Қазіргі біздің қоғамымыздың дамуы мен өзгерістерінің барысында білім беретін жоғарғы оқу орындарында болашақ мамандарды дайындау, тәрбиелеуде, оларға білім беруді қайта құру жолында жаңа заманымыздың мұрат – мүддесіне орай психологиялық – педагогикалық ғылым алдында аса жауапты да маңызды міндеттер тұр. Мұндай міндеттерді шешу үшін, мектептердегі, жоғарғы оқү орындарындағы тәрбие жұмыстарының сапасын жақсарту мәселелерін түбегейлі зерттеуді қажет етеді. Осыған орай істің мәніне ықпал етуші факторларды жан – жақты ескерудің маңызы айрықша.
Жоғарғы оқу орындарында нағыз маманның қалыптасып, оның тұлғасының дамуындағы күрделі процесте оқытушының атқаратын рөлі ерекше. Бұл мәселені зерттеушілерге (А.А.Бодалев, З.Ф.Есарева, Н.Ф.Кузьмина) жоғарғы оқу орындарындағы оқытушылардың кәсіптік іс — әрекетінің көзі тәрбиелік қарым – қатынас болып табылады. Оқытушылардың студенттермен тәрбиелік қарым – қатынасы нәтижесі студенттің тұтас, жан – жақты әлеуметтік – белсенді тұлға ретінде қалыптасуы, жоғарғы оқу орнын жетістікпен аяқтау мақсатының орындалу дәрежесін анықтайды.
Сонымен студент тұлғасының қалыптасуында оқытушымен өзара дұрыс қарым – қатынас үлкен рөл атқарады. Бірақ кейде осы күрделі қарым – қатынаста қарама — қайшылықтар, кедергілер нәтижесіндегі конфликтілер, тұлғааралық түсініспеушіліктер жиі туындайды. Осы мәселені анықтау барысында арнайы жүргізілген психологиялық зерттеулер студенттер мен оқытушылар өзара қатынасында эмоционалды және тұлғааралық түсініспеушілік тұрғысында әрқилы кедергілердің болатындығын анықтады. әрине, мұндай мәселенің түпкі себептерін психологиялық жағынан тереңірек зерттеу тәлім – тәрбие ісіндегі маңызды мәселе болып саналады.
Жастық әлеуметтік қажеттілікпен ерекшеленеді. Бұл жас кезінде қарым – қатынаста үлкен белсенділік танытады. Студент кезеңінде тұлға санасыз түрде топ арасында достық қарым – қатынас басқа тұлғамен орнатуға тырысады. Он сегіз – жиырма үш жас аралығында тұлғалық жетілудің ең шыңы болып табылады.
Э.Эриксон бойынша бұл жас кезеңіндегі негізгі мақсат – сәкестілікке жету. Сәйкестілік ол толығыменен өз принциптері мен приоритет. әр әрекеті мен түрлі қарым – қатынаста өзіне сенімді болатын, өзіне не қажетті екенін және соған жету үшін, қандай әрекет жасау керек екенің білетін – студент тұлғасы. Жастық – үлкен махаббатпен, тығыз достық және отбасы құруға жар іздеу уақыты. Жастық жар аралығы уақыты тұлғаның бағалы бағдары саналанған және әлеуметтік тәуелсіздікте болады.
Американ психологы Вайленттің зерттеуі бойынша, жас кезеңіндегі ерекшелігі, қарым – қатынаста ашықтық және ұйымдастыру қабілетінің болуы. В.И.Слободчикова мен Е.И.Исаев бойынша жастық кезеңді «өз өмірінің авторы» атап кетеді. Яғни, өз өміріңді ойластыру, өзіңнің қабілетіне байланысты шынайы өмірлік жоспар құру, жасыңның үлкендігін саналы меңгеру, отбасы құру үшін жар таңдау, мұның барлығы қоғамдағы негізгі іс — әрекет. Студенттік жас бұл жастық жас кезенің қамтиды. Бұл жаста мамандық және ғылыми мамандық негізгі жүргізуші іс — әрекет.
Б.Г.Ананьев бойынша, осы жас кезеңі белсенді психика дамуы мен өзін оқыту маманы ретінде ерекше кезеңі.
ЮНЕСКО – ның берілген ақпараты бойынша, дүние жүзінде қазіргі таңда студент саны көбеюде. Мысал үшін 1980 жылы – 46 млн. Болса; 2000 жылы 79 млн.; ал, блашақта 2015 жылы 97 млн. болады. Осы жұмыста қарастырылатын мәселенің болашақтағы ауқымы, қандай көлемді болатыны көрсеткіштер арқылы көруге болады. Студенттік жас – қоғамның ішінде ерекше категория болып табылады, оларды біріктіретін ортақ белгі – жоғарғы білім институттары. Олардың жоғарғы интелектуалдылқ деңгейі мен танымдық мотивацясы мамандыққа бағыттылығы мен ерекшеленеді. Дүние жүзінде студент жастарының қоғам өміріне белсенді араласатыны, бұл жастардың тұлғалақ ерекшеліктерінің айқындылығында. Студент жастар қазіргі заман талабына сай болуына тырысуда. Үлкен мемлекет, университет деңгейіндегі іс – шараларға студенттер араласуда, бұл тұлғалақ ерекшеліктің бірден – бір қасиеті. Бұдан студенттердің ұйымдастыруға, басқаруға және сонымен қатар бағынуға қабілетінің бар екенін аңғаруға болады. Студенттің жоғарғы курста негізгі бағыты – мамндықты игеру, теориялық және практикалық қызығушылығы артады. Осы жас кезінде жастар қаншалықтыортада өз қабілеттерін қолдана алса, соншалықты өзіндік тұлғалықдамуы артады. Ал, бұл адамға интеллектуалды, моральды және рухани дамуына мүмкіндік береді. Студентке маңызды болып келетіні – оқу ордасы. Сонымен қатар сол оқу одасындағы құрдастарымен, ұстаздармен және басқа тұлғалармен достық, кішіпейілділік қарым – қатынас орната алудың маңызы өте зор.
И.Ф.Исаевтың айтуы бойынша «көптеген студенттерге жоғарғы белсенділікпен қоса, кейбіреулеріне инфантильдік, жауапкершіліктің жоқ болуы көрініс табады. Сонымен қатар кейбіреулерінде өзіндік бағалаудың жоғарылап кетуі, ал ол өз алдына тұлғаның жаңа ортаға енуіне, құрдастарымен және оқытушылармен тіл табысуына кері ықпалын тигізеді.
И.И.Кобыляцкий студент тұлғасының қалыптасуында екі ерекшелікті бөліп көрсетеді. Біріншісі, жылдамдық, өзгергіштік, өз көзқарастарының үнемі өзгеріп, жаңарып отыруы; екіншісі: ойлары мен мотивтерінің күресі қате және жаңа көзқарастардың туындауы. Қортыа айтқанда еліміздің болашақ азаматы – қазіргі студент жастар. Яғни, егеменді елімізді дамытып, гүлдендіре түсетін санасы таза және дені сау ұрпақ. Сондықтан, көпшілік болып студенттердің тәрбиесіне кері әсерін тигізетін келеңсіз жағдайларға қарсы күресіп, рухани-адамгершілігін қалыптастыратын салауатты өмір салтын құруға көңіл бөлуіміз қажет.