсініктері мен логикасын қалыптастырады. Сонымен қатар, оқушының интуициясын дамытып, елестету (қиялдау), табиғат және оның негізгі бөлігі адам туралы ғылыми білім жүйесін дамытуда ойлау дағдысын қалыптастырады.

Білім беруде химия пәні бойынша оқу үрдісінде проблеманы шешудің түрлі жолдары бар, біз мақаламызда солардың кейбіреуін ғана сабақта қалай қолдануға болатындығына мысал келтірдік. Химия сабағында қойылған мақсат пен міндеттерді шешуде төмендегі құрылымдық-логикалық кезеңдерді ескерген жөн:

  • тірек білімдерінің өзектілігі мен оқушының әрекет жолдары;
  • проблемалық ситуацияны құру;
  • оқу проблемасының дұрыс қойылуы;
  • оқу пролемасын шешуде болжамды ұсыну, болжамды тексере отырып жоспар құру, қорытынды шешім қабылдауды қалыптастыру.
  • қабылданған шешімнің қолданылуы мен дұрыстығын дәлелдеу.

Химия сабағында оқу проблемасының осындай шешу жолдарын қолдануға болады. Бұндай сабақтарда оқушылардың білім деңгейлері, олардың интеллектуалдық дамуы мен проблемалық-ізденіс әрекеттеріне деген ерекшеліктері ескеріледі.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. – М.,
  2. Зорина Л.Я. Системность — качество знаний. – М., 1976.
  3. Лернер И.Я. Проблемное обучение. – М.,
  4. Махмутов М.И. Проблемное обучения. – М., 1975.
  5. М.А.Шаталов. О способах решения учебных проблем. // Химия в школе, №8, 2002.

Зайцев О.С. Методика обучения химии: Теоретический и прикладной аспекты. –М.: ВЛАДОС, 1999. -384с.