Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі-категория және мамандықтары бойынша жұмысшылардың нақты санын жоспарлы қажеттілік көрсеткіштерімен салыстыру арқылы анықталады.Мысалы: бір акционерлік қоғамда «N» шамалы біліктілік деңгейлері мынадай деректерменен сипатталады: жұмысшылар- 89%, жоғарғы деңгейлі білікті мамандар- 5%, орташа деңгейдегі мамандар- 5%, ақпараттар дайындау,құжаттарды рәсімдеу және оларды есепке алумен айналысатын қызметкерлер- 1%. Осы деректер мына төмендегідей суреттеп сипатталады: Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етудің біліктілік деңгейі:
- Білікті жұмысшылар:
- Біліктіліктің арнайы жоғарғы деңгейі:
- Біліктіліктің орташа деңгейі:
- Ақпараттарды жинақтаумен айналысатын қызметкерлер:
Осы аталған деңгейлер кәсіпорынды еңбек ресурстарымен толық қамтамасыз етудің жоспарлы талаптарына сай келеді.Жұмысшылардың біліктілік деңгейлеріне жастары, жұмыстық стаждарына, білімдері, кадрлар ағындары бойынша талдау жасау қажет.Жұмысқа деген ептіліктері мен дағдылары,әрбір операцияны орындау ерекшеліктері бір мезгілде қалыптаспайды.Осы аталған параметрлер біліктілік деңгейлерін көтеру мен дайындауда санды-сапалы сипаттама беру үшін маңызды.Өзге жағымен,жұмысшылардың жас ерекшеліктерін меншікті қатынастықта сақтау маңызды. Осы бағытта атқарылатын жұмыстар еңбек өнімділігінің деңгейін тұрақты көтеріп , нәтижелік көрсеткіштерге жетуге мүмкіншілік береді.Келесі тексеру кезеңі кәсіпорындар бойынша және жекелей бөлімдерде жұмыс уақытын тиімді қолдануын бақылап тексеру. Табельдік есепке алу жүйелері тексеріле отырып,оның көмегімен,жұмысқа келіп кету жүйелері бақыланады.Осы мақсаттылықта ұйымның, кәсіпорынның бақылап-жіктеу (жіктеу тақталары, жетондар үшін тақталар, табельдерде белгіленулері, электронды-бақылау сағаттары және т.б.), есепке алу табелінің толтырылуы,зерттеледі.Осындай нақты тексеріп бақылау жолдарымен мына төмендегідей параметрлер анықталып бекітіледі: дисциплина, жұмыс уақытын нақтылай қолданылуы,жұмысқа келіп кету ережелерінің сақталынуы,себепті және себепсіз жұмысқа келмей қалу себептерін анықтау. Бақылау және зерттеу жұмыстары бойынша тиісті тұжырымдамалар жасалуынып жұмыстың құжаттары толтырылады.
Еңбек ақыны есептеу бойынша аудитордың тест сұрақтары
№ | Тест сұрақтарының мазмұны | жауаптар | Кім жүргізу қажет |
1 | Барлық жұмысшылар келісім бойынша алынуда ма? жеке еңбек келісімдері | Ия | Кадрлар бөлімі |
2 | Барлық келісімдер,жекелеген келісімдер, жауапты тұлғаларменкелісілген бе? | Ия | |
3 | Қызметкерлермен жұмысшылар қойылған шегерімдер бойынша шешімдер мен келісудеме? | Ия | Кадрлар бөлімі |
4 | Барлық ұсталымдар және шегерімдер бастықпен бекітілген бе? | Ия | |
5 | Төленуге жататын төлем- ведомстінің барлығына басшы қол қойған ба? | Ия | |
6 | Барлық еңбек ақы соммасы төленген депонентелген мерзімде аударылуда ма? | Жоқ | Бас бухгалтер |
7 | Ішкі аудит,бас бухгалтермен төлем ведомстерінің қолдарының нақтылығы тексерілуде ме? | Ия | |
