Еңбек ақы төлемі бойынша қызметкерлермен есеп айырысудың аудитінің мақсаты – еңбек туралы заңдылығының дұрыс орындалуын, еңбек ақының дұрыс есептелгенін және ұсталымдардың дұрыс ұсталынғанын, жұмысберушілермен және оның жұмысшыларының арасындағы барлық есепайырысуларды есепте дұрыс бейнелеуінің және құжаттық рәсімделуін тесеру.
Қызметкерлермен есеп айырысудың аудиторлық тексерісінің орта және ірі кәсіпорындары үшін олардың әртүрлі және жүйелі сипатта болуынан байланысты еңбек сиымдылығы жоғары болып табылады.Еңбек ақының бұл тобына еңбек ақы бойынша кәсіпорындардың қызметкерлерімен өзара қарым қатынастардан басқа келесі есеп айырысуларда енгізеді: шаруашылық, іссапар және басқа шығындарына берілген есеп беру соммалары, басқа да операциялары бойынша есеп айырысулар, оның ішіне жеке тұлғалық сақтандыру; берілген ссудалар, несиедегі тауарларды төлеу, келтірілген зиянды орнын толтыру бойынша есеп айырысулар.
Жұмысқа қабылдау шарттарын келісім — шарттарда және контрактілерде келісіледі кәсіпорындарда индивидуалды келісім шарттардың формалары қолданыла басталды, кейінен халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігі келісім – шарттардың біркелкі формасындағы бланкілерін дайындайды және бекітеді. Қызметкерлермен жұмыс берушінің мүддесін қорғауға қажетті біздің көзқарасымыз бойынша индивидуалды келісім- шарты келесі бөлімдерден және пунктерден тұрады.
- Келісім шарт құралы, екі жақтың заңды мекен жайы
- Жұмыс берушінің құқықтары
- Жұмыс берушінің міндеттері
- Жұмысшының құқықтары
- Жұмысшының міндеттері
- Өзгерту, тарату және пролонгация шарттары
- Екі жақтың қолдары
Еңбек келісім шарты заңдылық тұрғыдан қарағанда жұмыс берушімен жұмысшының мүдделерін оңайлатып қорғайды, егер екі жақтың бірі келісім шартты бұзып немесе орындамаған жағдайда. Мұндай келісім шарт ЖШС «ШЖЖШ» да қолданылады. ЖШС «Шымкент промстрой» ұйымында индивидуалды еңбек келісім шарты алдыңғыға қарағанда басқаша мазмұны бар, келісім шарттың алдынғы келісім шарттан негізгі ерекшелігі болып, әр маманның жеке қызметі қосымшада бейнеленеді, яғни жұмыстың толықтығын, сапасын және орындалуын сипаттайды. Келісім шарттың бұл формасында бекіткенге дейін заңды тұлғаның қызмет басшысының, инфроқұрылым директорының, келісімі қажет. Мүмкін мамандардың пікірімен келісіп келісім шарттың бекітілуінде қателермен бұзушылықтарын дұрыстауға мүмкіндік береді. Үлкен кәсіпорындардағы, яғни мындаған жұмысшылардың жұмыс істейтін басшысына физикалық түрде қарап шығуы мүмкін емес. Бұл шарттың негізі өндірістік қызмет басшысының атқаратын қызметімен келісуі мен танысуы қажет.
Ұжымдық келісім шартты құру кәсіпорынның әкімшілігімен ұжымның барлық мүдделерін қорғау үшін берілген. Яғни жұмысшыларды келісім шартпен таныстырып заңды түрде қарастырады.
Ұжымдық келісім шартта мыналар қарастырылады:
- Көзделген бағдарламалардың орындалуы
- Еңбек ақы шарты
- Әлеуметтік еңбекттік кепілі
- Ұйым және субьекітті қорғау
- Кәсіп одақтың қызметінің кепілі
- Еңбек және жұмысшылардың жеке категориялары бойынша соның ішінде әйелдер қауымы (инвалиттер, зейнеткерлер) өткізу шарты.
