Біздің кәсіптік мектептің оқытушылар ұжымы білім берудің сапасын арттыру үшін оқытудың жаңа технологияларын қолдануда. Соның бірі қәзіргі заманғы технологиялардың бірі — модульдік-блоктік оқыту. Модульдік технология жеке бастың қажеттіліктеріне, дайындық деңгейіне ыңғайлануды қамтамасыз етеді.
Осы кестелерде көрсетілгендей, бақылау және эксперимент сыныптарындағы жекелеген сұрақтарға берілген дұрыс және қате жауаптардың аз да болса айырмасы бар. Негізгі кеңіл аударарлық мәселе эксперимент сыныптарында салыстырмалы түрде сұрақтарға жауап бермеген бала жоқ деуге болады. Бұл осы сынып оқушыларының ойланып, еңбек ете білуге талпынысын көрсетеді. Себебі, берілген сұрақтарда өтілген тақырыптар бойынша кітаптағы дайын деректерді еске түсіру емес, жалпы оқығанды тоқып, игерілген білімді қорыту арқылы жаңа білім игеруге қабілеттерін талап етеді
Дамытушы эксперименттің екінші кезенінде дәстүрлі емес сабақтардың шығармашылықты дамытудағы тиімділігі әр жыл бойынша (1996-200 Іжж) тексеріліп жинақ мәліметтері 4 — кестеде берілді.
Екінші кезендегі әр жыл бойынша жүргізген бақылау нәтижелері талдауларынан мынадай қорытынды жасауға болады:
- Эксперименттік сыныптарда шығармашылықпен игерген білім сапасының көрсеткіштері бақылау сыныптарымен салыстырғанда жоғары болды.
- Шығармашылық деңгейі эксперимент сыныптарда (1996-1997 жж) 41% — дан, (2000-2001 жж) 54% — ға дейін көтерілді.
Зерттеу жүргізілген педагогикалық экспериментгің нәтижелері бойынша мынадай қорытынды жасай аламыз:
- дәстүрлі емес сабақтар оқушылардың білімді шығармашылықпен, өздерінің игеруіне, зор мүмкіндік туғызады.
- оқушылар шығармашылығы тек сабақ үлгерімінде ғана емес мектеп өмірінде де тамаша пікірлер айтып, жаңа бір әрекеттер тудыруларынан айқын көрінеді.
- Зерттеу проблемасына қатысты психологиялық-педагогикалық, ғылыми әдістемелік талдаулардың нәтижесінде зерттеудің алға қойған мақсаты орындалды, онда оқушы шығармашылығын дамытудың дидактикалық мүмкіндіктері ғылыми-теориялық тұрғыда тұжырымдалды.
- Жұмыстың ғылыми болжамын тексеру мақсатында қойылған зертгеу міндеттері орындалды, онда оқушылар шығармашылығын дамытудың мәні және оның педагогикалық теория мен практикада жасалған дәрежесі анықталды. Оқу-тәрбие үрдісі барысында шығармашылықты қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталып, негізделді.
- Шығармашылықты дамытатын белсенді оқытудағы дәстүрлі емес
сабақтардың тиімді әдістемелік жүйесі жасалып, оның моделі құрылды. - Оқушылар шығармашылығын дамытатын салауатты өмір салтын
қалыптастыру мақсатында валеология пәні мазмұны тұжырымдалып,
салауаттылық арқылы шығармашылықты дамыту жүйесінің моделі жасалды. - Шығармашылық табиғатын терең түсінуде, оның танымдық
белсенділікпен байланысын зерттеуде М.А.Блох, Н.А.Лук, Л.С.Выготский,
Я.А.Пономарев, В.И.Андреев және т.б. психолог ғалымдардың, онымен қоса Т.И.Шамова, Г.И.Щукина, И.Я.Лернер, В.И.Орлова, М.Н.Скаткин,
Л.П.Аристова, Ж.А.Қараев, А.Е.Абылқасымова, Г.Е.Алимұхамбетова,
Т.С.Сабыров т.б. педагог ғалымдар еңбектерін жұмысымыздың тірегі ретінде қарастырдық. Осының нәтижесінде шыгармашылық критерилері өз тарапымыздан анықталып берілді. - Дәстүрлі емес сабақ түрлерімен өткізілген оқу жұмыстары кезінде туған проблемаларды шешу барысында шығармашылық еңбек табысты болатыны дәлелденді. Себебі осы сабақтар кезінде «репродуктивтік» жұмыс көлемі азайып, үйреншікті бірсарынды сабақтарда 2-3 пайыз ғана болатан шығармашылық енбектің үлес салмағы көп артатынына көзіміз жетті. Осының нәтижесінде шығармашыл оқу кезінде бала ойының қалай жүретіні және шығармашылықтың қалай қалыптасатыны тұжырымдалды.