8 | Белгілі кезең уақытында берілген еңбек ақыны берілген сомманы нарядтар, табелдер және басқада бастапқы құжаттарбойынша еңбек ақы есептеулерінің қорытынды соммасы салыстылуда ма? | Ия | Ішкі аудит |
9 | Ашылған ведомстердің уақтылы жабылуы, еңбек ақы төлеу дұрыстығын тексеру бойынша кассаны күтпеген тексеру жүргізілуде ме? | Ия | Бас бухгалтер Ішкі аудит |
10 | Ішкі аудит жағынан жұмысшылардың жеке карточкалары жазбалары толық және уақтылы жүргізілуін,саны тексерілуде ме? | Ия | |
11 | Емханалық парақтар бойынша есеп- айрысудың дұрыстығын тексеруде ме? | Ия | |
12 | Барлық емханалық парақтар ұсталымдар және есептеулер үшін негіз болатындар қатаң есепке алынудас ма? | Ия | бухгалтер |
13 | Кәсіпорын жұмысшыларына несие беру бойынша келісімдердің құрылуының дұрыстығы жүргізу тексерілуде ме? | Ия | бухгалтер |
14 | Несиенің қайтарылуы бойынша қамтамасыз етілуі және олардың несие келісім шартқа сәйкес келе ме? | Ия | Ішкі аудит |
15 | Жаңадан жұмысқа қабылданғандығы және қызмет бойынша жоғарлауына байланысты барлық бұйрықтар бухгалтерияға берілуде ме? | Ия | Кадрлар бөлімі |
16 | Жұмысшылардың разряды, категоялары бойынша барлық өзгерістер, жұмысшылардың жеке карточкаларына уақтылы кіргізілуде ме?Еңбек ақының есебін ескерген кездегі. | Ия | бухгалтер |
17 | Жұмысшылардың орындаған жұмыстар көлемін бақылау өзгерістерінің хронометражы пайдалануда ма? | Жоқ | |
18 | Емшектегі аналар, жүкті және жасөспірімдер еңбегінің номаларын және қауіпсіздігін қадағалауды бақылау жүзеге асырылуда ма? | Жоқ | |
19 | Арнайы және жүйеленген ведомстердің нақтылығы тексерілуде ме? | Ия | Диспетчерлік бөлім |
20 | Аталған кәсіпорын бойынша әрекет ететін бағалау және нормалардың анықтамалығынпайдалану және саны тексерілуде ме? | Ия | АӨО |
21 | Құрылтайшылық келісімдердің орындалуы тексерілуде ме? | Ия | |
22 | Еңбек ақы төлеу ведомстісінде «өлі жандар» жоқпа? | Ия | бухгалтер |
23 | Депонирленген еңбек ақы төлеу дұрыстағы тексеруледе ме? | Ия | |
24 | Өткен жылдағы керке етілмеген еңбек ақыны ішкі аудит тексеруде ме? (қандай шешімдер қабылдануда) | Ия | |
25 | Шығындардың қалыптасу шоттары бойынша еңбек ақы дұрыс жатқызылуы тексерілуде ме? | Ия | Бас бухгалтер |
26 | Салық есебінің мәліметтерімен жеке еңбек ақы төлеу жазбалары сай ма? | Ия | |
27 | Жеке еңбек карточкасына есеп- төлем ведомстінің әр-айлық жиынтық мәліметтері ауыстырылуының дұрыстығы тексерілуде ме? | Ия | Ішкі аудит |
Кәсіпорынның бөлімдері бойынша табельдік есепке алу тексеру жұмыстарын іске асыра отырып,табельдің дұрыс толтырылуына,күндер бойынша жұмысқа келіп кету параметрлерін, себептерінің тізбектелуін, сонымен қатар жұмыс сағаттарының толық ақтау жағдайларына және түнгі жұмыс сағаттарына аса назар аудару қажетті.Дұрыс толтырылмау,есептеу шоттарын табель толтырушының қолын,шебер кадорын тексере отырып аудитор,жіберілген заң бұзушылықтарды жұмыс журналында атап көрсетеді. Жалақының дұрыс, толық соммада жүйеленуін,ауырып қалу қағаздарына төлем ақыларды немесе мемлекеттік тапсырмаларды орындау жағдайларына төлем ақының орындалуын тексереді.Себебі табель жұмыс уақытын,оның орындалуын растайтын алғашқы бухгалтерлік құжат болып табылады.