Аудит қызметкерлері тексеру бағдарламасына сәйкес аудиттің орындалуы ретін ғана мықты біліп қоймауы керек, сонымен қатар құжаттарды тексеру ретінің қай бөлімде, пункте, жолында және т.б., қандай құжаттармен құру керектігін, әсіресе бұл басқа жазбаларға негіз болатын бір құжаттардың жиынтығы болса, бұны келесі кестеден көруімізге болады және т.б. маңыздыларын білу шарт.
Кәсіпорында аудиттің құрылып жүргізілуі 5 деңгейден тұрады. Еңбек және жалақы төлемінің есебімен аудитін жургізу барысында кәсіпорында бухгалтерлік балансымен танысудан және ақша қаражаттарының формаларының (формалар және есеп беру нөмерлері және балансы кестеде көрсетілген) бастау керек. Келесі деңгей болып бас кітаптың мәліметінің құрылымы мен тексеру жургізу болып табылады. Мұнда шоттардың сәйкес жазбаларын қаншалықты дұрыс есептелгенін, және бухгалтерлік баланс және есеп беруге аударылғанын тексеруімізге болады.Бас кітаптың жазбаларының дәлдігіне көз жеткен соң, міндетті түрде қандац журнал ордерден аударылғанын салыстырып шығу қажет, бұл үшін еңбек және жалақы төлемінің есебі көрсетілген журнал ордерде мәліметтерін тексереміз.Мысалы, журнал ордер №10 «Еңбек ақыны есептеу» жазбаға негіз болатын Еңбек ақы бойынша есеп айырысу төлем ведомості және т.б. кезектісі міндетті турде (4 деңгей) құжаттардың тексеру керек, яғни жиынтық салыстырмалы құжаттар.
Аудиторлық тексерудің кәсіпорындағы ішкі аудиторлық бақылау қызметімен жүзеге асыру және танысу реті.
Тексеруді жузеге асыру деңгейлері | Құжат түрлерінің тексеру реті | Тексеруге жататын құжаттардың атауы | Бөлімдер, пунктер, шоттар, қатарлар |
I | Баланс, есеп беру | Қосымша 15 бухгалтерлік баланс 100-ші форма | Салық жылының басы мен соңы бөлімінің III қатар 31,32,33 |
№3 форма Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру | I бөлім 1,2 пункт Еңбек ақы бойынша есепайырысу зейнет ақылық қамсыздандырумен әлеуметтік сақтандыру қорлары бойынша төлемдер. Салықтар бойынша төлемдер. Берілген аванстар. Басқада төлемдер | ||
№100 форма Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беру | өткізілген өнімнің өзіндік құнының құрамы 02 қатар бойынша | ||
Алынған шегерімдермен жылдық жиынтық табыстуралы декларация | Әлеуметтік салық бойынша декларацияға 2 қосымша декларациясы. Төлеу көзінен ұсталатын жеке тұлғалардың табыс салығын есептеу 14 қосымша | ||
Кәсіпорының өндірістік әкономикалық көрсеткіштері | Қатарлар: 14,15,16,17,18,19,20. | ||
II | Бас кітап | Бас кітап шоттары | 681,651,-687 және т.б. шоттар бойынша жиынтық көрсеткіштер.Бастапқы қалдығына,дебет бойынша айналым, соңғы қалдығы бойынша кредит айналымы |
III | № 1,2,4,7,8,9 журнал ордерлер | № 7 Журнал ордер кредит бойынша 333 шот «Жұмыскерлермен басқа да тұлғалардың бөлімі» | Жауапты тұлғалар бойынша аванстық соммаларыныңборышы.Дебет шотарында: 451,441,453,630,720 және т.б |
№8 Журнал ордер | №7 ведомстқа сәйкес 8 қатар бойынша 334 «Басқалары» шотына жатқызылатын бөлімше.Басқа да кредиторлық борыштар | ||
900 шы шот бөлімшешесі есептелген №10 журнал ордер | Дебетінде 902,912,922,932,942,952 кредиттік шоттарында 451,441,453,630,720 және т.б.