- Зерттеуде жалпы шығармашылық проблемасына байланысты өзін -өзі жетілдіру, өз-езін басқару, белсенділік, саналылык, руханилык, салауаттылық жағдайлары теориялық талданып, өзін жетілдіру жеке адам қалыптасуының ең басты компоненті екені көрсетілді. Ол денсаулық мәдениеті, еңбек қабілеті, рухани байлык, жалпы ақыл-ой салауаттылығының шығармашылыққа жеткізетіні қорытылып шығарылды.
- Оқушылар шығармашылығын дамьпудың дидактикалық мүмкіндіктері талданып, ғылыми-теориялық тұрғыдан сипаттама берілді.
- Бала шығармашылығын дамытатын белсенді оқытуда еткен биология, экология, валеология пәндерінен білім беру мүмкіндіктері теориялық тұрғыда талданып, эксперимент жүзінде тексерілді.
- Зерттеу барысында белсенді оқытудағы дәстүрлі емес сабақтарда оқушылардың оқу материалын зерделеп, өздік жұмыстар жасаудың жолдарын ерекше меңгергендіктерін көрсетті.
- Ойын сабақтары түрлерінің балалар шығармашылығының дамуына зор мүмкіндік беретіні анықталды. Өйткені ойын әрекетінің онтогенезде оқу әрекетінен бұрын, бастаушы екені, ал оқу — оның негізінде жатқаны ашылып, талданды. Педагогикалық эксперимент барысында ойын үрдісі кезінде әрекет ете білуге үйрету тікелей әрекет арқылы жүзеге асырылатыны дәлелденді.
- Әртүрлі дәстүрлі емес сабақтардын шығармашылықтың қандай-қандай қырларын дамытатыны анықталды.
- Эксперимент көрсеткендей оқьпуда жоғары нәтижеге жету дайын
рецепт бойынша емес, ой еркіндігі болған жағдайда толық болатындығы дәлелденді. - Оқушылар шығармашылығын дамыту үшін оқытуды жетілдіруге барлык мұғалімдерге бірдей «дайын сабақ үлгісінің» болмайтындығы ұстаз шығармашылығын қатты талап ететіні айқындалды.
- Қазіргі қалыптасқан экологиялық жағдайдың нәтижесінде Күн
системасында тек Жерде ғана бар биосфераның жаңа ғасырдағы тағдыры, адам денсаулығы мәселелері жайлы биология ғылымының әлемде алдыңғы қатарға шығатыны сөзсіз десек, биология, экология, валеологиядан білім беру рөлін күшейтуде білім мазмұнын, сапасын жетілдіру қажеттілігі байқалады. - Шығармашылыққа жеткізетін салауатты өмір салтын қазак
мектептерінде оқыту ұлттық педагогика негізінде жүргізілсе жақсы нәтижеге жетуге болатындығы қарастырылды. Осы мақсатта қазақ мектептері үшін ұлттық болмысқа негізделіп, 5-11 сыныптар үшін валеология пәнінен авторлық бағдарлама жасалды, және осының негізінде екі әдістемелік нұсқау жазылды. Облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының кеңесінде осы бағдарлама бекітіліп, ұстаздардың білімін жетілдіруде пайдаланылуда. - Белсенді оқытудағы дәстүрлі емес сабақтарды жүйелі түрде
ұйымдастыру арқылы ғана оқушы шығармашылығын бірте-бірте дамытуға және шығармашылық деңгейін көтеруге болатыны анықталды. Бұл қасиет сыныптан-сыныпқа жоғарылаған сайын дарытылатыны дәлелденді. - Зерттеу барысында ғылыми-теориялық талдаулар, педагогикалық
эксперимент негізінде еткізілген сабақтар және олардың нәтижелері топталып, «Оқушылар шығармашылығын дамыту (биология, экология, валеологияны оқыту мысалында)» атты студенттер мен мектеп ұстаздарына арналған оқу құралы ұсынылды. Онда әрбір сыныпта өткізілген дәстүрлі емес сабақтардың оқушылардың шығармашылығын дамытуға қалай әсер өткені, сабақтар соңында түсіндірілген. Әрбір дәстүрлі емес сабақтар қай сыныпта қандай дәрежеде бала шығармашылығы дамуына ықпал ететіні берілген. - Зерттеу барысында адам шығармашылығының табиғатпен
байланысының зерттелуі жеткіліксіз дәрежеде екені байқалды. Сондықтан адам шығармашылығының, адамның өзінің және биосфераның денсаулығына тікелей байланысты екендігі әлі де терең зерттеуді қажет етеді. Өйткені жекелеген адамның, тұтас халықтардың шығармашылық әлеуеті өркениеттің дамуының және үндестікті эволюциялық дамудың басты қозғаушы күші. - «Оқушылар шығармашылығын дамытудың педагогикалық негіздері» және «Оқушылар шығармашылығын дамытуға негізделген білім берудегі дәстүрлі емес сабақтар әдістемесі» атты электрондық оқулықтар ұсынылды.
