Қиял елестету дүниені жалпылай және жанама танытатын, ұғымдық мазмұнды негіз еткен ойлаудан ерекшеленеді, себебі ол жарқын елестер түрінде көрініп, бейнелі формада жасалады. Қиял елестету түзілетін нақты бейнелерде көбіне заттық болмыстан алшақ теориялық ойлар ашылып отырады. Әрбір қаламгер, суреткер шығармашылық еңбегінде өз ойын басқаларға дерексізденген ұғым-дармен емес, нақ бейнелермен түсіндіруге тырысады- Мұның дәлелі — тымсал, ертегі, мақал-мөтелдер, әрқандай көркемөнер туындысында біз көрнекі бейнемен қойылатын негізгі ой, идеяны іздестіретініміз табиғи нәрсе. Қиялға тән және бір ерекше белгі — оның бастау деректері толық әрі дәл талдауға келмейтін, мазмұны өте күмілжі жағдайларды болжастыруда қолданылуы. Мұндай да белгілі деректерде қатаң заңдылықтарға негізделетін ойлауды қолдану қиын. Бұл тұрғыдан, қиял ойлаудың қандай да бір «орынбасар» формасы ретінде қызмет атқарады.
Ой мен қиялдың арасындағы тығыз байланысты атай отырып, К.Д. Ушинский: «Мықты, кемелденген қиял — ақылдылықтың нышаны», — деген.
Сонымен, қиял — алда күтілген проблемдік жағдайлар анық болмаған кездерде оқиғаның соңғы нәтижесін күні бұрын болжастырумен қандай да әрекет бағдарламасын түзуге жәрдемдесетін психикалық процесс.
Адам қиялы бұрын көріп, білмеген заттар мен құбылыстарды өрнектеуге шебер. Дегенмен, сол ғажайып, әлемде жоқ нәрселердің бейнесі өзіміз күнделікті көріп, танып жүрген заттарымыздың құрылым элементтерінің қосындысынан жасалады. Қандай да жаңалықты (машина не үй) адам алдымөн бұрыннан таныс, өзі пайдаланып жүрген бөлшектер мен материалдардан өз ойында құрайды. Сондықтан адамның білімі неғұрлым мол, өмір тәжірибесі ауқымды, өзі зерделі және сезімтал келсе, оның қиялы ғажайып әрі қызық бейнелер жасауға бейім келеді.
Қиялды елес адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса маңызды қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері де әрқилы. Қиялды елестің бөлінуі адамның түрлі әрекет ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіліп, олар есте қалдыру, қайта жаңғырту процестерімен тығыз ұштасады. Мысалы, адамда есту елесі мен көру елесі психикалық қасиеттер ретінде көрінеді. Іс-әрекет сипаттарына орай, елес мынадай үш түрге негізделіп бөлінеді: 1. Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл-қозғалыс, эмоциялық-сезімдік, бейнелі-көрнекілік және сөздік мағыналық (логикалық); 2. Іс-әрекеттің мақсат сипатына қарай: ерікті, еріксіз елес. 3. Адамның материалдарды қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына карай: қысқа және ұзақ мерзімді (түлкілікті), сондай-ақ оперативтік елес.
Қимыл-қозралыс елесі дегеніміз — ойын, спорт, енбек, оқу әрекет-теріне байланысты әр түрлі қимыл-қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Мысалы, коньки
тебу, машинада жазу, өлең-сөздерді жаттау, қой қырқу т.б. Естің бұл түрі қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың негізі болып табылады.
Адамның бастан кешірген түрлі сезімдері мен змоциялық күйлерін есте қалдырып отыруын сезімдік елес деп атаймыз. Өз айналасындағы нәрселер мен құбылыстарға көңіл-күйінің қандай қатынаста болғанын кайта жаңғыртып, оларды тітіркендіргіш ретінде есіне түсіруі адамды қызықтырып, түрлі іс-әрекеттерді атқаруға же-телейді.
Эмоциялық елес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде, бозарады, не қызарады. Өйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Белгілі мәні тұрғысынан алғанда, бұл елестің басқа түрлерімен салыстырғанда әлдеқайда күшті болады.
