Ассоцациялық заңдылықтың елестетудегі орны мен маңызы

Адам өзінің өмірде көріп-естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары.мен сезімдерін, әрқилы іс-әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады. Сонымен, адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл-күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы елес процесі деп аталады Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғаңдар еске түседі. Елестің бұл күйі қайта жаңғырту делінеді.

Қайта жаңғыртуда тану мен елесті еске түсіру қызметі бірін бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселер елестерінің есте қалғаны елестің материалы делінсе, ал есте сақталып, қайта жаңғырғаны елестің мазмұны болып саналады. Адам өзінің, басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс-әрекеттерін сөз арқылы қайта жаңғыртады.

Елесті есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану елесс процестері болып саналады. Елес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Елесті есте қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады. Адамның елесі үнемі дамып, жетіліп отырмаса онда ол жаңа туған нәресте дәрежесінде қалып қояр еді. Өмір тіршілігіне қажетті нәрселердің бәрінің елес процесінсіз болуы мүкін емес. Елес осы заманғы психология ғылымы-ның даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып саналумен қатар, техникалық ғылымдар саласыңда да ерекше маңызды. Елесті осы заманғы психология ғылымы тұрғысынан зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған – елесті есте қалдырудың механизмі туралы мәселелер.

Қазіргі кезде елес туралы түрлі анықтамалар мен теориялық болжамдар бар. Алайда, тұрақты түрде тұжырымдалып, бір жүйеге түскен теория жоқ. Бұл жайт елес процесінің осы кезге дейін әртарапты қызу зерттелгендігін, ол жөнінде бірнеше ғылыми жорамалдар мен кон-цепциялар және әрқилы модельдер бар екендігін көрсетеді. Соңғы жылдары елес психологиядан басқа ғылым салалары арқылы да қарастырылуда. Осы орайда, бүгінде елестің: механизмі мен оның заңдылықтары жайында қалыптасқан психологиялық және нейропсихологиялық бұрынғы бағыттарға қосымша үшінші бағыт — биохимиялық тұрғыдан іздестіру қосылып отыр. Сондай-ақ, елесті бұлармен қатар кибернетика ғылымы тұрғысынан зерттеуде де едәуір қалыптасқан жүйелер бар.

Елестің психологиялық теориясы елес механизмін зерттеудің ең бастапқы бағыты болып есептеледі де, осы тұрғыдағы зерттеулер мен көзқарастар көптеген бағыттарға және теорияларға тарамдалады. Осындай тарамдалудың негізі ретінде елестің дамуындағы адамның белсенділік әрекеті алынады. Ал елес жайындағы бірсыпыра теориялар (бұлар өзгелерінен гөрі басымырақ) басты мәселе етіп сол күйінде объектіні («материалды») немесе «таза» сананың белсенділігін (субъектіні) алады. Бұл бағыт адам іс-әрекетінің материалға қатысы жоқ деп санайды. Мұндай көзқарастың сыңаржақты, үстірт пікірді білдіретіндігі анық.

Психологиялық тұрғыдағы көзкарастар тобы —ассоциациялық (байланысты) бағыт делінсе де, оның негізгі мәселесі мен өзекті ұғымы — ассоциациялық байланыстар. Осы байланыстар психикалық мін-детті түрде жасалу принципі болып саналады. Сөйтіп, екі түрлі елес пен әсерлену санада бір мезгілде бой көрсетеді. Осыған орай есте әр түрлі сыртқы жағдайларға байланысты пайда болып отыратын әсер-лер мынадай үш типке бөлінеді: а) әсерленген объектінің кеңістік пен уақытка орай араласып келуі; ә) өзара ұқсастығы; б) бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы. Сыртқы дүние құбылыстарының өзара қатынасынан ассоциациялардың мынадай үш түрі жасалады: 1) Аралас не іргелес ассоциациялар (мысалы: түс (реңк) — сары). 2. Ұқсастық ассоциациялар (қарындаш, дәптер).3. Қарама-қарсылық асссоциациялар (ақ — қара; ұзын — қысқа т. б.). Мұндай ассоциациялық принциптерді тұңғыш рет зерттеп, оларды тұжырым-даған — ертедегі грек философы Аристотель (б. з. д- 384—322 жж.). Атақты физиолог ғалым И. П. Павлов ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп анықтады. Бұл ілім елестің физиологиялық теориясы деп аталады. Аталмыш теорияға елестің физикалық теориясы да жатады. Ол бойынша жүйкелік импульстер нейрон арқылы өткенде, өзінің ізін қалдырады. Бұл нейрондық модель теориясы деп те аталады. Осы заманғы нейропсихологиялық зерттеулер нейрондар мен молекулдық дәрежедегі жүйке қызметінің механизм-дерінде елестің сақталуы мен беку жағдайына терең мән беруде. Жүйке клеткаларынан таралатын аксондар басқа клеткалардағы дендриттермен жанасады, ия өзі орналасқан клетка денесіне қайта оралады. Жүйке клеткаларындағы осындай кұрылымдарға сәйкес байланыс пайда болып, күрделілігі жөнінен түрліше қозулар реверберикалық қозғалыста болады. Сөйтіп, клеткалардың өз-өзінен жандануы іске асады. Кейбір зерттеушілер мұндай құбылыстар жүйесін іздердің сақталып қалу процестерінің физиологиялық субстраты деп есептейді. Мұнда сақталатын іздер қысқа мерзімді есте сақтаудан ұзақ мерзімді есте сақтауға ауысып отырады. Кейбір зерттеушілер осындай есте сақтаудың негізінде бірыңғай механизмдер болады десе, ал екінші біреулері мұнда әр түрлі сипаттағы екі түрлі механизм болады деп жорамалдайды. Мұндай болжам-жорамалдар биохимиялық зерттеу-лер арқылы ғана дәлелденбек.