Деңгейлік саралап оқыту технологиясы
Педагогикалық технология – қазіргі талапқа сай анықталып, іріктеліп, реттелген оқудың жаңа мазмұн, әдіс-амалдарының дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық жиынтығы. Педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың «Әртүрлі деңгейде оқу технологиясын» жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу барысында үнемі қолданып келеміз.
Ж. Қараев технологиясының жемісі сол, ол оқушыны күштеп оқытудан аулақтатып, ақпаратты өз бетімен ізденуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып шешім қабылдауға дағдыландырады. Әсіресе, физика және астрономия сабағында оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, өз ойын тұжырымды жинақтап, дұрыс жауап беруге, шешен сөйлеуге қалыптасады.
Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік жеке жолы, даму динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі, әр оқушының ой-өрісі кеңейеді жене білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатынында.
Мен физика және астрономия сабағында деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту әдісін мына төмендепдеп оқытып жүрмін.
Бірінші деңгей: тапсырмалары жалпыға бідей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі, яғни білімнің минимальды шегі, бұл деңгеймен сынып оқушылары толықтай жұмыс жүргізе алады. Бірінші деңгейдің тапсырмалары алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықтағы бар мәселелерге байланысты құралады. Бұл сұрақтар көп ойлануды, ізденуді талап етпейді. Сондықтан олар жедел түрде тапсырманы орындай алады.
Мысалы: 7 В сыныбында «Бірқалыпты қозғалыс және бірқалыпты емес қозғалысты» өткенде тәжірибелерге сүйену арқылы қозғалыс түрлерінің ережелерін тұжырымдау, ерекшеліктерін көрсетуді тапсырдым. Алған білімдерін пысықтау үшін мынадай есепті шығаруға берді:
Аталған қозғалыстардың қайсылары бірқалыпты қозғалыс және бірқалыпсыз қозғалыс болып табылады және неліктен олай болады: метро экскалаторының қозғалысы; мылтық стволы ішінде оқтың қозғалысы және ауада ұшуы.
Есепке шолу жасалып, талдау жоспары ілінеді. Сол бойынша талданады және мына кесте беріледі.
Екінші деңгей: кезеңіне көтерілгенде тапсырмалар күрделене түседі. Оқушы өзі ізденіп, мұғалімнің түсіндіруімен қабылданған жаңа ақпаратты пайдалана отырып өз бетімен жұмыс жасауға көшеді. Оқушы бойында ойлау, таным дағдылары қалыптаса оастайды. Оқушылар алгоритмдік сатыға көтерілгенде қозғалыс түрлерін бүгінгі өмірмен (техника, табиғат, космос, халықтық педагогика) байланыстыра талдауға көшеді.
Бірқалыпты қозғалыс және бірқалыпты емес қозғалыс мынадай түрде талданды:
Бірқалыпты қозғалыс және бірқалыпты емес қозғалысты анықтау.
Топтап оқыту.
Дарвиннің эволюциялық ғылыми теориясын жергілікті жер жануарларын мысалға алу арқылы түсіндіре отырып, қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық өнерін насихаттау, оқушыларды Отаның сүюге, табиғатгы қорғауға тәрбиелеу мақсатында сабақ өткіздім.
«Тәрбиесіз алған білім, адам баласының қас жауы» деп Әл-Фараби айтқандай сабақ беретін сыныптарда, ұлттық өнерді, ұлттық тәрбиені дәріптейтін сабақтар өткізу өте тиімді.
Ұлт тағдыры болашақ жас ұрпактың еншісінде екендігін ескере отырып, оқушыны Отанын сүюге, ұлттық өнерді қадірлей білуге
тәрбиелеуіміз қажет.
