Сандық мәліметтерді енгізу операторы

Берілген мәндерді айнымалыға беру ушін меншіктеу операторы пайдалануға болады. Мысалы, А:= -15; ВЕС:=16,4; тағы басқалар. Бірақ бұл жағдайда программада жалпылық қасиет болмайды, яғни ол тек көрсетілген мәндер үшін ғана есептеу жұмысын жүргізіп, қалған кез — келген мәндер үшін дұрыс нәтиже бермейді. Программаны дұрыс әрі әмбебап етіп  жасay үшін айнымалылардың мәндері өзгерілетін түрде жасалып  oлap пернетақтадан енгізілуі қажет, мұндайда программа айнымалының әр түрлі мәндері үшін дұрыс жұмыс атқара алады.

Паскаль тілінде мәліметтерді енгізу және шығару үшін, яғни адам мен компьютер арасында мәлімет алмасу мақсатында алдын ала анықталған Input, Output файлдары қолданылады. Программа берілген мәндерді Input файлынан алады да, алынған нәтижені Output файлына орналастырады. Стандартты енгізу файлы болып пернетақта, ал шығару файлы болып дисплей экраны саналады. Ол үшін енгізу операторы пайдаланылады.

Паскаль тілінде мәлімет енгізетін READ ( READ — ағылшынша оқy )

операторының жалпы турі (пішімі) төмендегідей:

READ (а1, а2 … ап);

READLN (а1, а2, … , ап);

READLN;

Мұндағы а1, а2, …, аn — айнымалы атаулары, оларды енгізу  операторының параметрлері  деп те атайды. Алғашқы оператор көрсетілген айнымалылардың мәндері пернелер арқылы араларына бір бос орын қалдыру арқылы енгізілген соң, курсорды келесі қатарға көшірмейді. Ал readln ( read lіnе — «қатарды оқу» деген сөздің  қысқартылуы) алдыңғы оператордағыдай пернетақтадан мәндер енгізілгеннен кейін курсорды келесі қатарға көшіріп жібереді. Соңғы қатарда жазылған параметрсіз оператор ешбір мән енгізбей, тек курсорды келесі қатарға көшіруді ғана атқарады.

Енгізілетін айнымалылардың мәндері integer, reаl, char немесе stгіпg (сөз тіркесі) типтеріне жатуы мүмкін. Логикалық айнымалылардын мәндері өз типтеріне сәйкес Паскаль тілінің ережесі бойынша енгізіледі. Егер ол шарт бұзылса (мысалы, а1 типі integer болса, ал енгізгенде сhаг типтес мән терілсе), онда экранға енгізу-шығару қатесі шығады, оның пішімі мынадай болып келеді:

І/О error ХХ,

мұндағы ХХ — бүтін сан түріндегі қaтенің сипатына сәйкес коды.

READ операторы орындалtанда параметрлер өздеріне сәйкес мәндері қабылдайды, бұл міндет  INPUT енгізу файлы арқылы жүзеге асырылады. Параметрлер жаңа мән қабылдағанда, оларда бұрын орналасқан (жазылған) ескі мән өшіріліп, орнына жаңа мәндер жазылып отырылады да, прогрaмма параметрдің жаңа мәні бойынша жұмыс атқарады.

Мысал.

var

І: real;

J: integer;

К: cҺar;

begin

Read (І, J, К);

Программаға мынадай бастапқы мәндер енгізіледі 212.5 38 ‘п’. Осыдан кейінгі келесі мәндер енгізілсін: ‘л’ 121.35 25.

Алғашқы нұсқасында мәлімет енгізу дұрыс орындалады, өйткені енгізілетін мәндер өз ретімен орналасқан айнымалылар типтеріне (І, J. К) сәйкес келіп тұр. Екінші нұсқа коды 10 болып келетін қате бар екенін айтады, себебі real типтес 1 айнымалысы үшін char типіндегі мән енгізіліп отыр.

Егер енгізу пернетақта арқылы емес, дискіден немесе файлдан жүзеге асырылса, онда жақша ішіне алдымен файл аты жазылады.

READ (FN, аl, а2 … ап);

READLN (FN, аl, а2, … , ап);

READLN (FN);

Мұндағы FN — енігізілетін мәндер жазылған дискідегі файлдың аты; а1- айнымалылар идентификаторлары, файлдарда да мәндер бір қатардан немесе келесі қатардан оқыла береді, сол себепті мұнда да жоғарыда көрсетілген операторлардың үш түрі қолданылады. Файлдағы мәліметтер де бір-бірінен «бос орын» немесе «енгізу» пернесін басу арқылы бөлінуі тиіс, яғни файлға енгізілгеннен кейін «_», ал енгізу соңында «Enter» пернесі басылады.

Файлдардан мәлімет енгізу мысалдары кейінірек қарастырылады.

READ операторы кез келген сандармен, символдармен және сөз тіркестерімен жұмыс атқара алады.

Сонымен, параметрлердің сандық мәндері бір — бірінен бос орын арқылы

ажыратылып жазылады. Мәндерді беріп болдық дегенді білдіру үшін Enter (енгізу) пернесі басылады. Мысалы, енгізу операторы READ (А,В,С); түрінде берілсе, парметрлерге мәндер былай беріледі: 5 _ 6.2 _ 4.5 Enter. Бұл жағдайда

А=5, В=6.2, С=4.5 мәндер қабылдайды. Осы мәндер арқылы программа орындалып болған соң, басқа мәндер үшін программаны қайталау қажет болса, онда программа басынан бастап қайта орындау қажет.

Бүтін айнымалыларға бүтін, нақты айнымалыларға нақты мәндер берілуі қажет.

Айнымалы сипатталғанда нақты ретінде көрсетілсе, оған нақты да, бүтін де мән беруге болады, себебі нақты сан құрамына бүтін сан енеді. Ал машина «өзі» бүтін санды нақты сан түріне келтіріп  алады.

Мысалы:

VAR

А, В: REAL;

BEGIN

READ (А, В);

END.

түрінде беріліп А,В айнымалылары үшін 4 5 Enter орындалса, онда машина оларды А= 4.0, В=5.0 түрінде қабылдайды.

Сандар арасында бір немесе бірнеше бос орын қалдыруға болады, себебі сан енгізілгенде бос орын есепке алынбайды.

Мәндерді енгізгенде мән енгізілген жолдан келесі жаңа жолға өту үшін параметрсіз немесе параметрге сәйкес READLN; READLN (аl, а2, … ,аn); операторларын пайдалану қажет. Сонымен, READ (аl, а2,…,an); READLN; операторларының орнына бір ғана READLN (аl, а2,…,an) операторын пайдалануға болады.