Тексеру барысында:акталу,ауырып қағаздарын растайтын құжаттарды талап ету қажет, қоғамдық жұмыстар бойынша кәсіпорын жетекшісінің үкімі(жергілікті мәсілихаттың депутаты); Сыртқы және ішкі бақылау аудиторы жұмыс уақыты мен қозғалысты қолдану тиімділіктерін сипаттайтын мына төмендегідей көрсеткіштерді есептеуі тиісті: Жұмысшыларды қабылдау және жұмыстан шығару айналымының коэффициенті(ка); кадрлар ағымының коэффициенті(ка). Осы аталған көрсеткіштер ағым мен жұмысқа қабылдау санының жоғарылау шамасын, осы себептердің өндіріс көлемі мен өнімді тарату,сату факторларымен байланысын талдауға мүмкіншілік береді.Еңбекке төлем ақыны дұрыс есептеу мынадай көрсеткіштерді дұрыс әзірлеп есептеуге байланысты: еңбек шығынын сипаттайтын еңбек нормалары,уақыт нормалары,қызмет көрсету нормалары,жұмысшылар саны. Аудитор құжаттар менен танысу барысында кәсіпорында қолданылып жатқан осы көрсеткіш нормалары кіммен және қашан бекітілгенін,кәсіпорынның қандай рұқсат ету құжаттарының негізінде қолданылуда, себебі практика жүзінде, кәсіпо- рынның қызметтеріне қолайлы түрлі нормалар мен нормативтердің қолданылу жағдайлары кездеседі.Өңделіп, ақталған жұмыс уақытын есепке алу мынадай көрсеткіштерге байланысты:
- Өндірісті ұйымдастыру;
- Еңбек шарттарын нормалау;
- Технологиялық процестер;
- Алғашқы есепке алу (қолмен, электронды) тәсілдерді қолдану;
- Еңбекке төлем ақы формалары мен жүйелері;
- Жұмыстарды қабылдау тәсілі;
Танысу процестерінде аудиторлар,іс-әрекетті жүйелерінің есепке алуы мен бақылау араларындағы байланыстылықты анықтаулары қажет.Жүйенің осы аталған факторларға қаншалықты дәрежеде жауап бере алу шамалары,себебі осы шамаларға жалақының төлемдік көрсеткіштеріне байланысты. Тексеру барысында сай келмеушілік көрсеткіштері анықталатын болса, жазбаша түрде хаттап, кәсіпорынның,бөлімшелердің жетекшілеріне хабарлауы тиісті.Кәсіпорындар мен оның бөлімшелерін де,өндірісті бригадалық ұйымдастыру формалары қолданылатын болса, аудитор, «еңбекке төлем ақыны бригадалық ұйымдастыру ережелерін» тексеріп, еңбекке қатынасу коэффиценттерінің бекітілу жүйелерін, қосымша төлем ақы мөлшерінің ретті төленуін, еңбекке қатысу коэфиценттерін бекіту бойынша бригадалық хаттамалардың толтырылуын, алғашқы есепке алу құжаттарын, формаларын тексеруге тиісті. Еңбекке төлем ақысының кәсіпорындарда орындалуымен танысуда,есепке алу формаларын қолдануымен зерттеп зерделеуі тиісті: мемориялды ордерлі формалары, журналды ордерлі формалары немесе автоматтандырылған есепке алу формалары.Электронды варианттың өңдеу құжаттары, қателіктер көлемі. Көптеген қателіктерге мына төмендегідей көрсеткіштерді жатқызуға болады: орындалмаған жұмыстың көлеміне алғашқы құжаттарды қосымшалап жазу; жұмыстың артық көлемін көрсету; Бір жұмысшының еңбек өнімділігін көбейту, мақсатында өзге жұмысшының еңбек өнімділіктері азайтылуы көрсетіледі, немесе кәсіпорынның кадрлар бөлімі бұйрығымен өтпеген, жұмысқа қабылданбаған жұмысшыға еңбек ақының тағайындалуы. Практикада, бұйрық бойынша «өлі жандар» кәсіпорынға жұмысқа қабылда нуын, өнімділік көлемдері толықтырушы жұмыс жасайтын адамдарға табель толтырылады. Сондықтан, аудитор осындай заң бұзылушылықтардың кездесіп қалу жәйтарына назар аударуы тиісті. Қажет болған жағдайда, кәсіпорынның жұмысқа қабылдау бұйрықтарымен, нақтылай жұмысшының санын салыстыру біліктілігі, разрятының тарифтік көрсеткіштің қаншалықты дұрыс қолдануын анықтап тексереді.