|
||
№9 журнал ордер | 682 «лауазымды тұлғалардың борышы» 687 « Басқада кредиттік борыштар және есепке алу» | ||
№ 4 журнал ордер | Жалақы бойынша несиелер | ||
№ 1 журнал ордер | Еңбек ақы бойынша операциялар | ||
№ 2 журнал ордер | Еңбек ақы бойынша ақша қаражаттарын аудару бойынша операциялар | ||
IV | Жиынтық құжаттар | 1) салық аударымының удиті
2) Еңбек ақыны есептеудің аудиті 3) Еңбек ақы бойынша есепайырысу аудиті |
Жұмысшылардың жеке карточкалары.Шаруашылық субьектінің есеп төлем ведомості.Кадрлардың жиынтық ведомостінің есебі, ауру туралы парағының реестрі, орташа өнімділік жөніндегі анықтамалар реестрі. Демалыстарды ұсынғандағы бұйрықтардың реестрі. Кезекті демалысқа төлем бойынша есеп төлем ведомості, уақытша еңбекке қабілетсіздігі үшін жәрдем ақы төлеу бойынша есеп- төлем ведомості |
V | Алғашқы құжаттар | Еңбек ақы есептеу үшін негіз болып табылатын құжаттар | Кәсіпорынның құрылтайшылық келісімдері; Еңбек ақы төлеу формаларына бұйрықтар бағалау және нормалардың анықтамасы арнайы ведомосттар; тапсырыс жөніндегі келісімдер бойынша қабылдау актілері |
Аталған кәсіп орын еңбек ақы бойынша туындайтын алғашқы құжаттар | Нарядтар, табельдер өңдеу жөнінде рапорт; маршрут парақтары; жұмыстарды қабылдау актісі, өнімді қабылдау ведомості босатуға бұйрықтар, ақауды жөндеу жөніндегі хат | ||
Басқа мекемелерде туындаған еңбек ақы төлеуді есептеу үшін негіз болып табылатын алғашқы құжаттар. |
Жазбалар бойынша негіз болып табылатын әрбір жиынтық құжат нақты графалар, журнал-ордерге қатысты қатарлар, аудитор қандай құжатта не бар екенін және олардың немен салыстыру керек екенін біліп сәйкестендіруі қажет. Себебі «Есеп – төлем ведомості» келесілерді тексергенде пайдаланылады:
- Еңбек ақы есептеудің аудиті
- Еңбек ақы есеп айырысудың аудиті
- Еңбек ақы төлеу бойынша салық аударымдарының адиті және тағы сол сияқты.
5-ші тексерудің деңгейіне келген алғашқы құжаттар жатады, аудитор алғашқы құжат көрсеткіштерімен көбінесе салыстырады. Алғашқы құжаттарды біз анықталған орны бойынша үш топқа бөлеміз, айта кету керек, бұл топтардың әр қайсысының құжаттары аудиторға маңызды. Алғашқы құжаттардың дұрыс хатталып, рәсімделуіне кәсіпорынның топтық мамандары жауапты, сондықтан, аудитор анықталған алшақтану,қателіктер үшін жауап беретін кінаны тұлғаларды анықтап білуі тиісті.Сонымен қатар, алғашқы құжаттардың дұрыс хаттауының сапалығын тексеріп барлық есептеу формаларын, құжаттың топ түбін, нәтижелік көрсеткіштерін, хаттау мерзімдерін аудиттік тәсілдерді қолдана отырып анықтап, шындықты ашуы қажет.
№2 кестеден байқап отырғанымыздай,мамандардың орындаған есептемелерін тексеруге қажетті ақпарат көздеріне мына төмендегі параметрлер жатады:штаттық күнтізбе, ережелер, бұйрықтар, үкімдер, келісім-шарттар, азаматтық-құқықтық сипатындағы келісім-шарттар,қызмет көрсету, еңбек формасындағы келісім-шарттары және т.б. Жұмыс уақытын есепке алу табелі,жалақыны есепке алу,жолдама қағаздары,уақытында еңбекке жарамсыз құжаттары,есептеу-төлеу ақының жинақ кестелері, аваныстық есеп беру,заттар мен мүліктерді инвентаризациялау актілері, журнал-ордері, машинограммалар, бос кітапша және т.б. Еңбек ақыны төлеу кредиторлық қарыздың маңызды статьяларына жатады.Ол жылдың басы мен алғашындағы баланыста көрсетіледі. Кәсіпорынның өз персоналдары алдындағы қарызы болып табылады. Осы қарыз бойынша аудиторлық бақылаудың басты міндеттемелері: еңбек көрсеткіштерімен жалақыны есепке алумен байланысты іс-әрекеттегі заңдылықтардың сақталып орындалуын,бухгалтерлік есептің ұйымдастарылуы мен жағдайын,сонымен қатар еңбек ақысын төлеумен байланысты есептемелерді жүрг ізудің дұрыстылығын тексеру,…Ең алдымен, жұмысшылар мен жұмыс беруші тұлғалар арасында қолданылатын нормативті құжаттардың орындалуын тексеріп анықтап алу қажет.