Бейнелі-көрнекілік елес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Елестің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады. Осыған орай бейнелі-көрнекілік елес — көру, есту, сипау, иіс, дәм елестері болып та бөлінеді. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту елесі мен көру елесінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есесіне сипау, иіс, дәм елестері (түйсіктердің осы түрлеріндегі сияқты) өте жақсы дамып, басқа елестердің кемістіктерін толықтырады. Бейнелі елес, әсіресе, көркеменер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған болады.
Кейде эстетикалық елесі бар адамдар да кездеседі. Мұндай адамдар заттар мен құбылыстарды көз алдына нақты елестетіп, олардың жеке қасиеттері мен бөлшектерін айқын ажырата алады. Олардың сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерге күшті қозудың нәтижесі болып саналады.
Сөздік-мағыналық (логикалық) елес біздегі ой, ұғым, пікір, ой қоры-тындылары сияқты түрлі формалар арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Елестің бұл түрінің сөздік-мағыналық (логикалық) деп аталуы да сондықтан. Бұрын қабылдаған нәрселерді қажет кезінде біз сөз, не олардың мәнін есте сақтау арқылы жаңғыртамыз. Егер бейнелі есте бірінші сигнал жүйесінің кызметі басым болса, сөздік-мағыналық есте екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Нәрселердің мән-жайын есте сақтау логикалық-мағыналық, ал белгілі үзінділер мен сөз тіркестерін, мазмұндарды сөзбе-сөз жаттап алу-механикалық түрде есте қалдыру делінеді. Сөздік-мағыналық елес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалдарын есте сақтауында жетекші мәнге ие. Елестің бұл түрлері адамның әрқилы іс-әрекеттерінің алмасып отыруына, ниет-тілегіне, мақсат-мүддесіне орай турлі тәсілдерге ауысып, оның бойындағы тұрақты қасиеттері болып қалыптасады.
Елес — күрделі психикалық процесс, ол бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.
Елесті есте қалдыру дегеніміз — жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Елестерді есте калдыру процесі талғамалы. Өйткені, біз санамызға бұрын әсер еткен нәрселер мен құбылыстардан, болмыс пен оқиғалардан өмір мен тіршілікке қажетті материалдарды ғана тұрақтандырып, жадымызда қалдыруды мақсат етеміз.
Елесті сақтаудың тиімді әдісі мен жемісті болуы қажетті материалдарды жаттап алуға байланысты. Бұл тәсілдің де өзіндік амал-әрекеті, жүйесі бар. Кез-келген жаттау жемісті бола бермейді. Ғылымда елесті дамытуға арналған жаттау тәсілін — мнемоника деп аталады. Бұл латын сөзіней шыққан. Мәнісі — жаттап алу амалы, елесті дамытудың тиімді жолының бірі. Елестің жемісті болу шарттары № 2; 3 сызбаларда көрсетілген.
Әр адам елесінің өзіндік ерекшеліктері болады. Біреулер есінде тез сақтап, анық жаңғыртады. Кейбіреулер белгілі бір нәрсені, суретті, ал басқалар сөзді, енді біреулер ән-күйді, саз ырғағын есінде жақсы қалдырады. Елес осындай ерекшеліктеріне орай типтерге бөлінеді. Мәселен: көру елесі, есту елесі, қимыл-әрекет елесі, аралас елес. Көру елесіне бейім адам көргенін ұзақ уақыт бойы есінде сақтай алады. Ұлы ақын А. С. Пушкиннің есту елесі өте күшті болған көрінеді. Есту елесінің күштілігі мен нәзіктігі—қазақ ақындары мен жырауларына да тән қасиет.
Елесті дамытып, жетілдіріп отырудың басты шарты-адамның әр қилы іс-әрекеттері. Адам өміріндегі аса маңызды психикалық процесс — елес ақыл-ой кені. Ақыл-ойды тарих жасаған білім қорымен үнемі байытып, өрістетіп отыруға ұмтылу елестің мән-мазмұнын тереңдете түспек.