Технология пәнінің кейбір мәселелері және жастардың көркем-эстетикалық талғамын ұлттық өнерді насихаттау арқылы дамыту

Қазақстан Республикасында өркениетті қоғам қалыптасуы болашақ ұрпақтың өз ұлтының төл мәдениеті мен өнерін, тілін қастерлеуді, жан-жақты білімділігін , иман жүзділігін, рухани дүниесінің бай болуын талап етеді. Бұл жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие берумен де тығыз байланысты.

Бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнерін қайта жаңғыртып, эстетикалық тәлім-тәрбие беру мүмкіндіктерін пайдалануға зор көңіл бөлінеді. Әсіресе, қоғамдағы оқу ағарту, білім беру саласындағы гуманитарландыру мен демократияландыру процестері ең алдымен халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап, зерделеудің негізінде қазіргі заман талаптарына сәйкес ұсынуды қажет етеді.

Сондай-ақ сол ғылыми-педагогикалық қажеттіліктердің бірі халықтың қол өнері.

Ұлттық қол өнердегі көркем шығармашылықты меңгерудің ғылыми-педагогикалық сипаты, болашақ қол өнер мұғалімдері қол өнерді тек жай оқып білу объектісі ретінде ғана емес, ең алдамен, шығармашылықты таныс субъектісі ретінде терең ұғынумен бедерленеді. Міне, мұндай мақсатқа жету қол өнердегі шығармашылықты меңгеру мен қатар көркемдік әдіс-тәсілдерді жаңарту мен қолданудың тиімділігін арттыру міндетін жүзеге асыруды қажет етеді.

Қазақ халқының қолданбалы қол өнерінің даму биігіне көтерілген кезең ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы. Халқымыздың «Балам өнерлі болсын десең, өнегеңді көрсет»- дегендей. Қазақ халқының көне дәуірден өшпес мұрасы болып,ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, өзіндік тарихы мен таныла білген ұлттық қол өнері.Қол өнердің халықтың әлеуметтік, салт тұрмысында қаншалықты биік екенін көре аламыз.

Қазақ халқының күнделікті тұрмыс қажетін өтейтін қол өнердің жете дамыған түрлі салалары бар болғандығын көреміз.Айталық киіз басу, кілем, алаша, аяққап тоқу, сырмақ сыру, кесте тігу, ағаштан қырып ыдыс-аяқ жасау, тері илеу, тас қашау, алтын мен күмістен асыл тастардан сәндік бұйымдар жасау(зергерлік өнері),шаруашылық құралдарын жасау (ұсталық кәсібі) т.б. Бұлардың бір сыпырасының қазіргі дәуірімізде де өз маңызын жоймағандығы ақиқат.

Еліміз өз егемендігін алғалы бері, білім беру саласында да елеулі өзгерістер болып жатыр.Сондай-ақ еңбек пәнін оқытуда да оң өзгерістер орын алды.

Мектепте қазіргі таңда еңбек пәнін техналогия пәні етіп өзгерткені белгілі. «Техналогия» — грек сөзі, өңдеу тәсілдері деген мағына береді.Сондықтан да техналогия пәні, оқушыларды өнерге үйретуде, оның ғылыми тереңдігін талдап, жасалу жолдарын ұғындырады.

Қазіргі нарықтық эканомика негізінде мектеп бітірушілердің көпшілігі кәсіппен айналысады. Өз қолдарымен көз жауын алатын небір әсем зергерлік бұйымдарын жасайды, қазіргі заман талабына сай келетін әдемі де сәнді киімдер тігеді.Ал олар осындай кәсіпке деген іскерлікті техналогия пәні арқылы меңгеруі тиіс.Рас, қазір оқулық, әдістемелік құрал кем, бірақ соны кем деп, қол қусырып қарап отырмай, қолда барды тиімді пайдаланып, ізденімпаздықпен, этнопедгогика нәрін сабақта, сбақтан тыс тәрбие жұмыстарында жас өспірімдердің бойына сіңіру бағытында ат салысқанымыз жөн.

Мысалы, Қ.Әмірғазин, А.Камазов,Л.Котенко қазақ халқы қол өнерінің белгілі бір саласына қатысты ою-өрнектердің жасалу тәсілдерін қолданумен, өрнек нақыштарының үйлесімділігін , түр-түстің маңыздылығын оларды оқушылардың эстетикалық тәжірибесіне әсерін тигізуін сөз етеді. Қазіргі кезеңде, жас ұрпақты халқымыздың мәдени мұрасындағы ұлттық өнерге баулу жөніндегі күрделі міндеттерді орындау мектеп оқушыларының , студенттердің, өздеріне де үлкен талап қоятын табиғи жағдай.

Яғни, халқымыздың ұлттық өнері негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері адамның эстетикалық көзқарасын, сезімін, танымын, қабылдауын,баға беру қасиеттерінің жиынтығын құрайды.

Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірге деген көзқарасынан көрінеді.

Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады.

Эстетикалық тәрбие – «болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау және эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өнерде және өмірде сұлулықты жасау,оған қатысу қабілетін қажетсінуін қалыптастыратын тәрбиенің ең басты салаларының бірі.