Эволюцияның қозғаушы күштерін оқытуда, оқушылар тірексіз-балалармен сөйлей отырып, Дарвиннің эволюциялық теориясының мәнін ашады.
- Сабақта оқушы табиғатта бір даралар жойылып, екіншілері көбейіп
отыратынын, яғни табиғаттың өзі сұрыптау жүргізетінін, адамның қолдан сұрыптау жүргізіп өз игілігіне пайдаланып отыратындығын түсінеді. - Көшпелі салт-дәстүрге сай өзіндік өнер түрлері қалыптасқан
қазақтың сал-дәстүрге, аңшылық, саятшылық өнерімен қайта қауышады. - Барлық күш-жігері жүйріктігі саналатын «Қазақстанның ғажайыбы» атанған ақбөкенмен, оның ерекше қасиеттерімен танысады.
Сабақ топтап оқыту әдісімен жүргізілді. Сабақтың бұл әдісінін алыну себебі оқушы топпен ойлана отырып, белгілі бір қорытындыға келеді. Әр оқушы өз ойын айта отырып, топ болып оны жинақтап қорытындылайды. Әр топ өзіне берілген тапсырмамен жұмыс жасайды. Дарвин эволюцияның козғаушы күштері деп атап көрсеткен:
- «Тіршілік үшін күрес».
- «Тұқым қуалайтын өзгергіштік».
- «Табиғи сұрыпталу» екендігін айта отырып, оқушыға ой тастап,
мысалды өмірмен байланыстыра келтіру. Сызба-кестелер үш топқа
таратылады. Әр сызба-кестеге тақырып қойылады.
Мысалы: 1-топқа «Тіршілік үшін күрес».
Шегіртке санының артуы мысат етіп алынды. Оқушы сызба-кестеге қарай отырып, бунакденелілердің даму сатысы шала түрленіп дамуды еске түсіреді. Жұмыртқа — дернәсіл — имаго.
Аналық шегіртке құрсағының ұшындағы жұмыртқа салғышпен қоймақалта жасап ішіне жұмыртқаларын салатынын, суретке қарай отырып, I топ оқушылары жарыса талдайды.
Жауынның аздығы. Қоректің молдығы. Қолайлы жағдай. 1999 жылы Қазақстанда шегірткенің санының артуына байланысты 6 млн.ға жер бүлінді. II топқа берілген тапсырма «Қолдан сұрыптау» тақырыбына Қазақтың құмай тазысы алынды.
- Тазыны қандай мақсатта пайдаланады. Сызба-кестедегі сөздер арқылы оқушы аңшылық-саятшылық өнері туралы айтады. (Басқа ит қолтұқымдары қарастырылмайды).
- Неліктсң тазы ит аңшылыққа тандап алынды. II топ оқушылары жарыса өз ойларын айтады. Жүйрік, иісшіл, епті т.б. Енді осыдан қорытынды шығару керек. Қазақ халкында аңшылық-саятшылық өнері ертеден бар, ал аңшы аңға тек тазы ит пен ғана емес, астында жүйрік аты, қолында қыран құсын алып шығатынын оқушы сызба-кестеге қарай отырып қорытындылайды.
III топ оқушыларына «Табиғи сұрыпталу» тақырыбы берілді. Сызба-кестеге қарай отырып оқушы түсінік береді. Ақбокеннін жауы қас-қыр. Қасқыр тек әлсіз ауруларын ғана үстап жейді. Сонымен бірге суатгың алыстығы, табиғатгың колайсыз жағдайынан жүйрік, күштілері ғака калатындығын окушы тадцап айтып береді.
Әр топтың оқушыларын сөйлетіп болып, мұғалім қорытынды жасайды. Оқушы тек талдау жасайды, ал мұғалім ғылыми тұрғыда қорытындылайды
Киік әлі даламыздың көркі, табиғатымыздың байлығы, Еуразия материгінің жазық аймақтарында тіршілік еткен ақбөкеннің біздің республикамызда ғана сақталуы еліміздің ұлттық мақтанышы екендігін оқушыға айта отырып, оны жоғалтып алмауға ат салысуға шақыру.
Эволюцияның қозғаушы күштеріне талдау осылайша жасалынып болған соң, оқушыға тірек-сызбаны үйден талдап келу тапсырылады.
Бұл сабақта оқушы өзіне таныс жануарларын мысалға ала отырып, табиғатпен етене жақындай түседі. Табиғатты, қазақтың ұлттық өнерін құрметтеуге көңіл аударады. Сабақ Абайдың аудармасы (орыс ақыны В.А.Крылов) өлеңімен қорытындыланады.