Елестің биохимиялық теориясы. Елес механизмін нейрофизиология-лық дәрежеде зерттеу мәселелері осы кездегі биохимиямен ұштасады. Осы бағыттағы зерттеу нәтижелері есте сақтау екі сатылы сипатта болады деген жорамал жасайды. Бұл жорамал бойынша алғашқы саты-да тітіркендіргіштер тікелей әсер еткеннен кейін мида электрохимия-лық қысқа реакциялар пайда болып, олар клеткаларда физиологиялық өзгерістерге ұшырайды. Екінші сатысында бірінші саты негізінде биохимиялық реакция пайда болып, жаңадан протейндер дейтін белок-ты заттар құрайды. Бірінші саты тек секунт, минуттарға созылады. Ол — естің қысқа мерзімді физиологиялық механизмі. Ал екінші сатыда клеткаларда химиялық өзгерістерге ұшырайтын заттар ұзақ мерзімді елесті  есте сақтаудың механизмі болып табылады.

Мұндай жорамалдардың шындығын анықтау мақсатымен сабау-құйрық тышқандарға арнайы тәжірибе жүргізілген. Адам есінен уақытша танып қалғанда, науқастанбастан бұрын көрген-білгендерін ұмытып қалатыны мәлім. Бұл жайт адамдарға қысқа мерзімде әсер еткен нәрселердің ізін электрохимиялық реакциялардың биохимиялық өзгерістерге жетпей, басылып қалатындығын көрсетеді.

Елестің химиялық теориясын қолдаушылар есте сақтаудың физиологиялық негізі клеткалардағы нуклеин дейтін қышқыл молекулаларының бөлінуімен байланысты деп санап, бұл генетикалық немесе нәсіл қуалау арқылы беріліп отырады деп есептеледі. Ал онтогенетикалық не дара адамның елесі рибонуклеин қышқылына байланысты (РНК) делінеді. Мұның мәнін айқынырақ түсіну үшін мынадай бір мысал келтірейік. Алматы қаласынан Кеген ауданы жаққа бір самосвал машинасы кетеді. Машина сағатына 50 км жол жүреді. Сол машина 95 км жол жүргенде апатқа ұшырап, жүргізуші жарақаттана-ды. Жүргізуші емделіп шыққан соң одан апатқа кімнің кінәлі екендігін сұрағанда, ол 70—75 км-ге дейінгі көргендері мен кездестіргендерін айта береді. Бірақ 75 км-ден 95 км-ге дейінгі аралық та болған оқиғаларды айта алмайды. Оның себебі — мағлұматтардың консолидация күйіне енбегендіктен, жүргізуші есінде сақталмағандығы.

Швеция биохимигі Хиденнің зерттеулері клеткаларда тітіркендіргіш-терді күшейтудің РНК затын көбейтіп, ұзақ уақыт бойы химиялық іздер қалдыратынын анықтаған. РНК өте өзгергіш; оның өзіндік өзгеруі 10′5 -1020 — ға дейінгі сандар арасында болып отырады. Осындай биохимиялық зерттеулер арқылы табылған жаңа мағлұматтар болашақга адамның елес процесін басқаруда үлкен жетістіктерге жеткізуі мүмкін. Адамның елес процесі — өте күрделі және адамның іс-әрекетіне орай жоғарыдан төмен қарай дамып, бүтіннен бөлшекке — организмнен мүшеге, одан клеткаға және керісінше ауысып отыратын процесс. Сондықтан, елестің механизмін әр түрлі дәрежеде анықтаған зерттеу нәтижелері бір-бірін толықтырып отырады.