Нарықтық экономиканың шарттарында,еңбек ақыны төлеу,жұмыс режимдерін бекітуде жұмыс берушілерге,кәсіпорынның жетекшілеріне айрықша мүмкіншіліктер берілген. Жұмысшыларды қорғау бағытында бірқатар механизмдер қабылданған,атап айтатын болсақ:минималды еңбек ақысын бекіту,еңбек демалысы мерзімдерін бекіту және т.с.с. Еңбек қатынастылықтарын әзірлеуде, барлық кәсіпорындар үшін міндетті нормаларды бекіту,олардың дұрыс жаңа жүйеде қолданылуын,персоналға еңбек ақысының төленуін мемлекеттік органдар бақылап отырады. «Кәсіпорынның төл құжатты уставын», «Еңбек ақысын төлеу бойынша ережелер»,және өзге ішкі құжаттарды әзірлеуде,олардың заңды құжат,нормативті құжат талаптарына қаншалықты жауап бере алатындығын тексеру қажет.Себебі,көптеген кәсіпорындар осы аталған құжаттарды әзірлеуде өз «талаптарының» орындалуына құқылы.Осы тексеруден соң,ұжымдық, жекелей келісім-шарттардың сауатты хатталуын тексеру қажет.Содан соң жеке құрамды оперативті есепке алу белгілері бойынша персоналдың қызметтелу салаларына жүктелінуі бағытталынуы тексеріледі.Себебі,өндірістік персоналдар бойынша жұмсалатын еңбек шығындары негізгі, көмекші және өзгеде құрылымдық бөлімдерге жатады.Персоналдар құрамын өндірістік және өндірістік емес персоналдарға қатынастыру түсімнің деңгейіне және есептеліп жүктелінетін салықтың деңгейіне әсер етеді.Атап айтатын болсақ , өндірістік емес саланың жұмысшылар жалақысы кәсіпорынның табыс табу мөлшеріне байланысты,ал жалақының өзге мөлшері осы бөлімнің тарапынан көрсетілетін қызметтер табыс көзіне байланысты.Мысалы: кәсіпорынның тұрмыстық пайдалану шаруашылығы жұмысшыларының жалақысы тұрғындар төлемақыларының мөлшеріне байланысты.Еңбек шығынын,оның пайда болу орындарына дұрыс қатынастырудан мына төмендегі экономикалық көрсеткіштеріне байланысты болады: бөлімдер бойынша орындалатын еңбек өнімділігі,бұйым сапасы,өндіріс тиімділігінің өсуі,рентабельділік және өндірістік өнімді сатудан,өткізуден келіп түсетін пайда. Персоналдар категориялары бойынша (жұмысшылар, мамандар, қызметкерлер) бақылауда оның, құрылымын, құрамын, сандық мөлшерлерін зерттеу, жетістіктерін анықтауда түрлі параметрлерді қолдана отырып талдау жасалынуы тиісті.Оның бағытының кәсіпорын тарапынан орындалатын ұйымдастыру, басқару, технологиялық құрылымдарына сай келуі. Кәсіби-біліктілік белгілері бойынша жүргізілетін бақылау біліктілік шамасының атқарып отырған қызметіне сай келуін анықтау мақсатында жүргізіледі.Кадрлар бөлімінде қажетті құжаттардың, диплом, жұмысшының біліктілік деңгейін растайтын сертификаттың сонымен қатар, токарь мамандығы бойынша берілген разрядтың, біліктілік категориясының категориясының бекітіп көрсететін құжаттардың түпнұсқалары тексеріледі.
Аудиторлық тексеру барысында, тексеру жоспарларына сәйкес тесттік сұрақтарды дайындап алу қажет. Осы сұрақтар тексерілетін субьекті жайында мәліметті ақпараттар жинақтауға мүмкіншілік береді.