Көптеп кездесетін бұзышушылықтарға мыналар жатады: алғашқы есепке алу құжаттарының тиісті дәрежеде толтырылмауы, алғашқы құжаттар графаларының жеткілікті толтырылмауы, еңбекке төлем ақының дайындаудағы еріктілік, және т.б. Алғашқы құжаттарға: маршуруттық парақтар, ашу анықтау беттері, материалдық қозғалыстарды растайтын құжаттар жатады. Алайда, осы жағдайларда да, анықталған құжат түрілеріне қосымша құжаттар жасалынуы талап мөлшерлері көтеріледі, маршуруттық парақтар бірнеше ұсақ партияларға бөлінеді.
Кәсіпорындардың әкімшіліктері тарапынан жалақы мөлшері төленбейді жинақтаушы қорлар жұмыс көлеміне «өз» адамдарына нарядтар жазылады. Осындай қателіктер, құжаттар тарапынан кездесетін заң бұзушылықтарға аса назар аудару қажет. Жұмысшыларға төленетін еңбек ақының мөлшері өндірістік бағдарламаны орындау менен тікелей байланысты. Жұмысшылардың жалақысы айнымалы шығын секілді, өндіріс көлемінің жоғарлауымен төмендеуі мен байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан, осы көрсеткіштердің түрлі кезеңдердегі қатынастылық мөлшерін оқып зерттеу қажетті. Осы жүйелер бойынша көлемдік фактор шамасы құрылымдық өзгерулермен әсер етеді. Яғни жекелей жұмыс түрлерінің меншіктік көрсеткіштерінің өзгеруі. Жоғарлау немесе төмендеу бағыттары бойынша өзгерістің байқалуы жағдайларында, оның себептерімен ерекшкліктерін анықтау үшін терең талдау жасау қажетті. Есепке алынған өзгерістерді шығару мен байланыстй жалақының мөлшерін анықтау қажет. Мысалы, доңғалақтар шығару зауытының бірінде, әрбәр дайын шинаға 100 грамм материал үнемделген болса. Көптеген ұйымдар ішінде есепке алынбай зауыт кассасына есеп берілмей ризаналы шиналар шығарылып отырды. Шарап жасау зауытында артық аяқталмаған өндіріс көздері анықталған: қантының шамасының дұрыс анықталмауы, шикізатты құжаттамай бөлек қабылдау, өлшеу приборларының ақаулықтары себебінен. Толық жүйелі аудитті жүргізу үшін мына төмендегідей ақпарат көздерін зеріттеп жинақтау қажет:
- өндіріс көлемі жайлы есеп беру, жұмысшылар саны, еңбек өнімділігі, орташа (жылдық) айлық жалақы мөлшері, жалақының қоры, осы көрсеткіштерді жоспарлы көрсеткіштермен және өткен жылғы қол жеткен жетістік деңгейлерімен салыстыру;
- жалақы қорының құрамы және құрылымы бойынша қолданушы жайындағы есеп беру осы көрсеткішті жоспарлы және өткен жылғы көрсеткішті параметрлерімен салыстыру;
- субьектінің жоспарлы нормативті шаруашылықтарының хал-ахуалы;
- жұмыс және жұмысшылардың тарифтенуінің қолданылуы;
- қолданылатын қосымша және негізгі төлем ақы түрлерінің заңдылықтары;
- жұмысшы өнімділіктерінің есеп шоттарына аудару және жалақы мөлшерінен ұстау мәселелері бойынша ішкі аудиттің материалдары.
Еңбекке төлем ақы бойынша бухгалтерлік есептің дұрыстылығын тексеруде өнімнің өзіндік құнын есепке алу қажет; Яғни, 1) негізгі жалақы мөлшері бойынша тексеру; 2) қосымша жалақының мөлшері бойынша жекелей тексеруі;
- негізгі жалақы мөлшерін тексеруде деректі есепке алу табелінің параметрлері бойынша төлемнің дұрыстығын тексеру;
- еңбекке төлем ақының формалары мен жүйелері бойынша жұмыс мөлшерінің орындалуы; уақытпенен , келісім шартпен, прогрессивті төлем қосымша төлемдер, жәнет.б.
