Денсаулыққа ауыр жарақат келтіруді кісі өлтіруден ажырату

Енді біз денеге ауыр жарақат салумен кісі өлтірудің арасындағы айырмашылыққа тоқтала кетсек. Сот тәжірбиесінде денеге ауыр жарақат келтіру салдарынан абайсызда адам өліміне әкелетін қылмыстарға кінәлі адамдардың әрекеттерін сотта қасақана кісі өлтіру баптарымен саралап жаза тағайындайтын жағдайлары жиі кездеседі. Өйткені бұл қылмыстардың объективтік және субьективтік жағының белгілері үқсас келеді. Мысалы: қылмыстың мотиві және мақсаты. Тергеу және сот органдарының тарапынан кей жағдайларда қылмыстың мән-жайына толық талдау жасамау салдарынан абайсызда ауыр дене жарақатын келтіру салдарына жәбірленушінің қаза болуына әкелетін кінәлінің әрекеттері қасақана кісі өлтіру деп бағаланады. Бұл жерде тергеу және сот органдарының кемшілігі мынада: қылмыскердің ниетін ескермей, тек келген зардапты яғни жәбірленушінің өлімін ғана ескереді. Осы жөнінде бір мысал келтіре кетсек: С деген азамат ҚК-нің 96-шы бабының 2-ші тармағында «д» тармақшасында көрсетілген аса қатігездікпен жасалған кісі өлтіру және ҚК-нің 175-ші бабының 1-ші тармағында көрсетілген ұрлық ушін сотталған болатын. Қылмыстық іс — материалдарынан анықталғандай С және К, арақ ішу салдарынан ұрланған ақшаны бөле алмай, олардың арасында келіспеушілік басталған, С, Қ-нің басына, ішіне және т б жерлеріне аяқпен, қолмен ұрған. С оқиға болған жерден кетіп бара жатып пиджакты қойып кетеді, яғни Қ-і құсқан кезде
тұншықпау үшін. Сол күні Қ-нің өлігі табылады. Сот медициналық сараптама Қ-нің өлімі ішкі мүшелердің зақымдануы салдарынан болғандығын анықтайды. ҚР-нің Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы С-нің әрекеттерін қасақана кісі өлтіру жаза тағайындаған қалалық соттың қылмыстық істер женіндегі сот алқасының үкімін дұрыс емес деп тапты. Қалалық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы жасаған әрекеттің және С-нің ниетінің қайда бағытталғандығын ескермей, тек келген зардапқа қана көңіл аударған. Сондықтан да ҚР-нің Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы С-нің әрекетінде өлтіруге оқталғандық жоқ екіндігі анықтап оның әрекеттерін ҚК-нің 103 бабының, 3-тармағымен қайта жаза тағайындайды. Ауыр дене жарақатының салдарынан абайсызда өлімге әкеп соғуды қасақана кісі өлтіруден ажыратқан кезде ең бастысы кінәлінің жасалған әрекетке және келген зардапқа субьективтік қатынасын анықтап алуымыз керек: 1) кінәлінің әрекеті тікелей түрде жәбірленушінің өмірге маңызды органын немесе анатомиялық түтастығын бұзуға бағытталуы керек. Анатомиялық тұтастыққа: бас, мойын, бауыр және т.б жатады. 2) пайдаланған қару немесе зат тек адамды өлтіруге ғана бағыталған болуы керек. Мысалы: балта т.с 3) Адамның өмірі үшін маңызды органын немесе анатомиялық тұтастығын бұзу үшін жеткілікті түрде кінәліні әрекетерінің интенсивтілігі қажет. Осы жоғарыда көрсетілген белгілердің кем дегенде біреуінің болмауы қасақана кісі өлтіру үшін айыптауға жеткілікті негізсіз деп танылады. Енді ауыр дене жарақатының салдарынан абайсызда өлімге әкеп соғу қылмысын абайсызда кісі өлтіруде ажыратайық. Осы қылмыстарда кінәлінің келген зардапқа — яғни жәбірленушінің,   өлімініе  абайсыздық қатынасының бірдей болуы. Егер ауыр дене жарақатының салдарынан абайсызда өлімге әкеп соққан кінәлінің әрекеті ауыр дене жарақатын салуға қасақана ниеті болып, келген өлімге абайсыздық қатынаста болса, онда жауаптылық ҚК-нің 103 бабының 3-ші бөлігімен қарастырылады. Ал егер ауыр дене жарақатын салуға кінәлінің қасақана ниеті болмай, абайсызда ауыр дене жарақатын жәбірленушіге келтіріп, мұның салдарынан жәбірленуші өлсе, онда бұл абайсызда кісі өлтіру қылмысы болып табылады.

Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан абайсызда өлімге әкеп соғуды абайсызда кісі өлтіруден ажыратқан кезде ең бастысы, осы қылмыстардың субьективтік жағын, яғни кінәлінің ниетін мақсатын анықтап алу керек. Ауыр дене жарақатын өлтіруге оқталудан ажыратқан кезде міндетті түрде бұл құбылыстардың объективтік жағының бірдейлігін ескеруіміз керек. Бұл екі қылмысты кінәлінің ниетінің қүрамы бойынша ажырату қажет. Егер де кінәлінің жәбірленушіге қатысты тікелей қаза келтіруге ниеті болғандығы анықталса, келтірілген ауыр дене жарақаты өлтіруге оқталғандық деп қарастыруға болмайды. Мысалы: Тараз қалалық соты А деген азаматты төбелесу барысында Е деген азаматтың иығынан темір таяқпен ұрып, келтірілген ауыр жарақаты үшін ҚК-ң 103-ші бабы бөлігімен соттады. Денсаулыққа абайсызда ауыр зиян келтіруді, абайсызда кісі өлтіру қылмысынан айырмашылығын анықтайық. Егер де абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру салдарынан абайсызда жәбірленуші өліп кетсе, онда кінәлінің әрекеті ҚК-ң 101-ші бабымен сараланады, ал егер жәбірленуші өлмей қалса, онда кінәлінің әрекеті ҚК-ң 103-ші бабының тиісті бөлігімен сараланады. Осы қылмыстардың айырмашылығын анықтаған
кезде, бұл жерде кінәлінің әрекетінің субьективтік жағын басты назарға, алуымыз керек. Жан күйзелісі салдарынан ауыр дене жарақатын келтіруді жан күйзелісі кезінде кісі өлтіру айырмашылығын қарастырайық. Егер аффектілі жағдайда кінәлінің жәбірленушіге өлім келтіруге тікелей қасақаналық ниет болмағандығы анықталса, келтірілген зардап, яғни ауыр дене жарақат ҚК-ң 108-ші бабы 2-ші бөлігімен сараланады. Ал егер керісінше болған жағдайда, яғни аффект жағдайында кінәлі ауыр дене жарақатын жәбірленушіге қаза келтіру үшін тікелей қасақаналық ниетпен жасаса, кінәлінің әрекеті ҚК-ң 98-ші бабының тиісті бөлігімен сараланады.