Демек эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу, дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Әрбір ұлттың өзіндік өнерінің орасан зор шығармашылық мүмкіншіліктері болады.Мәселе, сол мүмкіншіліктердің шығармашылық әсерін қалай пайдалануымызда. Олардың жаңа бір шығармашылыққа, ұлттық өнер дәстүрін жаңғыртудағы жасампаздыққа, жаңалыққа бағытталуына айрықша мән беруіміз қажет

Қазақ халқының өнерін зерттеп жүрген ғалымдарымыз жасаған және жасап жүрген, жасап келе жатқан ғылыми дәстүрлерін, олардың ізін басып келе жатқан орта және жас ұрпақ жастарға берері мол. Олардың салған сүрлеуін даңғылға айналдыру, қазіргі өмір талабына сай өркендете дамытуымыз қажет.

Адамдарға қажетті білім көлемі күрт және тез өсіп отырған қазіргі кезеңдерді белгілі бір мағлұматтар жиынтығын игеру ғана басты міндет болып қала беруі мүмкін емес. Оқушылардың отбасындағы жағдайларына келсек, ата-ана, үлкендер тарапынан бала сұрағына мән беріп, уақиғалар мен құбылыстардың, халық өнерінің астарлы сырларын ақтара-төңкере бала түсінігіне шағындап жалықпай ұғындырып жататындары аз кездеседі. Ал оқушылардыңөнерге , әсіресе ұлттық өнерге қызығу ерекшеліктері ұстаздың ерінбей- жалықпайжұмыс істеуіне тікелей байланысты.

Аса көрнекті ұстаздардың бірі Сухомлинский «Кіші мектеп жасында, әсіресе оқытудың алғашқы жылдарында бала бірнәрсеге назарын жұмылдыра алады, мұғалімбалалардыңынта назарын билеп алуы, психологиямыздаеріксіз ынта қою деп аталатынды оята білу тиіс»-дейді.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары» атты халыққа жолдауының мәдени мұра бағдарламасындағы мақсаттың бірі-халықтың орасан мол мәдени мұрасын, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениетін, дәстүрі мен салттарын зерделеудің біртұтас жүйесін жасау деп көрсетті.

Өйткені, жасөспірімдердің ұлттық мәдениетпен дәстүрлердің негіздерін меңгергенде ғана жалпы адамзаттың мұраларды игеріп дүниеге көзқарасы қалыптасатыны анық. Халық мұрасындағы ұлттық қолөнердің жастарға көркемдік, эстетикалық тәрибе беру арқылы жеке тұлға ретінде қоршаған орта әсемдігін сезіну, тану, қабылдау қасиеттерін қалыптастырып рухани мәдениетін дамытады.

Балалармен жеткіншектерге эстетиклық тәрбие беруде халық мұрасының тәрбиелік күшін ұлы Абай атамызда жоғары бағалады. Эстетикалық тәрбие саласында арнайы еңбек қалдырғанымен, өзінің өлеңдерімен қара сөздеріне халықтың мақал-мәтелдерін нақыл сөздерімен салт-дәстүрлерін орынды пайдалану арқылы балалардың болмысқа деген эстетикалық көзқарасының талғамының сезімнің қалыптасуына ықпал етті. Халқымыздың ұлттық қолөнерін, оның эстетикалық талғамын келешек ұрпақты тәрбиелеудегі аса зор әсерін түсіндіру және өнердің дамуы мен болашағына тән бір сыпыра ортақ белгілерді жүйелі түрде талдау.

Көркемдік ойлаудың ұлттық ерекшенліктері негізінде қалыптасқан әр халықтың қолөнері – бір кезең, бір дәуір емес ұзақ ғасырлар тудырған, ұрпақтан ұрпаққа беріліп үнемі өзгеріп дамып отыратын рәхани игілік.

Қазақ халқының қолөнері халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тоқу, тігу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады.

Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әр қайсысының талай ғасырлық тарихы бар.

Ұрпақтан ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру ғана емес адамзаттың әлемді рухани эстетикалық тануының затталған көрінісі. Қазақ халқының рухани бәйтерегі – қазақтың ұлттық өнеріндегі ұғымдарда эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз.

Бүгінгі жоғарғы оқу орындарында жеке тұлғаның ақыл-ойымен сана –сезімін жетілдіру арқылы эстетикалық тәрбие беруде қазақ халқының ұлттық қолөнері негізінде ұлттық тәлім-тәрбие берудің маңызы зор. Ал бұл болашақ ұстаздардың даярлығына ерекше талаптар қойып, оның психологиялық және педагогикалық жолдарын зерттеуді алға қояды. Өнер арқылы қоршаған орта табиғат сұлулығына көркемдікті ажырата білуе, яғни сұлулықты қабылдауға, түсінуге талпындырады, жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастырады. Эстетикалық тәрбие беруде ұлттық өнердің танымдық-тәрбиелік маңызын және болашақ мұғалімдерді осы игі істерге баулу сөз жоқ, бүгінгі педагогикалық білімді ізгілендіріп жаңа сапаға көтеру сөзсіз. Оқушылар қазақ халқының қолданбалы қолөнеріне өмірдегі заттар мен құбылыстардың мазмұнын сезініп, танып, қабылдап көңілдеріне тоқуға үйретеді. Нәтижесінде олардың дүние, өмір, қоғам төл мәдениеті жөніндегі түсініктеріұлғаяды, ақыл-ойы кеңейіп, танымдық қабілеті, эстетикалық талғам- түйсіктері эстетикалық қасиеттері артады.