- қосымша жалақы мөлшерін тексеруде жұмыс уақытын өтеуге жұмысшыға төлемдермен ұсталымдарды, демалыс төлемдерін, мемлекеттік қоғамдық міндеттемелерге төленген төлемдерді, жас ерекшкліктеріне байланысты төлемдерді, ҚР заңдарына, келісім шарттарына жұмысберуші кәсәпкерлермен жасалатын келісім шарттарға сәйкес тексеріліпи анықталады. Көптеген салаларда, жекелей жұмысшылардың жалақы мөлшерлері түрлі формалар мен жүйелерге байланысты. Есепті төлем құжаттарын тексеру төлем аудиторының жүйелерге ерекше орын алады. өнімдер бойынша және ұсталымдар бойынша хатталатын барлық алғашқы, жетекші құжаттар, нақтылай төлем соммаларына айналады, сондықтан аудитор алғашқы құжаттар бойынша ( табельдер, нарядтар, маршуруттық парақтар, ауыстыру рапоттары және т.б.) есептеу немесе есептеп төлеу жинақ кестелеріне алмастыру бағыттарының дұрыстығын тексеруі қажетті тексеру жұмысшыларының жоғарғы сапалық көрсеткіштеріне, алғашқы құжаттарды тиянақты тексеру бағытында қол жеткізуге болады. Практика көптеген мысалдарды көрсетеді. ( нарядтар, өнімділік бойынша жасалынған рапорттар) орындалған жұмыс түрлеріне төленетін шығын соммалары, басты төлем соммаларынан кездейсоқ себептерінен жоғалып кетеді. Өзге мысал, орындау құжаттары бойынша жасалынатын заң бұзушылықтар, яғни бухгалтер жұмыскерлері қызығушылық танытқан жұмысшылармен келісе отырып, жалақы төлемімен белгілі бір мөлшерлі сомманы көрсеткісі келмейді. Осы мақсаттылықта, есептеудегі жалпы сомманы екі және оданда көп есептеу жинақ кестелеріне бөледі.Осы кестенің біреуі арқылы ұсталым төлем соммалары жүргізіледі. Осы кезеңде жұмысшылар жалақыны екі ведомосттен алады, сондықтан, аудитор жалақыдан ұсталымын себептерімен мөлшерін анықтауы тиісті. Жұмысшылар жалақыны кассадан, есептеу шоты арқылы нақтылай төлемді тексеруі қажет.Осы бағытта 681 шотының-«Еңбек ақы төлемдері» бөлек жалақыны тарату бұзушылықтары орын алуы мүмкін. Төлем жинақ кестелерін, сумма көрсеткіштерін, жетекші қолдарын, қорытынды сумманы, әрбр жұмысшының алатын жалақы қорытынды көрсеткіштерімен салыстыру қажет. Еңбек ақыны аналитикалық есепке алу жүйелерін де тексеру қажетті. Алдымен, жалақы мөлшерін есептеу шоттары бойынша дебетке қатынастырылуының дұрыстығы: негізгі өндірістік, жартылай фабрикаттар, көмекші өндірістер, қосымша шығындар, әлеуметтік орта, сала,өндірістегі ақаулықтар, жалпылай және әкімшілікті шығындар, ал несие бойынша –еңбек ақы төлемдері бойынша персонал мен есеп- айрысу. Сонымен қатар,жұмысшыларға берілген аванс,үстеме төлем соммаларының өз уақытында қайтарылуын, жалақыдан дұрыс ұстау бағыттарын тексеру, анықтау қажет. Материалдық шығынның несиеге сатып алынған тауардың қайтарылу бағыттары. Кәсіпорындар тарапынан, еңбекке төлем ақы қорлары бойынша бухгалтерлік есеп берудегі толтырылу, хаттаудың аналитикалық және синтетикалық есеп беру көсеткіштерінің сай келмеулері байқалып отырылады, сондықтан, 681-шоты бойынша есептеу мен ұсталыну дұрыстылықтарына көз жеткізу қажет.